-Олай болса балалар бүгін математика оқу
іс-әрекетінде «5 саны және цифрымен» танысамыз.
-Балалар, тақтаға назар аударайық.
-Суретте не көріп тұрсыңдар?
-Қане, бәріміз қуыршақтарды санайықшы
-Олай болса бізге және бір қуыршақ қонаққа
келіпті.
-Енді қуыршақтар нешеу болды?
-Олар қалайша бесеу болып кетті?
-5 дегеніміз 4 және 1 санынның қосындысы
екен.
Дәптерімізді ашып,ондағы заттарды санаймыз. Санды
5 цифрымен белгілейміз. 5 цифрын табамыз. Педагог балаларға 5 саны және
цифры туралы өлең оқып береді.
«5»жасағың бар ма?
Онда орақты ал да,
Сабына оның жалға
Көлденең қойып балға
Цифрды саусақпен бастырып сызамыз.
Цифрды ауаға жазамыз. Енді аяғымыздың ұшымен
еденге жазамыз. Содан соң қарындашты алып, дәптердегі санды саламыз: бірінші
тік сызық бойымен жоғарыдан төмен қарай, көлденең жатқан сызықты солдан оңға
қарай сызамыз.
Сергіту сәтін (5 рет секіру, оң аяқпен 5
рет, сол аяқпен 5 рет жерді тебу,5 рет қол шапалақтау,парталас досыңмен 5 рет
алақан соғу және т.б) өткізгеннен кейін,тапсырманы орындайды: цифр, сан мен
санның нүкте түріндегі үлгісін сәйкестендіру. Бұл сабақта текшемен жұмыс
істеуді әрі қарай жалғастыруға болады. (1-ден 5-ке дейінгі сандарды нүкте
арқылы сызып көрсетіңдер деген сияқты тапсырма).
Суреттегі заттың санын табыңдар. Педагог 1-5
зат зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған
сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды.
Материал үлестіріп беріп, кері тапсырма
орындауға болады: үлгі мен цифр бойынша тиісті заттар санын шығару.
Содан соң №2 тапсырманы орындайды.
Балала алдыңғы сабақтарда осыған ұқсас
тапсырмаларды орындаған болатын.
|
-Қуыршақтарды
-4
-1
-5
Заттарды санайды
5 цифрын табады және талдайды. Өлеңді мұқият тыңдайды. Цифрды көрсетеді. Ауаға
санды жазады. Цифрды саусақпен сызып шығады. Еденге аяғының ұшымен жазады.
Математикалық сергіту сәтіне қатысады.
Текшедегі нүктелер мен цифрды көрсетеді.
Заттарды үстелдің шетіне қойып,дәптердегі
2-тапсырманы орындайды.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.