Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыОқу әдістемелік іс – әрекетінде мұғалімнің өзіндік талдау параметрлері.

Оқу әдістемелік іс – әрекетінде мұғалімнің өзіндік талдау параметрлері.

Скачать материал

«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

 коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

П і к і р

        Машанова Алмагуль Сериковна 1997 жылдан бастап осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп, 2000 жылдан бастап тарих мамандығына байланысты тарих пәнінен сабақ беріп келеді.. Әріптестері мен шәкірттері, ата-аналар  арасында  беделді.          Машанова Алмагуль алдына қойған келелі мәселесі «Тарих сабақтарындаіздене білім алуға қалыптастыра отырып, оқушылардың танымдық-қызығушылығын қабілеттерін қалыптастыру» осы келелі мәселесі бойынша бірнеше жылдар бойы жемісті жұмыс істеп келеді.

     Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. 
Сабақ беретін  сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп сабақтарында сыни тұрғыда  оқыту, топтық жұмысты  пайдаланып, оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге ой-өрістерін дамытуларына көп көңіл бөледі. Мұғалім өз іс-тәжірибесіне  интербелсенді  тақтаны пайдаланып, ізденіс, шығармашылық сабақтарын жиі өткізеді.    

     Ұстаз  әрбір баланың  интеллектуалды- шығармашылық қабілетінің  дамуына , оның қызығушылығы мен дарындығын  көрсетуге , алған білімдерін өз бетінше қолдана  білу  дағдысын  қалыптастыру  мақсатында  жүргізген  жүйелі  жұмыстарының  нәтижесінде  оқушылары  мектепішілік , аудандық,  республикалық жарыстарда  жүлделі орындарды иеленді.  Атап айтсақ:

реті

         Байқау түрі

Қатысушының аты-жөні

Алған орны

1

2014ж. «Золотое руно» халықаралық конкурс

Ахметбаева Диана

Көшімбаев Мирас

І дәрежелі диплом

2

«Зерде» оқушылардың зерттеу жұмыстар мен шығармашылық жобасы

Оралбаева Ділназ

І дәрежелі диплом

 

  

   Алмагуль Сериковна- өз ісіне адал, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, іскер және білікті де білімді ұстаз. Мектептегі әдістемелік жұмыстарға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. 

   Мұғалім қай жұмыста болсын іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті мен ерекшеленіп, әріптестеріне кез келген уақытта қол ұшын беріп дұрыс бағыт-бағдар көрсете алатын беделді ұстаз.

Машанова Алмагуль Сериковна  жоғары біліктілік санатына  лайық  деп ойлаймын .

 

 

Мектеп директоры                                      Р.Е. Мендыбаева

 

 

 «Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Машанова Алмагуль Сериковнаның оқу әдістемелік іс – әрекетінде мұғалімнің өзіндік талдау параметрлері.

I Жоспар бойынша оқу бағдарламасының орындалуы.

Жоспар бойынша жоспарланған сабақтар түгелдей өткізілді:

Өтілмеген сағаттар жоқ.

Күнтізбелік және оқу бағдарламасы бойынша тест жұмыстары орындалды.

   ІІ. Оқушылардың  үлгерімі мен білім сапасы.

Қазақстан тарихы  пәні бойынша  білім сапасына                                                          салыстырмалы диаграммасы

Дүние жүзі тарихы   пәні бойынша

білім сапасына   салыстырмалы диаграмма

 

 

    Пән бойынша тест жұмыстары белгіленген мерзімде, әр тоқсан сайын алынады. Сапасы мен үлгерімі көрсетіліп, мониторинг жүргізіп тұрамын.Оқушылардың  жұмастарын салыстырмалы түрде бағалаймын. Кемшіліктерді жою үшін өздік  және  топтық жұмыстары жасалынады, соған көбірек көңіл бөлемін.

     Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Мектептегі сабақ беру кезіндегі оқыту жұмысыма өзгерістер енгізу арқылы, өзімнің және оқушыларымның бойынан өзгерістер байқадым. Сабағыма енгізген өгерісімнің бірі – психологиялық ахуалды реттеуге арналған тренингтер. Тренинг – оқушы назарын сабаққа аударып, қызығушылығын арттыруға тиімді тәсіл.

     Топтық жұмысты бұрындары сабақтарымда сирек қолданатынмын. Ал қазір, топтық жұмысты кеңінен қолданып келемін. Оқушыларымның «бүгін топқа қалай бөлесіз», «топпен жұмыс жасайықшы» деген сауалдары мен өтініштерінен оларға топтық жұмыс ұнайтынын түсіндім. Топтық жұмыс оқушыларға бірін-бірі оқытуға, үйретуге себебін тигізді, өз жұмысына деген сенімін арттыра түсті.

     Сыни тұрғыдан ойлау әдісін әр сабақта пайдаланып келемін. Сабақтарымда тарихи фактілерді білумен қатар, оқушының оған деген көзқарасын сұраймын. Оқушының өз бетінше ойын еркін жеткізуге, талдауға, салыстыруға дағдыландыру – білім сапасын көтеруге итермелейтін амалдың бір түрі.

     Сонымен қоса, сабағыма енгізілген ерекшеліктің бір түрі – рефлексия кезеңі. Бұл әдістің тиімділігі – әр оқушы сабақтағы іс-әрекетіне талдау жасап, өзін-өзі реттеуге мүмкіндігі болады.   

     Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 8-11 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.

Мысалы:

1.«Тарихи лото». Карточкалардағы салық түрлерінің кімнен алынғандығын көрсет.

Малшылар               Егіншілер                 Қала халқы

Тағар   Зекет   Харадж   Қалан   Соғым   Баж   Қапшуыр

2. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер»

Жүздер

Территориясы

Ұраны

Тайпалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. «Алтын Орда мемлекетіне мінездеме бер» 1.Территориясы______________________________                      

2. Қоғамдық құрылысы ________________________

3. Ішкі саясаты _______________________________

4. Сыртқы саясаты ____________________________

5. Құлау себебі _______________________________

6. Қорытынды _______________________________

4. «Деректер мен мәліметтер» Оғыз тайпалық құрамы

Деректер

Мәліметтер

Қытайлық

 

Махмұд Қашқари

 

Әл-Марвази

 

 

5. «Венн диаграммасын толтыру»

«Алаш» партиясы

Ұқсастығы

«Үш жүз» партиясы

 

 

 

 

6. «Жел және қолжазбалар». Тарихи шығарма туралы жоғалған мағлұматтарды жазу.

«Шыңғыс-наме»

 А. Авторы......................................................    .

Ә. ....................................  жылы жазылған.

Б. Кітапта  .........................................  әулетінің тарихы баяндалады.

В. Бұл ............................................................  суреттелген ғылыми еңбек.

 

7. «Таңертеңгілік жиын».

1. Оқушылар дөңгелене тұрып сағат тілі бойынша бір-біріне тілек айтады.Бірін- бірі қайталамауы керек.

2. Оқушылар дәл осы ретпен өткен сабақтан қайталау сабағы ретінде бір-бірден ереже немесе сұрақты өзі қойып өзі жауап береді.Мысалы: 1-оқушы «Абылай хан 1711жылы дүниеге келді». 2-оқушы «Төле бидің қойған аты Сабалақ». 3-оқушы «Абылай хан 1771жылы хан тағына отырды» т\б.

 

8. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)

Қабанбай                       Бөгенбай

9. «Бұл кімнің сөзі?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау) т.с.с.

10. «Тарихи оқиғаларды теңестіру»

.......................... + IV =Ортталық Азия.

Қидан + Жетісу = ...............................   .

1143 + тақ =  ...................................  .

      Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн. Сондай-ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп.

      Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез-келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың  азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік. Себебі халық бізге өз балаларын үлкен сеніммен тапсырып отыр емес пе?

 

IІІ. Оқу кабинеті.

   Кабинет паспортталған .  Кабинет талапқа сай жабдықталып, дидактикалық материалдар бір жүйеге келтірілген.   Қажетті көрнекі құралдар оқыту  пәндеріне арналған кестелер жиынтығы, таблицалар, әдеби кітаптар, үлестірмелі дидактикалық материалдардың қатары жинақталып, жүйеленген. Үлестірілмелі дидактикалық материалдар, әдеби  оқулықтар, әдістемелік  журналдар,  интерактивті  тақта бойынша  сабақтардың  презентациялары , тест  жинағы  бар.

 

ІV. Жеке  әдістемелік жұмыс.

Келелі мәселем  бойынша жұмыстардың  ұйымдастырылуы.

Келелі мәселе: «Тарих сабақтарында іздене білім алуға қалыптастыра отырып, оқушылардың танымдық-қызығушылық қабілеттерін қалыптастыру.

І кезең. Теориялық.

2012-2013 оқу жылы 

Жұмыс  бағыты :  Келелі мәселе бойынша , оқу, іздену, байқау, салыстыру, талдау. 

Стратегиялық жоспар:  Әдістемелік  әдебиеттерді педагогикалық басылымдарды  оқу, іздену, зерттеу, диалогты сөйлеу  түрлерін сабақта қолдану.

 Күтілетін нәтиже.  Оқушылардың  пәнге  қызығушылықтарын  арттыру.  Жеке  тұлғаның  дамуына  жағдай  жасау.

ІІ.  Теория- практикалық  кезең.

2013-2014 оқу  жылы.

Жұмыс  бағыты:  Сабақ  түрлерін таңдау және  қолдану.

Стратегиялық  жоспар: « Сабақтағы   шығармашылық   жаттығулар» атты  баяндама, хабарлама жасау,  шығармашылықпен  жұмыс істеу.

Күтілетін  нәтиже: Қабілеті дамыған жеке  тұлғаны  қалыптастыру.

ІІІ. Шығармашылық – репродуктивті кезең.

2014-2015 оқу жылы.

Жұмыс бағытты:  Келелі мәселе  бойынша  тәжірибе  тарату, баспа  сөзде жариялау  әдістемелік кітапша шығару,  дидактикалық   көрнекіліктер  жинақтау.

Стратегиялық  жоспар: «Педагогикалық  идея»  жәрменкесінде тәжірибе  алмасу. Педагогикалық  көрме ұйымдастыру.

Күтілетін  нәтиже: Анализ, синтез және  жасалынған жұмысқа  қорытынды  жасадым.

 

V. Өзімнің  жұмысымды  жандандырудағы жеке  қорытынды және  іске  асыру жолдары.  

          Қазақстан Республикасы дамыған елдердің қатарына қосылу үшін ұстаздар қауымының қосар үлесі зор. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін өмірде өздерінің қажеттілігіне пайдалана білуге  тәрбиелеу. Осыны іске асырудың жолы жас ұрпаққа сындарлы тұрғыдан оқытып, нәтижесінде ойын еркін жеткізетін, ынталы, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру мақсатында жұмыс істеймин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы»

бар коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тарих пәні мұғалімі Машанова Алмагуль Сериковнаға берілген  сараптама          тобының қорытындысы

 

        Машанова Алмагуль Сериковна 1997 жылдан бастап осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп, 2000 жылдан бастап тарих мамандығына байланысты тарих пәнінен сабақ беріп келеді.. Әріптестері мен шәкірттері, ата-аналар  арасында  беделді.          Машанова Алмагуль алдына қойған келелі мәселесі «Тарих сабақтарындаіздене білім алуға қалыптастыра отырып, оқушылардың танымдық-қызығушылығын қабілеттерін қалыптастыру» осы келелі мәселесі бойынша бірнеше жылдар бойы жемісті жұмыс істеп келеді.  Мектепте ақпараттық технология бойынша  сабағын өткізіп, тәжірибесін іске асырып жүрген жаңашыл ұстаз. Білім мен тәрбие сапасын көтеруді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды өзінің жауапты міндеті деп түсінеді.Ұстаз әр сабағына мұқият, тыңғылықты дайындалып үнемі ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасайды.                                                   

   Машанова Алмагуль Серікқызы -өз мамандығын терең меңгерген,өз сабағында оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін шебер пайдаланып, бүгінгі күн талабына сай жаңашылдықпен өткізеді.Өзі сабақ беретін сыныпта білім сапасы 62 пайыз, 100 пайыз үлгерімді көрсетеді.          

Қазақстан тарихы пәнінен 3 жылдық білім көрсеткішінің салыстырмалы мониторингі

Оқу жылы

сыныбы

сапасы

үлгерімі

2013-2014

56%

61%

65%

100 %

2014-2015

58 %

63 %

67 %

100 %

2015-2016

62%

66%

70%

100 %

 

Дүние жүзі тарихы пәнінен 3 жылдық білім көрсеткішінің салыстырмалы мониторингі

Оқу жылы

сыныбы

сапасы

үлгерімі

2013-2014

60%

59%

59%

100 %

2014-2015

63 %

63 %

65%

100 %

2015-2016

66%

65%

68%

100 %

 

Сонымен қатар, ұстаз оқушылардың шығармашылығын дамытып, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесінде оқушылары мектепішілік, аудандық, облыстық интеллектуалды сайыстарға  қатысып жүлделі орындарға ие болуы, ұстаздың сенімін, берген білімін ақтай білгендігі.

Оқушыларының әр деңгейдегі интеллектуалдық байқауларға қатысуы

реті

         Байқау түрі

Қатысушының аты-жөні

Алған орны

1

2014ж. «Золотое руно» халықаралық конкурс

Ахметбаева Диана

Көшімбаев Мирас

І дәрежелі диплом

2

«Зерде» оқушылардың зерттеу жұмыстар мен шығармашылық жобасы

Оралбаева Ділназ

І дәрежелі диплом

Ұстаз өзінің кәсіби дамуына үлкен ізденіспен мән береді.   Машанова Алмагуль Серікқызыныңіс-тәжірибесі облыс, республика көлемінде таратылуда. Атап айтқанда 

Реті

Баспа аты

    №  мерзімі

       тақырыбы

1

.«Білім көкжиегі» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал

№3  2013 наурыз

«Тәуелсіздік –ел бақыты ертеңім»  атты ашық сынып сағаты

2

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Тарих факультеті, Инновациялық және толеранттылық білім беру орталығы

 

Алматы,2015ж

 

«Инновациялық әдістерді тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын дамыту» 

3

«Инфоурок» 

2015ж

Коучинг Окытуды үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Машанова Алмагуль Серікқызы –өз ісіне адал, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, іскер ұстаз. Мектептегі әдістемелік жұмыстарға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады, еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеп, білім беруге зор үлес қосатын білікті де білімді ұстаз.

Машанова Алмагуль Сериквна  өз маманын  жетік  игерген , педагогикалық технологияларды толық меңгерген  тәжірибелі ұстаз.

 

 Сараптама  тобының қорытындысы : жоғары  біліктілік санаты талаптарына  сәйкес .

Аттестаттау комиссиясының  төрайымы                               Мендыбаева  Р.Е.

Аттестаттау комиссиясының  орынбасары                           Машанова  А.С.

Аттестаттау комиссиясының  хатшысы                                  Джакипова   Р.К                       

Комиссия  мүшелері                                                                   Нурланова А.Т.

                                                                                                      Сейтказинова С.Ш.                          

                                                                                                      Тулькубаева Б.А

                                                                                               Бакуашева ш.Б

                                                                                                                                                                                                                                           

 

 

 

 

Описание: C:\Users\user\Desktop\DCIM\Camera\20150225_111341.jpg      Мұғалім туралы  жалпы мәлімет

 

Машанова

Алмагуль

Сериковна

Туған жылы: 03.01.1974 ж

Педагогикалық стажы 20 ж

Лауазымы бойынша еңбек стажы 20 ж

Оның ішінде аталған білім мекемесінде 19ж
Білімі: Жоғары

Санаты: І

2002 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу  мемлекеттік университетінің тарих мамандығы бойынша

Біліктілігін арттыру туралы мәлімет:

-2013 жыл, «Өрлеу» Алматы қаласы

-2014 жыл, «Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы» Алматы қаласы

-2015жыл, ПШО Талдықорған қаласы

Ғылыми-әдістемелік жариялымдар:

1.«Білім көкжиегі» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал , «Тәуелсіздік –ел бақыты ертеңім»  атты ашық сынып сағаты, №3  2013 наурыз

2.Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Тарих факультеті, Инновациялық және толеранттылық білім беру орталығы

«Инновациялық әдістерді тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын дамыту»  Алматы,2015ж

3. «Инфоурок»  Коучинг Окытуды үшін бағалау және оқуды бағалау 2015ж

 

Мұғалім жетістігі:

- Мадақтама  «ХХІ ғасырдағы толентарлық педагогикасы-даму жолдары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция  жұмысына белсене қатысқаны үшін 2014ж

- Құрмет грамотасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы атынан 2015ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Машанова Алмагуль Сериковнаға

 

Әдістемелік бірлестік жетекшісінің пікірі

 

      «Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  «Тілдер бірлестігі» . Әр бірлестіктің өз алдына қойған биік мақсат-мұраттары бар.  Ол - оқушының тұлғалық қасиетін дамыту,  ойлау қабілетін арттыру, білім сапасын шығармашылық деңгейге көтеру.

       Әр мұғалім өзінің әдістемелік тақырыбы бойынша оқу үрдісіне енгізген жаңа технологиялар арқылы оқушыларды өзін-өзі бағалау, өзін-өзі дамытуға дағдылануға үйретеді.  Тарих   пәнінің мұғалімі  Машанова Алмагульдің тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларды тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру». Аталған әдістемелік тақырыбы бойынша мұғалім алдына қойған міндеттерін жүзеге асырады, нәтижесінде педагогикалық өнім шығарып, әдістемелік жиынтығына қосады.

     Машанова Алмагуль Сериковна 2015 жылдың қаңтар – мамыр айларында Талдықорған қаласы Назарбаев мектебінің қасындағы шеберлікті арттыру орталығында 3 айлық  деңгейлік курстың  І (ілгері) деңгейінде білім жетілдіріп, сертификат алып  келді.  Сабақтарында сындарлы оқытудың 7 модулі бойынша жұмыс істеуде.

        Биылғы оқу жылында жоспарланған ашық сабақ көрсету арқылы бірлестік жұмысын көрсете білді. Мектепішілік, аудандық пәндік олимпиада, «Золотое Руно» халықаралық сайысына да бірнеше оқушыларды қатыстырып жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ , Республикалық «Зерде» ғылыми –конференциясына оқушысы қатысып, жүлделі орынға ие болды.

       Машанова Алмагуль  - барлық игі істерге ұйымдастырушы бола білген тәлімгер ұстаз. Соның нәтижесінде оқушыларының білімдері жақсы, тәрбиесі өнегелі.  Биылғы оқу жылының Іжарты жылдықта оқушылардың білім сапасы 75%, үлгерімі 100% жетіп тұр.

 

 

 

 

 

Бірлестік жетекшісі                                   Р.Джакипова

 

 

 

 

 

 

«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі Машанова Алмагуль Сериковнаның жұмысы жөніндегі 9а сынып ата-аналарының  пікірі

                      

        Тарих пәні мұғалімі Машанова Алмагуль Сериковна  1995  жылдан мамандығы мұғалімдік қызметін атқарып келеді. Осы аталған мектепте 1997 жылдан еңбек етуде. 2000 жыдан бері тарих пәнінен сабақ беріп келеді. Осы жұмыс істеген жылдары Алмагуль Сериковна өз ісінің шебері. Бала  тәрбиесін білім берумен қатар алып жүрген мейірімді жан.Ол кісінің тәрбиесі мен тәлімін көрген оқушылары тек жақсы жақтарымен көрініп келеді. Үнемі ата-аналармен  тығыз байланыста жүреді.Өз сабағында ,мектепте баламыздың әр қылығын дер кезінде байқап бізге хабардар етіп тұрады.Сондықтанда біз тәрбие отбасынан басталып,мектепте жалғасатынын жақсы түсінеміз. «Тәрбие отбасынан, ошақ қасынан басталады» - деп бекер айтылмаған. Аса маңызды жұмыстарды абыроймен атқара жүріп адалда принципшіл мінезімен көріне біледі. Өзінің адал қызметіне шебер ұйымдастырушылық ерекше қабілеттілігімен көзге түсетіндігін ерекше атап кетуге тұрарлық. Өзіне арман болған жоғарғы білімін тәмамдап, Үшбұлақ ауылына қызметке келген күннен бастап, саналы да , парасатты жас ұрпақты яғни кішкентай жас  бүлдіршіндерді тәрбиелеп оқытып келеді. Еңбекте биік белестерден көріне беруіне, білім беріп жүрген оқушыларының қызығына кенеле беруіне ата-аналар атынан рахметімізді айта отырып, сый-құрметпен қараймыз. Егеменді еліміздің тәуелсіздігін  нығайту жолында күш-жігерін аямастан жұмсап үлесіңізді қоса берер деген ниеттеміз.

                      Ата-аналар:       Р. Ахмежанова

                                                 И.Сандуова

                                                 С.Мухамадиев

 

 

 

 

 

 

Жаңа формация мұғалімі                                                                                                                      

                                               «Жаңа формация мұғалімі кәсіби дағды мен   

                                              педагогикалық дарыны қалыптасқан жаңалыққа

                                            құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен                

                   жұмыс істейтін жеке тұлға».

                                                 (ҚР жаңа педагогикалық білім беру тұжырымдамасынан)

 

 ХХІ ғасыр  ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша  білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни, дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы.

Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.

 «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік  жүгін арқалап келеміз» - деген елбасы Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.

Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше,  осындай бәскеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.

Менің педагогикалық кредом: «Оқушылардың өз бетімен білім алуына, алған білімін кез келген жерде тиімді қолдана алуына жағдай жасау». Мен әрбір оқушына жеке тұлға ретінде қарап, оны не қызықтыратыны, ол оқушының неге бейімді екенін анықтауға тырысамын. Оқушының өз бетімен білімді меңгеруі үшін «Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтар мені мазалайды. 

Сондықтан өз сабақтарымда оқушыларды деңгейлік курстан алған білімімді пайдалана отырып, әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді (шаттық шеңбері, топқа бөлу, топпен, жұппен жұмыс, «Ыстық орындық», «ДЖИГСО», «Ақылдың алты шляпасы», постермен жұмыс, «Инсерт», рефлексия) пайдалануға тырысамын. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға бейімдей отырып,  оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтік оқыту, АКТ-ны пайдалану, оқыту үшін және оқуды бағалау сияқты модульдерді әрбір сабақтарыма кіріктіре отырып, қызықты өткізуге ұмтыламын.

Менің алдыма қойған басты міндетім – әдебиет сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытып, сыни тұрғыдан ойлауға жағдай жасау.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

- сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

- оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

- әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

- үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

        - кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға 

          айналдырмау;

- оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті

  болуын талап ету;

- сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

         Мен өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлаудың осындай  түрлерін қамтыдым. Бұл модульде сыни тұрғыдан ойлауға мұғалімнің қойған бастапқы  сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен  мұқият  танысқаннан  кейін туындайтын сұрақтардың маңызы зор екенін аңғардым. Оқушыға бағыт-бағдар беруде де мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптары, сонымен қатар оқушылардың да сұрақтары маңызды. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолдану барысында сөйлемейтін оқушылардың өз ой-пікірін жеткізу үшін маңызы зор болады.  Олардың ойлау қабілеті дамиды, көп ізденіс шығармашылықпен жұмыс істеуіне тақырыпты жан-жақты ашуына мүмкіндік тудырады. Осы бағдарламамен оқу кезінде тек оқушы емес оқытушының да өзінің педагогикалық ойлау әрекетіне деген ой әсерлі мотивацияны қалыптастырады. Алда тұрған жұмыстар, міндеттер көп. Соның кейбір жолдарын, түрлерін, әдістерін әр қарай жетілдіріп жасау біздің қолымызда.

 «Нағыз ұстаз өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті, сырт пішіні, киген киімімен де шәкіртіне жақсы мағынада қатты әсер етеді», - деген М.Ғабдуллиннің сөзінен көп нәрсе аңғаруға болады. Қазіргі заман мұғалімінің  мәртебесі өздігінен келетін нәрсе емес, ол – көп еңбектенуден туындайтын күрделі мәселе. Егер мұғалім білімді де білікті болса, ол мәртебелі де болады. Оның мәртебелі болуына тек білім мен біліктілік қана емес,  мінезі мен өз ортасындағы қадір-қасиеті де себепші болмақ. Ұстаздың сыншысы – алдындағы балалар. Көп ізденген, көп еңбектенген адамды олар біліп отырады. Сондықтан әр іске жауапкершілікпен қарау керек. Мұғалімнің алдында «Осы мен парызым мен қарызымды дұрыс атқарып жүрмін бе?» деген сұрақ тұруы заңды. Бұл ұлы сұрақ әрбір сабаққа кірер алдындағы мұғалімнің ойында тұру қажет.

« Ақжар орта мектебі м ектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі Машанова Алмагуль Серікқызының  шығармашылық есебі

 

      Мен  « Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  тарих пәнінен сабақ беріп келемін. Педагогикалық өтілім 20 жыл, осы жылдар ішінде өз пәніңді сүюден, оны шәкірттердің бойына дарыта білуден артық ештеңе жоқ екеніне көзімді жеткіздім. 

     Елімізде болып жатқан іргелі-іргелі өзгерістер мен қайта жаңғырулар оның білім мен тәрбие беру жүйесіне де  түбірлі өзгерістер мен мақсаттар әкелді.

       Технология  оқытуды ізгілендіруге, жеке тұлғаның еркіндігі мен таңдауы, қалауына жол ашады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім-оқушы, яғни алдыңғы орында мұғалім іс-әрекеті жетекшілік етсе, технологияда оқушы-мұғалім, яғни оқушының білімді өз іс-әрекетімен, белсенділігімен алу жүзеге асады.

       Әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал оқыту әдістемелірі арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009). Сындарлы  оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсінуі қабілетін дамыту, алған білімдерін  сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда  тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Ол оқушының шығармашылық ойлауына, ізденісіне, іс-әрекетіне түрткі жасайды, оны дәстүрлі оқытудағы өнімсіз еңбектен босатады. Оны зерттеуші, ізденуші биігіне көтереді. Оқытудың бұл түрінде сұрақтар, тапсырмалар жүйесі де басқа сипатта болады, яғни өз беттерімен орындалатын шығармашылық тапсырмаларға ерекше назар аударылады.

     Білім беру ісінде жаңғырулар мен жаңарулар жүріп жатқан кезеңде сабаққа қойылатын талаптар да өзгерді. Ең бастысы:

-оқушылардың білімді өз беттерімен алуы, оларды іздендіру, зерттеу, шығармашылық жұмыстарға баулуды ойластыру;

-білімді жеке тұлғаға бағыттай беруді мақсат ету;

-сабақты құзырлылық тұрғысында ұйымдастыру;

-инновациялық технологиялардан іздену.

Осы орайда мен оқушыларға сапалы білім беруде «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша жұмыс атқарып жүрмін. Оқушылар білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде тиімді пайдалана білу керек деген қағидамен сабақ жоспарын құрғанда міндетті түрде қандай нәтижеге қол жеткізуге болады, соған болжам (прогноз) жасап отырамын. Өзім сабақ беретін  сыныптарда  күнделікті сабақта Кембридждік әдіс-тәсілдерді қолданып, 7 модульді кіріктіре отырып, сабақты қызықты әрі тыңғылықты өткізуге тырысамын. Оқушылар осы әдістерге икемделіп, сабақтың мақсатын өздері қоя білуге, жаңа сабаққа алдын-ала дайындалу (презентация жасап келу, суреттер табу, АКТ-ны пайдаланып қосымша мәліметтер іздеу) сияқты жұмыстарды атқаруға дағдыланып қалды. Осы тәсілмен бірінші жыл жұмыс істеп жүрмін. Соған қарамастан, оқушылар топпен, жұппен  жұмыс істеу, постермен жұмыс және басқа да әр түрлі деңгейдегі шығармашылық жұмыстарды орындауға үйреніп алды.

     Өз жұмысымның нәтижесі ретінде оқушыларымның жетістіктерін дәлел ретінде көрсеткім келеді. 2014 жылы   халықаралық интеллектуалды ойын жарысы «Золотое Руно» конкурсында 7-сынып оқушылары  Ахметбаева Диана мен Көшімбаев Мирас 1 орынды иеленді.  2015 жылы  «Дарын» Республикалық Ғылыми –Практикалық орталығы Оралбаева Ділназ І дәрежелі дипломмен марапатталды.

        Деңгейлік курста алған білімімді басқа ұстаздармен бөлісу мақсатымен мектепте «Оқыту мен оқу үдерісіндегі сындарлы оқытудың тиімділігі» тақырыбында семинар өткіздім. Мектептегі салтанатты жиында баяндама оқыдым.

     Сондай-ақ, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Тарих факультеті, Инновациялық технологиялар және толентарлық білім беру орталығының ұйымдастыруымен материалым жарық көрді, «Білім көкжиегі» Республикалық әдістемелік журналда сабақ жоспарым, «Инфоурок» сайт беттерінде коучинг жоспарларым жарияланды. 

2013жылы «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығынан «Тарих пәнін оқытуда құзіреттілікті дамытудың әдістемелік негіздері» бағдарламасы бойында бітіріп шықтым.

2014 жылы»Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығынан» «Дінтану негіздері» курсының теориясы мен әдістері тақырыбында біліктілігімді арттырдым. 

2015 жылы Талдықорған қаласындағы біліктілікті арттыру шеберлік орталығында  деңгейлік курстың  бағдарламасы бойынша І(ілгері)  деңгей курсын оқып келдім.

 Қорыта келгенде, инновациялық технологияларды таңдай отырып,  пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстарды жүргізудегі ең басты тиімділігі - оқушылардың дербес ізденісіне, білімді өз бетімен алуына пәрменді ықпалы,  шығармашылық ойлауын жетілдіруі, олардың қабілеті, дарынын, шығармашылық бейімін дамытуға түрткі жасауы, шығармашылық тұлға қалыптастыруға әсері, жеке бас ерекшеліктерін жан-жақты дамытуы, оқушылардың өзін-өзі тануы мен "Мен" менталитетін жетілдіруге жағдай жасауы, ғылыми ізденіске, ғылыми еңбекке баулуы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқу әдістемелік іс – әрекетінде мұғалімнің өзіндік талдау параметрлері."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 126 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2016 8216
    • DOCX 169.2 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Машанова Алмагуль Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Машанова Алмагуль Сериковна
    Машанова Алмагуль Сериковна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23704
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 544 человека

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 160 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 145 человек