Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Статьи / "Оқушылардың шығармашылық жұмыстарға қабілетін дамыту"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Оқушылардың шығармашылық жұмыстарға қабілетін дамыту"

библиотека
материалов

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарға қабілетін дамыту



Оқыту – тәрбиеден бір елі де бөлінбейтін процесс. Ал, бүгінгі күнгі мұғалімнің басты мақсаты - өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару. Әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін өн бойындағы бар құндылықтарын дамыту керек. Оқушыда білуге деген құштарлығы болса ғана белсенділік пайда болады. Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады.

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға және бағалауға негізделген. Сын тұрғысынан ойлаған кезде оқушылар көбінесе өз алдына жауап іздейді, жан-жақты пікірлеседі, қарсы пікір айтуға, белгілі бір шешімдер қабылдауға үйренеді. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып, білуге деген бағыт-бағдарларын аңғару қиын емес. Сабақта интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану тәжірибесінде балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүкіндік туғызып отыру қажет. Бұл әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, олардың тіл байлықтарын дамытады.

Әр жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру - біз үшін маңызды. Түрлі тапсырмалар берілген кезде оқушылар ой қозғап, сұрақ-жауап алмасып, топ ішінде пікірталас орнап, кез-келген тапсырманы өмірмен байланыстырып, жан-жақты талдай алады. Өз тәжірибемізде оқушылар топтық, жұптық әңгімеге араласқан кезде бірі -бірі тыңдайтынын, бір-бірінің жауабын құрметтейтінін, ортақ бір шешімге келуге тырысатыны байқалды.

Жаңа жоба негізінде пәнді оқытуды алғаш қолдану барысында оқушыларымыздың арасында өзімшіл балалар, басқаның пікірімен санаспайтын, серіктестерімен қарым-қатынасқа түсе алмайтын, мүлдем топ арасында сөйлемейтін оқушылар қатары баршылық екеніне көзіміз жетті. Қорытындылау кезінде әр топқа берілген тапсырмаларды орындау барысында топтардың бәрінде бірдей бірлескен жұмыс іс-әрекеттері байқалмады. Шағын топтағы жұмыстың мәнісін түсінбей отырған оқушылардың жанына барып, олармен бірге жұмыс жасадық. Постер құру барысында біздің де оқушымен бірлесе жұмыс жасап отырғанымызға кейбір оқушылар елең етіп, олар да көңілдерін сабаққа аудара бастап, құлшыныстары оянып, қызығушылықтары артты.

Өз тәжірибемізден мысал келтіретін болсақ, әдебиеттік оқу сабағында «Қазына көтерген бала» әңгімесін сабақты үй тапсырмасына шолудан бастадық. Топтар «Кубизм» стратегиясы бойынша «Медеу» өлеңі барысында тапсырмалармен жұмыс жасады.

-Ақын өлеңде не туралы жырлағын? Суреттеңіз.

- Медеу мұзайдынының адамдарға тигізер пайдасы. Дәлелдеңіз.

- Басқа спорт кешендерінен ерекшелігі. Салыстырыңыз.

- Мұзайдынның «Медеу» аталу себебі. Зерттеңіз.

Балаларға алдын ала тапсырмалар берілгендіктен түрлі энциклопедия, ғылыми әдебиеттерге шолу жасау арқылы ізденгендері байқалып, көп мағлұмат берілді. Бұл бағытта дайындалып келген балалар сол кезеңде марапатталып, бағаланып отырды. Бірден бағалаудың мақсаты басқа балалардың ізденуіне жол ашу.

Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар өлеңдегі табиғатты әдеби тілмен шебер суреттеп, әдебиет теориясынан (эпитет, теңеу, суреттеу) алған білімдерін тәжірибеде талапқа сай қолдана алса, ал дәлелдеу кезінде тірек сөздерді, ұлағатты сөздерді орынды айтып, ойларын дәлелдеп, өздерінің бәсекеге сай екендіктерін аңғартты. Салыстыруда туған жеріміздегі спорт кешендерінің пайдасы мен ерекшелігін анықтап айтып, өздерінің жан-жақтылықтарын байқатты. Зерттеу кезеңінде оқушылар өздерінің бойларындағы ізденімпаздықтарын, ғылымға деген құштарлық қасиеттерін оята алды.

Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын қызығушылықты ояту мақсатында мына сұрақтар қойылды:

-Еліміздің дамуына, көркеюіне өз үлесін қосқан, еңбегі сіңген азаматтарымыз аз емес. Сондай халық қалаулыларынан кімдерді атар едіңдер?

-Елі үшін аянбай еңбек еткен, ұрпаққа өшпес өнегесін қалдырған ұлы тұлға Қ. Сәтбаев туралы қандай мәлімет білесіңдер?

Осы сұрақтарға жауап БББ стратегиясы бойынша «Білемін» бөлімінде тыңдалды.

Оқушылар білімдерін кеңейту мақсатында бейнефильм көрсетіліп, «Білдім» бөлімінде өз ойлары қорытынды жасалды.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақтардың маңызы ерекше. Егер қойылған сұрақ дұрыс болса, ол - оқушының ойлау қабілетін дамытып, өзіндік пікір қалыптастыра алатын тұлға дайындауға тиімді тәсіл болып, сабақ берудің тиімді құралына айналады.

«Білім биржасы» ойыны барысында сұрақтар мәтінмен әрі өмірмен байланыстырылып алынды.

1. Әңгімедегі Қаныш қандай кейіпкер?

2. Қаныш неліктен тастарды арқалап келді?

3. Қаныштың суреті нені баяндады?

4. Ұстаздың оқушы өміріне әсері қандай?

5. Бала Қаныш кішкентай кезінен нені жақсы көрді?

6.Оның зеректігін қай іс-әрекетінен аңғаруға болады?

7. Өз сыныбыңда қандай дарынды оқушылар бар?

8. Әңгімеден Қаныштың бойындағы қандай қасиеттерді байқадыңдар?

9. Қаныштан өзіңе қандай үлгі алдың?

10. Әңгіме желісінен кейін сені қандай мамандық қызықтырды?

11. Әңгіме неліктен «Қазына көтерген бала» деп аталды?

12. Қандай мақал-мәтел, ұлағатты сөзбен ойды түйіндеуге болады?

Топтармен жұмыс барысында әр топқа жеке тапсырмалар берілді.

1-топ. Қанышқа хат жазу.

2-топ. Қаныштың бойындағы қасиеттер бар деп кімді айта аласыңдар?

3-топ. Өз уақыттарыңды қандай пайдалы іске арнайсыңдар?

4-топ. «Ұтымды жауап»

Қазақ тілі, әдебиеттік пәндерінде қолданылатын стратегиялардың басым көпшілігі жазу арқылы жүзеге асады. Жазу дегеніміз –жаңа нәрсе құрастыру, жазу - көрікті ойлардың көрінісі, яғни оқушы шығармашылығы. Балалардың ойлауын, қиялын дамыту үшін «Кейіпкерге хат», «Егер мен білімді болсам...» тақырыбына эссе жазу сияқты жазба жұмыстарын жүргізгенде балалардың мүмкіншілігінің мол екендігі байқалды.

Сабақ соңында ғалымның жастарға айтқан өсиеті тыңдалды.

  - Елдің байлығы – ол біздің байлығымыз. Біз де Қаныш атамыз сияқты ерінбей еңбек ете білуіміз керек. Сонда ғана еліміз көркейіп, өміріміз мәнді де, сәнді болады, -деп қорытындыланды.

Сабақты бекіту кезеңінде «Білгім келеді» бөлімі бойынша балалар өздерін қызықтырған, толғандырған ойларымен бөлісті.

БББ стратегиясын пайдалану топтың, жұптың белсенділігін арттырып, іштей ой қозғады. Бұл сұрақтар мен жауаптар әңгіменің негізгі идеясын ашуға, өздерінің ұғынуына жол ашты. Кейбір оқушылардың айтқан пікірі әлі бала деп жүрген оқушыларымыздың ересектерше өмірге көзқарасы бар екенін байқатты. Сабақ барысында енжарлық танытып отырған оқушылардың да ізденіп отырғаны байқалды.

Біз сабақ барысын ой елегінен өткізе отыра оқушыларды бірлескен жұмысқа тарту үшін тапсырманы олардың қызығушылығына, жас ерекшелігіне сай етіп таңдап, тапсырмалар легін жеңілден күрделіге ауысатындай етіп даярлау қажет екенін түсіндік.

Сын тұрғысынан ойлау негізінде ұйымдастырылған педагогикалық процесс оқушыға білім алудың әдіс-тәсілдерін іріктеп алып, сабақ түрін түрлендіруге мол мүмкіндік туғызды. Осындай тиімді әдістер оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушы тарапынан белсенділік танытуға, өзіне деген сенімділік қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуға жол ашады.

Әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2.С. Мирсеитова. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде».

3.А.К.Шадетова. «Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын дамыту».


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Статьи
Просмотров79
Номер материала ДБ-060759
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх