Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Пресс-конференция "Қазақ хандығы - мәңгілік ел"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Пресс-конференция "Қазақ хандығы - мәңгілік ел"

библиотека
материалов

Пресс-конференцияның мақсаты: ғалымдар мен БАҚ-ның тілшілерінің кездесуі туралы Қазақ хандығының құрылуы, ішкі және сыртқы саясаты туралы білімдерін жинақтау; тарихи оқиғаларға талдау жасау дағдыларын дамтыу; өз еліміздің тарихына құрмет тәрбиелеу.


Қатысушылар: 7-11 сынып оқушылары


Көрнекіліктер: слайдтар, «Қазақ елі» әні, даналық сөздер жазылған қағаздар, конференцияға қажетті атрибуттар



Жоспары:

І. Ұйымдастыру. Жүргізушінің сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыруы. Қазақ хандығы туралы кіріспе сөз. Пресс-конференция қонақтарымен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Тарихшының сөзі

  2. Географтың сөзі

  3. Этнографтың сөзі

  4. Жылнамашының сөзі

  5. Саясаттанушының сөзі

  6. Конференцияға келген тілшілердің сұрақтары

ІІІ. Қорытынды. Экраннан дайындалған слайдтарды көрсетіп, тәрбие сағатын қорытындылау.


Конференция барысы


Жүргізуші: Құрметті көрермендер! Жоғарғы сынып оқушыларымен өткелі отырған «Қазақ хандығы және мәңгілік ел» атты пресс-конференциясына қош келіпсіздер. Конференциямыздың мақсаты – Қазақ хандығының құрылуы, ішкі және сыртқы саясаты туралы бұрыннан білетін білімдеріңізді толықтыру, барлық ақпараттарды жинақтау, Отан тарихына деген құрмет, сүйіспеншілік тәрбиелеу. Бүгінгі кездесуіміз биылғы жылы аталып өткелі отырған Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойына арналады. Ал енді осы Қазақ хандығының мәселесімен жан-жақты танысып келіп отырған бір топ ғалымдармен таныстырайын. Тарихшы – Тұрғанов Елжан. Географ – Мәжитова Көркем. Этнограф – Қабылғазинова Аяулым. Жылнамашы – Ғазезов Ерзат. Саясаттанушы – Қадес Тілеужан. Бұл кісілер Қазақ хандығының құрылуының 550 жыл толуына орай мұрағаттарды, кітапханаларды аралап барынша толық мәліметтер жинақтап қайтқан ғалымдар. Алдымен қонақтарымызға сөз берейік. Содан кейін тікелей тілшілердің сұрақтарына да жауап бере жатар.


Тарихшы: 15 ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті. Қазақстан жерінде шаруашылықтың дамуы көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын аймақтарда айқын байқалды. Шаруашылықтың түрлі саласында өзара байланыстар нығая түсті, қолайлы жағдайлар қалыптасты. Тілі, материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық топтардың бір-бірімен тығыз қатынасы орнады. Бірақ саяси және экономикалық байланыстардың үзілуіне әкеліп соқтырған үздіксіз жүргізілген соғыстар, рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы талас-тартыстар мұндағы халықтардың бірігіп, нығаюын тежеп отырды. Дәл оы кезде іс жүзінде біртекті халыққа айналып отырған қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды. Бұл міндеттердің шешілуі үшін қазақ хандығын құру нақты мүмкіндік туғызды, сәтті тарихи жағдайлар қалыптасты. Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен алғышарттарын төрт топқа жіктеуге болады: діни-рухани, этникалық, мемлекеттілік және саяси алғышартар. Сонымен қатар осы алғышартардан туындаған Қазақ хандығының құрылуының төрт себебін де атап кетуге болады. Біріншісі: Керей мен Жәнібек сұлтандардың Қазақ хандығын құруға ұмтылуы. Екіншісі: халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі. Үшіншісі: алым-салықтың көбеюі. Төртіншісі: Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңіліп қалуы.

Географ: Мен сіздерге Қазақ хандығының 15 ғасырдың ортасындағы территориясы мен 16 ғасырдың ортасындағы аумағын салыстырып көрсетейін деп отырмын. Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған қазақ тайпалары Әбілқайыр хандығынан оңтүстікке қарай жылжыды. Оларды Моғолстан ханы Есен-бұға құшақ жая қарсы алып, Шу бойынан қоныс бөліп берді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісуды құтты мекен санап, қозыбасыға ұлттық туын тікті. Бұл жер шынында да құтты мекен болды: көшіп-қонам десе солтүстігінде керіліп Сарыарқа, оңтүстігінде Шу мен Сыр бойының жолбарыс жортқан қалың қамысты нуы жатты. Жазы – шүйгін жайлау, саумал самал, қысы панасы мол шұрайлы жыныс еді. Енді екінші картаға назар салсаңыздар, Қазақ хандығының территориясы 50 жылдың кейін қалай кеңігенін байқайсыңдар. Оңтүстікте Сыр бойын, Жетісуды қамтыса, солтүстікте Ұлытау, Қарқаралы таулары, шығыста Ертіс өңірі, ал батысында Жайық өзені.

Этнограф: Дүние жүзінде мыңнан астам халық өмір сүреді. Олардың халық болып қалыптасуының өзіндік тарихи жолдары бар. Ал халық болып қалыптасу – бір ғасырдың ғана емес, бірнеше мыңдаған жылдардың жемісі. Сондай ұзақ қалыптасу кезеңдерін қазақ халқы да бастан кешірді. 13 ғасырда қазақтардың халық болып қалыптасыпуын монғол шапқыншылығы 150-200 жылға кешеуілдетті. 15 ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы тілі жағынан, түр-тұрпаты, шаруашылығы, әдет-ғұрпы, салт-санасы жақтарынан бір-біріне ұқсас болған. Олар «92 баулы өзбектер» шежіресі бойынша, 92 тайпадан тұрған. Мәселен, солардың ішінде қазақ халқының құрамына атақты қыпшақ, найман, үйсін, қоңырат, қарлұқ, керей, тағы басқа тайпалар кірген. Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалар алғашқы кезде «өзбек-қазақтар» деп аталды. Өзбек деген атау біртіндеп қалады да, қазақ деген атау тұрақтанып, қазақ халқының этникалық атына айналды. Ал «өзбек» атауы тағылған Орта азияға ауған ру-тайпалар өзбек халқын құрайды. Сөйтіп, «өзбек-қазақ» атанып жүргшен өзбек хандығы кезіндегі этносаяси бірлестіктен туыстас екі халық құрылған. Осы туыстықтың куәсі ретінде қазақ халқында айтылып жүрген «өзбек - өз ағам» деген мәтел бұл екі халықтың түбі бір болғандығын көрсетеді. Ал «қазақ» сөзінің мағынасы бостандық сүйгіш, еркін адамдар» деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқының ұраны «алаш» сөзі. Тіпті кейбір деректерде «қазақ» атауының орнына қолданылып келді.

Жылнамашы: Қазақ хандығының тарихында өзіндік үлесі бар, атақты хандарының билік еткен жылдарымен таныстыра кетейін. (экрандағы қазақ хандарының билік еткен жылдары кестесін пайдаланып, атақты хандарға тоқтала кетеді)

Саясаттанушы: Менің әріптестерім сіздерге Қазақ хандығының құрылуы жайында айтып кетті. Қазақ хандығының дамуы барысында ішкі және сыртқы саясаттарының өзгеруі бақарған хандардың көрегендіктерінің арқасында. Сондықтан да халық оларға әз деген атақ берді. Жан-жағындағы көрші мемлекеттердің аяқ астында қалмай дербестігін сақтап қалу үшін көп еңбек қажет болды. Қазақ хандығының Алтын Орда, Ақ Орда, т.б. хандықтардан айырмашылығы – Қазақ хандығы жаулап алушылық нәтижесінде құрылған жоқ, жергілікті экономикалық, этникалық негіздерден шықты. Көршілес мемлекеттермен әртүрлі жолмен тіл табысуға тырысты. Ресей мемлекетімен дипломатиялық, сауда байланысын жолға қойды. 30 жылға жуық Шайбани ханмен Сыр бойындағы қалалар үшін шайқасты. Моғолстан мемлекеті әлсіреп ыдырап кеткенге дейін олармен бірде тату, бірде дұшпандық саясат ұстанды. Оңтүстікте орналасқан Әмір Темір мемлкетімен, Өзбек хандығымен байланысты сыртқы факторларға байланысты өзгертіп отырды. Осындай сыртқы саясатта оңтайлы жолдарды таңдай білген Қазақ хандығы Тәуке ханның кезінде шырқау шегіне жетті. 17-18 ғасырларда қазақтарға жан-жақтан шабуыл жасаған жаңа жаулар: жоңғарлар, башқұрттар, қалмақтар болмаса, Орталық Азияда қазақ елімен теңесетін мемлекет болған жоқ. Жоңғарлардан қорғана жүріп патшалы Ресейдің қарамағына кіруге мәжбүр болды. Бұған себепкер болған тағы бір жағдай: Шыңғыс ұрпақтарының үнемі бір-бірімен билікке таласуы үш жүздің арасындағы ынтымақтықты жойып жіберді. Кейінгі хандарда қазақ елінің дербестігін ұстап қалуға тырысқан хандардың бірі – Абылай хан. Қазақ жері түгелдей орыс патшасына бағынғаннан кейін де отаршылдық саясатқа бөгет болғысы келген Кенесары хан 1841-1847жылдарда өз хандығын құра білді. Егерде Қазақ хандығы 19 ғасырдан бері тәуелсіз ел болып тұрғанда қазір біздің тәуелсіздігімізге 24 жыл емес, бірнеше ғасыр болып қояр еді. Сондықтан да «Қазақ хандығының құрылуы – «мәңгілік ел» ұғымының бастауы» деп айта аламыз.



Конференция қонақтарына әр түрлі баспасөзден келген тілшілер сұрақтар қояды?

  1. Қазақ хандығының құрылуының, нығаюының тарихи маңызы қандай?

  2. Деректерден «Қатаған қырғыны»деген оқиғаны естідім. Ол қай кезде болған және қай ханның тұсында?

  3. Қазақ тайпалары Моғолстанға Әбілқайыр қанға наразы болғаннан кейін көшті дедіңіз, олар неге наразы болды?

  4. Жеті жарғы деген заң бар деп естідік. Ол заң қай ханның кезінді, не туралы қабылданды?

  5. Сіз жаңа Қазақ хандығының ұлғайған территориясын көрсеттіңіз. Солардың ішінде аса маңызды аймақ қайсы болды?

  6. Абылай ханның ата тегін айтып бере аласыз ба?

  7. Керей мен Жәнібектің туыстық жақындығы қандай?

  8. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының сыртқы саясаты қандай болды?

  9. Хақназар хан қай жылы қалай қайтыс болды?


БАҚ тілшілерінің өз редакциясы атынан викториналық сұрақтарға дұрыс жауап берген көрермендерге әкелген сыйлықтары бар. Көрермендерге сұрақтар:

  • Абылай ханның шын аты

  • Қай ханның кезінде халықтың саны миллионға жетті?

  • Қазақ хандығының алғашқы территориясы

  • Қазақ хандығында шаруашылықтың негізгі басты саласы қандай болды?

  • «Жеті жарғы» заңы неше тараудан тұрды?

  • Қазақ хандығының құрылуы жөнінде жазылған тарихи шығарма

  • Абылай хан билік еткен жылдар

  • Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты

  • Қазақтың қандай тайпаларын білесіңдер?

  • Қазақтың алғашқы хандары

  • Қазақ хандығы қашан құрылды?

  • Қазақ хандығында қолданылған қандай заңдарды білесіңдер?

  • Қазақ хандығы қай екі мемлекеттің тартысында пайда болды?

  • Марғасқа жырау мына өлең жолдарын кімге арнады?

«Өй, Қатағанның ханы...

Кім арамды ант ұрсын!

Жазықсыз елді еңіретіп,

Жер тәңірісіп жатырсың.

Хан емессің қасқырсың,

Қара албасты басқырсың!

Алтын тақта жатсаң да,

Ажалы жеткен пақырсың!»

  • Қасым хан кімнің баласы?


Пресс-конференция қорытындыланып, «Қазақ елі» әні шырқалады





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-096020

Похожие материалы