Презентация на урока "Теңдеу және оларды шешу

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және оны шешу тәсілдері

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Есепті теңдеу құру арқылы шығаруға машықтандыру және оқушыны белгісіз санды таба білуге үйрету;
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұлттық негізінде адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілікпен түсіндіру, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: еңбек, ән, ана тілі, дүниетану
Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, шарлар, ұя макеті, балапандар суреті

Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Оқушыларды сабаққа дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 9 есепті дәптерлерінен оқыту, тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
 
Жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Жаңа сабақты бұрынғы өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.
Оқушылар мына жерден не көріп тұрсыңдар?
Ия, балапандар ұяларынан түсіп қалыпты.
Ендеше көмектесеміз бе?
Ол үшін әрбір балапанның тапсырмасын орындай отырып, оларды ұяларына салуға көмектесесіңдер.
Ұранымыз: «Тездет, бірақ қателеспе»

ІV. Топпен жұмыс. № 1 есеп (теңдеуді шеш және тексер)
І топ (1 балапан)
х+20*8=2600
х* (40/4)=12600
ІІ топ (2 балапан)
40*6+х=9400
(190 - 90)*х=38600
ІІІ топ (3 балапан)
Х - 560/7=20000
3090/10 - х=209
ІV топ (4 балапан)
х/(36+64)=543
19200/10/х=10

V. Тақтамен жұмыс. (5 балапан)
Үшбұрыштың қабырғасы 3 см - ден, ал оның үшінші қабырғасы х см. Үшінші қабырғасын 4 есе көбейткенде шыққан жаңа үшбұрыштың периметрін өрнек түрінде жазу.
Р=3см+3см+(х*4) см;

VІ. Математикалық диктант. (6 балапан)
(Өзін - өзі тексеру) Өрнек түрінде жаз:
а) а - ның 80 - ге бөліндісін 5 есе арттыр.
(а/80)*5
ә) 90 мен с - ның қосындысын 60 - қа көбейт.
(90+с)*60
б) 70 - тің 5 - ке бөліндісіне 42 - нің х - ке бөліндісін қос. (70/5)+(42/х)
г) 984 пен 324 - тің қосындысын а мен 412 қосындысына бөл. (984+324)/(а+412)

VІІ. Оқулықпен жұмыс
№ 5. Есептің шартын құрып, жауабын табамыз. (7 балапан)
Басқұрдың ұз.- 3м5 есе қысқа
Қыл арқан -?
Шешуі: 3*5=15
Жауабы: Қыл арқанның ұзындығы 15 метр.
Осы есепке ыңғайлы тәсілмен теңдеу құрамыз.
х/5=3
х=3*5
х=15
15/5=3

VІІІ. Суретпен жұмыс (8 балапан)
6 кесе - 180тг
8 кесе -? ТГ
Шешуі: 180/6=30;
8*30=240
Жауабы: 8 кесе 240 теңге тұрады.

ІХ. «Кім жылдам?» ойыны. Қалдықпен бөлуді орында:
І топ --------------ІІ топ---------------- ІІІ топ ----------------- ІV топ
529/4= ---------- 1437/6=------------358/3= ---------------- 40978/8=

Фигуралардың ауданын тап.
Екі фигурадан құрылған шаршы және тік төртбұрыш
2см*2см+3см*2см=10см
Үлкен тік төртбұрыш және кіші тік төртбұрыш.
2см*4см+1см*2см+1см*2см =12см

Х. Сабақты қорытындылау.
Тест жұмысы
Қай фигураның ауданы болады?
а) дөңгелек
ә) шеңбер
б) қисық сызық
2. Қалдық неден кем болуы тиіс?
а) бөлінгіш
ә) бөлгіш
б) бөлінді
3. Теңдеудің шешуін тап: х*9=9009
а) 1001
ә) 3003
б) 1000
4. Қабырғалары 4дм және 8дм болатын тік төртбұрыштың периметрін тап:
а) 24дм
ә) 26дм
б) 32дм

ХІ. Шығармашылық тапсырма.
Логикалық есеп.
Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрыш қалады?
Екі стақанға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкаға төңкердің. Қайсы стақанда су көп? Неге? (Дәлелдеу)
Міне, оқушылар барлық балапанға көмектестік. Құстар - біздің досымыз, сондықтанда
оны әркез қорғап, көмектесуіміз қажет.

ХІІ. Бағалау
ХІ
ІІ. Үйге тапсырма:

 

Краткое описание материала

Презентация на урока "Теңдеу және оларды шешу

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Жақсылықова Райхан Молдахметқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

  • На сайте: 10 лет и 8 месяцев
  • Всего просмотров: 8406
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 3
  • 8406
    просмотров
  • 3
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Жақсылықова Райхан Молдахметқызы.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: