Инфоурок Школьному психологу КонспектыПсихологиялық ғылыми жоба 7 сынып

Психологиялық ғылыми жоба 7 сынып

Скачать материал

Мазмұны:



І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім


1.1. Имандылық қастерлі қасиет

1.2. Мұсылман дінінің өміршеңдігі

1.3. Имандылық – тәрбие негізі

1.4. Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім:

Қазіргі кезеңде имандылық пен инабаттылық, қайырымдылық пен мейірімділік, осындай адами қасиеттерімізді негіздеуші дініміздің бар екенін біліп оны дәләдеу.

Осындай дініміз тұрғанда басқа дінге еліктемей болшаққа мол сенім артып, адамгершілігі мол адамзат болу.


ІІІ. Қорытынды


Ұсыныстар


Пайдаланылған әдебиеттер


Аннотация


























Кіріспе

Адамзат тарихына екі мың жылдан асып барады. Соншама уақыттан бері таңның атуын, күн мен түннің белгілі бір мөлшерде ғана ауысуын әбден үйреншікті қабылдаудамыз. Ешбір ғылым мұны өзі атқара алмайды. Жыл мезгілдерінің ауысуы да дәл осылай. Осы реттілік пен таңғажайып ұлы үйлесім механизмі ешқашан бұзылмаған. Солай бола тұра осы ұлы реттіліктің мәнін жаратылған табиғатқа телуіміз неткен сауатсыздық? Адам баласы да сол баяғыдай: туады, есейеді, дүниеден өтеді. Олардан біздің бүгінгі айырмашылығымыз: киім, тағам, көлігіміз басқаша. Өзінің ғаламдағы орнын тану үшін адам қаншама білім саласын тудырған! Бірақ бұлар да басты білімге әкелетін әрекеттер ғана.

Адамның пейілі, құлқы өзгерген бе? Бұл сауалға дүниежүзі әдебиеті мен тарихынан толық мағлұмат алуға болады. Тарихтағы соғыстар басқаға үстемдік көрсетіп оны бағындыру, отарлау, жою... Әдебиеттегі сонау алғашқы аңыздардағы аңқау адамнан басталған Петрарке, Данте, Шекспир, Бальзак, Сервантес, Пушкин, Толстой, Достоевский, Абай, Шәкәрім шығармаларындағы адам бейнесінен адал мен арамды ажыратудағы түрлі әрекеттерін көреміз. Тарихтағы соғыстардан адам тәнінің күресін аңғарсақ, әдебиеттен пенденің жан арпалысын байқаймыз. Інжіл, Зәбур, Таураттағы білімнің, соны дәлелдеп тұрған оқиғалардың жалғасын тек Құраннан табамыз. Бұл шынайы ғылым сөзі адамның бастан кешкен бүкіл пенделік қателерін көрсетумен қатар оны құрқарар жолды анықтап берумен айқындалған.

Ислам діні – адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқан ең ұлық дін. Оның туы желбіреген жерлерде әрдайым білім мен ғылым дамып, адамзат адамгершілік пен парасаттың шыңына көтерілген. Шөліркеген даладай қуаңсып, суалған көлдей құлазыған мекендер мұсылманшылықтың аяқ басуымен көгалды шалғын, көк майсалы жерге айналды. Мұсылмандық Орта Азияға, оның ішінде қазақ еліне біздің дәуіріміздің VIII ғасырында ене бастады. 751 жылы Талас бойында қарақытайлар мен мұсылмандар арасындағы шешуші шайқаста мұсылмандардың жеңісі бүкіл Орта Азиялық аймаққа Ислам дінінің ғана емес, сондай-ақ оның мәдениетінің де еркін таралуына жол ашты. Қасиетті Құран Кәріммен бірге қазақ даласына үлкен Ислам өркениеті келді. Ғылым, білім жанданды. Көптеген қалалар салынды. Онда медреселер мен ғылыми ошақтар жұмыс істеді. Жергілікті халық арасынан Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұни, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири секілді өз шығармаларында гуманизмді марапаттаған терең ойлы ғұламалар шықты.

Біз – өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар халықпыз. Солай бола тұрса да, соңғы кездерге дейін қазақтар көшпелі болды. Соның салдарынан ұлы далада туып өсіп, дүниежүзілік өркениетке үлес қосқан көптеген мұсылман ғалым бабаларымыздың аттары ғасыр парақтарында қалып қойды. Мысалы, Абай, Ыбырай, Шоқан бабаларымыз. Жаратқан бізге тәуелсіздік сыйлап, өз елімізге тән рухани, діни, мәдени жәдігерлерімізді қайта жаңғыртуға қол жеткізіп, олардың біразын анықтап маңдайымыз жарқырап жатқанымыз да бар. Ілгеріде өткен бабаларымыз, мысалы, Абай атамыз бізге рухани мол мұра қалдырып кетті. Оларды игеріп қана қоймай, зерделеп, қастерлеуіміз керек. Әдебиетіміз бен мәдениетіміз ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрпымыз бен мінез-құлқымыз, халықтық болмысымыз, өмір салтымыз, тәрбиеміз, менталитетіміз де, Қазан төңкерісі әкелген жасанды арзан құндылықтарға емес, Ислам мәдениеті негізінде қалыптасқан. Ислам біз үшін тек дін ғана емес, рухани мұрамыздың қайнар көзі, тіпті елдігіміз, бүгінгі тәуелсіздігіміз. Сол себепті рухани мұрамызды да осы тұрғыдан зерделеу қажет деп есептеймін. Олай болса Исламның інжу-маржан асыл құндылықтарын ардақтау, оны игеру, қорғау, ілгері дамыту, халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүріне қаншалықты сіңісті болғанын зерделеу – бүгінгі біздің міндетіміз.

Абай атамыздың дін жөніндегі түсінігінің өз кезеңі үшін прогрестік мәні зор. Абай Ислам дінін үгіт – өсиет ете халықты, жастарды имандылыққа, терең білімге, өнерге, адамның асыл қаситеттеріне шақырады. Қазақ даласында Ислам дінін үстемтаптың идеялогиялық құралына айналдырып, дінді дәріптеуші дүмше молдалар мен сопылар, ишандар мен имамдар, қажылар мен қазіреттердің іс – әрекеттері мен теріс қылықтарын аяусыз әшкерелейді.

Халыққа пайдасы аз, құлқынның құлы, жемқор, пайдақұмар молдаларды, олардың жасанды бет пердесін бейнелі сөзбен келістіріп әшкерелеуде Абайға тең келетін ешкім жоқ. Игі үгіттерге ұмтылу жолында Абай Сократ пен Аристотельге, Байрон мен Гетеге, Низами мен Науаиге, Пушкин мен Толстойға жақын, рухтас. Ол ешкімді дініне, нәсіліне, ұлтына қарай бөлмей, «Адам – адамға дос» деген халықтар достығын дамытуға үн қосып, жаппай ынтымақ, имандылық, достық идеясының жаршысы болды. Егер мұсылман ғұламалары «ақыр заман», «қиямет қайым» дегендерді ғасырлар бойы халық санасына сіңіріп, табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірдегі өзгерістерді, ғылымдағы жаңалықтарды сол «ақыр заман» мен «қиямет қайымның» таяп келе жатқанының белгісі деп түсіндірсе, Абай ескі заманның орнына жаңа заман, жаңа заманның орнына жақсы заман келеді деп, өз халқын жақсылық атаулыға, имандылыққа, білімге үндеді: «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел», «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!» деп тәңірге табынып, уақытты босқа өткізбей, әркімді өмірден өз орнын табуға шақырады.

Абай атамыз дінге қоғамның маңызды институты ретінде қарады. М.Әуезов пікірінше, Абай үшін дін адамның жеке басының моральдық жетілуінің құралы болған. Абай дін мәселесін қарасөздерінде де алға тартып, оның әлеуметтік мәнін, мазмұнын ашады. Дінге беріле сенеді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп, құдайдың барлығына жұртты мойындатуды жөн санайды.

Абай атамыз «Отыз сегізінші қара сөзінде»: Құдай тағала дүниені кәмалатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды – әуелі дос көбейтпек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан келгенінше достық мақамында болмақ. Кімге достығың болса, достық шақырады. Ең аяғы ешкімге қас сағынбастық һәм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ.

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің.

Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды.

Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.

Абайдың ұрпаққа ұсынар бағыты – адамгершілік жолы. Ақын өзінің көптеген шығармасына «адам бол» деген этикалық принципті арқау етеді. Абай «адам» деген ұғымды кең де терең түсінеді. Ойшыл ақынның түсінігінде адам – ақылдылық пен еңбек сүйгіштіктің, әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың жиынтығы. Осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі нағыз иманды адам дейді.

Халқымыз Ислам дінін қабылдағаннан кейін ондағы адамның жаратылысына тән құндылықтар салт – дәстүріміз, әдет – ғұрыптарымыз бен наным – сенімдеріміздің негізіне айнала бастады. Бұл әдет – ғұрыптар мен сенімдердің негізгі қайнар көзі – Құран аяттарынан бастау алып жатса, олардың көбі Исламның екінші негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттерден тұрады.

Дүние жүзінде Аллаға құлшылығынан бастап, мінез-құлқы, адамгершілік қаситетері, саясаты, әкімшілік басқару істері, тәлім-тәрбиесі, әлеуметтік жұмыстары, әскери шаралары секілді әмбебап іс – әрекеттері мен жеке басына қатысты қарапайым амалдарына дейін үлгі ретінде ұсынылып, ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа беріліп, әр бір іс-әрекеттеріне дейін қайталанып келе жатқан Мұхаммед пайғамбардан басқа ешқандай жан жоқ.

Біздің қазіргі әдет-ғұрып деп ұстанып жүрген ата – баба мұраларының көпшілігін бабаларымыз сол кезеңдерде «сүннетті ұстану» ниетімен қалыптастырған. Бұған дәлел – көптеген әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдеріміздің хадис және сүннеттерімен үндесіп жаттуында. Енді осы үндестіктердің кейбіреулеріне тоқтала кетейін:

  1. Әрбір істің бастауында «Бисмилла» сөзінің айтылуы. Бұл әдет мына хадистен туындаған: «Бисмиллаhпен басталмаған әрбір істің соңы келте»

  2. Сәлемдесу. «Сәлем – сөздің анасы», дейді дана халқымыз. Пайғамбарымыздан бір күні «Қандай амал ең қайырлы?» – деп сұрағанда: «Адамдарға тамақ беру және таныған, танымағандардың бәрімен амандасу», – деген.

  3. Нанды жерге тастамау, оны құрметтеу, жерге түскен нанды алу, нанның қиқымын баспау, нанды бір қолмен бөлмеу. Халқымыздың нанды құрметтеуі, жерге түскен қиқымды да баспай, жоғары көтеріп қоюы Пайғамбарымыздың: «Нанды құрметтеңіздер. Себебі, ол жер мен көктің берекеті», – деген өсиетінен туындағаны анық.

Ислам дінінде ата-анаға қатты мән беріліп, адамзаттың ішіндегі ең қастерлі де сыйлы жан ретінде құрмет көрсетілген. Құран аяттары мен хадистерде ата-ананы сыйлау, оларға қарсы келмеу, қолғабыс болып, айтқанын екі етпеу, қартайғанда көңілдеріне қаяу түсірмей, қамқорлық көрсету мәселелері жиі айтылған.

Адамзаттың ардақтысы хазрет Пайғамбардың хадистеріне сүйеніп, Шал ақын:

Мекке менен Мәдине жолдың ұшы,

Алыс сапар дейді ғой барған кісі.

Ата менен анаңды құрметтесең,

Мекке болып табылар үйдің іші, – деп халыққа өсиетін айтса, Шортанбай ақын:

Атаңды сыйла анаңмен

Меккені іздеп таппаққа, – деп, ата-ананы сыйлауға үндейді. Ал Ақтамберді жырау:

«Меккені іздеп нетесің,

Меккеге қашан жетесің?

Әзір мекке алдыңда

Пейіліңмен сыйласаң

Атаң менен анаңды!» – деп ата-анаңа көрсеткен сый – құрметің құдай жолын қуып, Меккеге барумен пара-пар деген ойды қорытады.

Адамды өзін өрде жүргендей сезінетін, ал шын мәнінде оны өрге емес, керісінше құрдымға сүйрелейтін жағымсыз қасиеттердің бірі – өркөкіректік. Пайғамбарымыз өркөкірек, тәкаппар адамдар жайлы: «Бір күні бір адам әдемі киімдерін киіп алып, маңғазданып кетіп бара жатыр еді. Шашын тараған, өз-өзіне көңілі толып, жұртқа өзін көрсеткісі келген әлгі адамды Алла тағала жердің түбіне түсіріп жібереді. Қиямет күніне дейін жердің астында тыпырлаған күйінде қалды» – деген. Тәкаппарлықтың абырой әкелмейтінін жақсы білген аталарымыз:

Құдайдың барын білмеген

Айтқан жерге жүрмеген,

Менменсіген зор кеуде

Қисық жүріп кете алмас,

Аспанменен өте алмас,

Алдындағы жолығар

Құдайдың құрған тезіне… - деп оны сынайды әрі халықты бұл жаман қылықтан бойды аулақ салуға, ізгілікке, қарапайымдылыққа шақырады. Мұсылмандықты ту еткен халқымыз: «Ұлық болсаң кішік бол», «Кішіпейіділікпен кішіремейсің» деп, ұрпақты кішіпейіл болуға шақырған.

Алла тағала Құран Кәрімде: «Мұсылмандар – бауыр», – деген. Хақ Расул да өз хадистерінде осыны ескертіп: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Мұсылман – бауырына қастандық жасамайды, оны дұшпанға тастамайды. Кім мұсылман бауырына жәрдем етсе және оның кем-кетігін толықтырса, Алла тағала оған жәрдем етеді.» Осыны кейінгі ұрпаққа қатаң ескерткен халқымыз:

Жаңағы айтылған тәрбиелер ұлттық дәстүрге айналған сүннеттердің бір-бір тамшысы десек артық айтқанымыз емес. Себебі, мұсылман елі болғандықтан әрбір тыныс тіршілігімізде құран мен сүннетті негізгі өлшем етіп алған халқымыздың ғасырлар бойы жалғасқан өмір жолында бұл қазына жыл өткен сайын толыға түседі.

Елімізде дін айналасында атқарылып жатқан шаруалар да аз емес. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы қазақ жерінде әлемдік дәстүрлі діндер өзінің бейбітшілік рухын ұялатқанын мәлім етті. Ұлтаралық, дінаралық татулығы бар елдің шоқтығы әрқашан биік болмақ! Қазіргідей берекесі мен бірлігі жарасқан Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымыз – Елбасының салиқалы саясатының арқасы. 130 ұлт пен ұлыстың аспанына бейбітшілік көгершінін қондырған Елбасының саясатын қолдаймыз!

ІІ. Қазақ  Хандығы кезінде араб жазуы қолданылып, діни оқу кең өріс алады. Қазақ Хандығының астанасы Түркістан қаласында, басқа да қалаларда мешіт, медреселер салынды.

Мешіт: Оқу - Араб әліппесін тану (28 әріптен тұрады), «Иманшарт» (наным шарттары), «Әптиек» (Құранның жетіден бір бөлігі).

Медресе:  Тілі - Араб, парсы, Түркі.

Оқулық:  «Сопы Аллаиад»,  «Кесік-бағы», «Батуам»,  «Хиса Сләбие»,  («Хисаса ұл әнбие»).

ХҮ-ХҮІІ ғасырларда медреселік оқу діни сипатта бола тұрса да осы медреселерде оқып, білім алған адамдар арасында сауатты, өз заманына лайық ғұлама ғалым, жазушылар шықты.

Ғалымдар: Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551), «Тарихи Рашиди».

Қадырғали Қосымұлы Жалайри «Жамих-тауарих». Кемеңгер ойшыл Асанқайғы да тарихта қазақ халқының философиялық ой-пікірін өрістетуге үлес қосқан ғұламаларды бірі.

ХҮ-ХҮІІ  ғасырлардағы ақын-жыраулар:  Асанқайғы (ХҮ ғасыр), Қазтуған жырау (ХҮ ғасыр), Доспамбет жырау (1490-1523 жылдар), Шалкиіз жырау (1465-1560), Жиембет жырау (ХҮІІ  ғасыр), Марқасқа жырау  (ХҮІІ ғасыр), Ақтамбет жырау (1675-1768 жылдар).

Ұлы ғұламалар еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыру мақсатын көздеген.

Аса көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин «Мұсылмандық тұтқасы» кітабында діннің аяттарындағы адамгершілік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік қағидаларын түсіндіреді.

Ұлы педагог: “Адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен терең орын алмаса, ол әсерлік, тәрбиелік нәтиже бермейді” деген тұжырым жасайды.

Иман” араб тілінде - сенім деген ұғымды білдіреді. Имандылық Алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді.

Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын,биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «Иманжүзді кісі» деп бағалайды. Ұрпақтарымызды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қорғап, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, көпшілдік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді олардың бойына сіңіру - әрбір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің ұлттық парызы. Баланы үлкендерді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, яғни иманды болуға, адамгершілікке, әдептілікке баулу - адамгершілік тәрбиесінің тарихи жемісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» еңбегінде «Бүгінгі күнгі жекелеген елдердегі діни сана-сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттық және мәдени бірліктілікті сақтаудың негізіне айналып отыр», - дейді (5).
Сөйтіп, ислам дінінің қоғам дамуы барысындағы рөліне тоқталатын болсақ тарихтағы кейбір оқиғалардың алдың - алуына, халықтың басына түскен және білуіне себепші болды. Ислам діні имандылыққа жетелейді, имандылық деген ұғымда үлкен мән, мағына бар. Имандылыққа – адамның ар-ұжданы, тазалығы адамгершілігі, әдептілігі жатады.
Ислам – тек біржақты уағыз емес, жан-жақты ғылым саласының көзін ашатын басты арна.

Абай айтқан «толық адам» болу үшін не істеу керек деген сауалға да нақты шарттар қойылған. Ол кемелдік кілті қалай іске асады? Себебі «өзіндік ақыл-ес, сана-сезім, түйсігімен дараланатын адам баласының бұл өмірге келуіндегі ең әуелгі міндет әлем жаратылысындағы осындай сырды түсініп, өзін қадірлі етіп жаратқан Жаратушысын танып, Оның құдіреттілігі мен ұлылығының алдында бас иіп, өзінің әлжуаздығы мен дәрменсіздігін сезініп, құлшылық ету». Аллаһ тағала осы жолды көрсетіп адамның үлгілі өмір сүре алатынын іске асырып кеткен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) әрине «күллі әлемге тек рахым етіп қана жіберілді». Оның нұрлы жолы - адамзат үшін өнеге. [3]

Ислам дінінің негізін қалаушы ұлы пайғамбар Мұхаммет жаңаша күнтізбекпен алғанда 569 жылы, сәуір айында, Меккеде дүниеге келген. Ол әрі батыр, әрі атақты Құрейіш тайпасынан шыққан. Бұл тайпаның негізгі екі бұтағы бар, яғни үлкен-үлкен, ағайынды екі рудан тұрған. Біріншісі – Хашим, екіншісі – Әбді-шамис. Мұхамметтің арғы атасы Хашим Меккенің ұлы жарылқаушысы болыпты.

Аллаһ тағала бізді өзінің сән-салтанатты, таңғажайып сарайын тамашаласын деп бұл әлемге құтты қонақ қылды. Өмір сүруімізге барлық оңтайлы жағдай жасап, жерді жайлы бесіктей тербетті. Жер шарынан мыңдаған есе үлкен күнді жарық пен жылудың көзі етіп, жан-жануар мен өсімдіктерді құлдарының қызметіне бағындырып берді. Егер адам баласы бір жұтым суды немесе бір дәнді қолдан жасар болса, ол үшін жүздеген фабрика мен зауыттарды салуы керек, бірі оттегін, енді бірі сутегін, бірі жылу мен жарықты шығарса, бірі топырақты өңдеп, осылайша бір жұтым су яки бір ғана дән бізге өлшеусіз шығын арқылы келген болар еді. Оның үстіне мұрың бір де біреуін адам баласы табиғи жаратылғандай етіп жрсай алмайды. Жомарт Жаратушымыз осының бәрін біздің игілігімізге ақысыз берген болса, енді мұның бәрін кездейсоқтық деу ақылға қонымды ма? Ғаламдағы сансыз құбылыстарды зерттеп, терең танып білген ғалымдар тым жіңішке жолмен жігі жатқызылған жүйеге таңғала отырып, ұлы Жаратушының хас шеберлігіне бас иіп мойынсына білді.

Батыстық зерттеуші Джон Клин галактика жайлы зерттеулерін жүргізу барысында оның орасан кеңдігіне таңданады. Бірқатар ізденістің нәтижесінде ғалым ең кішкентай бөлшек болып табылатын атомның алып күн жүйесіне өте ұқсас екендігіне қатысты төмендегідей тұжырымдар айтқан.

«Атомдар да аспандағы жұлдыздар сияқты бір ядро айналасында жүйелі схемаға сай айналады. Айналатын – электрондар. «Атом» деп айдар таққан ең кішкентай бөлшектен, «галактика» деген ең алып жаратылысқа дейінгі біздің айналамыздағы барлық нәрсе белгілі бір жоба бойынша өз осьтерінен айналады. Бұл көріністің кездейсоқ болуы мүмкін бе? Кеңістіктегі қозғалыстар барысында сан мыңдаған денелердің кенеттен өз осьтерін осындай жүйелі түрде айнала бастауын кездейсоқтыққа тели ааламыз ба? Өз басым бұған сене алмаймын. Өйткені, бұл жерде белгілі бір тәртіп пен жүйе бар. Галактиканың ұшан-теңіз кеңдігі маған Ұлы Құдіреттің бар екенін дәлелдейді. Ендеше мұның барлығын уысында ұстап, басқарып, белгілі бір жүйемен жүргізуші «Ұлы күш» міндетті түрде бар».

Ғалым Айферн Уильям: «Шебер Жаратушының бар екеніне сенемін. Өйткені, Оның қасиетті болмысы ғана көз алдымыздағы түпсіз әлемнің жалғыз қисынды түсіндірушісі бола алады», - десе Уайн Эйлет: «Әлемнің жаратылысы жайындағы теориялар оның жаратылуын түсіндіруге шамасы келмейді. Мұндай сұрақ адамдарды кездейсоқтыққа апарып тірейді. Алайда, Аллаһ тағаланың бар екендігін дәлелдейтін сансыз пікірлер кездейсоқтық тұжырымынан әлдеқайда қисынды. Өйткені, әлемдегі теңдессіз тәртіп пен жүйе – Шебер құрушысының бар екендігіне дәлел. Ой-санадан мақұрым кездейсоқтықтың нәтижесі емес», - дейді. [8]

Аты әлемге Әйгілі физик Ньютонның басынан кешкен мына бір жайтты да осы тұста айта кеткен жөн.

Ғалым Күн жүйесіне ұқсас бір бөлмелік аппарат жасаған. Бұл аппараттың ерекшілігі сол – тетігін басқанда бөлмедегі күллі планета атаулы есепті жылдамдықпен өз осьі мен Күнді айнала бастайды.

Бірде Аллаһ тағала туралы түсінігі жоқ жақын досы үйіне келіп, таңданысын жасыра алмай:

- Неткен керемет! Бұл аппаратты жасаған кім? – деп сұрайды. Ньютон сыр алдырмай:

- Өздігінен пайда болған да, Әйтпесе ешкім де жасаған жоқ, - деп жауап береді.

Әсте сен менің не дегенімді түсінбеген боларсың, - деп досы сұрағын қайта қояды. Сонда оған титімдей ой салмақ болған Ньютон:

- Әрине, түсіндім. Дегенмен, бұл аппарат өз-өзінен кенеттен пайда болды. Сөйтті де эволюция (сатылай даму) жолымен осындай дәрежеге жетті, - деп жауап береді әлі де сыр алдырмаған қалпы.

- Мұндай сандыраққа сенетін мені кім деп ойлап тұрсың? – деп, әлгі ашуға мінеді. Сонда дәл осы сәтті күтіп тұрған Ньютон досының иығына қолын салып:

- Көз алдыңдағы бұл аппарат – заңдылықтары өзіңе де теңдессіз күн жүйесінің қарапайым ғана макеті.

Сен енді көз алдымыздағы бұл макеттің де әйтеуір бір жасаушысы болуы қажет екенін талассыз қабылдап тұрсың. Ендеше, бұдан сан есе үлкен ғажайып күн жүйесінің де бір екенін қалайша түсінбейсің? – деп, досына үлкен ғибрат ұқтырумен қатар, көкірегіне иман ұшқынын да ұялатқан екен.

Аллаһ тағала әлемді өз болмысын көрсететін бір айна іспетті жаратқан. Өйткені, күллі жаратылыс, барша тіршілік – Оның бар екендігіне дәлел. Әлем кездейсоқ үлкен бір жарылыстың нәтижесінде пайда болып, ақыл-естен мақұрым аспан денелері өздігінен бір жерге түйісіп, ақылдаса келе осындай жүйені құрды деу шындыққа мүлдем жанаспайды. Кездейсоқ болған нәрселерден темірдей тәртіп пен таңғажайып жүйені көру әсте мүмкін емес.

Ғаламззаттағы тау, тас, жер, топырақ, күн, ай, жан-жануар, өсімдік, жәндік атаулының барлығының да тек адамзат игілігі үшін жаратылғандығы - оның аса бір ардақты жаратылыс екендігінің дәлелі. Ендеше, өзіндік ақыл-ес, сана-сезім, түйсігімен дараланатын адам баласының бұл өмірге келуіндегі ең әуелгі міндеті - әлем жаратылысындағы осынау терең сырды түсініп, өзін қадірлі етіп жаратқан Жаратушысын тану. Оның құдіреттілігі мен ұлылығының алдында бас иіп, өзінің әлжуаздығы мен дәрменсіздігін сезініп, құлшылық ету.

Пайғамбарымыздың ұлылығына тек мұсылмандар ғана емес, ар-ожданы таза батыстық ғалымдар да бас иіп, ерекше қасиеттерін еріксіз мойындаған. Бисмарк сияқты даңқты қолбасшы: «Ей Мұхаммед! Сенің ғасырыңда тумағаныма қатты өкінемін... Адамзат Сен сияқты ерекше тұлғаны бір – ақ рет көрді, бұдан кейін көре алмайды. Сенің алдыңда құрметпен бас иемін», - дейді. Сондай көптеген тұлғалардың тізімін жалғастыра беруге болады. Шын мәнінде хазірет Мұхаммедтің өмірімен танысып, Оның адамзат тарихындағы жүрек пен санада жүзеге асырған теңдессіз істерін ақыл елегіне салып, зерделеп көрген адам, Оның Хақ тағала тарапынан адамзатты қараңғылық түнегінен шығару үшін арнайы жіберілген пайғамбар екенін мойындар еді...

Уақыт өткен сайын тарихта өмір сүрген мемлекет басшылары мен қоғам қайраткерлері естеліктердің өзін жалмап жұтатын обыр уақыттың тегеурініне төтеп бере алмай, ақ жал толқындардың астында қалып жатса, хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) деген сүйіспеншілік күн сайын жаңарып, жаңғыра түсуде.

Қазірдің өзінде пайғамбардың Нұрлы қаласы – Мәдинаға барған жан оның тамаша рухани атмосферасына бөленеді. Ғашықтықтың шарабын ішкендей ол жерден кеткісі келмейді. Қасиетті қажылық сапарына барып-келіп жатқан жандардың бәрінен осыны естисіз. Ол – жалған дүниемен қош айтысса да үмбетінің жүрегінде әлі тірі. Оның қабірінң басына барған адам бейне бір пайғамбарды көзі тірісінде барып көргендей сезінеді. Қабірінің басына барып сәлемін жолдап, еріксіз көз жасын төгеді. Ардақты пайғамбардың сүйіспеншілікке бөленбеуі расында да мүмкін емес, өйткені, Аллаһ тағаланың өзі оған «Хабибуллаһ» (Аллаһтың сүйіктісі) демеп пе еді?!

Пайғамбарымыздың басты ерекшелігінің бірі – халыққа тек құрғақ үгіт-насихат айтып қана қоймай, оны өзінің нұрлы өмірі арқылы өрнектеп көрсете білуі. Сондықтан да жомарттық, әділдік, шынайылық, шыншылдық, сенімділік, мейірімділік, тақуалық, сабырлық қасиеттерінің ең биік шыңында қашан да ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) тұрады.

Пайғамбарымыздың бөле - жара айта кетер бір қасиеті – адам баласындағы бір-біріне қарама-қайшы мінездерді өз бойында ерекше үйлесімділікпен жинақтай білуі еді. Асылында мінез тепе-теңдігін әркез сақтау – жеңіл емес. Мысалы, бір адам аса жомарт бола тұра оның сол жомарттығы дарақылыққа, ысырапқа апаруы бек мүмкін немесе аса үнемшіл, ұқыпты боламын деп жүріп сараңдыққа бой алдыруы да ықтимал. Батыр, қаһарман болуы мүмкін, бірақ бұл қасиеттің де өз арнасынан шығып, алды-артын аңдамайтын, жақсы-жаман деп талғамайтын бірбеткей қатігездікке ұласуы да ғажап емес. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) болса, ешбір жақсы қасиетті екінші бір қайшылық тудыратын қасиетпен шатастырмаған және өз арнасынан асырмаған. Аллаһ елшісі (с.а.с.) ержүрек, батыр және мұнысымен қоса мейірбан, рақымды һәм кішіпейіл. Алайда, тым кішіпейіл, мейірімді болса да ешқашан қорқақтық пен қорлануға бас имеген. Өте салмақты, байсалдылығымен қоса жанындағы адамдарға шаттық сыйлай алатын, күлкісі күміс шашқан, жүзі жарқын нұрлы. Күллі ғаламға ұстаздық етіп, ауқымды мәселелерді қозғаған Пайғамбарымыз кішкентай бүлдіршіндермен құмда отырып ойыншық ойнайтындай қарапайым. Яғни, Аллаһ елшісі (с.а.с.) әркез таразының екі басын тең ұстап, тепе-теңдікті сақтай білген.

Жан-жақты жетілген, кемел адамның бойынан табылуға тиіс көркем мінездерді өз жүйесімен бір-бірімен шатастырмастан үмбетіне іс жүзінде көрсете білген адам-пайғамбар болмағанда кім болмақ?

Тарихта болған ұлы тұлғалардың өміріне зер салсақ, олардың жалғыз ғана қасиеттерімен дараланып көзге түскенін көреміз. Айталық, кейбіреуі Атымтайдай жомарт, бірақ дәл сондай дәрежеде кешірімді, кішіпейіл емес. Кейбіреуі кешірімді, кішіпейіл, бірақ ашуын ақылға жеңдіре алмайтын сабырсыз. Ержүрек батыр, бірақ, мейірбан емес. Ал, Пайғамбарымыз болса – асыл қасиеттердің бәрін бойына жинақтай білген әрі әрбір қасиетті өз биігінде қолдана білген теңдессіз жан.

«Иә, Пайғамбарымыз күллі адамзатты тәнті еткен осы ұлы қасиеттер мен көркем мінез-құлықты қайдан үйреніп, қайдан алды? Оны (с.а.с.) тәрбиелеп өсірген кім? Әке-шешесі дейән десек, Пайғамбарымыз әкесінен анасының құрсағында алты айлық кезінде, шешесінен алты жасында айырылып, тұл жетім қалды. Демек, Аллаһ елшісінің тәлім-тәрбиені әке-шешесінен алуы мүмкін емес. Ал, өскен ортасы, өмір сүрген қоғамынан дейін десек, ол қоғамның тарихта «надандық, қараңғылық» дәуірі деп қара таңбамен қараланғаны бәрімізге мәлім. Мұндай қараңғы қоғам өзінде жоқ қасиеттерді басқаға қалай бермек? Олай болса, Пайғамбарымызға бұл көркем де әсем қасиеттерді беріп, тәрбиелеп жетілдірген Әлемдердің Раббысы – Аллаһ екендігі айдан анық ». Адам баласына қыстың күні мұз бетінде бәйшешек сыйлаған Раббымыз «надандық дәуірде Пайғамбарымыздай нұрлы тұлғаны жетілдіріп, ғаламға рақым сыйлады.

Пайғамбарымыздың пайғамбарлық келгенге дейінгі өміріне көз жүгіртер болсақ, ол қырық жасына дейін ел ішінде ең сенімді тұлға ретінде танылған. Мекке халқы оны «Мухаммадун Амин», яғни «Сенімді Мұхаммед» деп атаған. Кез келген адам сапарға шығатын болса, қолындағы ең құнды заттарын еш күмәнданбастан Пайғамбарымызға аманаттап тапсыратын болған. Пайғамбарымыз өмірінде ешбір аманатқа қиянат жасамаған. Өйткені оның дініде аманатқа қиянат ету, уәдеде тұрмау және жалған сөйлеу – екіжүзділіктің нақ белгісі. Тіпті Пайғамбарымыз Меккеден Мадинаға көшуге мәжбүр болған кезде де қолындағы Мекке халқының аманатын иелеріне тапсыру үшін Әлиді орнына қалдырған.

Міне, ол осылайша өзіне қарсы шығып, тіпті өлтіруді жоспарлап, елінен, жерінен кетуге мәжбүр еткен пенделердің де аманаттарына қиянат етпеген. Не деген сенімділік, не деген туралық десеңізші!

Мекке халқы оның қырық жасына дейін бір рет болсын жалған сөйлегеніне куә болмаған. Жалғандық оның (с.а.с.) үш ұйықтаса да түсіне кірмеген.

Адамның дүниеге келуі, өсуі - өнуі басқа жандыларға қарағанда ерекше. Жануарлардың төлдері қысқа уақыттың ішінде жетіліп, өзінің төл қызметін атқаруға бірден кірісіп кетеді. Ал, адамның ес біліп, етек жабуына, одан есейіп ақыл тоқтатуына бірнеше жылдар керек.

1.2. Ислам діні отбасыға, әсіресе, оның ең негізгі екі тірегі – ата-анаға ерекше мән берген.

Ұлы Жаратушымыздың ата-анаға жақсылық жасау бұйрығы – тек адам баласына ғана тән бұйрық. Басқа жануарлар мен жәндіктердің табиғатында кішкентайлардың үлкендерді қорғап, пана болуы кездеспейді. Құран мен хадистерде ата-анаға жақсылық жасауға ерекше көңіл бөлген.

Ислам діні әйел затына ана болу сипаты арқылы ең жоғарғы әрі қымбатты дәрежені берген. Әртүрлі тарихи кезеңдерде қорлық пен кемсітушілікке душар болып, тіпті, соңғы ғасырларға дейін Еуропадағы христиандардың арасында «әйел деген адам ба, әлде шайтан ба?» деген қызу пікірталас болған кезде ислам әйел затын бұл қорлаудан азат ету былай тұрсын, ең жоғары дәрежеге шығарып «жаннат аралардың табанының астында» деп жаннаттағы ең жоғары мәртебені аналардың аяғының астына жайып салды. Нағыз ана өмір бойы тәнімен қоса жанын баласына пида етеді. Баланың мойнында әкеге қарағанда шешенің ақысы көбірек. Өйткені, ол баласын жатырында тоғыз ай көтеріп, қаншама қиындақ көреді. Анаға құрмет жайлы айтылған мына хадис көпшілікке мәлім. Пайғамбарымызға бір кісі келіп: «О, Аллаһтың елшісі! Кімге жақсылық жасайын?», - деп сұрағанда, Ол: «Анаңа», деді. Ол кісі қайта сұрағанда тағы да: «анаңа», үшінші рет сұрағанда да: «анаңа», - деп жауап бергеннен кейін төртінші, әкеңе, содан кейін жақындығына қарай басқа жандарыңа», - деп жауап берген.

Адам құқына ерекше көңіл бөлген ислам ата-анаға құрмет көрсетуді мойнымызға борыш етіп жазған. Ата-анаға құрмет – тек ар-ождан мәселесі ғана емес, басқа да парыздар сияқты ғибадат.

Ата-ана балаларына жеткілікті дәрежеде көңіл бөліп, қарай алмаған болса да балалары оларға жақсы қарауға міндетті. Өйткені, кісі қартайған сайын бала сияқты қорғансыз болып қалады. Сәбиінің балаң шақтағы нелер қырсық әрекеттеріне кешіріммен қарап, мейірімділік танытып, енді өздері балаларына мұқтаж болған кезде оларға жақсы қарау – адамдықтың асыл борышы. Бұл міндет «әке-шешемді құрметтеймін» деген құрғақ сөзбен бітпейді. Олардың қажеттіліктерін өтеп, қарасып, рухани әрі материалдық бар мүмкіндіктерді жасаумен ғана жүзеге асады.

Орайы келген тұста мына бір әңгімеге де назар аударайық.

Бір жас жігіт үйленгелі бері үйінде бірге тұрып келе жатқан әкесі үшін әйелімен ылғи да қырықпышақ болып сөзге келіп қалатын болған. Арадағы ұрыс-керіске әйелінің қайын атасына тыжырына қарап, үйге артық адам керек емес деп жақтырмай қарайтын шайпау мінезі себеп болатын. Кейде сондай бір ұрыстардың адам айтса нанғысыз бас бермей кететін кездері де жиі орын алатын. Ондайда жанжалды ушықтырып, жан алқымнан алатын әйелі үйді басына көтере: «Не бұл үйден мен кетем, не әкең кетсін!» деп долылыққа басатын.

Әйелімен ажырасуға дәті бармайды. Үйде бірге тұрып жатқан әкесі үшін лап ете қап, өршіп ала жөнелетін ұрыс-керістер болмаса, былайғы өмірі тып-тыныштұғын. Осы әйелге кезінде қолы әрең жеткен еді, үйдегілерді қалай әрең көндіріп еді десейші?! Әйеліне өлердей ғашық болғаны соншалық, әлі қатты жақсы көреді. Енді міне, шақшадай басы шарадай болып, не істерін білмей дал болып отырған оның есіне бұл тығырықтан алып шығар бір ғана жол түсті. Ол – кезінде аң аулауға керек болар деп тұрғызған таудағы күркесымақ ағаш үйге әкесін апарып орналастырсам деген ой еді. Аптасына бір рет соғып, тамағын апарып беріп, керектісін жеткізіп тұрса, күнде құлақ етін жемей үйде әйелі де тыныш табар деген үміт еді.

Әкесіне керекті бар заттарды дайындағаннан кейін төсеккке таңылған әкесін көтеріп әкеп жеңіл көлікке отырғызды. Баласы да барам деп етегіне жармаса кеткендіктен оны да машинаға отырғызып, жолға бірге ала шықты.

Қақаған қыс айы. Даладағы үскірік аяз бет қаратар емес. Қарсы алдарынан құйындатып борай соққан қардан жолды әрең-әрең көріп келе жатты. Қасында отырған кішкене баласы әкесінен қайда бара жатқандықтарын мазалап, қанша сұраса да еш жауап ала алмады. Ал өзін қайда апара жатқанын ұққан көкірегі ояу қарт іштей егіле жылап, көзінен сорғалай аққан жасын жеңімен сүрткен күйі немересі мен баласына білдірмеуге тырысты.

Бірнеше сағат жол жүріп таудағы үйге де келіп жетті. Бұл жерге ат басын бұрмағалы да біраз уақыт болыпты. Үйсымақ ағаш күркенің әбден тозғаны соншалық, төбесінен су ағып, еденге тастаған тақтайлардың кейбірі шіри бастапты. Күркенің бір бұрышын тазалап болғаннан кейін машинадағы төсекті әкеліп, сол бұрышқа жайлап орналастырды. Артынша басқа да заттарды өз орнына реттестіріп қойғаннан кейін ең соңынан әкесін түсіріп әкеп, әлгі төсекке жатқызды. Ал, үй деп әкелген күркесі үйден гөрі далаға көбірек ұқсайды.Едені сыз, суық күркеде әкесі төсекке басы тимей жатып-ақ тісі – тісіне тимей сақылдап, жаурай бастады. Денесі қалшылдап, тоңа бастаған әкесіне қарап тұрып «Ертең жылырақ көрпе-жастықтар әкеліп беремін» деп ойлады. Бірақ, өзегін өртеген қалың ой мен еңсесін зіл ғып басқан мұңнан біртүрлі арыла алмады.Ол осылайша өзін күнәлі сезініп тұрғанда, әкесінің ішкі жан дүниесінде аласапыран дауыл тұрып, көңілі астаң-кестең күйде еді. Қаншама жыл бұрынаузына тосып, аялап баққан баласы қартайып, әл-ауқатынын айырылып, мынадай қауқарсыз күйге түскен шағында қадір-құрмет көрсетудің орнына өзін тірідей көміп, қыстың көзі қырауда ессіз далаға тастап кетіп бара жатқан жоқ па?! Бұл не, ит-құсқа жем болсын дегені ме, әлде аязда аштан қатып өлсін дегені ме?! Бұдан өткен бақытсыздық, бұдан асқан масқаралық болар ма?! Осындай қорқынышты әрі сұрықсыз ойлар жетегінде іштей қатты мүжілген қарт онысын сыртқа сездірмеуге тырысты. Болған жайттан ешнәрсе ұқпаған тек қарттың немересі ғана. Кіп-кішкентай бала жүрегі, әйтеуір, атасынан айырылып бара жатқанды ғана сезіп, көңілін қорқыныш биледі.

Қайтатын уақыт та таяды. Қоштасарда әкесінің төсегіне еңкейіп, оны құшақтаған бойда өксігін баса алмай көп жылады. «Мені кешірші» дегендей бетінен, көзінен, қолдарынан қимай-қимай көп сүйді. Екеуі де көз жастарына ие бола алмай, әкелі-балалы құшақтасқан күйі күңірене іштей егілді. «Осыған мәжбүр болдым, әке, қайтейін» дегендей ұлы артқа қайта-қайта көз тастап, кішкене баласының қолынан дедектете жетектеген күйі күркеден алыстай берді.

Көлікке келіп отырды. Қайтар жолға бет алғаннан-ақ қасына ерте келген кішкене баласы «Атамды суық жерге неге тастап кеттің?» деп ал кеп жылады. Баласына не деп жауап берерін білмеген әке байғұстың басы қатып, сасаты. «Шешең осылай болуын қалады» деп айта алмады. Баласы бір уақытта жұлып алғандай «Сен қартайғанда мен де сені осында әкелем бе?» дегенде, төбесінен біреу мұздай су құйып жібергендей қалш-қалш еткен күйі тұрды да қалды. Бірден көлігін артқа қайта бұрды. Күркеге жете бере «Әке, мені кеш?!» деп әке құшағына қарай далақтап жүгіріп, тамағына тығылған ащы өксікке ие бола алмады. Мойнынан тас қып құшақтады. Кемсеңдеген әке мен кешірім тілеген ұлдың құшақтары көпке дейін айырылмады. Өз қателігін енді ұққан баласы «Жаза бастым, жаңылдым, әке мені кеш» деп аяғына бас ұрып кешірім сұрағанда, әкесі оған еш күтпеген жауап қайтарды:

- Сенің қайтып келетініңді білгенмін, балам. Сен мені тауға әкеп тастап кететіндей мен өз әкемді қартайған шағында тауға апарып тастаған жоқпын ғой. Мені тауға алуын алып келсең де, дәтің шыдап тастап кетпейтініңді, қайта оралатыныңды білгенмін, балам, - деген еді қарт сонда...

«Ата-анаң жынды болса байлап бақ» деп бұны дәстүрге айналдырып, ислам шуағынан нәр алған біздің халқымыздың тарихында әке-шешесін қарттар үйіне, далаға тастау деген жаман әдет бұрын-соңды болмаған. Бұл да исламның әке-шешеге берген маңызын көрсетсе керек. Өкінішке орай, дініміз бен салт-дәстүрімізді ұмытуға шақ қалған қазіргі таңда «Пәленбай қарттар үйі, түгенбай жетімдер үйі бар, оларға мынаны жасап жатырмыз, қамқорлық етіп жатырмыз» деп мәз болудамыз. Бұл – біздің мақтанышымыз емес құлдырауымыздың белгісі.[66]

Мектебімізде 2013-2014 оқу жылында 17 наурызда мектеп психологы Г.Мырзахметованың ұйымдастыруымен 8-9 сыныптар аралығында «Имандылық- қастерлі қасиет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сабақтың мақсаты: Діни тағылым арқылы оқушыларды имандылыққа, ата-анасын сыйлауға, адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, әр істе сабырлы болуға, әділетті жақтауға, рухани тазалықтарын сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Мұсылман дінінің өміршеңдігі, оның басқа діндерден негізгі айырмашылығын түсіндіру. Оқушыларды сұрақ қоя білуге, берілген теориялық білім нәтижесінде ой қорыта білуге, пікір айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Дін адамдарды имандылыққа тәрбиелейтін негізгі құрал екенін жеткізу. Мұсылман дінінің маңызы мен қасиетін ұғындыру.

Көрнекіліктер: Мұсылмандықтың бес парызы. Бейнетаспадан көріністер: «Жетім», «Тәубеге келу». Мекке қаласы (плакат), үлкен етіп салынған мешіттің суреті. Мұхаммед пайғамбардың хадистері.

Сабақтың барысы: Қайырлы кеш, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Барлығыңызды күллі мұсылман қауымының ұлы мерекесі- ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

«Имандылық қастерлі қасиет» атты танымдық сағатымызға қош келдіңіздер.

Егеменді еліміздің ертеңі - болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылыққа тәрбиелей отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына жеткізу- бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті, ересектер парызы. Сондықтан да имандылықтың негізгі құралы халық даналығы, дәстүрі мен дінінің тәрбие жөніндегі пікірлері өйткеніекуі біріне –бірі ұқсас. Екеуінің де негізгі мақсаты адам баласын асып- таспауға, адамшылыққа, имандылыққа, білім- ғылымға шақырып, ынтымақта болуын талап етеді. Қазіргі кезде әке- шешесін қартар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп жүрген алаяқтар, маскүнем, нашақорлар өзіміздің мұсылман екенімізді түсінбей, өзге дінге еліктеп беттерін тұмшалаған қыз, балағын түрген жігіттер, ұрылар, кісі өлтірушілердің көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын. Сондықтан мектептерде имандылық тәрбиесінің берілуі оқушы өзін мұсылман деп тануға, ұлтының озық дәстүрін, әдет- ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсуіне игі әсер етеді. Сондықтанда бүгінгі кешіміз осы тақырап төңірегінде болуы оқушылардың дөңгелек үстел басындағы пікірлесуі түрінде өтеді.

Кешіміздің қонақтары сіздерге тағы да қош келдіңіздер дей отырып, өздеріңізді таныстыруға рұқсат етіңіздер.

  1. Мектеп директоры: Ж.Құлахметова

  2. Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары: Н.Бейсбаева.

  3. Мектеп аяжаны: Н.Ахметова

  4. Ауылымыздың ақсақалы, имамы - Шыңғыс ағай

«Имандылық - қастерлі қасиет» атты танымдық сағатымызда оқушылар имандылық, мұсылман дінінің құдіреті туралы ақпарат хабарлардан өз білімдерін, ой- пікірлерін ортаға салып, сіздермен ой бөліскелі отыр.

Сіздердің алдарыңызда – бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушы –«Шындық» және «Адалдық» топтары.

Мақсатымыз екі топты жарыстыру емес, екі топтың тақырыпқа байланысты білгендерін, ізденісін, ынтасын, ойларын жеткізу шеберліктерін анықтау.

І бөлімімізді таныстыру рәсімімен басталық.

Сөз кезегі сіздерге.

І топ «Шындық»

«Шындық» деп атадық біз тобымызды,

әділеттік толтырсын деп жолымызды.

Иманды адамшылық жүрекпенен,

Биікке созамыз біз қолымызды.

Тобымызда, Ақбаян, Гүлнұр, Ботакөз, Ерболат

Және де Күнімай, Меруерт, Гүлжайна, Бекболат

Жеткіншек ұрпақпыз біз болашақта,

Адал еңбек ететін туған елге.

Жүрегіміз, жүзіміз иманды боп,

Жақсылықты бойға біз жинаймыз көп.

«Адалдық» тобына да біз тілейміз,

Сөйлеңіз шешендікпен, дәлдікпен дөп.


ІІ топ «Адалдық»

«Адалдық» топтың аты біз ойлаған,

Адам болмас бұл сөзге ден қоймаған.

өтірік, жалған сөйлеу әдетте жоқ,

өмірдің қызығына біз тоймаған.

Айжас, Ералхан, Мейірбек, Аружан, Абдулла

Және Дастан, Нұрбек, Нұрбану

Адалдыққа ұмтылған,

Бүгін біз тойлайықшы әдеппенен.

Сәлем жолдап келіп тұр ортаңызға,

Қазақы салт- дәстүрі ғұрыппенен.

Жүргізуші: Назерке

Топ басшылары алдымен мына сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын.

«Шындық» тобына сұрақ:

Алла мықты жаратқан екі батыр.

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып жатып- тұрып,

Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

Шешуі: жақсылық пен жамандық .

«Адалдық» топ басшысына:

Сыналар ей құрбылар, келді кезең,

Сенім болса ұмтылатын талаптанып.

Жан құмары дүниеде немене екен?

Соны білсең әрнені білгендерің.

Шешуі: білмекке құмарлық.

ІІ. кешіміздің екінші бөлімі.

Оқушылар ойы. «Имандылық- дінде»

Жүгізуші: Топ жетекшілері сіздердің пікірлерді, ойларыңды ортаға салу мақсатында бірнеше сұрақтар беріледі. Сұрақтар мына конверттерде, осыны таңдап алыңыздар. (сұрақтар қонақтар алдына қойылады) орындарыңызға барып дайындалуларыңызды сұраймын. Дайындыққа екі минут уақыт беріледі. (« Дастанның орындауында ән »)

Қай топ дайынсыздар? Алдымен сұрақтарыңызды оқып отыруларыңызды сұраймын.

Алдымен «Шындық» тобының жауабы.

Ендеше Ақбаянның пікірін тыңдалық.

Сұрағы: Иманды адам деп кімді айтамыз?

Жауабы: Иман деген араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Пайғамбарымыздың Алла атынан түсірілген хабарларымен бұйрықтарын қабылдап, мойндау мен орындауды иман дейді.

Алла Тағала адамды иман арқылы адам еткен. Демек адамның о бастағы міндеті – талпыну мен жетілу. Имандылық ислам дініндегі бес парыздың бірі. Оның мәнісі - Алланың біреу екеніне одан басқа Алла жоқ екеніне сену. Алланың барлығына сену, кітаптарына сену, жақсылық, жамандықтың тағдырын Алладан деп сену – имандылық, - деген белгілі діндар - Халифа Алтай қажы

Өмір заңдылықтарына сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен міндеттерін, мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшгіл адамды иманды дейміз.

«Шындық» тобы Ақбаянға қосатындарыңыз бар ма?

Иманды адам деп кімді айтамыз? (оқушылар жауап береді)

ІІ. «Адалдық» тобы жалғастырады. Абдулла.

1.Сіздердің ойларыңыз бойынша, Имансыз адам деп қандай адамды айтады?

Жауабы: Ар - ұяты жоқ, мінез- құлқы үстірт, ешнәрсеге сенбейтін, яғни сыйынбайтын, ата-анасын сыйламайтын, алдап - арбап ұрлық жасайтын адамды имансыз адам дейміз. Ондай адамдар өз ұжданы алдында азап шегуді білмейді, моральдық нормаларды қара ниеттілікпен аяққа басады. Имансыз адамдар ислам дінінің күнә деп санаған, қылмыс деп қараған іс- әрекеттеріне жақын болады. (Оларды плакаттан көрсету) күнә деп санаған, осы қылмыс деп қараған іс-әрекеттерден аулақ жүрсек имандылыққа қол жеткізуге болады деп ойлаймын.

«Адалдық» тобы Абдуллаға қосатындарыңыз бар ма?

Сұрағы: имансыз адам деп қандай адамды айтамыз?

(екі топ айтып болғаннан кейін)

Екеулеріңізге мынадай сұрақ қойылады, дұрыстап тыңдаңыздар!

Сұрақ: Имандылыққа жету үшін нені үйреніп, неден жиренуіміз керек! Дін дегеніміз не?

«Шындық» тобының жауабы:

Ендеше Бекболаттың пікірін тыңдалық

Дін адамдарды имандылыққа тәрбиелейтін негізгі құрал. Алла тарапынан жіберілген әмір, міндет және тыйымдардың жиынтығын дін деп атайды. Пенделердің осы дүнеде және ахиретте рахаттануын дін деп атайды. Пенделердің осы дүниеде және ахиретте рахаттануы үшін керек болатын міндеттер. (плакат) тыйым салған үкімдер. Дініміздің аты Ислам. Ислам діні қоғамға және ізгі адам баласын адамгершілікке баулуға қызмет етеді. (Құран Кәрімнен үзінді). Алла – ислам дінінің баршаға бірдей ең құдіретті күшті құдайы. Алла - әділ үкім шығарушы, Алла - шексіз әмірші, пәк, үстем данышпан.

Келесі сұрағымызға көшеміз «Адалдық» тобы дайынсыздар ма?

Сұрағы: Ислам деген не? Нұрбек.

Жауабы: Ислам - Алланың және Пайғамбардың бұйрықтарына сеніп мойындаған, шын берілген деген ұғымды білдіреді.

Ислам дінінің қасиетті мекені - Мекке

Алла Тағала дін және шариғат үкімдерін пенделеріне адамдардың арасынан кейбірін Пайғамбар ету арқылы білдіреді. Осы пайғамбарларға Жәбірейіл Әллейһи Уассалам атты періштені жіберіп дін үкімдерінің әрбірін Пайғамбарларға аян етіп түсіріп отырған. Оны Алланың елшілері халыққа жеткізіп отырды. Ислам дінінің қасиетті мекені-Мекке қаласы. Қасиетті Меккенің басты киелі орны Әл –Харам мешіті Құдайдың құдіретімен жер бетінде тұрғызылған тұңғыш ғимарат осы Меккеде, адамдарға Алла аспаннан жіберген, Қасиетті Қара тас та осы Меккеде. Бәріміздің түпкі тегіміз Адам ата мен Һауа ананың жұмақтан қуылғаннан кейінгі қайта табысқан жері де осы Мекке төңірегіндегі Арафат тауы Пайғамбарымыз Мұхаммед Саллалаху Ғалейхи Уассалам аян еткен Құранның беташар сүресі де осы Меккенің маңына түскен.

( Екі топ екі-екіден төрт сұраққа жауап бергеннен кейін.)

Ислам дінінің қасиетті мекені – Мекке туралы түсінігімізді тереңдету мақсатында Ауылымыздың ақсақалы, имамы Шыңғыс ағамызға сауал қоямыз:

  1. Ислам дінінің қасиетті мекені – Мекке туралы тереңдетіп айтып берсеңіз?

  2. Осы Мешіттегі зәмзәм суы туралы не айтасыз ?

  3. Осы қасиетті орынды бейне таспаға түсіруге болмайды дейді, түсірген күйде жоқ болып кетеді деп жазған, рас па?

Жауаптарыңызға рахмет. Ары қарай жалғастырамыз.

І. «Шындық» - тобы . Гүлнұр.

Сұрағы: 3) Мұсылман деп кімдерді атаймыз?

Жауабы: Алланың және Пайғамбардың бұйрықтарына бой ұсынып, мойындағандарды – мұсылман дейді. Ислам –Алланың діні.

Бұл діндегілерді мұсылмандар деп атайды.

Мұсылмандардың қасиетті және демалыс күндері - жұма. Жұма түнінде көктен Құран түсе бастады. Әр мұсылманның тіршілікті бір- біріне міндетті алты парызы бар. Олар:

  1. Бір - біріне әдейі барып сәлемдесуі, адамдық хал - жай сұрап тұруы.

  2. Әр сұрағына тиісті жауап беруі

  3. Шақырса кешікпей бару.

  4. Кеңес сұраса - пайдалы ақыл қосуы.

  5. Ауырып қалса көңілін сұрауы.

  6. Қайтыс болса жерлеуіне қатысуы.

Бұл Мұхаммед пайғамбарымыздаң хадистері.

ІІ. «Адалдық» тобы – Ералхан.

Мұсылман діні адамзат баласына қалай келді?

Жауабы: Мұсылман діні адамзат баласына Мұхаммед Пайғамбар арқылы келді. Пайғамбарымыз 571 жылы Меккке қаласында дүниеге келді. 40 жасқа келгенде Алла тарапынан пайғамбарлық берілді. Мұхаммед Алланың жіберген ең соңғы пайғамбары. Мұсылман діні тек бір қауымға немесе бір ұлтқа ғана тән дін емес. Бүкіл адамзат баласына тән дін. Ол ақыл, білім, мінез, құлық, бейбітшілік және ереже діні. Кеңес Нұрбек және Кеңес Дастанның орындауында « Имандылық шарты» әні. Ән орындалғанша екі топ дайындала беріңіздер.

Қай топ дайынсыздар?

І. «Шындық» тобының пікірін тыңдалық. Бекболат.

Сұрағы : 4) мұсылман дінінің өзге діннен ерекшелігі неде?

Жауабы: мұсылдман діні -адамды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.

Дәлел: әлемде бұл дінді қабылдап мұсылман боп жатқан адамдардың саны жыл сайын арта түсуде. Былғары қолғап шебері Касиус Клей мұсылман дінін қабылдап аты-жөнін Мұхаммед әли деп өзгерткен. Әйгілі рок жұлдызы Майкл Джексон да ислам дініне өтіп, күніне 5 – уақыт намаз оқыған, мешіт салдырған. Олардың бұл дінді қабылдауына не түркі болды? Баспасөз бетінен алынған мына мысалдар олардың мұсылмандыққа қалай келгендерінен хабар береді. Капитан Кусто (француз теңізшісі) былай дейді: «Мен Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің суы бір жерде тоғысқанмен өзара қосылмайтынына көзім жеткен жанмын, бұл құбылыс ғылымда дәлеледенген. Мұхит пен теңіз суының бір – біріне қосылуына мүмкіндік бермейтін, екі арасын бөліп тұрған көзге көрінбес пенде бар екені бұдан 1400 Қасиетті Құранда жазылғанын естігенде таң қалдым. Исламның шынайы таза дін екеніне осылай көзім жетті де, мұсылмандықты қабылдадым» дейді.

ІІ. «Адалдық» тобы. Аружанды тыңдалық:

Жауабы: Ал Американдық Томас Тайтон:

«Мұсылмандардың арасында нәсілдік кемсітушілік, адамның түр- түсіне, тіліне қарап бөтенсіну жоқ екен. Намаз үстінде президиент те, кедей де тең дәрежеде, екеуін бір- бірінен ажырата алмайсың. Мне сондықтан да Ислам дінін қабылдадым» дейді. Кезінде Американдық ғарышкер Айри айдың арғы бетіне аяғы тиген кезінде құлағына бір түсініксіз дауыс келгенін жазған. Дереу магнитофон таспасына дауысты жазып алады. Кейін жерге келген соң сол дауысты зерттеп қараса, азан шақырған адамның даусы екені анықталады. Осы ғажап құбылысқа таң қалған ғарышкер Алланың құдіретіне қалтықсыз сеніп, Ислам дінін қабылдапты. Абай атамыз «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, рас сөз ешуақытта жалған болмас», - деген . Мен өзімнің пікірімді осы Абай атамыздың айтқан сөзімен аяқтаймын:

Сұрақ –жауапты жалғастырамыз.

І. «Шындық» тобы. Ботагөз.

Сұрағы: 5) Исламның қасиетті бірінші кітабы қалай аталады?

Жауабы: Исламның қасиетті бірінші кітабы Құран - оқығанды қайталау, қайта айту мағынасында. Құранның сөзі- Құдайдың сөзі. Құран ислам дінінің Мұхаммед пайғамбардың 740 жасында Алла әмірімен түсе бастаған қасиетті кітап (23 жыл бойы түсіп болды)

Алғаш рет кітап етіп бастырған Осман Халифа бастырған. Құранда 144 сүре, 6228 аят, 774739 сөз, 325743 әріп бар. Құран –Кәрім адамзат баласына түскен кітптың ең соңғысы. Қасиетті 4 кітаптың ( 1. Тәурат. 2. Зәбүр. 3. Інжіл. 4. Құран)

ІІ. «Адалдық» тобы Мейірбек.

Сұрағы: Исламның екінші қасиетті кітабы қалай аталады?

Жауабы: Мұсылманның екінші кітабы Мұхаммед Пайғамбардың хадистері. Хадистер Мұхаммедтің көзі тірісінде айтқан нақыл сөздері мен өсиеттерінің жинағы. Адамның ақыл - ойының бастауы Құран мен хадис. Хадисте он түрлі мәселе туралы айтылады:

  1. Ғылым- білім туралы

  2. Әйел, ана, қыз туралы

  3. Нарық, сауда, байлық туралы

  4. Бақыт, бақытсыздық туралы

  5. Жақсы, жаман туралы

  6. Арақ- ұшарап туралы

  7. Бала туралы

  8. Ауру туралы

  9. Дін туралы

10) Ар- ұят туралы

Енді ең соңғы сұрақ – жауап қорытындыны тыңдалық.

І. «Шындық» тобы. Ақбаян.

Сұрағы: Әр ұлттың қандай дінді қалауына өз еркі бар деген пікірге өз көзқарасың.

Жауабы: Конституцияның 19 бабында: « Әркім өзінің қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету, көрсетпеуге қақылы» деген. Дінде зорлау жоқ. Мен тек қана мұсылман дінін қалаймын, оған айтылып кеткен мысалдар дәлел. Өйткені бізді адамдарды құдай жаратқан. Алла Тағалла топырақтан адам атаны жаратты және оның қабырғасынан Һауа ананы жаратты. Алғашқы адамның есімі Адам болғандықтан да, оның ұрпақтарының есімі – Адам. Ал адам деген сөз тек қазақта бар, басқа халықтар да алғашқы адамның аты адам болғанын растайды. Кез - келген дінде Құдайдың алғашқы жаратқан адамының есімі – Адам болғаны айтылады.

Сондай - ақ Һауа ананың оның қабырғасынан пайда болғанын растайды.

Ал, қазақта «қабырғаммен кеңесіп алайын» деген сөз бар, ол әйеліммен кеңесіп алайын деген ұғымды білдіреді. өзге кез - келген ұлтта мұндай ұғымдар жоқ. Бұдан менің ойымша ең алғашқы адам қазақ болғанын

байқауға болады. Осындай қасиетті қазағымның дінін еш дінге де айырбастамаймын, ешкімнің де үгітіне ермес едім, әдемі сөзбен, көптеген уәделермен өздеріне қаратып алып әке - шешеге қарсы қоятын алдамшыларға ешқашан ілеспес едім.

ІІ. Адалдық: Айжас.

Сұрағы: Әр ұлттың қандай дінді қалауына өз еркі бар деген пікірге, сен қалай жауап бересің?

Жауабы: Діннің адам баласын біріктіруші екендігі оның міндеттерінен айқын көрінеді.

Мысалы: Аллаға және Пайғамбарға байланысты міндеттеріміз

  1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз денсаулығымызды сақтау.

  2. Үй - іші және жақындарымызға байланысты міндеттеріміз.

  3. Мемлекетімізге және халқымызға байланысты міндеттеріміз.

  4. Адамгершілік әлеміне байланысты міндеттеріміз.


Осы міндеттерімізді түсініп біле білсек дініміз бізді Адам етіп сақтап қалады. Оның бәрін біле отырып, мен мұсылманмын, Алланы және Пайғамбарды бойұсынып мойындаймын, басқа діндерге ілеспеймін, өйткені мен өзімді қазақ - мұсылманмын деп есептеймін. Қазақы тәрбие мен ырым сенімдер ислам дінімен ұштасып жатады. Ананы сыйлау, үлкеннің алдын кесіп өтпеу, әйел адамдарға орамал тағып жүру, бәрі - бәрі қазақ халқында бұрыннан бар қағида. Қасиетті сөздерімізді оңынан оқысақ та солынан оқысақ та солай болып шыға келеді.

Ең қасиетті сөздеріміз, жаратушымыз «Алла», оңынан да солынан да «Алла». Одан кейін «ата», «ана», «апа», «іні» осылай кете береді.

Ең бастысы - «қазақ» деген ұлтымыздың атауының өзі де, оңынан оқысақ та солынан оқысақ та «қазақ» болып шыға келеді.

Осыдан түйетініміз Алланың өзі қазақ тілін, қазақ ұлтын сүйетініне күмандығымыз келмейді. Ал Алла Тағала қазақты сүйетін болса, біз тек Аллаға жағатын қылықтар істейік. Егер мектептерде « Дінтану» пәні болып өтілсе нұр үстіне нұр болар еді. Біз сонда ғана өз дінімізді жақсы біліп иманды азамат бола аламыз.

Кешіміздің келесі ІІІ бөліміне көшеміз.

Топ мүшелері сіздердің назарларыңызға бейнетаспадан өмірден алынған көріністер көрсетіледі. Сіздердің осы көріністі көріп отырып, оның алдымен тақырыбын ойлап, содан–соң осы көрініс туралы пікірлеріңізді білдірулеріңіз сұралады. Әр топтан айтылған жеке–жеке пікірлерді соңында топ басшылары қорытындылауы тиіс.

І - ші топ. Осы көріністі қалай деп атар едіңіздер? (Тәубаға келу). Сіздердің пікірлеріңіз қандай?

Келесі топ екінші көрініс: ІІ- топ. (ІІ көрініс) ал сіздер мына көрініске қалай деп ат қойдыңыздар? (Жетім)

Сіздердің пікірлеріңізді білгіміз келеді. Оқушылар ойын қорытындылап, имандылық дін турасында өз пікірін білдіру үшін сөз кезегін Шыңғыс ағамызға береміз.

ІҮ. Бөлім. Қазір екі топқа «Дін және біз» тақырыпта тест сұрақтары беріледі. Оның дұрыс жауабын тауып дөңгелектеп белгілейсіздер.

Жауабын белгілеп болғасын, жинап алынады да қонақтарға ұсынылады. Ал, қонақтар, сіздер оқушылардың жауабын тексеру арқылы, бүгінгі тәрбие сағатының барысындағы әр топтың ойларының озық екенін , қай топтың түсінік аясының қандай екенін анықтауларыңыз сұралады. Енді кезекті сазды сәлемге берейік. Ән орындалады «Аллаға шүкір». Оқушылардың тест сұрағын қорытындылауға сөз кезегі мектебіміздің директоры Құлахметова Жанар Қойшыбекқызына беріледі.

Ү. Қорытынды.

Оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымызда имандылықтың нұрын, адамгершіліктің нәрін алдыңдар деп ойлаймыз. Қазіргі кезеңде имандылық пен инабаттылық, қайырымдылық пен мейірімділік, осындай адами қасиеттерімізді негіздеуіші дініміздің бар екенін біліп оны дәләдедіңіздер. Осындай дініміз тұрғанда басқа дінге сендерді еліктемейді деп сенеміз, болшақтарыңа мол сенім артып, адамгершілігі мол адамзат болыңдар демекпіз.

Үш –ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек-

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боларсың елден ерек - деп Абай атамыз айтқандай болашақта жаман әдет қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, имандылық сезімдерге бай, елден ерек адам болыңдар!

Алла Тағала сіздердің жүректеріңізге нұр, шапағат, шаңырақтарыңызға жылылық ұялатсын.

Қорытынды: Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед жайған діннің ең тазасын қаймағын бұзбай, сол қалпында елдің санасына жеткізген әулие аталарымыз. Халқымыз имандылық нұрының бастауларын сондай жүрек көзі ашылған перзенттерінен алды деп толық сеніммен айта аламыз. Екінші тірегі – салт – дәстүр. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі. Салтынан, әдет – ғұрпынан қол үзбеген жұрттың кезінде талай өзге елдің өкілдерін, ғалым – зерттеушілерді тамсандырғанын білеміз. Имандылықтың үшінші тірегі – ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан – ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды.

Міне, осындай басты – басты үш қасиетті берік ұстаған ата – бабалар біздерге, кейінгі ұрпақтарына «адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті. Жоғалтып алсақ, кешірілмес күнә, келер ұрпақ алдында қарабет те біз болмақпыз. Данышпан Абай бір қара сөзінде: «ата – бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен… Екіншісі намысқор келеді екен,»- деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің артын құшып жүрмейік. Иманымызды ту етіп, соған жету үшін бар күш – жігерімізді салып, аянбай еңбек етейік дегім келеді.































Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Кемелдік кілті

  2. Бес ғасыр жырлайды: екі томдық. – Алматы,1989. - Т.1.-93-97 бб.

  3. Назарбаев Н.Ә. «Сындарлы он жыл». – Алматы, 2003. – 110- б.

  4. Абай. Қарасөздері. Алматы «Өнер» 2005ж.

  5. Абай Шығармалары ІІ томдық толық жинағы. Алматы «Жазушы» 1995ж.





































Аңдатпа

Осы мақалада Ислам діні имандылыққа жетелейтіні, имандылық деген ұғымда үлкен мәні, мағынасы бар екендігі туралы айтылады. Имандылыққа – адамның ар-ұжданы, тазалығы адамгершілігі, әдептілігі, мейірімділігі, қайырымдылық,  жомарттық,  ақкөңілдік, кеңпейілділік,  адалдық,  шыншылдық,  сенімділік, сауапшылдық, әділдік,  ізеттілік, инабаттылық жатады. Ал, Дін мен білім әр уақытта бірін-бірі қолдай отыра дамиды. Сонда ғана жастарың тәрбиелiк жүйесiнiң негiзгі рухани - адамгершiлiк құндылықтар ашылады.

Аннотация

В статье говорится, о том, что религия Ислам ведет к гуманизму, в данном слове лежит большой смысл, большое значение. К гуманизму относится совесть, чистота, духовность, тактичность, справедливость, добрата, искренность,верность, блогадарность. А религия и образование всегда развивается в взаимо поддержке. Только в этом случае открывается главная основа воспитателной системы духовно - нравственные ценности.








Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психологиялық ғылыми жоба 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 709 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 5253
    • DOCX 174.5 кбайт
    • 37 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзахметова Гуляим Рахымбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11701
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Депрессивные состояния в подростковом возрасте

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 103 человека

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1200 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 598 человек

Курс повышения квалификации

Основы кризисной психологии: кризисные состояния у детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 220 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек