Инфоурок Начальные классы КонспектыРефлексия "Есеп. Жаңа әдіс"

Рефлексия "Есеп. Жаңа әдіс"

Скачать материал

  Оқу мен оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану арқылы кәсіби шеберлікті арттыру тақырыбында өткен коучингке рефлексивті есеп.

                                                                                                

      Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде  қалыптасуын қамтиды» (Мұғалімге арналған нұсқаулық) Қазіргі заман талабына сай  оқыту да білім беруді жаңашаландыру – оқу тәрбие үдерісін даралау, демократияландыру – жаңа тақырыпты оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады. «Өркениеттің мақсаты – адамды ойлауға үйрету» деп атақты ғалым Т. А. Эдисон айтқандай мектептің де, оқытылатын пәндердің басты мақсаты – оқушылардың  танымдық – шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.  Оқытудың сапасын, тиімділігін арттыру тақырып пен жағдаяттарға сәйкес әртүрлі әдістердің қолданылуына, барлық оқыту үрдісіне қатысушылардың белсенділігіне байланысты. Бұндай жаңа әдістерді пайдаланудың маңызы неде? Біріншіден, қазіргі уақыт – жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сай болу керек. Екіншіден, жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын – ала болжам жасауға үйретеді. Үшіншіден, инновациялық әдістер – бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңіргенде оқушы жадында өздері айтқаның 80 пайызын сақтаса, өздері істегенің 90 пайызын есте сақтайды. Белсенді әдістер шығармашылық тәжірибе мен жаңа әрекет қалыптастыруға мүмкіндік беріп, нәтижесінде құзырлылыққа әсер етеді. Белсенді оқытудың негізгі ерекшелігінің бірі үйренушілердің бір – бірімен және мұғаліммен тура және кері байланыс арқылы үнемі қарым – қатынаста болу.Ең тиімді әдіс ол сабақ барысында диалогтік қарым-қатынас орнату.       Диалогтік   қарым-қатынас ұстанымдарын  қолдану – барлық пәндер үшін тиімді.  Бұл сатыда оқу материалын, оның көркемдік-мазмұндық компоненттерін меңгеру оқушылардың  диалогке  түсуі  арқылы,  коммуникативтік  дағдыларының  дамуы арқылы жүзеге  асады.  Мұнда  оқушы  берілген  тілдік  бірліктердің  үлгілерін  пайдалана  отырып, өз  пікірлерін  айту,  мәтін  құра  білу,  хабарлау,  баяндау, суреттеу,  диалог, монолог құра білуге үйренеді өз ойын айта алуға дағдыланады, ақыл-ойы мен шығармашылық (креативтілік) қабілеттері дамиды, оқу мақсатында нәтижеге жетуге бағдар ұстауға үйренеді.  Диалогтық оқытуды пайдалана отырып мен оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптасады. Оқушылар өздерінің ой – пікірлерін еркін айтып, ой түюге дағдыланды.

        Ал жаңа әдіс-тәсілдер оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, өз пікірлерін еркін білдіруге, дарынды ,көшбасшы оқушыларға мүмкіндік беруге бағытталуы тиіс екендігін мұғалімдерге түсіндіру. М.Монтеннің«Мұғалім оқушының құлағына воронкаға су құйғандай айқайлайды,ал оқушының жауапкершілігі тек қана айтқанды қайталау. Мен мұғалімнің осы қателігін жөндегенін қалар едім.» деген сөзімен бастап, өз бойымызда осы қателік бар ма деген сауал мұғалімдерді ойлантып тастады.Шынымен де тек дайын материалды беріп, оқулықтағы материалды қайталап айтып беруін талап ететіндіктерін қынжыла айтты. Ал тыңдаушыларға ой салу -менің негізгі мақсатым. Берілген тапсырмаларды мұғалімдер аса ыждағаттылықпен, орындады. Шығармашылықпен өлең жолдарын құрастырды. Мәтінді сахналады. «Сен өзгерсең, әлемің де өзгереді» атты бейне фильмді көрсету арқылы,технология қарыштап дамыған заманда білім саласының алға басуы мұғалімдердің қолында деген тұжырымға келді.Сабақ үстінде мұғалім мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасында диалог туғызу ең маңызды міндет

 

Тілдік міндет пен жағдаятқа сәйкес оқушылардың еркін түрде тілдік қарым-қатынастарын  дамытуда рөлдік ойынның алатын орны ерекше деп есептеймін.

Диалогпен жұмыс үйде де жалғасын тауып отырады. Диалогтар міндетті түрде жаттауға, кейде диалогтарды кеңейтуге, 2-3 сұрақпен толықтыруға тапсырмалар  беруге болады..

Бұл әдіс оқушылардың диалогты қайталап айтуына мүмкіндік жасайды. Диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық материалдар оқушылардың сөйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған диалогтар оқушылардың жаңа диалогтар құруының негізі бола алады.

Осылайша, біз мектепте өз шәкірттеріміздің бойында  жоғарғы дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. Оқушыларымыздың өмірлік жағдаяттарда өздерінің алған білім, біліктілік, дағдыларды дұрыс қолдана алуына жағдай жасау- біздің ұстаздық міндетіміз.

Әр мұғалім өз пәнін  оқыту барысында өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, іскер азамат тәрбиелеп шығару ұстаздың міндеті.

 

      Қорыта айтқанда, жаңа әдіс-тәсілдер - түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты техникаларды пайдалана отырып, сұрақ қойғаннан кейін уақыт беру  немесе кідіріс жасау (Харгрива және Гэлтон (2002ж) арқылы оқушының ойлануына, ойын жүйеленуіне, оны жеткізуде тіл байлығын арттыруына, тілдік дағдыны қалыптастыратын білім алуға зор үлес қосатын өзара іс-қимылдың тиімді түрі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рефлексия "Есеп. Жаңа әдіс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 567 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.06.2016 1639
    • DOCX 457.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жубангарина Алма Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жубангарина Алма Болатовна
    Жубангарина Алма Болатовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6259
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе