Инфоурок Классному руководителю КонспектыСабақ жоспары "Адам құқықтары"

Сабақ жоспары "Адам құқықтары"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:Адам құқықтары

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың құқықтық білімдерін арттыру,  азаматтық міндеттерін өз құқықтарымен  байланыстыра отырып сезінуге тәрбиелеу

Сабақтың міндеттері:1. Еліміздегі адам құқықтары туралы оқушылар білімін  тексеру;

                                         2. Адамның адамгершілік парызы мен құқықтарының ара салмағын пайымдау арқылы мемлекеттің құқықтық құрылымын түсініп, адамзат баласына берілген халықаралық құқықтарды дұрыс қолдануға дағдыландыру;

                                         3.Дұрыс, сауатты сөйлей білуге,  уақытын үнемді жұмсауға, пікірлерін айғақтармен дәлелдеуге  баулу

Сабақтың көрнекілігі: жағдаяттар, суреттер,құқық туралы  сауалдар  мен үлестірмелер

Сабақтың құрал-жабдығы: интерактивті тақта

Сабақтың түрі: тренинг

Болжамды нәтижелері: Өз өмірін және уақытын қадірлей білетін, өмір мәнін түсінетін,өзгенің де, өзінің де құқықтары мен міндеттерін білетін, болашағын бағамдай алатын, заманауи құндылықтарды білетін, парасатты әрі саналы тұлға қалыптастыру

Сабақтың барысы:

1.                 Мұғалім сөзі: балалар, қазір қоғамымызда дағдарысқа байланысты оңай олжа тапқысы келетіндер мен біреудің қолымен от көсегісі келетіндер , қайткенде де өз басына белгілі бір деңгейде материалдық ахуал жасағысы келетіндер көп. Ал олардың бәрі жазасыз кете ме? Әрине, жоқ. Тіпті, жазасыз жүр ғой алшаңдап десек те, адам сотына жүгінбесе де, ар сотының алдында жазаланатыны қаншама?! Ең өкінішітісі: сондайлардың қолшоқпары болып, жақсы мен жаманды, оң мен солын танып үлгермеген жасөспірімдер жүргендігі.Олар, тіпті, кейде өзінің кінәлі, кінәсіз екендігін білмей, не болғанын түсінбей жатып, жазасын өтеп жүреді. Ал біздің елімізде , қандай заң болсын, бірінші орынға адам ресурсы, оның өмірі жоғары қойылады. Сондықтан өз құқықтарыңды біліп жүргендерің абзал.Ендеше, бүгінгі сабағымыз «Құқықтық таным», «Ертегілер еліндегі сот»,«Тарих  таразысы», «Жаңа Қазақстан және біз», «Соңғы сөзді мен айтайын»  деп аталатын 5 бөлімнен тұратын болады.

 Олай болса, 1-бөлім  «Құқықтық таным»

  Мұғалім:Біздің елде адам құқықтарын қорғайтын қандай басты Заңымыз бар?

- ҚР Конституциясы.

-Олай болса, сендер ҚР Конституциясы бойынша неге құқылы екендіктеріңді білесіңдер ме?

Тексеріп көрелік: сонымен, міне,алдарыңда өздеріңнің суреттерің, сендер айналасына құқықтарыңды жазыңдар.(интерактивті тақтадан )

1.                 Әркімнің өмір сүру  құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ. Егер адам өміріне қастандық жасалса, ең ауыр жаза қолданылады.

2.                 Оқушы: Иә, ешкім ар жазасын өзі жазап, өзгенің өмірін қия алмайды, ол үшін арнайы сот орындарына жүгіну керек.

3.                 Оқушы: 17- бап 2- бөлім: Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, зорлық- зомбылық жасауға, адамдық қадір- қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, жазалауға болмайды.

4.                 Оқушы: Егер сіз қылмыс жасап, ұсталсаңыз, құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан дәл осындай әрекет жасалмауы тиіс.Бірақ қылмыс жасау бізге-  егемен елдің ұрпағына- жарасатын тірлік емес.Ол- қаныпезерлік.

5.                 Оқушы: 18- бап: Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуға құқы бар.

6.                 Оқушы: Әркімнің ар- ождан бостандығына құқы бар.

7.                 Оқушы : осындай адамға берілген құқықтарға қол сұққандар тиісті жазасын алады. Сот алдында бәрі бірдей, жас па, кәрі ме?

8.                 Оқушы: Иә, тіпті, жасөспірімдердің өзіне де қылмысына қарай жазалар белгіленген. Кәмелетке толмаған балалардың жауапкершілігіне қоса, ата-анасы да жауапқа тартылады.

9.                  Ең бастысы- Абай атамыз айтқандай, «ақырын жүріп, анық басқан» дұрыс-ау.

10.            Мұғалім: Өздерің де қылмыстың жазаланатындығын білесіңдер, ал кейбіреулердің әлдекімдердің көмегімен сайрандап жүргенін көріп, үнемі жазасыз болады деп ойламаңдар, өйткені  қазір қоғамымызда жемқорлық, сыбайластық  үшін жазалау да бар екенін ұмытпаңдар! «Мың асқанға бір тосқан» демей ме, бабаларымыз?Сондықтан біреуге қиянат жасағанша, жақсылықпен өмір сүріп, өз бейнетіңнен зейнет көрген дұрыс емес пе?!

11.            Теңдік, туыстық қарым- қатынас. Барлық адамдар туғаннан азамат, өзара тең құқылы болып дүниеге келеді. Олар  сондай- ақ ар- ожданмен, ақыл-  парасатпен қамтамасыз етіген, сондықтан өзара туыстық, бауырмалдық қарым-  қатынас жасауы тиіс.

 12.  15- бап. Азаматтық.

Әр адамның азаматтыққа құқығы бар) Ешкімді де азаматтығынан еріксіз  айыруға болмайды.

 13. 26-бап. Білім.

Әр адамның білім алуға құқы бар. Білім беру, ең болмағанда, бастауыш және жалпы білім, тегін болуға тиіс.

 14. 29- бап. Міндеттер.

Әр адамның еркін және толық кемелденуіне мүмкіншілік беретін қоғам алдында міндеттері бар.Яғни әр адам өзіндей өзгенің құқығына қол сұғуы мүмкін болғанда, қоғамдық тәртіп пен игіліктің әділетті талаптарын қанағаттандыру мақсаты көзделген жағдайда міндетті шектеулерге ұшырауы мүмкін.

15. Әр адамның еңбек етуге құқығы бар.

16.Әр адам тынығуға, демалуға құқылы.

17. Әр адамның мәдени өмірге еркін қатысуына құқығы бар.

 18. Тегін медициналық көмек алуға құқылы

 19. Әркімнің жеке бас бостандығына құқығы бар.

20. Сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндікке кепілдік беріледі.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Құқықтарыңды жақсы біледі екенсіңдер. Енді біз

2-бөлімге көшеміз, ол «Ертегілер еліндегі сот» деп аталады. Ортаға ертегілер елінің ең  әділ періштесі «Перизат қызды»(фея) және ең оқымысты жәндігі инелікті шақырайық.

Перизат қыз: сұмдық, сұмдық, ертегілер елінде құқық бұзушылық  бастан асады.Тіпті, патшаның өзі құқық бұзуда.(суреті шығады,бақа мен патша)

 Өз елінде-суында өмір сүру құқынан айырып, бақаны адамдар ортасына әкелді.

Инелік; бұл не масқара, Қызыл телпектің жеке бас бостандығына қол сұғылды.

Перизат: балалар, айтыңыздаршы, тағы қандай ертегілерде құқық бұзу байқалады?

1.Қызыл телпектің әжесіне тегін медициналық көмек берілмеді.

2.Түлкі  Бауырсақтың өмірін қиды.

3.Тоты құс жыланның тынығу, демалу құқығын бұзды.

4.Қасқыр мен қоян ертегісінде қоянның мәдени өмірге еркін қатысу құқығынан айырды.

5.Айдаһар Шректің өміріне қауіп төндірді.

Мұғалім: бірақ балалар, біздің кішкентай кейіпекрлеріміздің өздері құқық бұзбады ма?

-Иә, бұзды. Қызыл телпек кешкі уақытта ата-ананың қарауынсыз орманда жүрді.Бұл ҚР Әкімшілік кодексі бойынша 3334,336-баптарымен жазаланады.

-Бауырсақ та кіп-кішкентай болғанына қарамастан, бұзақылық жасады.Бұл ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабымен жаза алады.

-Қоян ойын-сауық отауына үлкендердің қарауынсыз барды. Бұл 112-баппен әкімшілік жазаға тартылады.

-Бақаның ата-анасы өз міндеттерін орындамағаны үшін Әкімшілік кодекстегі  111-баппен айыпталады.

 Перизат қыз бен инелік: балалар, кешіріңдер, біз ертегілер еліндегі құқық бұзушылықты жоямыз, енді ешкімнің құқығының бұзылуына жол бермейміз.

Мұғалім: рахмет, балалар, сендер ертегі кейіпкерлеріне дұрыс жолды көрсете білдіңдер, енді 3-бөлім « Тарих таразысы» бөлімін бастаймыз.

Ортаға тарихтан белгілі билер: Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді шақырайық.

-Құрметті билер, тарихымыздың ақтаңдақ беттері көп екені бүгінгі ұрпаққа аян болып отыр, ендеше, өздеріңіз куә болған осы оқиғаларға өз шешімдеріңізді айтсаңыздар:

Көрініс: Шыңғыс хан мен Қайыр хан

Төле би: бұл оқиғада Шыңғыс ханның Қайыр ханның еліне шабуыл жасап,  бір адам емес, тұтас бір қамалдың халқын қырып жоюын, Қайырханның құлағын кесіп құнтитып, мұрнын кесіп шұнтитып, айуандықпен әдейі дене жарақатын салғанын байқаймыз.Сондықтан Шыңғыс хан ҚР Қылмыстық Кодексінің 178,179,103 –баптарымен айыпталады.

Көрініс: Аристотель мен Ескендір патша

Қазыбек би: Бұл жерде Ескендір патшаның тонау мақсатында бұзақылық жасағанын, қақпаны қағып,қоқан-лоққы көрсетіп,елді үрейде ұстағысы келгендігін байқаймыз. Бірақ Аристотельдің сөз еркіндігіне қол сұқпады. Сондықтан Ескендір патшаны  ҚР Қылмыстық Кодексінің 179,257-баптарымен айыптаймыз.

Көрініс: Махамбет пен  Жәңгір хан

Әйтеке би: Махамбеттің басын алғызған Жәңгір қолшоқпарларының көздегені оның шығармашылық еркіндігін шектеу еді. Өйткені Махамбет  өлең шығарып, ойын шығармашылықпен жеткізетін.Сондықтан Жәңгір ханға махамбеттің басын бәйгеге тігіп, денсаулығына әдейі зиян келтіргені үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 103-бабымен айып тағамыз.Ал Махамбетке  Жәңгір ханның ар-абыройына нұқсан келтірді деген айып тағылады.

Мұғалім: балалар, сендер өз құқықтарыңды жақсы білетіндіктеріңді байқатып отырсыңдар. Бірақ барлық құқық бұзушылық, адам құқықтарын сақтамау тек өткен күнге тән бе?-Жоқ.

-Ендеше, бүгінгі күнге оралып, мына жағдаяттарды шешіп көрейік. «Жаңа Қазақстан және біз»:

1. Марат-6-сынып оқушысы. Ол мектептегі спорт үйірмесіне жазылғысы келеді. Бірақ мұғалім оны домбыра үйірмесіне жазып қойған. Оған бас тартуға болмайтынын айтады. Қандай құқық бұзылды?- қызығушылығына қарай еркін таңдау құқығы.

2.16 жасар Дәурен жазғы демалыста көп балалы отбасына көмектеспек болып, жұмысқа тұрды. Бірақ мекеме басшысы 1 айдан соң Дәуреннің жалақысын бермей, шығарып жіберді. Дәуреннің құқығы бұзылды ма?- иә, еңбек ету құқығы, сондай-ақ оған өзге де кәмелеттік жасқа толғандармен бірдей ақы төлену керек.

3.Сыныптастарының алдында Саматты қатарлас  сыныптың оқушысы Айдар балағаттап, анасының атына кір келтіретіндей сөз айтты.Самат пен Айдар төбелесіп қалды. Кімнің құқығы бұзылды? Мәселені осылай шешу жөн бе?- саматтың құқығы бұзылды, оның ар-абыройына, анасының абыройлы атына нұқсан келді.Бірақ мәселені мектеп әкімшілігі, сынып жеткшілері көмегімен шешуге болатын еді.

Мұғалім: ал, балалар, адам құқықтары жөніндегі ойларыңды жан-жақты талдадық.Ендеше, «Соңғы сөзді мен айтайын» бөліміне келдік:

Оқушылар ойларын айтады:

1.Сонымен, Адам жер бетіне шыр етіп түскенінен бастап, заң жүзінде қорғалған құқықтары мен бостандықтарына ие болса, адам баласы қоғамды құрушы ретінде өз міндеттерін де тиісінше білгені дұрыс болады. Яғни осы заңдарда көрсетілген, мемлекеттік, мемлекетаралық келісімдерде көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру, оны мейлінше дәл орындау, адами нормалардан ауытқымау керек. Ал одан ауытқудың бәрі де тиісінше міндеттерді орындамау болып табылады.

2. Ендеше, Адам деген ардақты атты иеленіп жүрген әр азамат өз атына лайық өмір сүрсе, өзіне берілген құқықтарды түсініп, өзгенің құқығына « мен солай болғанда, бұл неге былай болмасқа « деп қол сұқпай, сыпайы, бауырмалдық қатынаста өмір сүрсе, бұл өмір мәнді де, сәнді де болмас па еді?!

Мұғалім:Демек, бүгініміз де, ертеңіміз де, болашағымыз да бұлдыр болмай, айқын болсын десек, әлем болып қорғалып жатқан құқықтарымызды дұрыс пайдалана білейік, өзгенің де дәл өзіміздей адам екенін еш естен шығармайық!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Адам құқықтары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 202 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2016 4029
    • DOCX 56 кбайт
    • 32 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Имакова Лаура Оспановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Имакова Лаура Оспановна
    Имакова Лаура Оспановна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14316
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе