Инфоурок Начальные классы КонспектыСабақ жоспары " Бесік жыры"

Сабақ жоспары " Бесік жыры"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  Бесік жыры М.Жұмабаев

Сабақтың мақсаты: 1. Ақын өмірі және шығармасымен таныстыра отырып, өлең туралы, бесік жыры туралы  кең  түсінік беру . Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.Шығармашылық жұмысқа жетелей отырып, мәдени, әдеби сөйлей білу нормаларын үйрету.. 2.Оқушылардың ауызша  сөйлеуін, түсініп оқуын,  өз ойларын еркін жүйелі жеткізе алу қабілеттерін дамыту.. Бейнелі сөйлей білу дағдыларын арттыру .Сөздік қорларын молайту. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға жетелеу.

3.  Ұлттық салт-дәстүрді , әдет-ғұрыпты білуге, сақтауға, ананы құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, постер, ой қозғау, ойын, ребус, сөзжұмбақ,

Пәнаралық байланыс: музыка,

Сабақтың көрнекілігі: бейнебаян, слайд, ребус, сурет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі:

Салеметсіздер ме қонақтар, оқушылар. Қазір бізде әдебиеттік оқу сабағы.Дайын болсақ, сабағымызды бастаймыз.

Шаттық шеңбері

Айдай арайлап,

Күндей күлімдеп,

Жұлдыздай жарқырап,

Сабағымызды бастаймыз.

 

Бүгін  үш топқа бөлініп жұмыс істейміз. 1- топ «Айым», 2- топ «Күнім», 3- топ «Жұлдызым». Топ басшылары бағалау парағын толтырып, сабақ соңында қорытындысын айтады. Балалар, топта жұмыс істеу ережесін еске түсірейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-Балалар, біз қай бөлімді өтіп жатырмыз? («Қадірлі әкелерім, Мейірлі аналарым»)

-Бұл бөлімде біз не туралы оқып жатырмыз? (Отбасы)

-Отбасы деп нені айтамыз? (Бір үйде тұратын адамдар)

Топ басшыларына сұрақ: «Бұл кім?» ойыны

«Айым» тобының басшысына:

1. Беделі әкеден жоғары, әулеттің тірегі. Ақыл-кеңес беруші. (Ата)

2.Шаңырақтың алтын қазығы. Ұрпағын мейіріміне бөлеп, үлкен өмірге бейімдеуші. (Әже)

«Күнім» тобының басшысына:

1. Шаңырақтың иесі. Үйге табыс кіргізіп, бала-шағаны өсіріп жеткізуші. (Әке)

2. Отбасының ұйытқысы. Өмірге ұрпақ әкеліп, оларды бағып-қағып, тәлім-тәрбие беруші.(Ана)

«Жұлдызым» тобының басшысына:

1. Ананың қамқоршысы. Әкенің тірегі.(Ер бала)

2. Шаңырақтың шуағы. Әкенің көз қуанышы,  ананың қолқанаты. (Қыз бала)

Жұмбақ шешу:

 

            Мейірімді ол кісі,

            Балалар кеп бата алар.

            Қалтасына кәмпит сап,

            Немереге апарар.

            Ол кім?                                  (Әже)

 

-Үйге қандай тапсырма берілген еді? (Ф. Оңғарсынова «Әже» өлеңі)

 

Топпен жұмыс

«Айым» тобы:

Өлең жолдарын өз бетіңше жалғастыр (ұйқасқа берілген сызбаны пайдалан).

Әже

Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін, әндерін.

.....

.........

Өлеңнің ұйқасына мән берейік. 1,3- қатарлар және 2,4- қатарлар ұйқасады. Бұл- шалыс ұйқас деп аталады.

«Күнім» тобы: Өз әжең туралы шағын эссе жаз.

«Жұлдызым» тобы: Осы өлеңнің авторы Ф. Оңғарсынова туралы мәлімет жинау.

Топтар  дайындалғанша, « Жақсы көрем» әнін тыңдайық.

 

Тапсырмалар тексеріледі, «3 шапалақ» бойынша бағалау.

 

Поэзия минуты:

Әр топ екі оқушыдан өлеңді жатқа айтады.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ребус шешу

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Бесік жыры

«Бесік» дегенде көз алдарыңа не елестеді? Бесік туралы білесіңдер ме?

«Бесік» сөзін орысша, ағылшынша айту.

3 топ постер қорғайды

                                 Бесік

Мен сендерге жұмбақ өлең оқып берейін. Сендер бұл өлең кім туралы айтылғанын табыңдар.

 Бұл кім?

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.         (ана)  

-Ендеше балалар бұл өлеңнің авторы Ы.Алтынсарин екен.  Ы. Алтынсарин туралы не білеміз?

Оқушылар өздерінің жауаптарын айтады.

-Ы. Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан. Қазақ балаларына арнап қазақ тілі оқулығын жазған. Балаларға арнап әр түрлі тақырыпта өлең, шағын әңгімелер жазды.

-Біз қандай шығармаларымен таныстық?

-«Бір уыс мақта», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Әке мен бала», «Кел, балалар, оқылық», «Малды пайдаға жарату»

Ой қозғау:

- Балалар осы өлеңнің мына жолдарына назар аударайықшы.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған - деген өлең жолын қалай түсінесіңдер?      

-  Бесікке кімді жатқызамыз?

- Сәби немесе бөпелерімізді ұйықтату үшін аналарымыз не істейді?

-  Олай болса,  балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі.

-  Өлеңмен таныспас бұрын бесік туралы бейнебаянға назар салайық.

  (  Бейнебаянды көру)

«Бесік жырын» тыңдау

Бесікке байланысты ырым- тыйым сөздер:

Бос бесікті тербетпе.

Бесікті ашық қалдырма.

Бесікті бір қолмен көтерме.

Бесіктің теріс жағына отырмайды.

Бесікті сатуға болмайды.

 Бесікті кез- келген адамға беруге болмайды.

Мағжан Жұмабаевтың өмірімен таныстыру.

 Өлеңді мұғалім оқып береді.

Оқушыларға мәнерлеп оқыту.

-Өлеңнің ұйқасына мән берейік. Бірінші қатар мен екінші қатар ұйқасады, үшінші қатар ұйқаспайды. Ендеше бұл- егіз ұйқас деп аталады.

Топтық жұмыс

«Айым» тобы:

Өлеңнен балаға арналған жылы сөздерді теріп жазу.

«Күнім» тобы:

Өлеңде қандай төлдер аталды? Соны теріп жазу

«Жұлдызым» тобы:

 «Пікірлер ағашын» толтыру

Тапсырмалар тексеріледі, «3 шапалақ» бойынша бағалау.

Сергіту сәті.   «Топ, топ , балақан»

Бесік туралы 5 жолды өлең құрау 

 ІІІ. Сабақты қорыту.

-Сабақты қортындылаймыз:

Сөзжұмбақ шешу.

Сұрақтары:

1.Иесі анық сәби, әрі төсек, әрі үй    (Бесік)

2. «Бесік жыры» өлеңінің  авторы ( Мағжан)

3. Бесік жырында  баланы жұбату үшін айтылатын сөз.(Жылама)

4.Өлеңде анасының баланы еркелетуі  (Еркетайым)

5. Өлеңдегі балаға арналған жылы сөз (Жұлдызым)

6.Ұйқы қандай болады? (Тәтті)

7. Бесікті басқаша қалай айтуға болады? (Төсек)

8. Дауыл қайда соғады?( Тыста)

9. Өлеңде анасының баланы еркелетуі  (Күнім)

10. Өлеңдегі балаға арналған жылы сөз (Нұрым)

Тігінен «Салт- дәстүр» сөзі шығады.

- Бұдан басқа тағы қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер? (Балаларға байланысты)

- Шілдехана тойы, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, тілашар тойы, сүндетке отырғызу, сырға салу т.б.)

Бағалау Топ басшылары бағалайды, мұғалім бағалайды.

Рефлексия  «Екі жұлдыз, бір тілек»

-Сабақ ұнады ма?

-Ұнаса, несімен ұнады?

-Қандай жаңа ақпараттар алдым?

-Алдағы уақытта нені білгім келеді?

Үйге тапсырма:1. Бесік жыры өлеңін  лайықты әуенге салып жатқа айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары " Бесік жыры""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры М.Жұмабаев

Сабақтың мақсаты:1. Ақын өмірі және шығармасымен таныстыра отырып, өлең туралы, бесік жыры туралы кеңтүсінік беру . Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.Шығармашылық жұмысқа жетелей отырып, мәдени, әдеби сөйлей білу нормаларын үйрету.. 2.Оқушылардың ауызша сөйлеуін, түсініп оқуын, өз ойларын еркін жүйелі жеткізе алу қабілеттерін дамыту.. Бейнелі сөйлей білу дағдыларын арттыру .Сөздік қорларын молайту. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға жетелеу.

3. Ұлттық салт-дәстүрді , әдет-ғұрыпты білуге, сақтауға, ананы құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер:Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, постер, ой қозғау, ойын, ребус, сөзжұмбақ,

Пәнаралық байланыс: музыка,

Сабақтың көрнекілігі:бейнебаян, слайд, ребус, сурет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Салеметсіздер ме қонақтар, оқушылар. Қазір бізде әдебиеттік оқу сабағы.Дайын болсақ, сабағымызды бастаймыз.

Шаттық шеңбері

Айдай арайлап,

Күндей күлімдеп,

Жұлдыздай жарқырап,

Сабағымызды бастаймыз.

Бүгін үш топқа бөлініп жұмыс істейміз. 1- топ «Айым», 2- топ «Күнім», 3- топ «Жұлдызым». Топ басшылары бағалау парағын толтырып, сабақ соңында қорытындысын айтады. Балалар, топта жұмыс істеу ережесін еске түсірейік.








Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 194 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2017 2215
    • DOCX 19.6 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амирхасимова Гульнара Аймухамбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2270
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1490 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 817 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе