Инфоурок Классному руководителю КонспектыСабақ жоспары Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шілде» өлеңі 5сынып

Сабақ жоспары Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шілде» өлеңі 5сынып

Скачать материал

Бекітемін:

Пәні: қазақ әдебиеті      Сынып: 5в сынып     Мерзімі: 19 қаңтар 2015 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шілде» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақын  өмірі,  шығармашылығы туралы мәліметтер беру, «Шілде» өлеңінің көркемдік ерекшелігімен таныстыру.

Дамытушылық: Шығармаларына зерттеу жобасын жасау арқылы оқушылардың оқыған шығармаларынан негізгі ойды ажырата білу,саралау қабілеттерін дамыту, тезис, тірек-конспект ұғымдарымен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жаз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып,  әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойында сұлулықты сезінуді қалыптастыру.

 Сабақтың түрі :ашық сабақ

 Сабақтың әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап, әңгімелесу, рефлексия, талдау, шығармашылық, ойын, тренинг.

 Сабақтың көрнекілігі: таныстырылым, таратпа қағаздар, сөзжұмбақ, стикерлер, жапсырғыштар, суреттер.

 Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, музыка.

 Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Оқушыларды 4 топқа бөлу

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Қарлы кесек» ойыны

 

Шарты: Оқушыларға қар түріндегі әртүрлі қағаз қималарында түрлі сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға аз уақыт ішінде оқушылар тез жауап таба білулері керек. Сұраққа жауап болмаса, сол оқушы өз өнерін көрсетуі керек.(мысалы, жатқа өлең, ән айту, билеп беру, ойдан өлең шығарып беру, сергіту сәтін оқушыларға жасатқызу)

Сұрақтар:

1. Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

2. Абайдың білімге, ғылымға шақырған қандай өлеңдері бар?

3. «Қыс» өлеңін жатқа айт.

4. Өлеңдегі Қондыбай,Қанай кімдер?

5. Қыстың қиындығын кімдер көреді?

6. Ақын адам болу үшін неден қашық, неге асық болу керек дейді?

7. Дүние де өзі, мал да өзі деген не?

8. Ғибрәтлі, нәфрәтлі сөздеріне анықтама бер.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

      1.Табиғат дыбыстарын тыңдату. Естіген дыбыстары жайлы ойларын сұрастыру.

1.      Қандай дыбыстарды естідіңдер?

2.      Бұл дыбыстар жылдың қай мезгіліне тән?

3.      Осыған дейін табиғат туралы қандай шығармалармен таныстыңдар?

4.      Қайсысың Ыбырай аталарыңның «Өзен» өлеңінен үзінді оқып бересіңдер?

2.      Сөзжұмбақты шешейік. Дұрыс шешілген жағдайда бүгінгі сабағымыздың кейіпкерінің есімін табуға болады.

қыс

құлан

толағай

тазша

асан

құнанбай

мақал

абай

махамбет

ахмет

бұқар

ертегі

 

 

3.      Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

    Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Шарағай болысына қарасты Қарауыл Шабар ауылында (қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы) туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған. Шоқпыт кедейліктің тақсіретін көп тартып, Қарауыл еліндегі бай жездесін паналап, малын баққан. Сонда үйленген. Байқоңыр, Сұлтанмахмұт деген балалары болған. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі Шоқпыт әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Алғашқысында Сұлтанмахмұт әкесінен арабша хат таныған. Тортай, Мұқан деген ауыл молдарынан оқиды.

1908 жылы Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып соғуына шыдай алмай, оқуды тастап кетеді.

1911 жылы бір қыс бойы Н.Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған көзі ашық сауатты мұғалім болған.1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, 1912 – 13 жылдар аралығында

“Оқып жүрген жастарға”,
“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”),
“Ендігі беталыс”,
“Оқудағы мақсат не?”,
“Анау-мынау”,
“Мағынасыз мешіт”,
“Жарлау”,
“Досыма хат”,
“Шығамын тірі болсам адам болып”,
“Түсімде”,
“Жазғы қайғы”,
“Қымыз”,
“Кешегі түс пен бүгінгі іс”, т.б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста 1914 ж. жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін “Шоң серіктігі” деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен

“Ләнет бұлты шатырлап”,
“Алтыаяқ” сияқты өлеңдер жазған.
“Ендігі беталыс”,
“Тұрмысқа”,
“Бір адамға”,
“Туған еліме”,
“Сымбатты сұлуға”,
“Қыз сүю”,
“Гүләйім”,
“Өмірімнің уәдесі”,
“Жан қалқам”,
“Гүл”, т.б. өлеңдерін, “Кім жазықты?” атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді 

ста “Қамар сұлу” романын жазуды бастады.

1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастың салдарынан 27 жасында қайтыс болады.

 

4.      Өлеңмен жұмыс.

A.    Оқулықтағы «Шілде» өлеңін мәнерлеп оқып шығу.

B.     Өлеңнен кейіптеуді тауып беріңдер.

C.     Өлеңді неше бөлімге бөлуге болады?

D.    Өлеңдегі шілде таңы қандай бейнелі сөздермен берілген?

E.     Шығармада бейнеленген ауыл келбетін суреттеп беріңдер.

 

5 Сергіту сәті. Қатты нөсер басылды, (жаймен тырсылдатады).

Күн жарқырай ашылды, (қолдарымен күн жасайды).

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды. (жарты доға жасайды).

Тәулiк бойы тынбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр. (Ақырын жауған  жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын,

Өткiншi ендi бұл жаңбыр. (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)

 

6.      Сөздікпен таныстыру.

Әуе – аспан, қысқа түн-жазда  ұзақ, түн қысқа болады; көк майса – шөп, көктің жүзі – аспан; әптиек-діни оқу құрал, мелдегінен – белуарынан деген мағынада.

 

    7.Абай Құнанбаевтың «Қыс» және Сұлтанмахмұттың «Шілде» өлеңін салыстырыңдар.

 

Бекіту.

  Шығармашылық жұмыс.

«Шілде» тақырыбына байланысты шағын эссе жазу.  

 Рефлексия (Кері байланыс). Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың? Қолыңнан не келді, не келмеді? Келесі сабақты қалай өткізер едің? Сыныптастарыңның қайсысының жауабы ұнады, неліктен?

 Үй тапсырмасы:

Өлең бойынша сурет салу. Ақынның басқа да табиғат жайлы өлеңдерін оқып келу.

 

Бағалау

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шілде» өлеңі 5сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 049 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2016 1978
    • DOCX 24 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курашова Алмажан Утесбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Курашова Алмажан Утесбаевна
    Курашова Алмажан Утесбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21401
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе