Инфоурок Математика Презентации"Сандар әлеміне саяхат" внеклассная работа по математике (6 класс)

"Сандар әлеміне саяхат" внеклассная работа по математике (6 класс)

Скачать материал

САНДАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

6-7 сыныптар

Мақсаты: оқушылардың ой - өрісін, ынтасын, қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, математика пәнінен алған білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, ептілікке, баулу, білімді, озық болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, шарлар, ойынға қажетті құралдар, слайд-шоу, жетондар, бүктемелер, карточка, геометриялық фигуралар.

 

Өту формасы: сайыс

 

Жүргізуші:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткенсоң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім,  - деп Абай атамыз айтқандау, уақытында математика сырын түсінбей, кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен әрі қарай сырласып, кейбірлерімен мұңдасып қалу үшін өткізгелі отырған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Сайысқа бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді.

Бүгінгі «Сандар әлеміне саяхат» тақырыбындағы өтетін сайысымыздың қатысушыларын қошеметпен ортаға шақырайық.

І топ, «Сандар» тобы, 7 «ә» сынып оқушылары

ІІ топ, «өлшемдер тобы, 6 «ә» сынып оқушылары.

 

Әділқазы ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл.

Ендеше бүгінгі сайысымыздың әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.

1.______________________________________

2.______________________________________

3.______________________________________

4.______________________________________

 

 

Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де есеп

Ауырсаң, іше тұғын дәрі де есеп

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек, - дей келе сіздерді бүгінгі сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.

 

Сайыс кезеңдері: 

І. «Таныстыру» - әр топ өз командасының аты, ұранымен таныстырады.

                            А) Сәлемдесу – топтардың бір-бірімен сәлемдесуі

                            Б) Эмблема – топ атына байланысты эмблеманы қорғау

ІІ. «Тапқыр болсаң тауып көр» - қыңыр есептердің жауаптарын параққа жазып көрсету.

ІІІ. «Қателеспе» - бұл сайыста оқушылар формулаларды, ережелерді қателеспей табулары керек

ІV. «Қапы қалма» - топтарға есептер таратылады. 

V. «Математикадағы мақал-мәтел» - әр топ кем дегенде 10 мақал айтып шығуы тиіс.

VІ. «Капитандар сайысы» - геометриялық фигуралардан суреттер құрастыру.

VІІ. Үй тапсырмасы – «Математикалық газет». 

 

 

Жүргізуші:

Тынышталып тыңдаңдар!

Асығыстық қылмаңдар!

Ал отырған жарандар

Назар салып қараңдар,

Көргендер де арманда,

Көрмегенде арманда,

Босқа қарап жүргенше

Қызықтан құр қалмаңдар

Сәтте туды жұлдызды

Математикалық сайысқа

Шақырамыз ұл-қызды.

Қазір сайысымыздың бірінші кезеңіне кезек берейік. Ол үшін құрметті сайыскерлер,  сіздерге жұмбақ жасырамын, кім көп жауап шешеді, сол топ бірінші болып бастайды.

Жұмбақтар:

1.     Әр күн сайын жыртылдық,

     Өміріміз бір жылдық? (күнтізбе)

2.     Жаңылмастан жетеу

Кезек қызмет етеді? (апта күндері)

3.     Атадан он боламыз,

Бір-бір жастан арамыз,

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіпте аламыз (цифрлар)

4.     Ұзын еді, түзу еді, екі жерден кесілді, пайда болды ... (кесінді)

5.     Бірге барып класқа

Бірге үйіңе қайтады

Оның бетін кім ашса,

әр бағаңды айтады ( күнделік)

 

Ендеше бүгінгі сайысыт бірінші болып бастайтын топқа кезек берейік.

І кезең – «Таныстыру». Сәлемдесу -5 ұпай.

ІІ кезең – «Тапқыр болсаң тауып көр» әр дұрыс жауап -5 ұпай.

Сұрақтары:

1.     Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар? (7 ұл, бір қыз)

2.     Тәрелкеде 4 бауырсақты 4 балаға бір- бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (төртінші балаға тәрелкесімен беру керек)

3.     Үстел беті төрт бұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алып тастасақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш).

4.      Үш түйе құс ұшып келе жатты, аңшы оның біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйе құс ұшпайды)

5.     Электр поезды шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатыр. Ол сағатына 60 км жылдамдықпен жол жүрді. Сол кезде жел шығыстан батысқа қарай соғып тұрды. Жел поездың түтінін қай жаққа қарай айдап әкетті?  (электр поездың түтіні болмайды)

6.     Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әкпесі, 1 әкесі бар. Әр қыздың 1 анасы бар. Жанұяда барлығы неше адам? (екі ұл, екі қыз. Бір әке, бір ана)

7.     1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?

8.     Бөлменің 4 бұрышында бір- бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар?

9.     Ұшақ Астана қаласынан Алматы қаласына 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір?

10. Үш пар ат 30 км –ге шапса, әр ат қанша км шабады?

11. Үш майшам жанып тұрды, Екеуін сөндірсе нешеуі қалады?

12.   Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әр қайсысы неше сағат ойнады?

ІІІ кзең - «Қателеспе» - бұл сайыста оқушылар формулаларды, ережелерді қателеспей табулары керек

Сұрақтар:

 

1 – ұяшық – 5 ұпай

1.     1 метрде неше сантиметр бар? (100см)

2.     Қай санға бөлуге болмайды? (0)

3.     Екі ғасырда неше жыл? (200)

4.     Ең кіші натурал сан? (1)

5.     Тік бұрыш неше градусқа тең? (90)

 

2 – ұяшық – 5 ұпай

1. Ең кіші жай сан? (2)

2. Қандай түзу қиылыспайды? (параллель)

3. 100 жылдың басқа атауы? (ғасыр)

4. Жоқты білдіретін сан? (0)

5. Тәуліктің 4/1 бөлігі (6сағат)

 

3 – ұяшық – 5 ұпай

1. 9 санының квадраты неге тең? (81)

2. Қандай түзу қиылысады? (перпендикуляр)

3. 1 сағатта неше минут бар? (60 минут)

4. ең үлкен екі таңбалы сан (99)

5. жарты түзудің басқаша атауы (сәуле)

 

4 – ұяшық – 5 ұпай

1. Ең үлкен үш таңбалы сан? (100)

2. 1-ге және өзін бөлінетін натурал сан? (жай сан)

3. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан? (аралас сан)

4. 5 санының квадраты? (25)

5. 25%  - санның қандай бөлігі (1/4)

 

ІV. «Қапы қалма» - топтарға есептер таратылады. 

1 топ:

1.                                                                                

2. 66 санын ешбір амал қолданбай оның жартысына арттыр. Шыққан санды көрсет. (99 санын жай аударып көрсету)

3. Бір кемпір үйін ұрылар келгенін сезіп қойып, былай деген екен:

Сапырып – сапырып Сарманға бер,

Құйып – құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төртегі төртеуге бер

өзің іште маған да бер деген екен. Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік», - деп кетіп қалады. Кемпір өзінің тапқырлығымен осылай ұрылардын құтылыпты. Сонда үйде неше адам болған, ұрылар саны нешеу болған? (10 адам, 5 ұры).

4.

5. Есепте: 

 

2 топ:

1.

2. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12 – ге арттыр (98)

3. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін білсең санап қой. (17)

4. ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар ах-3bx+cx

5. Есепте:

 

 

V. «Математикадағы мақал-мәтел» топтар мақал – мәтел айтып жарысады.

VІ. «Капитандар сайысы» - геометриялық фигуралардан суреттер құрастыру.

VІІ. Үй тапсырмасы – «Математикалық газет» - қорғау. 

 

 

VІІІ. Қорытынды. Жеңген топты марапаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 топ:

1.                                                                               

Жауабы:

 

2. 66 санын ешбір амал қолданбай оның жартысына арттыр. Шыққан санды көрсет.

 

Жауабы:

 

 

3. Бір кемпір үйін ұрылар келгенін сезіп қойып, былай деген екен:

Сапырып – сапырып Сарманға бер,

Құйып – құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төртегі төртеуге бер

өзің іште маған да бер деген екен. Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік», - деп кетіп қалады. Кемпір өзінің тапқырлығымен осылай ұрылардын құтылыпты. Сонда үйде неше адам болған, ұрылар саны нешеу болған?

 

Жауабы:

 

 

4.

 

Жауабы: 

 

 

6.    Есепте: 

 

 

Жауабы:

 

 

 

 

2 топ:

 

1.

Жауабы:

 

 

2. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12 – ге арттыр

 

Жауабы:

 

 

3. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін білсең санап қой.

 

Жауабы:

 

 

4. ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар ах-3bx+cx

 

Жауабы.

 

 

6.    Есепте:

 

Жауабы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Сандар әлеміне саяхат" внеклассная работа по математике (6 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 377 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2016 734
    • DOCX 72.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байбатырова Анар Жетписбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байбатырова Анар Жетписбаевна
    Байбатырова Анар Жетписбаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17356
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 680 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 816 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: умножение и деление

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 228 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 330 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 11 регионов

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека