Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сақтандырғыш рең Ашық сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сақтандырғыш рең Ашық сабақ

библиотека
материалов

Жем қалалық №5орта мектебі









Ашық сабақ

Сақтандырғыш рең”



Дайындаған: С.Б.Досыбаева



2”а ” сынып











2014-2015 оқу жылы

Сақтандырғыш рең

Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Сақтандырғыш рең
Сабақтың мақсаты:

1) Өткен сабақпен байланыстыра отырып, жаңа сабақты түсіндіру; оқушылардың реңдер туралы білімдерін кеңейтіп, сақтандырғыш рең жайлы түсініктерін қалыптастыру;
2) Оқушылардың ой - өрістерін, білімдерін кеңейту; қызығушылын, белсенділігін арттыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3) Табиғатты сүюге, жануарларды қорғауға, өзара сыйластыққа, табиғат құбылмалығын сезініп, өз бойыларында қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі, ойын элементтері пайдаланылды.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдістері: топен жұмыс, әңгімелесу, түсіндіру, иллюстративті - көрнекілік, ойын, индуктивті, дедуктивті, ынталандыру, мадақтау, топтастыру,

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.

Көрнекілігі: жануарлар суреттері, ойынға қажет суреттер, қима қағаздар,бунақ денелілер.
Кезеңдері
Өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Көңіл - күйлерің қалай?

Топқа бөлінеміз. Топта көбелектер, құрттар, жыландар.

Әр топқа бірнеше сұрақтарды бөліп қоямын.


Ендеше сабағымызды жұмбақ шешуден бастайық.
Психологиялық дайындық

Көбелектер тобына:
Сауыттан мықты шапаны,
Жәндіктің нағыз шабаны. (тасбақа)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қозы)

Құрттар тобына:
Далада жүр шапқылап,
Керемет тым сақ құлақ.
Отырмайды, тұра алмайды,
Түзу жолда бұраңдайды. (жылан)
Тек есектен басқада,
Оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)

Жыландар тобына:
Біреуге найза түйрейді,
Өзі де содан күйрейді. (ара)

ІІ. Өткен сабақты тексеру

Әр топқа бөліп сұрақтар қою.
Үйге қандай тапсырма берілді?
Байқатпайтын реңдер дегеніміз не?
Байқатпайтын реңдер қандай жануарларда болады?
Ал жәндіктермен кімдер қоректенеді?
Байқатпайтын реңдердің жәндіктер үшін маңызы қандай?
Байқатпайтын реңді басқаша қалай атайды? (бүркеніш рең)
Көбелектер жауларынан қалай қорғанады?
Ал шегірткелер ше?
Көкшегіртке неліктен көк шөп тектес болады?
Сонымен бүркеніш реңнің жәндіктер үшін маңызы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ дайындық
Бүркеніш реңді көкшегіртке мен көбелектердің жауынан қорғанғанда пайдаланады. Мысалы, көкшегірткенің түсі шөптен айнымайды, сондықтан ол шөптің арасында тығылып қалғанда көрінбейді, көбелек те жапырақтан айнымай қалады. Яғни олар бүркеніп алып, жауына байқалмай, осылайша тірі қалады.
Ызылдақ қарашыбын қауіпті сезген кезде, кенеттен түрленіп, үсті түкті болып, кәдімгі арадан аумай торсиып шыға келеді. Құс оны ара екен деп, шағып алар деген қауіппен жоламайды. Ызылдақ қарашыбынның бұл қасиеті – қорғаныш рең деп аталады. Олар осы қасиеті арқасында өздерін жауларынан қорғап қалады. Ал қанқыздың бейімділігі – сақтандырғыш рең деп аталады. Қанқыз өзі қып - қызыл. Бірақ ол жауынан жасырынбайды. Себебі қанқыздың денесінде тиген кезде күйдіретін сұйық зат болады. Ол оны қауіп төнген кезде ғана шығарады. Аузын күйдіргендіктен құстар қанқыздан аулақ жүреді екен. Міне осылайша жәндіктер өз жауларынан қорғанады.
Дәптермен жұмыс
● Бейімділік

♦ Бүркеніш реңі → Жәндіктің түсінің топырақ, шөп, гүлге ұқсап, жасырынып қалу. Мысалы: шегіртке, көбелек.
♦ Сақтандырғыш рең → Денесінен бір нәрсе бөлу арқылы жауынан сақтану. Мысалы: қанқыз
♦ Қорғаныш рең → Басқа бір қауіпті жануарға електеу арқылы жауын қорқыту. Мысалы: қарашыбын

«Биік шың» ойыны
Ал енді балалар, бір ойын ойнайық. Бұл ойынның аты «Биік шың». Бұлай аталуының себебі біз мына Асан деген балаға баспалдақтармен жоғары көтеріліп, ең биігіндегі үйіне баруына көмектесуіміз керек. Қәнекей көмектесеміз бе?
Ол үшін әр баспалдаққа көтерілген сайын сұрақтарға жауап береміз.
1) Жәндіктердің тірі қалуына не көмектеседі? (бейімділік)
2) Көбелектерде қандай бейімділік бар?
3) Ал шегірткелер неге бейімделген?
4) Шегіртке мен көбелектің бейімділігін не деп атаймыз? (бүркеніш реңі)
5) Қарашыбын жауынан қалай аман қалады?
6) Қарашыбынның бейімділігін не деп атайды? (қорғаныштық рең)
7) Сақтаңдырғыш рең дегеніміз не?

ІҮ. Жаңа сабақ
Сендер білесіңдер ме? Бұндай бейімділіктер аңға да, тіпті құсқа да қажет екен. Олар қоршаған ортасына бейімделу арқылы жауынан қорғанады үшін немесе жемін аулап жейді. Мысалы, жолбарысты білесіңдер ме? Ол қайда тіршілік етеді?
Ағаштардың жіңішке бұтақтарының көлеңкесі мен олардың арасынан түсетін күн сәулесімен орман іші жолақ, тарғыл түсті болып тұрады. Ал жолбарыстың түсі қандай болады? Ия, жолбарыстың түсі орман арасындағы түспен ұқсас, сондықтан оны байқау қиын. Ал жемтігі жақындағанда жолбарыс атып шығып оны ұстап алады. Сонда тарғыл рең – жолбарыстың орманды жерде жақсы тіршілік етуі үшін қажет бейімділік. Жолбарыстың бұл бейімділігі неліктен бүркенуші рең деп аталады?

«Ойлан тап» ойыны
Жақсы, енді тағы бір ойын ойнайық. «ойлан тап» деп аталатын бұл ойында сендер мына сандықшаның ішінен бір серетті таңдап аласыңдар да, ол суреттегі жануардың өз жауынан қалай қорғанатынын түсіндіресіңдер.
1) Ақ қоян;
2) Хамелион;
3) Жапырақтектес көбелек;
4) Бұтаққа ұқсас жәндік;
5) Әупілдек;
6) Кірпі.
Қызықты мәліметтер
Балалар, сендер білесіңдер ме?
1) Скунс деген жануар жауларын өзінің жағымсыз иісімен қорқытқан. Ол қауіп сезген кезде, жаман иіс шығарады екен. Оның иісінің сасықтығы сондай, егер адамға жұқса, оның кетіру өте қиын. Оны әрең хлормен жуып қана кетіреді екен.
2) Ал ұшардың алдыңғы және артқы аяқтарының арасында тері қатпарлары орналасқан. Егер ол осы қатпарларды жазып ұшса, ұшақ - кілемнен еш өзгешілігі болмайды. Ал құйрығын ол бұруға қолданады.
3) Шегірткеші деген құс басқа құстар сияқты ағашқа көлденең отырмайды. Ағаш ұзындығына қарай жабысып қонады. Оны ағаш түсінен айыру қиын.

ҮІ. Бекіту.
Сонымен Жәндіктердің тірі қалуына не көмектеседі? (бейімділік)
Бейімделу дегеніміз не?
Бейімделудің қандай түрлері бар?
Сақтаңдырғыш рең дегеніміз не?
Қорғаныш реңі дегеніміз не?
Бүркеніш реңі дегеніміз не?
Қандай жануарлар сақтандырғыш реңін қолданады?
Бүркеніш реңін қандай аңдар пайдаланады?
Оқушыларды бағалау

ҮІІ. Бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы.
Балалар, үйге «сақтандырғыш реңді» оқып келу және үш қатар бойынша
1 - қатар: скунс
2 - қатар: ұшар
3 - қатар: шегірткеші туралы қосымша мәлімет энциклопедиядан іздестіріп, жазып алып келесіңдер.
Қорытынды: Өте жақсы балалар, осымен сабағымыз аяғына жетті.
Сендерге сабақ ұнады ма?
Маған да өте ұнады. Мен сендерге өте ризамын.
Бүгінгі сабақ үшін сендерге үлкен рахмет.
Осымен сабақ аяқталды.




































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1255
Номер материала ДВ-395713
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх