Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСайыс " Жігіт сұлтаны"

Сайыс " Жігіт сұлтаны"

Скачать материал


Ма
қсаты:

1.     Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2.     Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

3.     Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер, шарлар.

Байқау барысы.

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады

1 – жүргізуші: Аяжан

Құрметті  оқушылар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты жігіттер сайысы өтпекші.

2 – жүргізуші: Аружан

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті,

Анықтайтын кез келді!

1 – жүргізуші: Аяжан

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ.

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыскерлерімізді шақырайық! Қарсы алыңыздар!

2 – жүргізуші: Аружан

«Жігіт сұлтаны» байқауындағы әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1 – жүргізуші: Аяжан

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейік.

 

І бөлім «Тегімді менің сұрасаң» өзін таныстыру.

ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес»  қол өнер сайысы.

ІІІ бөлім  Көркіне ақылы сай» сұрақ-жауап сайысы.

ІV бөлім  Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрек.

2 – жүргізуші: Аружан

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, — дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

 

1 – жүргізуші: Аяжан

Ақыл – көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршыңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Өзін таныстыру

2 – жүргізуші: Аружан

Таныс болдық жігіттер тегіменен

Туып өскен мекені, еліменен.

Бәрі де ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлеңменен.

1-    Жүргізуші. Аяжан

2-    «Бәрекелді!» деп шіркінге, — дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,

Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.

Өз өнерін көрсету

1 – жүргізуші: Аяжан

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көркіне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз.

Сұрақ-жауап сайысы

-         Жеті атанды ата?

-         Жеті қазынаға нелер жатады?

-         Бес асыл іс, бес дұшпанға нелер жатады

-         Ұлттық ойындарға нелер жатады?

-         Қасиетті күн деп қай күнді атайды?

-          

2 – жүргізуші: Аружан

Сайысымыздың келесі түрі « Қара жорға» биінен сайыс

1 – жүргізуші: Аяжан

                            «Мақал- мәтелдің жалғасын табу» сайысы

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп сыныптың жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

 « Кол күрес» күш сынасу сайысы.

1 – жүргізуші: Аяжан

«Жүзден – жүйрік» күшімен,

«Мыңнан – тұлпар» шықты шың

Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!

Құттықтайық ал енді

Сұлтан болған баланы

3-    Жүргізуші Аружан

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы.

Қуанышты жанары,

Шоқтай болып жанады.

Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады.

1– жүргізуші: Аяжан

Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!

Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сайыс " Жігіт сұлтаны""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 087 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.08.2016 892
    • DOCX 27.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарымбаева Индира Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 36193
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 387 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 287 человек