Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Семинар - тренинг на тему "Жас және жаңадан келген ұстаздардың кәсіби бейімделуіне психологиялық көмек"

Семинар - тренинг на тему "Жас және жаңадан келген ұстаздардың кәсіби бейімделуіне психологиялық көмек"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Айдархан жалпы орта білім беретін мектебі









СЕМИНАР - ТРЕНИНГ

Тақырыбы: «Жас және жаңадан келген мұғалімдердің кәсіптік бейімделуіне психологиялық көмек».







Мектеп психологы: Дуйсенбаева А.М.





















2016 – 2017 оқу жылы

«Жас және жаңадан келген мұғалімдердің кәсіптік бейімделуіне психологиялық көмек»

(Семинар – тренинг).

Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру; жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу; жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау; 

Психолог: Қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз шығармашылық табыстарға жетіп, биіктерден көрінгіміз келеді. Қазіргі таңда еліміздің мектептерінің алдында тұрған міндет Қазақстанды 2030 жылға қарай Орталық Азияның «Барысына» айналдыратын ұрпақ дайындау, яғни тиянақты оқыту мен тәрбиелеуді жан – жақты жетілдіруді қажет етеді. Ал, ол ең алдымен мұғалімге, оның кәсіби шеберлігіне және жеке басының жақсы қасиеттеріне, білімі мен жүрегінің кеңдігіне, ойлау қабілетінің жоғарылығына байланысты. Нағыз мұғалім болып қалыптасу жолы ұзақ та күрделі. Осы орайда сіздердің кәсіби құлшыныстарыңызды артыру, жігерлендіріп, көңіл – күйлеріңізді көтеру мақсатында өткізгелі отырған семинар – тренингімізді бастаймыз.

Семинар - тренинг жоспары:

  1. Танысу жаттығуы.

  2. «Сіз қандай жұмысшысыз?» проективті әдістемесі

  3. Жас маманға бірнеше кеңес, жадынама тарату.

  4. «Жас педагогтарды әлеуметтік-кәсіптік бейімдеу» сауалнамасы

  5. «Табиғат мінезі» жаттығуы.

  6. «Қай орындықты таңдайсыз?» психологиялық тест.

  7. Қорытынды (Эмблема жасау).

1.Танысу жаттығуы. (Әркім өзінің есімін айтып, қызметі жайында айтып кету).

2.Тест: ЖЫЛҚЫ. «Сіз қандай жұмысшысыз?»

Нұсқау: Суретте жылқының силуэті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз – осы картинаны аяқтау, яғни оның сырт келбетін бейнелеп, жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды, жайлы жағдай жасаңыз.

Бұл тестте жылқы – өзіңізсіз. Бұл түсінікті де өйткені, көп жұмыс істейтін адамдарды жұмысшы жылқылар деп те атайды. Сіздің жылқының сырт келбетін қалай бейнелегеніңізден сіздің қандай жұмысшы екендігіңізді көруге болады.

  • Егер сіз жылқының сырт келбетіне назар аударсаңыз (тұяғын, жалын және құйрығын салсаңыз), онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз. Егер сіз жылқының бет әлпетіне басты назар аударсаңыз (көзін, тұмсығын, аузын, кекілін, т.б. салсаңыз), онда сізде романтикалық қатынас басым, сізде иллюзиялар мен үміттер толы. Сіз бұрын еш жерде жұмыс істемеген өте жас маман болуыңыз да ықтимал. Егер сіздің жасыңыз үлкен болса, онда шаттану, қуану сізге тән.

  • Егер сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, ұсақ – түйек нәрсеге көп уақыт жұмсасаңыз, бұл сіздің тер төгуді қажет ететін еңбектерді атқаруды ұнататындығыңызды білдіреді. Барлық нәрсені дер кезінде орындайсыз. Өзіңізге және басқаларға сын көзбен қарайсыз. Сізге кез – келген жұмысты сеніп тапсыруға болады. Сіз бастаған жұмысыңызды соңына дейін жеткізетін өте еңбекқор адамсыз. Бірақ та сізбен бірге жұмыс істеу қиын, өзіңіздің бірбеткейлігіңізбен адамды шаршатасыз.

  • Егер сіз жылқыны шөпке немесе алаңға қойсаңыз, бұл сіздің жақсы жағдай жасалған жерде жұмыс жасағыңыз келетіндігіңіздің белгісі, сіз шектеу қоятын жұмыстарды ұнатпайсыз. Тәуелсіз болғанды қалайсыз.

  • Егер сіз жылқыға жүген салсаңыз немесе қамыт кигізсеңіз, онда сізге қысыммен жұмыс істеген ұнамайды.

  • Егер сіз жылқының алдында суы бар тегеш немесе жем қойсаңыз, онда бұл сіздің жұмыс істеуіңіз үшін жақсы жағдайдың жасалуын қажет еткендігіңіздің белгісі.

  • Егер сіз жылқыға салт атты адамның суретін салсаңыз, онда сіз өз бетіңізше жұмыс істей алмайсыз, біреудің бағыт беруімен әмірімен, жетегімен жүресіз. Сізге біреудің сізді басқарғаны ұнайды.

Психолог: Қарым-қатынаста қыңырлық, ақаулықтары бар балаларға одан арылу үшін қалай көмектесуге болады? 

Агрессивті бала. Балаларды қажетті нәрсесін сыпайы түрде сұрай білуге үйретіңіз, олардың пікіріне құлақ асыңыз. Көздеген нәрсені өзгелерді ренжітпей, қалай алуға болатынын көрсетіңіз. Оларды өз сезімдерін игеруге және сол сезімдерін баламалы түрде білдіруге үйретіңіз.

Өтірікші бала. Kөпбалалар пікір талқысынан және сыннан қашып өтірік айтады. Балаларға артын бағып қорғалақтамай, шындықты айта білуге үйретіңіз. Олар ата-аналарының өз қателіктерін, түсінбестіктерін кешіріп, оның бәрін ретке келтіруге көмек беретініне сенімді болуы керек.

Баланың қиқар мінезі. Алдымен өз мінез-құлқыңызға қараңыз. Оған айтқан әңгімелеріңіздің ішінде тікелей іске қатыстысы бар ма? Бәлкім, сіз ашумен босқа сөйлеп, қазымырланып, әмір бере айқайлап жатқан шығарсыз. Балаға өздігінше әрекет етуге ерік беріңіз. Балалар адам бір-біріне құрметпен қарап, ынтымақтастықта болса, ол бір-біріне қарсы тұрғаннан әлдеқайда жақсы екенін ұғуы тиіс.

Сотқар бала. Балаларға проблемаларды шешудің әр түрлі жолдары болатынын түсіндіріңіз. Қайшылықтарды шешудің бейбіт тәсілдерін көрсетіңіз.

Ұялшақ балалар. Балалармен жиі сөйлесіңіз, олардың ішкі әлеміне еніп, ұялшақтықтың проблемаға айналып кетпеуін қадағалаңыз. Өзге адамдар ортасында өзін неғұрлым қолайлы сезіну үшін ұялшақтықты жеңудің алғашқы қадамдарын жасауына көмектесіңіз. Баланың ұялып қажетті істен бас тартуына жол бермеңіз.

Ашулану көріністері. Кенеттен бой көтерген ашу көріністеріне қарсы ең жақсы реакция тәсілі - оған тіпті мән бермей қою, назар да аудармау. Сабырлы қалпыңызда ашу қашан басылғанша күтіп тұрыңыз. Баланы өз сезімдерін игерудің өзгеше бір жолы - бәрін сөзбен жеткізе білуге үйретіңіз. Олар бұрқылдаған ашумен ештеңе де жасау мүмкін еместігін түсінуі, көздеген нәрсеге қол жеткізудің оған қарағанда әлдеқайда оңтайлы, әлдеқайда тиімді жолдары бар екенін ұғынуы тиіс.

Беймаза балалар. Өзіне үнемі көңіл аударып отыруды қалайтын бала көбіне өз-өзіне сенімсіз келеді. Сіз оны жақсы көретіндігіңізді және жұмысты өздігінен, өзгенің көмегінсіз-ақ атқара алатынына сенетініңізді айтыңыз. Уақытыңызды онан басқа да нәрселерге бөлу қажет екенін түсіндіріңіз. Баланы өзгенің сезімдері мен талап-тілегін құрметтеуге баулыңыз.

Тілазар балалар. Баланы өзін - өзі тәртіпке келтіре білуге, жауапкершілікке, ынтымақтастыққа, проблемаларды шеше білуге, өзін де, өзгені де құрметтей білуге үйретіңіз.

Жұмысты жаңа бастаған жас мұғалімдерді қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым (Жадынама).

  • Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз.

  • Шектен шыққан жағдай орын алса дауыс көтермеңіз.Егер сондай бір жәйт үстінде
    дауыс көтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр болғаныңызға өкінетініңізді білдіріңіз.

  • Баланы жазалай отырып, дер кезінде кешіре де біліңіз.

  • Балалардың бір-бірін жамандап әңгіме айтуына жол бермеңіз, шағым айтқыштарды сөзі шын болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін «жаман», «тәрбиесіз» немесе бәрін «әдейі» істейтін бала секілді сезінбейтін болсын.

  • Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.

  • Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды өткізбеңіз.

  • Баланың бастамасын «Өзіңнен сұраған кезде ғана айт» немесе «Өзіңе рұқсат берген «кезде ғана жаса» деп үзіп тастамаңыз, әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.

  • Ашуланбаңыз және өз ашуыңызды керсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.

  • Сәтсіздік кезіндегі өз көңіл-күйіңізді, реніштеріңізді балалардан жасырмаңыз, олардың бірге қынжылып, сіздің қиналысыңызды өз сезімдері арқылы бірге бөлісуге жол беріңіз, бірақ шамадан асырмай, бұл үшін оларға ризалығыңызды білдіріңіз.

  • Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.

  • Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.

  • Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.

«Жас педагогтарды әлеуметтік-кәсіптік бейімдеу» сауалнамасы

Мақсаты: жас педагогтар қызметінің бастапқы кезеңінде туындайтын мәселелерді зерттеу.

  1. Сіздің жасыңыз

  • 22 жасқа толмаған;

  • 23–30 жас;

  • 31–40 жас;

  • 41–50 жас;

  • 50 жастан асқан.

  1. Мұғалім жұмысында сіз үшін ең маңыздысы не?

  • Еңбек үдерісінің мазмұны.

  • Өз қабілеттерін таныту мүмкіндігі.

  • Білім беру ұйымындағы жағымды орта.

  • Кәсіби өсу мүмкіндігі.

  • Еңбекақы

  1. Сіздің мектепке жұмыс істеуге келуіңізге не түрткі болды?

  • Кәсіби өсу болашағы.

  • Балаларға деген сүйіспеншілік.

  • Кепілдендірілген еңбекақы.

  • Білетінімді өзгелерге үйрету тілегім.

  • Өз пәнімді оқытқан ұнайды.

  1. Бейімделу кезеңінде сіз қандай сезімде болдыңыз?

  • Алаңдаушылық, өз күшіме деген сенімсіздік.

  • Ашушаңдық, қызбалық, шыдамсыздық.

  • Жоғары шаршағыштық, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі.

  • Сыныптан қорқақтау және оқушылар алдындағы қорқыныш.

  • Басқасы: ________________________________________________

  1. Кәсіби қызметті бастағаннан кейін cіздің таңдаған мамандыққа деген көзқарасыңыз өзгерді ме?

  • Иә, жақсы жаққа өзгерді.

  • Иә, жаман жаққа өзгерді.

  • Жоқ, бұрынғыдай қалды.

  • Жауап беруге қиналамын.

  • Басқасы_______________________________________________________________

  1. Сіздің ойыңызша, жаңа кәсіби қызметке бейімделу үдерісіндегі негізгі қиындықтар қандай?

  • Директордың немесе оның орынбасарының сабаққа күтпеген жерден қатысуы.

  • Туындаған мәселелер бойынша директормен немесе оның орынбасарымен сөйлесу.

  • Оқушылармен тіл табысу.

  • Оқушылардың ата-аналарымен танысу.

  • Басқасы________________________________________________________________

  1. Жаңа кәсібіңізге бейімделу барысында туындаған қиындықтардан қалай шығуға тырыстыңыз немесе тырысасыз?

  • Өз бетіммен шығу жолын табамын.

  • Аса тәжірибелі педагогтарға жүгінемін.

  • Педагогикалық ұжымдағы өзге мамандардың кеңесі мен қолдауына жүгінемін.

  • Өз ата-анамның кеңесіне жүгінемін.

  • Басқасы________________________________________________________________

  1. Қандай қызмет түрлері үлкен қиындықтар тудырады?

  • Тәртіп сақтау.

  • Құжаттама жүргізу.

  • Сабаққа дайындық.

  • Ата-аналармен әрекеттестік.

  • Тәрбие жұмысын жүргізу.

  • Оқушылармен байланыс.

  1. Сіздің кәсіби деңгейіңізді арттыру көзі не?

  • Әдістемелік әдебиет, оқу құралдары.

  • Мамандық немесе оқытылатын пәндер бойынша оқулықтар.

  • Ғылыми-педагогикалық журналдар.

  • Ғаламтор желісіндегі ғылыми мақалалар.

  • Электрондық оқулықтар мен кітаптар.

  • Басқасы________________________________________________________________

  1. Қызметіңізде ең бастысы не деп ойлайсыз?

  • Пәнді сауатты және кәсіби оқыту машығы.

  • Оқушыларға терең әрі мықты білім беру машығы.

  • Балаларды сүйіспеншілікке бөлеу.

  • Заманауи педагогикалық технологияларды білу, оларды жұмыста қолдану.

  • Өзін - өзі жетілдіру, білімді толықтыру, өз пәнін терең білу.

  • Оқушыларға «оқу» қабілетін сіңіру. Басқасы_________________________________________________________________


«Табиғат мінезі» жаттығуы

«Қане бәріміз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да, аяқ астынан жеңіл жел соқты.

Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз. Жел күшейді, енді алдындағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз. Кенет боран басталды, енді боран кұшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уұалаймыз. Содан кейін аяқ астынан жәй ғана жаңбыр сіркірей бастады, енді қолымызбен жаңбырдың сіркірегеніндей жәймен ұрамыз. Бір кезде қатты жауын жауды. Біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтардың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз. Аяқ астынан бұршақ жауды. Арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз. Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді.

«Қай орынға отырар едіңіз?» психологиялық тест.

  1. «КӘСІПКЕР» орындығы. Сіз өте мықты және еңбекқор адамсыз. Таңертеңнен кешке дейін бір орында тапжылмай, қиын, әрі күрделі жобамен айналыса аласыз. Бойыңызда тәуекелшілдік тұнып тұр. Қандай шешім шығарсаңыз да, тек жақсылығын көруге тырысасыз. Бір көрген кісі сізді еңбексүйгіш деп бағалайды, олар қателеспейді де. Бірақ сіз жұмысыңызға деген шексіз махаббатыңыз арқылы өзге еңбекқор жандардан ерекшеленіп тұрасыз. Ойға алған ісіңізді соңына дейін жеткізбей тынбайсыз.

  2. «РУХАНИ ТӘЛІМГЕР» отырғышы. Сіз сабырлы әрі жанашыр жансыз. Бір күніңізді толығымен жәрдеміңізге мұқтаж адамға арнай аласыз. Жаныңыз қайырмдылық пен мейірімділікке толы. Сіз үшін нағыз адам – өзгелерге қол ұшын соза алған адам. «Адам аласы ішінде» деген тіркес сізге сай емес екенін бір көріп білуге болады. Себебі ұсқыныңыз қандай жайдары болса, жаныңыз да сондай жомарт. Ешқашан сабырға келе алмайтын жанды да тыныштандыру сіздің ғана қолыңыздан келеді.

  3. «ӨНЕРТАПҚЫШ» орындығы. Сіз қуатыңыз мол және қатарыңыздан озық жансыз. Күні бойы жаңа да, тың жобалар мен идеяларды дамыту үшін қозғалмай отыра аласыз. Әрдайым жаңа нәрселерді ойлап табуды жақсы көресіз. Жұмыста да, басқа кезде де кез – келген істі байқап көргіңіз келеді. Алғаш көрген көзге іш пыстырарлық адам болып таныласыз. Солай болуы да мүмкін, бірақ идеяларыңыз ешқашан ешкімді жалықтырған емес. Заттардың құпиясын ашу үшін ұзақ әуреленіп, тәжірибе жасағанды жаныңыз сүйеді.

  4. «СЫНШЫ» орындығы. Сіз талғампазсыз және өте жақсы тәрбие көргенсіз. Күні бойы қонақтың көңілін аулап, қызықты әзілдермен жүзіне күлкі сыйлап отыра аласыз. Әлемдегі ең жақсы адам екеніңізді көрсеткіңіз келеді. Барлығы сізді біртуар тұлға ретінде қабылдағанын қалайсыз. Алғаш көрген жан сізді көрсеқызар, кейде тәккапар деп те ойлайды. Кез –келген нәрсенің сапалысын таңдайсыз, ең жақсысын ғана алғыңыз келеді.

  5. «ПСИХОЛОГ» орындығы. Сіз барлығын білуге құмарсыз, талабыңыңыз таудай. Өмірге сұрағыңыз көп, барлығының жауабын табуға ұмтыласыз. Біреу сізге өмір жолын айтып беремін десе, басқаға бас бұрмай отырып, тәулік бойы тыңдауға әзірсіз. Бірінші көрген кісіге сабырлы да, салмақты, қарапайым жан екен деген ой қалдырасыз. Бірақ, шын мәнісінде өте белсенді адамсыз. Барлығын санада сараптап, мида қорытасыз. Адамдардың бір – бірімен өзара қарым – қатынасын меңгеруге құштарсыз.

  6. «САЯХАТТАУШЫ» орындығы. Сіз тапқыр, жігерлі жансыз. Бір күн бойы пойыз, не ұшақ терезесіне телміріп, әлемге көз тігіп отырудан бас тартпайсыз. Жаңалық іздеп шарқ ұруда жанкештілік көрсетесіз. Бұрын соңды көрмеген жер, жаңа таныстар, таңсық нәрселер сізді шабыттандырады. Бейтанысқа беймаза жан болып таныласыз. Шынында да, өміріңізде сәл тыныштық орнауы үшін, өзіңізді қолға алыңыз. Ғұмырыңызды саяхатқа арнағыңыз келеді. Сапарға шықпаған кезіңізде, үнемі алыс шетелді елестетіп, қиял құшағында жүресіз.

  7. «РОМАНТИК» орындығы. Сіз шығармашылық адамысыз әрі арманшылсыз. 24 сағат бойы ой үстінде отыра аласыз. Қиялыңыз ұшқыр, ойыңыз әрдайым әлемді шарлап жүреді. Сапар соңында қадамыңыз басталған жерден табылмайсыз. Бір көрген жан көп қырлы екеніңізді байқайды. Айналаңыздағы әлемді қаншалықты ұмытып кететін болсаңыз, ойыңыздан да соншалықты адасасыз. Санаңызда әрқашан адам ойына келмеген жақсы нәрселер өмір сүреді, тек соны жазып не есте сақтап алатын зейін жетіспейді.

  8. «ҒАЛЫМ» орындығы. Қажырлы әрі біртуар жансыз. Күні, түні қиын да, күрделі кітапты оқып, қозғалмай отыра аласыз. Идеялар әлемінде адасып кетуге де бел буасыз. Бірақ олар жұмбағы мен тылсымы көп болған сайын, сізді қызықтыра түседі. Бір көрген жан сізді әлемде не болып жатқаны мүлдем қызықтырмайды деп ойлайды. Іс жүзінде өте әуесқой жансыз. Өзіңізді қызықтырған нәрсе жөнінде профессорлардан да озып, толығымен түсінбейінше оқи бересіз.

  9. «ФИЛОСОФ» орындығы. Сіз кірпияз, бірақ көңілді адамсыз. Күні бойы бір орында отыра аласыз. Сөйте тұра ішіңіз пыспайды, өзгелердің де ішін пыстырмайсыз. Сіз үшін әлем – алып ойын – сауық. Бірінші рет көрген кісіге таңғажайып болып көрінесіз. Бағыңызға орай, көпшілігі сізді біртүрлі қылықтарыңызды қызықты деп қабылдайды. Өмірге өзгеше көзқарасыңызды үнемі танытып жүресіз.

Қорытынды: Эмблема шығару. (Берілген түрлі – түсті қағаздарға алақанының суретін салып, оған бүгінгі семинар – тренингтен алған әсерін, бір – бірлеріне тілектерін жазып, тақтада ілінген смайликтің жан – жағына жабыстыру тапсырылады).

Психолог: Педагогикалық әдеп бойынша әрекет жасайтын мықты мамандарымыздың, жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелейтін жаңа сипаттағы шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап мектебімізде арта берсін, сіздерге шығармашылық табыстар тілей отырып, бүгінгі семинар - тренингімізді аяқтаймын.




Қосымша 1

«Жас педагогтарды әлеуметтік-кәсіптік бейімдеу» сауалнамасы

Аты – жөніңіз: _____________________________________________________

  1. Сіздің жасыңыз

  • 22 жасқа толмаған;

  • 23–30 жас;

  • 31–40 жас;

  • 41–50 жас;

  • 50 жастан асқан.

  1. Мұғалім жұмысында сіз үшін ең маңыздысы не?

  • Еңбек үдерісінің мазмұны.

  • Өз қабілеттерін таныту мүмкіндігі.

  • Білім беру ұйымындағы жағымды орта.

  • Кәсіби өсу мүмкіндігі.

  • Еңбекақы

  1. Сіздің мектепке жұмыс істеуге келуіңізге не түрткі болды?

  • Кәсіби өсу болашағы.

  • Балаларға деген сүйіспеншілік.

  • Кепілдендірілген еңбекақы.

  • Білетінімді өзгелерге үйрету тілегім.

  • Өз пәнімді оқытқан ұнайды.

  1. Бейімделу кезеңінде сіз қандай сезімде болдыңыз?

  • Алаңдаушылық, өз күшіме деген сенімсіздік.

  • Ашушаңдық, қызбалық, шыдамсыздық.

  • Жоғары шаршағыштық, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі.

  • Сыныптан қорқақтау және оқушылар алдындағы қорқыныш.

  • Басқасы: ________________________________________________

  1. Кәсіби қызметті бастағаннан кейін cіздің таңдаған мамандыққа деген көзқарасыңыз өзгерді ме?

  • Иә, жақсы жаққа өзгерді.

  • Иә, жаман жаққа өзгерді.

  • Жоқ, бұрынғыдай қалды.

  • Жауап беруге қиналамын.

  • Басқасы_______________________________________________________________

  1. Сіздің ойыңызша, жаңа кәсіби қызметке бейімделу үдерісіндегі негізгі қиындықтар қандай?

  • Директордың немесе оның орынбасарының сабаққа күтпеген жерден қатысуы.

  • Туындаған мәселелер бойынша директормен немесе оның орынбасарымен сөйлесу.

  • Оқушылармен тіл табысу.

  • Оқушылардың ата-аналарымен танысу.

  • Басқасы________________________________________________________________

  1. Жаңа кәсібіңізге бейімделу барысында туындаған қиындықтардан қалай шығуға тырыстыңыз немесе тырысасыз?

  • Өз бетіммен шығу жолын табамын.

  • Аса тәжірибелі педагогтарға жүгінемін.

  • Педагогикалық ұжымдағы өзге мамандардың кеңесі мен қолдауына жүгінемін.

  • Өз ата-анамның кеңесіне жүгінемін.

  • Басқасы________________________________________________________________

  1. Қандай қызмет түрлері үлкен қиындықтар тудырады?

  • Тәртіп сақтау.

  • Құжаттама жүргізу.

  • Сабаққа дайындық.

  • Ата-аналармен әрекеттестік.

  • Тәрбие жұмысын жүргізу.

  • Оқушылармен байланыс.

  1. Сіздің кәсіби деңгейіңізді арттыру көзі не?

  • Әдістемелік әдебиет, оқу құралдары.

  • Мамандық немесе оқытылатын пәндер бойынша оқулықтар.

  • Ғылыми-педагогикалық журналдар.

  • Ғаламтор желісіндегі ғылыми мақалалар.

  • Электрондық оқулықтар мен кітаптар.

  • Басқасы________________________________________________________________

  1. Қызметіңізде ең бастысы не деп ойлайсыз?

  • Пәнді сауатты және кәсіби оқыту машығы.

  • Оқушыларға терең әрі мықты білім беру машығы.

  • Балаларды сүйіспеншілікке бөлеу.

  • Заманауи педагогикалық технологияларды білу, оларды жұмыста қолдану.

  • Өзін - өзі жетілдіру, білімді толықтыру, өз пәнін терең білу.

  • Оқушыларға «оқу» қабілетін сіңіру. Басқасы_________________________________________________________________

Қосымша 2


Жұмысты жаңа бастаған жас мұғалімдерді қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым (Жадынама).

  • Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз.

  • Шектен шыққан жағдай орын алса дауыс көтермеңіз.Егер сондай бір жәйт үстінде
    дауыс көтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр болғаныңызға өкінетініңізді білдіріңіз.

  • Баланы жазалай отырып, дер кезінде кешіре де біліңіз.

  • Балалардың бір-бірін жамандап әңгіме айтуына жол бермеңіз, шағым айтқыштарды сөзі шын болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін «жаман», «тәрбиесіз» немесе бәрін «әдейі» істейтін бала секілді сезінбейтін болсын.

  • Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.

  • Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды өткізбеңіз.

  • Баланың бастамасын «Өзіңнен сұраған кезде ғана айт» немесе «Өзіңе рұқсат берген «кезде ғана жаса» деп үзіп тастамаңыз, әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.

  • Ашуланбаңыз және өз ашуыңызды керсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.

  • Сәтсіздік кезіндегі өз көңіл-күйіңізді, реніштеріңізді балалардан жасырмаңыз, олардың бірге қынжылып, сіздің қиналысыңызды өз сезімдері арқылы бірге бөлісуге жол беріңіз, бірақ шамадан асырмай, бұл үшін оларға ризалығыңызды білдіріңіз.

  • Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.

  • Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.

  • Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.





Жұмысты жаңа бастаған жас мұғалімдерді қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым (Жадынама).

  • Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз.

  • Шектен шыққан жағдай орын алса дауыс көтермеңіз.Егер сондай бір жәйт үстінде
    дауыс көтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр болғаныңызға өкінетініңізді білдіріңіз.

  • Баланы жазалай отырып, дер кезінде кешіре де біліңіз.

  • Балалардың бір-бірін жамандап әңгіме айтуына жол бермеңіз, шағым айтқыштарды сөзі шын болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін «жаман», «тәрбиесіз» немесе бәрін «әдейі» істейтін бала секілді сезінбейтін болсын.

  • Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.

  • Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды өткізбеңіз.

  • Баланың бастамасын «Өзіңнен сұраған кезде ғана айт» немесе «Өзіңе рұқсат берген «кезде ғана жаса» деп үзіп тастамаңыз, әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.

  • Ашуланбаңыз және өз ашуыңызды керсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.

  • Сәтсіздік кезіндегі өз көңіл-күйіңізді, реніштеріңізді балалардан жасырмаңыз, олардың бірге қынжылып, сіздің қиналысыңызды өз сезімдері арқылы бірге бөлісуге жол беріңіз, бірақ шамадан асырмай, бұл үшін оларға ризалығыңызды білдіріңіз.

  • Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.

  • Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.

  • Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.





Анықтама

2016-2017 оқу жылының 29-қыркүйек күні мектебімізде жас ұстаздардың қатысуымен «Жас және жаңадан келген мұғалімдердің кәсіби бейімділігіне психологиялық көмек» тақырыбында семинар – тренинг өткізілді. Қатысуға тиісті 10 жас маманның барлығы да қатысып, белсенділік танытты. Бұл семинар – тренингтің мақсаты - жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру; жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру; жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу; жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау.

Семинар - тренинг жоспары бойынша ең алдымен танысу жаттығуы жүргізілді. Бұл жаттығуда мұғалімдер шеңбер құрып, өз – өздерін таныстырып, осы кезге дейінгі жұмысында болған қуанышты сәттерімен бөлісті. Келесі бөлімде «Сіз қандай жұмысшысыз?» деп аталатын проективті әдістеме жүргізілді. Мұнда алдын ала дайындалған аяқталмаған жылқының суреті таратылды, мұғалімдер сол суретті аяқтап, нәтижесінде өздерінің қандай жұмысшы екендіктерін білді. 3-ші бөлімде жас маманға агрессивті, сотқар, ұялшақ, беймаза, өтірікші, ашуланшақ, т.б. балалармен қалай жұмыстану керектігі жөнінде бірнеше кеңес беріліп, жадынама таратылды. Содан кейін ұстаздардан «жас педагогтарды әлеуметтік-кәсіптік бейімдеу» сауалнамасы алынды. Бой сергіту, қол жаттығуларын жасау мақсатында «Табиғат мінезі» тренингі өтті. Келесі бөлімде «Қай орындықты таңдайсыз?» психологиялық тесті жүргізіліп, нәтижесінде мұғалімдер өз – өздерін таныды. Соңғы қорытынды бөлімінде эмблема шығарып, семинар – тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, бір – бірлеріне тілектерін тіледі. Семинар – тренинг өз мақсатына жетті.


hello_html_5878c7c5.jpghello_html_71a467da.jpg

hello_html_m277cb0be.jpg

hello_html_7fc8b225.jpg

hello_html_4ec59757.jpg

hello_html_72c5c5d8.jpg



Мектеп психологы: Дуйсенбаева А.М.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 18.11.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров20
Номер материала ДБ-364922
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх