Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыШығармашылық жоба: " Қазақ газеті "

Шығармашылық жоба: " Қазақ газеті "

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Қарағанды облысы  білім басқармасының

«Мұрагер» дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған 

мектеп-интернаты»  КММ

 

 

                                                                                     

Мектеп оқушыларының  республикалық ғылыми жобалар сайысы

 

 

Бағыты: Қазақстанның  тарихи ескерткіштері мен болашақ дамуы бар  туристік маршруттары

   

Секциясы: тарих          

 

 

 

Қазақ руханиятының әліппесі

 

 

                                                       

 

 

 

Орындаған :  Блялова Адель,

Колдасбаева Динара

                                                10 а - сынып оқушылары

                                             Жетекшісі:  Мусина Айман

Нуралиевна

тарих пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды  2013

Мазмұны

 

 

Кіріспе.......................................................................................................................7

 

І. Негізгі бөлім....................................................................................................8-19

І.1. Алашорда өкіметінің конституциясы..........................................................8-9

І.2. Алаш конституциясы мен бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясындағы үндестік.............................................................................10

І.3.Алаш идеялары және Тәуелсіз Қазақстан мұраттары.............................11-13

І.4. «Алаш» қозғалысына Әлихан Бөкейхановтың қосқан үлесі.................14-19

Қорытынды.......................................................................................................20-21

 

Қосымшалар......................................................................................................22-25

 

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................26

 

 

 

 

 

   

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзектілігі: Белгілі тарихшы Қ. Нүрпейісов, Алаштану саласының төмендегідей маңызды деп табылған мәселелер тізбегін  ұсынды. Қазіргі кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз. Бұл бағытта бірқатар елеулі істер тындырылғаны да белгілі. Мәселен, алаштану мәселесі ғылыми тұрғыда негізделіп, мектебі қалыптасты және Алаш зиялыларының ғылыми-шығармашылық мұралары насихатталуда.

Мақсаты: Алаш қайраткерлерінің нақтылы қоғамдық-саяси қызметтеріне тоқталу, төңкеріс пен азамат соғысы жылдарындағы саяси күштердің тоғысуы және аймақтың ерекшеліктері негізінде талдау жасау арқылы көрсету зерттеудің басты мақсаты болып табылады.

Міндеті:

-         Алаштың құрылу тарихы, оның ықпалын анықтау;

-         Жетекші саясаткерлердің тікелей қызметтеріне талдау жасау;

-         Алаштың мемлекеттік құрылымы, оның ішінде әскери, шаруашылық және мәдени салалардағы қызметтеріне талдау жасау;

-         Алаш ардақтыларының бірі Ә.Бөкейхановтың өмірі мен қызметіне  жан-жақты толық мағлұмат беру.

Ғылыми жаңалығы: Қазақстан Республикасында бүгінде қалыптасу процесін өткеріп отырған демократиялық жаңғырулар барысында ел тарихының «ақтаңдақтарына» айналып келген көптеген күрделі де тартысты тарихи мәселелерге жаңа сындарлы зерттеулер жүргізу, оны ұлттық мақсат пен мүддені және жалпы адамзаттық идеясына үйлестіре отырып іске асыру аталған тақырыпты зерттеудің ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің ғылыми жаңлығына тың архивтік деректердің ғылыми айналымға енгізілуін жатқызамыз.

Ұсыныстар:

 1) Облыс тіпіті республика деңгейінде Алаштану пәнін оқыту;
      2) Қаламыздағы Октябрь ауданының атауын өзггертіп, Әлихан Бөкейхановтың есімін беру;

      3) Кеңес дәуірінен келе жатқан көшелердің мағынасыз атауларын өзгертіп Алаш арыстарының есімдерін беру;

      4) Алашорда күнін (13 желтоқсан) ұлттық мереке ретінде атап өту.

 

Кіріспе

Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Алаш қозғалысының басты мақсаты – қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, сонымен қатар егіншілікті, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Содан бері бір ғасырдай уақыт өткенде осы ұлы мұраттар  егемен қазақ елінің мемлекеттік ұстанымдарына айналып отыр.  ХХ ғасыр басындағы Алаш идеясы ұлттық идея ретінде алға шығып келеді, себебі қазақ мемлекетінің қуаттылығын қолдайды.

 

2.1 Алашорда өкіметінің конституциясы

1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:

·         Мемлекет билеу түрі;

·         Қазақ облыстарында автономия;

·         Жер мәселесі;

·         Оқу мәселесі және т.б.

Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды. Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған.

2.2. Алаш конституциясы мен бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясындағы үндестік:

Бұл екі конституцияның дүниеге келуі де, құрылуы да екі түрлі жағдайда қалыптасты. Дегенмен, Тәуелсіздіктен кейінгі Конституцияда қамтылған мәселенің барлығы Алаш конституциясында бастапқы деңгейде көрсетіліп отырған. Яғни қазіргі контституция кезінде Алаш салып кеткен жолды жіліктеп, жан-жақты қамтыған деп айтуға келеді. Салыстырып өтсек, ондағы негізгі мәселе де бостандыққа, демократиялық-құқықтық билікке кеп тіреледі. Алаш конституциясында ел Ресейге қарасты болғандықтан, сол негіздегі шындыққа бейім жасалған. Мысалы: «Негізгі құқық» атты үшінші бөлімінде «Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, кітап басуға, газет шығаруға – еркіндік» делінсе, бұл – бүгінгі тілмен айтқанда, сөз бостандығы. Ал «кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болады» деуі –бүгінгі тілге салсақ, кісінің жеке өміріне қол сұқпаушылық. Дін ісіне қараңыз. Мұнда: «Дін ісі мемлекет ісінен айырылулы болуы. Дін біткенге тең хұқық. Кіру-шығу жағына бостандық. Мүфтиліктің қазақтың өз алдына болуы, неке, талақ, жаназа, балаға ат қою секілді мәселелер молдада болады, жесір дауы сотта болады» деп жазады. Бұл – зайырлылықтың белгісі. Екінші жағынан қарағанда, ұлттың әдеп, дәстүрлі заңдарынан демократиялық заңдардың айырылу үдерісінің жүріп жатқанын байқаймыз. Шынында да, қазақ үшін қай кезде де жер дауы мен жесір дауы ең үлкен мәселе болса, соның сотта әділдік тұрғысынан қаралуы құпталған.

2.3 Алаш идеялары және Тәуелсіз Қазақстан мұраттары

Алаш ұғымы қоғамда құндылық ретінде орныққан. Ол елдік, тұтастық, бірлік, айбарлық деген бірнеше мәнді жинақтайды. Ел ішінде «алаш алаш болып, Алаша хан болғанда», «алты алаш», «алты сан алаш», «алаш мыңы» секілді тұрақты тіркестер ежелден айтылатын. Сондай-ақ «Керегіміз – ағаш ұранымыз – Алаш» деген нақыл-ұстаным да бар-тын. Бұдан шығатын қорытынды, Алаш – бұрын қазақ ұлтын жинақтайтын және серпілетін сөз әрі қазақ этнонимінің синонимі болса, бүгін де сол деңгейде ұғынылып – байыпталып отыр.

Алаш қайраткерлерінің түпқазық идеясы - қазақ мемлекеті. Ол үшін ата-баба қанын төгіп қорғаған, сақтап қалған, мыңдаған жылдар бойы ешқайда көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау, жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу, өлу, өшу деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгісіндегі қағидаттарға негізделген демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек; бұл ретте ешкімнің нәсіліне, жынысына, дәулетіне байланысты шектеу жоқ; шикізат емес, ұқсатып жасаған, пайда әкелетін өнім шығару мемлекет әрекетінің ең бірінші шарты; қазақ тілін дамыту, оқулықтар, сөздіктер жасау, мектептер, университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елді - мемлекетті қорғау керек.

2.4. «Алаш» қозғалысына Әлихан Бөкейхановтың қосқан үлесі

Бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін Алаш қозғалысы атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемлекеттік Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. Алаш қозғалысының басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс революциясы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ кадеттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын.

Ф. А. Щербина экспедициясы құрамындағы қызметіне тоқталсақ, оның қазақ зиялысы, қоғам қайраткері, ғалым ретіндегі сан қырының мол мүмкіндіктерін осы істе таныта білгендігіне көзіміз жетеді. 1896 жылдан  бастап Әлихан ғылыми жұмыстарға көңіл бөлді. Революцияға губернаторлығына қарап, сол жерлердегі ежелгі қазақ халқын “Сібір қырғыздары” деп атағаны белгілі. Осы Сібір аймағындағы орыс тілінде  шығып тұрған газет – журналаның бірі “Сибирсикие вопросы” (“Сібір мәселесі”) атты журнал. Осы журналдың 1908 жылғы көптеген сандарында Әлиханның эспедиция жұмысы барысындағы ой тұжырымдары нақты көрсетілген.

Қортынды

«Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметі бағдарламасы белгілі дәрежеде казақ жүртына большевиктер ұсынған кеңестік даму жолымен бір мезгілде өмірге келген балама өркендеу жолы болатын. Бірақ сол тарихи кезеңде қазақ коғамына терең  дағдарыстан өркениетті жолға шығу үшін, тарихи тәжірибе көрсетіп бергендей, большевиктер ұсынған жолдан алаштық интеллигенция ұсынған жол анағұрлым тиімді және азабы кем еді. Өйткені алаштық интеллигенция ұсынған балама жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан ары жетілдіре    түсуді көздеді. Ең негізгісі,    бұл жол қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп өзінің ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие  болуға мүмкіндік беретін жол еді. Әрине, мәселенің мұндай деңгейде шешілуі қазақ қоғамы үшін сол даму сатысындағы барлық өзекті мәселердің біржола, түгелдей жойылуы дегенді білдірмейтіні түсінікті. Бірақ шынайы ұлттық бостандық пен ұлттық мемлекеттің орнауы ғана ол үшін өркениетті дамудын, алғы шарты болатын.

Сонымен,  қазақ руханияты әліппесінің маңызды кезеңін зерттеген еңбегімізді аяқтай келе, келесі оқу жылынан «Алаштану» факультативтік курсы орта мектептерде оқытылатынын Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы маманының ғаламтордағы мәлімдемесінен білдік. Аумалы-төкпелі заманды басынан кешкен партия мен өкіметтің айтылмаған саясаты да, сыры да баршылық. Мұны жинақтау, саралау - болашақтың ісі.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шығармашылық жоба: " Қазақ газеті ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 525 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2015 1396
    • DOCX 26.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусина Айманкуль Нуралиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мусина Айманкуль Нуралиевна
    Мусина Айманкуль Нуралиевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15423
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 639 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 173 человека