Инфоурок Директору, завучу СтатьиҮштілділік заман талабы - даярлықтан басталады.

Үштілділік заман талабы - даярлықтан басталады.

Скачать материал

                       ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – САПАЛЫ БІЛІМ АЛУ

               НЕГІЗІ  ДАЯРЛЫҚТАН  БАСТАЛАДЫ

 

    Куанышбекова Алмакуль Каныбековна

 физика пәнінің мұғалімі

Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебі

Оңтүстік Қазакстан облысы

Ордабасы ауданы Қараспан ауылы

 

Аңдатпа

Жұмыста үштілділік ұғымы, табиғаты, оған қатысты ғылыми- танымдық ақпарат, яғни теориялық мəселелер біршама қамтылған. Еліміздегі үштілділік мəселелеріне арналып, өзге тілді меңгертудің тиімді əдіс-тəсілдері кеңінен талқыланған. Ана тілін жəне екінші, үшінші тілді меңгерту жолдары, тілдік бөгет, тілдік орта т.б. мəселелер сөз болады.

Аннотация

В  докладе  рассмотрены значение трехязычия, некоторые теоретические аспекты и научно-позновательная информация по данному вопросу. Во втором разделе рассмотрена актуальность изучения трехязычия в нашей стране и методика рационального изучения первого языка как родного, второго как разговорного и третьего как иностранного учащимися школ.

Abstract

The report discusses the importance of trilingual, some theoretical aspects and scientific and educational information on the subject. Rassmatrivaetsya the relevance of studying trilingual in our country and methodology rational of the study first as a native language, spoken as second and third foreign pupils.

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 

«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек».

Н.Ә. Назарбаев

 

 

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің  – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді.

Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Тек қана жоғары оқу орындарында ғана емес, сонымен  бірге, мектептерде де көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысы да дұрыс шешілуі тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту бізде шешімін таппай жатқан мәселе. Ол ұлттық келісім  мен қазақстандық  патриотизмді нығайтудағы рөлін арттыру ең басты мәселелердің бірі. Орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми – ақпарат алудағы желісін кеңейту  негізгі тақырыбына айналды.         

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында  «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою- бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. Әлемдік білім беру іс- тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес. Қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу- жаңа педагогикалық проблема, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс. 

Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі” деген болатын.
Өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсатымызды анықтап алдық. Ол — Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 

 

Негізгі бөлім:


          «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деген даналық сөзді басшылыққа алып, мен
физика сабағында үш тілде сабақ өту еш қиындығы жоқ, деп ойлаймын, сабақтарымда осы үш тілді қабат алып журуге тырысамын. Бізде   берілген терминдердің барлығы ағылшынша беріліп, оның аудармасын, түсіндірмесін пайдаланып отырып жұмыс жұргіземіз. Қайта бала қызығып отырып оқиды. Оқушыларды топқа бөлу әдісі арқылы әр топқа үш тілде тапсырма беру арқылы, оқушылардың қызығушылығын ояту арқылы сабақ өтуге болады. Үш тілділікті даярлық  тобынан бастаған деп жөн санаймын. Себебі даярлық тобында берілген тапсырмалар көбінесе суреттер түрінде, сондықтан оқушылардың қызығушылығын ояту арқылы сабақ өтуге болады. Жұмбақтар, бірнеше суреттер беру арылы да оқушылардың тілдерін дамытуға болады. Әрине бұл да мұғалімнің шебергіне байланысты. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылыстарында  арттыру арқылы  олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен махаббаттын оятып, өз тағдыры мен ел тағдырын  мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу- басты міндетіміз болып келеді біздің.

Мысалға алғанда математика сабағында мына тапсырмаларда ағылшын тілі мен орыс тілін кеңінен пайдалануыма болады:

1.Тапсырма:

Сандарды  тура және кері  санамақ арқылы санау.

Санамақ.

1-    дегенім бөрік, кисең бойға көрік.    Шапқа                  

 


2-    дегенім етік, киер сәнді етіп.                                                   – boot, shoes

 

 

3-    дененім ішік, теріден тігер пішіп.                                               fur coat

 

 

4-    дегенім  тымақ, қыста кисең жыл- ақ                                   

 

 

5-    дегенім байпақ, іші жылы тайпақ                                     -  валенки

 

 

6-     дегенім алқа, мойныңа тақ алда                                                 (necklace)

 

7-    дегенім жейде, кір болмасын кейде.                                                 Рубашка

 

8-    дегенім сенсең, жылысы тонның сенсең

 

9-     дегенім телпек, болма бала тентек                               .   cap, hat  

 


10-      дегенім оймақ, жүрме босқа ойнап.                                                    Наперсток           

                                 Кері санамақ.                                                               

10- ойланып,    десять

 

  9 – толғанып,     девять

 


8- рет сызып,     восемь      

 

 


7- рет бұзып,    семь    

                                     6- рет  қарап,   шесть

 


5- рет санап,      пять

 

 


                        4- түйме қадап,    четыре

 

 


3- тал үкі тағып,     три

 

 


                                    2- қолым талып,      два

 

 


1-Бөрік тіктім, әрең біттім.    один 

                           

Оқушылар талантының табиғи нышандарын ұштап, дамытуға олардың пəнге деген қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске қосуға, сенімдерін қалыптастыруға, ұжымдық жəне жеке іс-əрекеттер тəсілдерін үйрету арқылы біліктіліктерін арттыруға жағдай жасау қажет.

Ертегілер әлеміне саяхат жасап, ертегі кейіпкерлерді үш тілде атап, оқушылармен таныстырып шығуға да болады.

Мысалға алғанда: «Бауырсақ» ертегісіндегі, Бауырсапқ, қоян, қасқыр, түлкі, аю, апа мен ата. Міне осылардың суреттерін пайдалана отырып, орысша және ағылшынша айтып, жаттатқызуға болады.

 

 

 

 


Қоян

Заяц

 

Hare

 

Түлкі

 

Лиса

 

 

Fox

 

 

 

 

 

 

Қасқыр

Волк

 


Wolf

 

 

 

 

Аю

Медьведь

 


Medved

 

 

 

 

 


Апа

Бабушка

 


Grandma

 

 

 

 

 

Ата

Дедушка

 

Grandpa

 

 

 

 

Бауырсақ

Колобок

Bun

 

Сондай – ақ, басқа да ертегілер әлеміне саяхат жасап үш тілдің мәртебесін түсінуге көп ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқушылармен жыл мезгілдері туралы түсінік беріп жатқанда, үш тілді бір бірімен байланыстыруға болады. Атап кетиетін болсақ:

 

 

 

 

 

 

 


Қыс

Зима

winter

 

 

 

 

 

Көктем

Весна

spring

 

 

 

 

 

Жаз

Лето

summer

 

 

 

 

 

Күз

Осень

autumn

 

 

 

 

 

Жамбыр

Дождь

rain

 

 

 

 

 

 


Қар

Снег

snow

 

Оқушылармен сурет сабағында, енбек сабағында да кез келген уақытында оқушылардың сабақта пайдаланып жатқан құрал саймандардың

 

 

 

 

 

 


Дәптер

Тетрадь

Notebook

 

 

 

 

 

Кітап

Книга

Book

 

 

 

 

Қалам

Ручка

Handle

 

 

 

 

Ермексаз

Пластилин

Clay

 

 

 

 

Бор

Мел

Mel

 

 

 

 

Сызғыш

Линейка

Line

аттарында күнделікті үш тілде атап жүрсек, баланың есте сақтау қабілетіде арттып, оқушының күнделікті сабаққа қызығушылығы оянатынына сенімдімін.  Дәл осындай суреттердің әр оқушыға артүрлі етіп беріп,

 

 бір заттың бірнеше түрлі суретін шығарып оқушыларға таратып, олардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыруға болады.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің казіргі кездегі міндетіміз. Қазіргі кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап, жас маманның кәсіби білімділігін, біліктілігі мен дағдысын қойып отыр. Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау. Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені – оқушылардың ауызша және жазбаша  аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады.  Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы қуантады.

Қазіргі таңда оқушыларға компьютермен, интернетпен, интербелсенді тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға қойылып отыр. Көптеген мұғалімдер осы уақытқа дейін техникалық құралдармен сабақ өтіп, оның қаншалықты тиімді екенін дәлелдеді. Компьютермен сабақ өткізу арқылы оның қолданылуын үйрене отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде өткізуге, оқытушы  мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық және методикалық тұрғыдан сараланып алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы жүзеге асады. Компьютерді қолдану барысында өздерін қызықтыратын әр түрлі мәселелерді шешуге болады және талқылайды. Компьютермен бала жазады,оқиды,түрлі тестер орындайды. Техникалық құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы уақытты ұтасың, дәл, тиянақты оқу-материалдарын алдын-ала дайындап, оқушыға беріп отырсаң өзінен-өзі жасауға тырысады, қызығады, жасамай, үлгермей отырған оқушы болмайды, себебі оның алдында бәрі дайын тұр. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық  технологияны пайдалана білуі кажет. Бұл мәселе білім беруді ақпаратттындырудың қажетті шартына айналып отыр. Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр.

 

Қорытынды:

                          

Қорыта келе, менің айтқым келіп отырғаны  көптілді білім беру бағдарламасы аясында үш тілді меңгеру  тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек болып түр. Бұл жобаның негізгі мақсаты: оқушыны, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру жолы боблып келеді. Сонымен, оқушы бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой - өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.  Оқушылардың халықаралық жобалар мен олимпиядаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми жүмыстарды бірлесе отырып жұмыс жасауға байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

Тіл – халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз – деп  осы мақаламды аяқтағым келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

1.     Қ.Р «Білім туралы» Заңы

2.     ҚР «Тілдер туралы»Заңы

3.     12 жылдық білім. ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-сараптамалық журнал, №3  2008ж.

4.     12 жылдық көшуге арналған білімді дамыту бағдарламасы.

5.     Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №2(44), 2010ж.

6.     Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Оқулық. 3-бас. Алматы: Санат, 1993.

7.     Балақаев М. Тіл мəдениеті жəне қазақ тілін оқыту. А., 1989.

8.     Сарыбаев Ш. Орыс оқушыларын қазақша сөйлеуге үйрету əдісі //Халық мұғалімі. 1948. №12, 24-26 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР

1.     Кіріспе.

Үш тілді білім беру – сапалы білім алу негізі даярлықтан басталады.

2.     Негізгі бөлім

Үш тілді білім берудің тиімділіктері

Даярлық тобында қалай пайдаланамыз

3.     Қорытынды.

4.     Пайдаланған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үштілділік заман талабы - даярлықтан басталады."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 393 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2017 2425
    • DOCX 816.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куанышбекова Алмакуль Каныбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14793
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация внутреннего финансового контроля и внутреннего финансового аудита. Ведомственный контроль

36 ч.

1580 руб. 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Корпоративные финансы

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Геодезические работы в строительстве

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек