Инфоурок Классному руководителю СтатьиШын дос болу - бақыт

Шын дос болу - бақыт

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: « Шын дос болу –бақыт» .

Сабақтың мақсаты:

      Мақсаты: оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен сыйлас болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.

Міндеті: адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

 Пайдаланылатын көрнектілер:

     Ұлы адамдардың ойлары, слайд,  нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер.

       Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру .

II. «Ой сергіту»(Дос туралы ойларын білдіреді)

ІІІ. «Дос болу – киелі ұғым»

IV. «Адал дос пен амал дос»

V. «Жағдаяттан  шығу»

VI. Сергіту сәті.

VII. «Жарысты жалғастыр» ойыны(Мақалды аяқтау)

VIII. «Мінездеме беру» тренингі (Бес саусақ)

IX. «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Құм мен тас» аңызы.

 (слайдтан бейнеролик көрсетемін және оқушылардың пікірін тыңдаймын)

Балалар әрбір адам үшін сырласатын, қуаныш пен қайғыны бөлісетін, бір-біріне көмек беретін жақын адам керек.   Сол жақын адамды біз қалай атаймыз? 

Бүгінгі «Шын дос болу-бақыт» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

Абай атамыз айтқандай:

Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,

Қиғаш біткен маңдайға қас та өзгеше.

Кеңшілікте дос та дос, қасыңда дос,

Таршылықта қайырылмаған дос та өзгеше.

 Балалар, сіздер дос болу деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы сыныпта дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз үш топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.

 

II. «Ой сергіту»

1) «Достық неден туындайды, қалай түсінеміз?»

     Осы сұрақ төңірегінде оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

 

1.          Дос деген кім?

2.     Достық дегенді қалай түсінеміз не?

 

 

 

                     Сыр бөлісетін адам

                     Мені өте жақсы түсінетін адам

Дос                     Көмекке әрдайым дайын адам   

                     Қандай жағдай болмасын болмасын  бірге болатын адам

                     Сенімді адам    

3.Досың бар ма? Ол кім?

4. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

5. Достық жасқа байланысты ма?

6. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

7. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

8. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

      9. Дос қандай болу керек?

 

                                              Адал

                                              жомарт

                                              адамгершілігі мол

                                              қарапайым

                                              мейірімді

 Дос                                       кешірімді

                                              төзімді

                                             ақылды

 

 

                                                    сабырлы

         Дос                                     салмақты

                                                    кек сақтамау

                                                    ашықтық, бүкпесіздік

 

Оқушылар плакаттағы  сұрақтарға  топқа бөліну арқылы жауаптарын береді. 

1.     Дос деген кім?

2.     Достықтың негізгі қасиеттері.

3.     Достық ережесі.

4.     Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады?

ІІІ. «Дос болу – киелі ұғым»

1)  Скифтер дос болу үшін арнайы келісім-шартқа  отыратын болған.  Дос болуға ықылас білдіргендер қылышпен саусақтарынан   қан шығарып, бір ыдысқа құйып ант қабылдаған. Осыдан соң оларды ешкім де, ешнәрсе де айыра алмайды деп сенген.

2)  Кавказдықтар дос болу үшін үш қадамға барған. Алдымен жасы үлкендердің алдында ант қабылдаған. Бірнеше жылдан кейін екінші  дәстүрді жасаған: достықты тот баспау үшін алтын жүзік салынған ыдыстан сүт ішіскен.

3)  Үндістер достық шартын бүкіл ел алдында қабылдайтын болған. Бір ерекшелігі үш реттен ант қайталап, ант қабылдаған достардың жынысына көңіл бөлінбеген. Ер мен ер не әйел мен ер де жолдас бола алады дескен. Бірақ дос боламыз деп ант берген ер мен әйел кейін қосыла қалса, “қан араласты” деп қарсы болған.

4) Австралия аборигендері тек өздерінен үш рет бір нәрсе сатып алған адамды ғана дос деп санаған.

 

      Достық- адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

IV. «Адал дос пен амал дос»

  Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:

-       Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

-       Достықтықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі – амал достық.

«Енді оны қалай ажырата аламыз» ? (Оқушылар  екі-екіден көрініс көрсету арқылы түсіндіреді.)

Енді балалар дос туралы кім, қандай тақпақтар біледі? Ортаға салып, білетіндеріңмен бөлісейік.

Адал достық - өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа  болады, - деп жауап береді екен.

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

-Жарайсыңдар балалар, енді сендер білесіңдер ме достың екі түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі- амал достық. Адал достық сенімді, қамқор, адал сендердің достықтарың сияқты болады, амал достық өтірік айтады, мақтаншақ, арам болып келеді.

         

V. «Жағдаяттан  шығу»

1)     Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

2)    Екеуің жан доссыңдар және тағы да бір достарың бар, үшеуің сырт көзге қарағанда қызығарлықтай құрбыларсыңдар. Бірақ та сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың, ал сенің жан құрбың онымен жақсы сыйласады. Сен қайсысын таңдар едің?

3)    Сіздің құрбыңыз жаман қылық көрсетіп, сол үшін жұрт алдында сөгіс естіді. Бұл жағдайда сіз құрбыңыздікі дұрыс болмаса да, оның көңіліне қарап, оны жақтайсың ба?

4)    Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың?

«Сергіту сәті»

  «Жарысты жалғастыр» ойыны.

      Мақал-мәтелден тек бір-екі сөзі ғана айтылады. Ал оқушылар оны толық табу қажет.

Енді, оқушылар, слайдқа қарап мақал-мәтелдердің жалғасын табайық.

1.Өз басыңды дауға берсең де, досыңды жауға берме.

2. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

3. Күлме досыңа, келер басыңа.

4. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас.

5. Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.

6. Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

7. Доссыз адам-тамыры жоқ ағашпен тең.

8. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

9. Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды.

10. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.

11. Екі ердің достығы  асулардан асырар.

Екі елдің достығы  ғасырлардан асырар.

 «Мінездеме беру» тренингі

 

       Қазір мен сендерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусаққа өзіңнің қасыңда отырған  балаға көрсетпей мінездеме жазыңдар.

 

Тірек сөздер:

 Адал                                   арам

 жомарт                             өз қамын ойлайтын

 адамгершілігі мол           кекшіл    

 қарапайым                      сөзге түсінбейтін     

 мейірімді                        жалқау   

 кешірімді                       тәккапар

 төзімді                             қатал

 ақылды                           мейірімсіз  

 сабырлы                        сараң

 салмақты                       қызғаншақ

 кек сақтамау                 тұйық   

 ашықтық                      

 бүкпесіздік

      «Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылы бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік.

 

Рефлекция:

          «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»

Барлығыңыз орныңыздан тұрып, бір-біріңіздің қолыңыздан ұстап, қасыңдағы сыныптасыңа бірінші жаман қасиетін, екінші жақсы қасиетін айтыңыздар. «Сын түзелмей, мін түзелмейді»-демекші сынды ашуланбай қабылдаңыз да, болашақта кемшілікті жоюға тырысыңыздар. Сонымен қатар, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»-деп халқымыз айтқандай, жақсы қасиетінде айтып, мадақтап қойыңыздар.

Рахмет, оқушылар! «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». Сондықтан әрқашан кешірімді болыңыздар!

Қорытынды:     

·        Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

·        Досыңды алдамай, оған адал бол.

·        Досыңды қорлама.

·        Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

·        Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

·        Досыңның кемшілігін кешіре біл.

 

 

 

Дос

Дос емес достық сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атыңа қосылады?

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе?

Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас.

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

 Жасыған жездей болып мойымаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

 Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз.

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Осымен «Шын дос болу-бақыт» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңілдеріңізге, уақыт бөлгендеріңізге көптен-көп рахмет. Достарымыз әрқашанда көп болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шын дос болу - бақыт"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 593 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.10.2020 256
    • DOCX 45.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қайратова Мөлдір Қайратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қайратова Мөлдір Қайратқызы
    Қайратова Мөлдір Қайратқызы
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7805
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 400 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 557 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 738 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 055 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе