Инфоурок Классному руководителю ПрезентацииСынып жетекші мен ата-аналардың ынтымақтастығы

Сынып жетекші мен ата-аналардың ынтымақтастығы

Скачать материал
Скачать материал "Сынып жетекші мен ата-аналардың ынтымақтастығы"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • ПОДСТЕПНЫЙ ҚАЗАҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІАәМектеп оқушыларының тәрбие...

    1 слайд

    ПОДСТЕПНЫЙ ҚАЗАҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
    Аә
    Мектеп оқушыларының тәрбиелік дағдыларын қалыптастырудағы сынып жетекшілері мен ата-аналардың ынтымақтастығы

  • Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға...

    2 слайд

    Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
    Нұрсұлтан Назарбаев

  • Тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы:


 «Тәрбие процестерін ұйымдастыруда...

    3 слайд


    Тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы:


    «Тәрбие процестерін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалануды жетілдіру»
     
    ПОДСТЕПНЫЙ ҚАЗАҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
    Аә

  • мектептің тәрбие процесіне ата-аналардың белсенді қатысуын ұйымдастырудың жо...

    4 слайд


    мектептің тәрбие процесіне ата-аналардың белсенді қатысуын ұйымдастырудың жолдарын қарастырып, қамтамасыз ету;

    оқушылармен және олардың ата-аналарымен жиналыстарды, кездесулерді, тәрбие сағаттарын, пікірталастарды, дөңгелек үстелдерді жаңа технологияларды пайдаланып өткізу арқылы шаралардың тиімділіктерін арттыру;

    оқушылардың әдеп ұстанымдарын және моральдік қасиеттерін, патриоттық, құқықтық саналарын қалыптастыру және дамыту;


    Мектептің тәрбие жүйесінің міндеттері

    оқушыларды ұжымда жұмыс істеуге бейімдеу, әдемі қарым-қатынасқа, достыққа, ауызбіршілікке, татулыққа тәрбиелеу;

     
    оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру;

    оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру.

  • Күтілетін нәтиже:
 
Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарасының өзгеруі,...

    5 слайд

    Күтілетін нәтиже:

    Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарасының өзгеруі, оған үлкен мән беруі.

    Өмірден өз орнын таба білетін, салауатты өмір сүретін, адамгершілігі мол, жан-жақты, елжанды тұлғаның қалыптасуы.
     
    ПОДСТЕПНЫЙ ҚАЗАҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
    Аә

  • Ата-ананың баласына қалдыратын ең үлкен мұрасы – берген жақсы тәрбиесі....

    6 слайд

    Ата-ананың баласына қалдыратын ең үлкен мұрасы – берген жақсы тәрбиесі.
    Отбасындағы ата-ана – баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Сондықтан біз мектептің отбасы тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін ата-аналарға мектеп есігін айқара ашып, балалармен өткізілетін әр түрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызып жүрміз. Тіпті кейде ата-аналар арнайы дайындықты талап ететін тәрбие сағаттарына, саяхаттар мен денсаулық фестивальдеріне шақырылады.

  •  Сынып жетекшілері қажет болғанда отбасына оқушы арқылы баласының сабақтағы ү...

    7 слайд

     
    Сынып жетекшілері қажет болғанда отбасына оқушы арқылы баласының сабақтағы үлгерім жетістіктері мен ұнамды немесе ұнамсыз әрекеттері жайлы хабарлап, ашық хат немесе жаднама жолдайды.

  •  Бүгінгі күнгі педагогтардың, отбасы мен жұртшылықтың күш-жігерін үйлестіріп...

    8 слайд

     
    Бүгінгі күнгі педагогтардың, отбасы мен жұртшылықтың күш-жігерін үйлестіріп отыру – сынып жетекшісінің міндеті. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-ана десек, баланың көзқарасы және нанымы, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері отбасында қалыптасады. Ал бала тәрбиелеуде, оқытуда мектеп шешуші роль атқарады. Мемлекет балаларды тәрбиелеуде отбасына мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп отырады. Яғни мектеп мемлекеттік мекеме есебінде балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тәрбиелеуде отбасына жәрдемдесуге, ата-аналар арасында педагогикалық–психологиялық насихатты белсенді жүргізуге міндетті. Сол себепті, сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтасқан бірліктегі еңбегі - бала тәрбиесіндегі мақсатымызға жетудің ең тиімді жолы. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 49-шы бабында ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер «баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға, ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға, білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға, балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар» және олар «балаларға

  •  өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өр...

    9 слайд

     
    өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге, балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті», - деп жазылып, жас ұрпаққа тәрбие, білім беру үдерісінде қатысушы субъект ретінде ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеген. Бұл 49-бап оқушылардың білім, тәрбие сапасын арттырудағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығының аса қажеттігін ашып көрсетеді. Бұл Заң қыркүйек айындағы ата-аналар жиналысында және ата-аналар өз міндеттерін толық атқармаған жағдайларда қарастырылады.

  •  Мектеп пен отбасы бірлесіп күш-жігер жұмсай отырып, жеткіншек ұрпақтың жан-ж...

    10 слайд

     
    Мектеп пен отбасы бірлесіп күш-жігер жұмсай отырып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысулары қоғам талабына сай болуы тиіс. Кемелденген ел жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласуының үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен балалардың адамгершілігін қамтамасыз ету үшін керек. Ендеше білім ордасының отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен, сынып жетекшілері арқылы жүзеге асады.
    Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
    1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату.
    2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
    3. Ата-аналар ұжымын құру.
    4.Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.
    Ата-аналардың көбі балалары төменгі сыныптарда оқығанда мектеппен, қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста болады да, жоғары сыныптарда бұл мәселеге көңіл бөлуді азайтады. Сынып жетекшілер ата-аналармен кездескенде оларды мектептің талабымен таныстырып, оқушыларға әсер етудің формалары мен әдістері жөнінде келісіп алады. Олар ата-аналарға педагогикалық білім таратып, отбасында адам тәрбиелеудегі өздерінің ізгі міндеттерін жақсы орындауына көмектеседі, барлық ата-аналардың өз балаларының қамқоршы ұстазы болуы үшін тырысады. Егер барлық ата-аналар сынып жетекшісінің талаптарын жақсы түсініп, қолдап отырса, балаларының дұрыс тәрбиеленуіне ықпал етіп, мектепке зор көмек көрсетер еді.

  •  Бірақ кейбір ата-аналар өз отбасыларының аясынан шыға алмай, қоғамдық тәрбие...

    11 слайд

     
    Бірақ кейбір ата-аналар өз отбасыларының аясынан шыға алмай, қоғамдық тәрбие талаптарына өзінің жеке бір ерекше бағытын, балалармен қарым-қатынастағы дара әдісін қарама-қарсы қояды. Кейбірі балаларын еркелетіп жібереді, барлық тілектерін орындауға тырысады, еңбектен қол үздіреді. Мұндай отбасыларда балалар тіпті жеңіл үй жұмысына да араласпайды. Бұл бірте-бірте оқу еңбегіне де теріс әсерін тигізеді. Нәтижесінде балалар нашар оқып, үйге берілген тапсырмаларды орындамайтын болады. Мұндай ата-аналар балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру үрдісін қиындатады. Осы кемшіліктерді көрісімен сынып жетекшісі педагогикалық сипаттағы шаралар қолданады. Яғни балаларға сезімталдықпен қарап, олардың бастамаларын және дербестігін тұншықтырмай, икемдеп бағыт-бағдар көрсетіп тәрбиелеу керек екенін ата-аналарға ескертіп отырады. Өйткені, мектеп пен отбасының тығыз ынтымақтастығы талап пен тәрбиелік ықпалдың бірлігін қамтамасыз етеді.

  •  Мектептің отбасымен ынтымақтастығы, оқушыны тәрбиелеу жұмысы ең алдымен оқуш...

    12 слайд

     
    Мектептің отбасымен ынтымақтастығы, оқушыны тәрбиелеу жұмысы ең алдымен оқушыны, оның отбасы жағдайын зерттеуден басталады. Ол сынып жетекшісі тарапынан төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады.

  •  Зерттеу жұмысын жүргізе отырып сынып жетекшісі балалар тәрбиесін тиімді ұйым...

    13 слайд

     
    Зерттеу жұмысын жүргізе отырып сынып жетекшісі балалар тәрбиесін тиімді ұйымдастыруда ата-аналармен байланысады.
    Олар әр түрлі формада ұйымдастырылады.
     

  •  

    14 слайд

     

  •  Бұл шараларда ата-аналар балалардың есеюіне, жетілуіне демеу болудың және ба...

    15 слайд

     
    Бұл шараларда ата-аналар балалардың есеюіне, жетілуіне демеу болудың және баланың бойында рухани байлықты дамытудың маңыздылығын, ол үшін сүйіспеншілік сезім, мейірімділік пен сыпайылықтың қажеттілігін біледі. Ата-аналардың балаларымен ынтымақты қарым-қатынас жасауының нақтылы әдістерін үйренеді, отбасында пайда болған өзара түсініспеушіліктерге байланысты жеке-дара кеңестер алады.
    Отбасы – саналық пен ынтымақтастықтың және болашақтың бастау алар негізі. Сондықтан да мына кеңестерді ата-аналардың есіне жиі түсіріп жүру қажет:
    1. Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық қана емес, заңнамамен бекітілген міндеті. Ең басты мысал, Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауына болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті», -делінген.
    2. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.
    3. Отбасындағы бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуы қажет.
    4. Бала бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.

  •  Бала тәрбиесіне қай кезеңде, қай елде, қай ұлтта болмасын үлкен мән берілген...

    16 слайд

     
    Бала тәрбиесіне қай кезеңде, қай елде, қай ұлтта болмасын үлкен мән берілген. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар, адамгершілік ізгі қасиеттер үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан  танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел болашағы – өскелең ұрпақтың санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. К.Ушинский былай деген екен: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да оның орнын баса алмайды». Яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі – саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болары даусыз. Осындай өнегелі отбасы Дархан және Динара Хамидуллиндер Дидар және Нейла есімді балаларымен бірге аудандық «Алтын ұя» отбасылар байқауына қатысып, жоғары дәрежеде өнер, білім көрсетіп, Бас жүлдені жеңіп алды. Балаларының сынып жетекшілері Бейбітова Тулпан Маратқызы және Турсыналиева Айнур Галимовна. Бұл отбасы VII облыстық «Алтын ұя» отбасылар байқауында ұпай саны бойынша IV орында болып, «Жаңашылдық шыңына өрлеген отбасы» аталымын иеленді.

  •  Ал, Исатаевтар отбасы облыстық «Жанұялық дәстүрлер» атты семинар-тренингке б...

    17 слайд

     
    Ал, Исатаевтар отбасы облыстық «Жанұялық дәстүрлер» атты семинар-тренингке белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

    ПОДСТЕПНЫЙ ҚАЗАҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
    Аә
    Балаларының сынып жетекшілері Сайынова Нұрлы Сайынқызы және Едгина Айнұр Берікқалиқызы.

  •  Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы екендігін әрбір тәрбиелі азамат өзінің...

    18 слайд

     
    Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы екендігін әрбір тәрбиелі азамат өзінің өміріне талдау жасап, мол мәліметтер жинақтап байқайды. Ата-аналар мен мектептің бірден-бір мақсаты жан-жақты жетілген, үйлесімді дамыған, адамгершілігі мол, парасатты, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру.
    Баланы тәрбиелеуде әр ата-ана өздері білімді болуы керек. Бірақ, бес саусақ бірдей емес, әрбір ата-ана баласына дұрыс ықпал етудің әдіс-тәсілдерін біле бермейді. Сондықтан да сынып жетекшісі ата-аналармен тығыз байланыста болып, пікірлесіп, білмейтін жерлерін толықтырып отыруы керек. Сонда ғана балалардың жағдайын түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал жасай аламыз деп ойлаймын.
    Баяндамамды Ян Амос Коменскийдің ұстаздар туралы айтқан мына пікірімен аяқтағанды жөн көрдім «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол шәкірттердің қимыл әрекетіне, ойына ақылдың дәнін сеуіп, жанына нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі». Лайымда осылай болғай.
    Құрметті әріптестер, жаңа оқу жылы баршамызға құт-береке, қуаныш, шығармашылық табыс, сәттілік, жеміс пен жеңіс әкелсін!
    Тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 126 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.08.2015 3305
    • PPTX 11.3 мбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Габдыгалиев Берик Сабыргалиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 47273
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 745 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 012 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 788 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 845 человек

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе