Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс іс-шара "Жаса Қазақстан"

Сыныптан тыс іс-шара "Жаса Қазақстан"

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_19966295.gif«№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ





Жаса, Қазақстан!

(мерекелік кеш)















Тәрбиеші : Л. Б. Мухаметқалиева



Семей 2015-2016 оқу жылы







«Жаса Қазақстан!» мерекелік кеш

Мақсаты: оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып,туған елі мен жеріне деген суйіспеншілігін арттыру,асыл мұрасын қастерлейтін парасатты бәсекеге қаблетті ,адамгершілігі мол саналы азамат болуға тәрбиелеу тілімізбен тарихымызға құрметпен қарау

Көрнекілігі: интерактивті тақта, желтоқсан жаңғырығы жайлы слайд, гүл,шарлар, Лаззат Асанованың фота суреті.

Өтілу барысы: Салтанатты түрде фанфар ойналады

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар !Бүгін біз сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күніне арналған «Жаса Қазақстан!» салтанатты жиынға қош келдіңіздер. 


2-жүргізуші:

Егемен еліміздің ең ұлық ,ең қастерлі мерекесі-Тәуелсіздік күні.Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!

1-жүргізуші: Әнұраным жанұраным,

Айтар әнім,сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам әнұраны –дей отырып әнұран шырқауымен мерекелік кешімізді бастаймыз

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік-қасиетің,құнарың,

Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың

Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы

Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның



1-жүргізуші:Бүгінгі кешімізді ашу үшін сөз кезегі мектеп директоры Нәзигүл Ешенғазықызына береміз.

Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.Бес жыл өтсе де,бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.

Алдарыңызда өздерінің жыр арнауларымен бастауыш сыныптың оқушылары. Балақайларымызды ду қол шапалақтарыңызбен қарсы алыңыздар. 

Күй орындалып тұрады.

Рустам : Тәуелсіздік түсен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.



2. Тельман: Жылдар бойы бостандыққа шөлдеген

Халқым менің не қасірет көрмеген.

Жоңғар жаулап бейбіт жатқан елімді,

«Ақтабанда» көздің жасы көлдеген.



3. Нұрқан: Елім менің сонда қорқып ықпаған,

Намыс туын құлатпаған, жықпаған.

Үш биі мен батырлары қазақтың

Еліміздің іргетасын нықтаған.



4. Диана : Әйтеке би, Төле, Қазыбек бастаған

Қабанбай мен Бөгенбайлар қостаған.

Ордабасы тауында үлкен жиын боп,

Жоңғарларға қарсы ұрыс тастаған.



5. Гүлбаршын: Жоңғар жаулап, қырып-жойып қорлаған

Қазағымды қайғы бұлты торлаған.

Райымбектей батырлары ерлікпен,

Елін, жерін жауға бермей қорғаған.



6. Шырай: Жоғарлардан босаған соң жеріміз

Есін жиып, бас көтерді еліміз.

Азаттыққа жеттік пе деп қуанып,

Жиылғандай болды етек-жеңіміз.



7. Ардақ: Орыс алды шұрайлы енді жерлерді

Қазақ халқы қоныс таппай сенделді.

Махамбет пен Исатайлар сол кезде

Қазақ елін хан ұлына теңгерді.



8.Ақмерей: Бастарына «Темір қазық» жастанған

Қалың жаудан қорқып әсте саспаған.

Сырым менен Амангелді, Жанқожа,

Кенесары көтеріліс бастаған.



9 Диас: Алашқа арнап мақсаты мен арманын

Қазақ үшін қиды қыршын жандарын.

Өтті өмірден Ахмет, Сәкен, Әлихан

Теңдік үшін қиып қасық қандарын.



. Елдар: Жүсіпбек пен Мағжан сынды жалынды

Ақындарға жалған жала тағылды,

Ең ақыры арыстардың аттарын

Атауға да қатаң тиым салынды.



11.Тоғжан: Желтоқсанның мұзда жанды алауы,

Қолдарында ұстаған бір жалауы.

Ербол,Қайрат,Ләззат пенен Сабира,

Тәуелсіздік болған еді қалауы

2-жүргізуші: Тәуелсіздік жолында күресіп, жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың, айбынды аталарымыздың, қайсар ағалармыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық.

(1 минут үнсіздік)

1-жүргізуші: 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. Желтоқсан желі дауылға айналды.1986 жыл 16 желтоқсан жергілікті уақыт сағат 1000шамасында Қазақстанның жаңа тарихының бастауымен болашағының жолайырығы болған Республиканың Орталық Комитетінің 5-пленумі өтті.Осы пленумда Дінмұхаммед Қонаевтің орнына, көріп білмеген Колбинді бір ауыздан сайлады.

2-жүргізуші:17-желтоқсан жергілікті уақыт шамамен 7-8 шамасында Брежнев атындағы алаңға жастардың алғашқы тобы шоғырлана бастады.Барлығы 200-300 адамдай,қолдарында айқара көтерген ұрандары бар «Ұлт саясатының Лениндік принциптерін сыйлауды талап етеміз!», «Әр Республикаға-өзінің басшысы!», «Қазақстан Жасасын!»деген сияқты қазақ-орыс тілдеріндегі жазбаларын ұстап,өткінші жұрттың назарын еріксіз аударғандай еді.

Слайд «желтоқсан жаңғырығы жайлы »

Сахналық қойылым «Қайсар ару – Ләззат қыз»

(Сахнада – Ләззаттың бейіті, суреті, туған және қайтқан уақыты жазылған)


(Жарық жанады. Бейіт басына оқушылар келіп, гүл қойып, сап түзеп тұрады.)


1 - оқушы:
Ұяңнан ұшып шығып, оралмадың,
Ауылың Ақжазыққа қона алмадың.
Шілде айы туған күнің екен сенің,
Ол күннің қонағы боп келе алмадың.


2 - оқушы:
Небәрі 16-дан асып едің,
Балалық бал дәуренмен тасып едің.
Қазақтың салт - дәстүрін, жолын қуып,
Өмірге енді қадам басып едің.


3 - оқушы:
Қайырылмай кеткен қарлығаш,
Желбіреген қолаң шаш.
17-ге жете алмай,
Қиылып кеткен қыршын жас.


4 - оқушы:
Ел үшін ерлігімен елене,
Абырой мен атағына бөлене.
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.
(Барлығы кетеді)

Анасы бейітке гүл қойып, жоқтау айтады:
Оу, көздің жасын бұлайын,
Жүректі жеді - ау уайым.
Саған ғұмыр бермеді - ау
Жарылқаған Құдайым!!!
Құлыным менің қор болды - ау,
Заманың сенің зар болды - ау.
Желтоқсанның қайғысы
Сан анаға сор болды - ау.
Желтоқсанның анаға,
Ызғары көп құлыным.
Намыстан өлген қазақтың
Қыздары көп құлыным.
Сен де соның бірісің,
Өлген жоқсың, тірісің.
Тірі жүрген қыздардың,
Сыйынар жалғыз пірісің.
Зарлағанда не табам,
Сабыр берсін жасаған.
Кімге ғана ұстатар,
Қысқа ғұмыр қашаған?
Заманына қайқайып,
Қарсы тұрған, боташым.
Алтын сақа асықтай,
Алшы тұрған, боташым.
Дәл өзіңдей қыз тапқан,
Менде арман бар ма екен?
Қайтейін, құдай, қайтейін?!
(Гүлін қойып кетеді. Жарық сөнеді.

Жарық бейітке түсіріледі, бейіттің ар жағында аруақ бейнесіндегі Ләззат шығады. Ләззаттың басы мен иығы көрінеді)
Ләззаттың сөз сахна сыртынан оқылады.


Ләззат:
Он алтыда қиылдым мен,
Табанында танкінің.
Ләззат атты құрбанымын,
Қазақ деген халқымның.
Шағаладай қалықтаған,
Көк теңізді жағала.
Ләззат дейтін мен болам,
Аспандағы шағала. (шағала ұшыру)
Туған халқым - қазағым,
Сенің үшін жанамын.
Енді қайтіп көрмейік,
Желтоқсанның азабын.


1-жүргізуші:-Иә,желтоқсан оқиғасын еске алғанда әуелі,сөз жоқ,желкілдеп өсіп келе жатқан ағаларымызбен апаларымыздың тағдырын жасұрпақтай жапырып,өктемдік пен үстемдіктің табанының астына тастаған қайғылы да қаралы күн еріксіз еске түседі.

Желтоқсан оқиғасы... Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп тұрғандай.Оны еске алған сайын арқамызды аяз,маңдайымызды мұз,табанымызды сыз қарығандай күй кешетініміз рас.Өйткені ол күллі әлемді дүр сілкіндірген күндер еді.

.

2-жүргізуші: Айналайын алтын әнім,жас өркені халқымның,

Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,

Кеудеде әлі сыз жатыр сол кездегі салқынның,айналайын,жас өркені халқымның.

1-оқушы:

Дауылға желтоқсанның желі айналды

Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы

Күтпеген іс арқылы не ,болды деп,

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Кез емес жаугершілік « аттан» атты,

Алаңның шеруі емес, салтанатты

Қытымыр қыстың басы сол бір айда

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

Желтоқсанда үзілген жас буындар

Елін,жерін қорғады,ұмытпаңдар

Ұмытылмас мәңгілік батырларды

Қазақ елі әрқашан мақтан тұтар.

Батыр аға-апалар ұран еткен

Бейбіт ел боп қалсақ деп арман еткен

Қазақстан тәуелсіз ел болғанда

Қайрат,Ләззат,Сәбира қанын төккен.

Қайғы езіп елдің еңсесін,

Жаншыды-ау жанын батпан мұң,

Енді қайтіп келмесін,

Солбір қарғыс атқан күн.



2-оқушы:

Тәуелсіздік не деп оны түсіндік,

Тәуелсіздік ар-ожданың, кісілік

Адамға- адам жолдас, бауыр туыс деп,

Ел жұртынның алма құнын түсіріп.

Тәуелсіздік сәбиімнің шаттығы,

Тәуелсіздік ақ батасы атаңның.

Тәуелсіздік таусылмайтын жыр-әнім,

Тәуелсіздік қасиетті құраным

Туған жер егеменді тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып буынған бел.

Мақтанам кең байтақты елім үшін,

Құнарлы,мол шырынды жерім үшін.

Қазақстан

Қазақстан елім бар мақтанарым

Қазақстан жерім бар шаттанарым

Туған жер деп лүпілдеген жүректерді

Ту,Елтаңба,Әнұран, Рәміздерін

Қазақстан елінің көзі еткен.

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылыағыс.

Егемендік-ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын, қуаныш!

Күй орындалады

1-жүргізуші:Сүйінші, Сүйінші, Сүйінші халқым! Тәуелсіздік таңы атты. Ата-баларымыз аңсап,армандаған еркіндікпен бостандықтың таңы атты.

2-жүргізуші:Тәуелсіздік!Қасиетті де,құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып,ой жіберейік.Тәуелсіздік таңы атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалған аманаты жатыр.Ұлы даланың жас перзенті-қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері,тағдыр алға тартқан талай тар жол,тайғақ кешулер жатыр.Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігі азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы.

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Ән: « Сәлем саған туған ел » орындайтын Танирбергенова Дильназ

2-жүргізуші: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алды. Еліміздің жүрегі Астана қаласы бой көтергеннен бастап, жадырай түскен кезеңінде, және бүгінде қарқындап өсіп келе жатқан қадамдарымен Қазақстанның тәуелсіздігін бүкіл әлемге жария етті. 

Көк туым көтерілді бағым жанып, 
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық. 
Шырқадым әнұранды бар дауыспен, 
Арманым –Ата заңым қабылданып.

Интернат қызарының орындауында қазақ биі

1-жүргізуші:-Иә,Қазақстан-Тәуелсіз ел!Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді. «Тіл ұлт байлығы»дегендей,өзіміздің ең қымбат қазынамыз-ана тіліміздің де қанаты қатайып келеді.Ежелден аңсаған ата-заңымыз қабылданып, күшіне енгеніне,бүгінде 24 жыл толып отыр.Қолымызда тәуелсіздігіміздің көк туы,елтаңбамыз,төл теңгеміз,дініміз,халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз да бар.Мұның барлығы ата-бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп,мың өліп ,мың тірілген,қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты-Тәуелсіздік!

Ән: « Алға қазақ жігіттері » орындайтын Абдырахманов Рауан

2-жүргізуші:Біздің алға қойған мақсатымыз алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарына ену.Сондықтан халықтың ,ойы,көңілі,тілегі мына бізде,яғни жастарда.

1-жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді

Қазақпын,қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам

Ән: « Қорқыт қобыз » Танирбергенова Дильназдың орындауында

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар бүгінгі тәуелсіздік мерекесі өз еліміздің тарихы жайлы,тәуелсіздік жолындағы күресі,желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өз мәресіне жеткен сияқты.

1-жүргізуші:

Кең байтақ ,көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман , жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан-елім менің



1-жүргізуші:

 Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік,еңсесі кең болсын!

2-жүргізуші:

Елтаңбамыз ажарлы, Әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін.

 
2-жүргізуші:

Еліміздің белгісі көк туымыз әрқашан желбірей берсін. 

1-жүргізуші:

 Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін! Жаса, Қазақстан! 

«Атамекен » әні, барлық қатысушылар сахнаға шығады

2-жүргізуші:

 Құрметті көрермен қауым, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын деген игі тілектер жолдай отырып біз өздеріңізбен қоштасамыз. әрқашан да Тәуелсіз қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен

елдің ұрпағының еңсесі биік болсын!

1-жүргізуші:
 Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!!!





















C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\16 желтоксан 2015 ж фото видео\101MSDCF\DSC07580.JPGC:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\16 желтоксан 2015 ж фото видео\101MSDCF\DSC07502.JPGC:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\16 желтоксан 2015 ж фото видео\101MSDCF\DSC07548.JPGC:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\16 желтоксан 2015 ж фото видео\101MSDCF\DSC07535.JPGC:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\16 желтоксан 2015 ж фото видео\101MSDCF\DSC07603.JPG

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров145
Номер материала ДВ-329485
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх