Инфоурок Дошкольное образование СтатьиСтатья на тему "ХХ ҒАСЫРДАҒЫ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ"

Статья на тему "ХХ ҒАСЫРДАҒЫ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ"

Скачать материал

ХХ ҒАСЫРДАҒЫ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ

ХХ ғасырдағы басында қазақ мәдениеті өзіндік ерекшеліктерімен дамыды. Осы кездегі маңызды оқиғалар мәдениеттің жаңаша дамуына әсер етті. Мәдениеттің жаңаша сипатпен дамуына ең алдымен 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстардың әсері көп болды.

Баспа ісі: ХХ ғасырдың басында мәдениеттің тжаңаша сипатпен дамуына осы кезде ашыла бастаған баспа ісі үлкен ықпал етті. ХХ ғасырдың басында кітап басып шығару ісі Омбы, Орал, Семей, Орынбор қалаларында жолға қойылды. Қазақ кітаптарын басу ісі Петербург, Қазан, Ташкент қалаларында да қолға алынды. Кәтап шығару ісінде орыс географиялық қоғамының Семей, Омбы, Орынбордағы бөлімшелері көп іс атқарды.

Әдебиеттің дамуы: ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің дамуына А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров,С.Дөнентаев, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Ш.Құдайбердиев т.б. әдебиет өкілдерінінің қосқан үлесі өте көп болды. 1909жылы Абайдың шығармалар жинағы баспадан шықты. Бұдан басқа А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың, С.Дөнентаевтың шығармалары да басылып шықты. С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы», «Адасқан өмір», «Бір адамға», «Қамар сұлу», «Алты аяқ», Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» т.б. шығармалары осы кездегі әждеби туындылардың озық үлгісі болып саналады.

А.Байтұрсынов – қазақ әдебиетін және лингвистика ғылымын дамытуға үлес қосқан ғалым. 1913 жылы А.Байтұрсынов «Қазақ» газетін шығара бастады. Алашорда үкіметінің үнқағазы болған «Қазақ» газетінің редакторы қызметін 1917 жылға дейін атқарған. А.Байтұрсыновтың «Маса»(1911) өлеңдер жинағы Орынбор баспасынан жарық көрген.

Ш.Құдайбердиев – Абайдың шәкірті, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі. Парсы, түрік, араб, орыс тілдерін меңгерген. Ш.Құдайбердиевтің «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) атты тарихи еңбегі, «Қазақ айнасы» (1912) атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Поэмалары: «Қалқаман -Мамыр», «Еңлік-Кебек».

Ағарту ісі: 1906 жылы патша үкіметі оқу-ағарту ісінің ережелерін бекітті. Ереже қазақ жерінде орыс мектептерінің көбеюіне жол ашса, медреселердің жұмыс істеуіне шек қоя бастады. Ағарту ісін дамытуға қаржы өте аз бөлінді. «Айқап» журналы, «Қазақ», «Степной край», «Сибирская жизнь» газеттері қазақ халқының негізгі басылымдары ретінде ағарту ісін дамытуға үлкен үлес қосты.

Музыка және ауыз әдебиеті: ХХ ғасырдың басындағы қазақ ауыз әдебиетінің дамуына Жамбыл Жабаев, Нүрпейіс Байғанин сияқты қазақ әдебиетінің өкілдері үлес қоса білді. Ал музыка мәдениеті бұл кезде жақсы дамыды. Осы кездегі музыка мәдениетінің дамуына үлес қосқан ірі тұлғалар: Дина Нүрпейісова, Балуан Шолақ Баймурзин, Үкілі Ыбырай, Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Естай Беркімбаев.

Осы кездегі белгілі әндер: «Гәкку» (Үкілі Ыбырай), «Майдақоңыр» (Естай) т.б.

Қазақ халқының рухани мәдениетін дамытудағы басылымдардың маңызы зор. "Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына А.Ғалымов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынов,Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.

«Қазақ» газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым (№1 1913 жылы 2 ақпанда шыққан). 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропағылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлыболды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы,М.Шоқай, М.Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев,Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды. XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.

А.Байтұрсынов пен оның пікірлестері 20-жылдарда мәдениет және білім саласында көп еңбек сіңірді. Халқын, өз ұлтын сүйген Байтұрсынов қазақтың тұңғыш лингвист ғалымы. Ол қазақ тілі орфографиясының реформаторы, грамматикасы мен қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы ретінде танылды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему "ХХ ҒАСЫРДАҒЫ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 863 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 5576
    • DOCX 20.6 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оспанова Рахия Мухтаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оспанова Рахия Мухтаровна
    Оспанова Рахия Мухтаровна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15613
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Сурдопедагогика в дошкольном образовании (работа с обучающимися с нарушениями слуха)

Учитель-дефектолог (профиль: нарушения слуха)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 62 человека

Курс повышения квалификации

Использование методики Гленна Домана в работе с неговорящими детьми при подготовке к обучению грамоте

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Курс повышения квалификации

Взаимосвязь образа сверстников и коммуникативной компетентности детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе