Инфоурок Математика Другие методич. материалыСтатья на тему "Математика сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру"

Статья на тему "Математика сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру"

Скачать материал

Алматы облысы

Балқаш ауданы

Н.Бозжанов атындағы орта мектебі шағын орталығымен

Математика пәнінің мұғалімі

                                 Садыков Аскар Садыкович

 

Математика сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру

 

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол  созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай  Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Кез келген мемлекеттің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ екені белігілі қағида. Ендеше бүгінгі  күннің басты талабы – жас ұрпаққа сапалы білім беруді мақсат ете отырып, жаңа қоғамға лайықты өмірден өз орнын табатын, бәсекеге қабілетті, талғамы биік, зерделі, өз бетімен шешім қабылдай алатын тұлға тәрбиелеу. Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда, ертеңгі  болашағымыздың  сапалы  білім, саналы тәрбие алуы-қазіргі  қоғамдағы  ұстаздарға  байланысты.

Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген тәсіл.Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. Осы жеті модулде қарастырылған идеялар сабақта жекеленген стратегиялар мен тәсілдер өзара байланыста болады. «Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймаутов айтқандай, әрбір өткізілген сабақ оқушының жүрегінен орын алатындай, жақсы істерге жетелейтіндей, рухани байлығын дамыту деңгейінде ұйымдастырылуы керек.  Мұғалім өзінің беретін пәніне оқушылардың ынта-ықыласын оята білуінен сабақ табысты  болып қана қоймайды, соның нәтижесінде оқушылар күнделікті өмірде және қазіргі қоғамда пайдалы еңбек еткенде қажет болатын білімді саналы түрде меңгеретін болады.

      Сабақ барысында оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы, мұғалім мен сынып арасындағы дұрыс құрылған диалог, сабақтың қай кезеңінде болса да,  оқушының сапалы білім алуына үлкен септігін тигізетініне күнделікті тәжірибемде көз жеткіздім.   Теориялық материалдарды қайталау үшін сұрақтар әзірлеуге уақыт бере отырып, одан кейін дайындаған сұрақтарын бір-біріне қоя отырып, білімдерін тексеру, оқушылардың қызығушылықтарын арттырады, сондай-ақ олардың ойларын дұрыс жеткізуге мүмкіндік тудырады.   Оқушыларды топпен отырғызу да өз оқушыларым үшін сабақтағы өзгеріс. Топтасып жұмыс істеу арқылы олар бір-бірінің пікірін тыңдауға, белгілі бір тапсырманы бірлесе атқаруға ұмтылуға, әр балада әртүрлі идея, әртүрлі ұсыныс пен көзқарас болатынын ұғынды. Өздеріне және басқаларға сыни көзбен қарауды үйренді.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Бұл оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбіне қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. 

Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады.

1. Қызығушылықты ояту:

2. Мағынаны ашу:

3. Ой толғаныс:

Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.

Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мысалы, топтарға «Координаталық жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығы», «Аудан ұғымының өмірдегі маңызы» т.б.тақырыптары беріледі.

Іс –тәжірибеден байқағаным бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы:

Миға шабуыл уақытында сыныптың барлық оқушылары қатысады.

Ұсынылған идеяларларға комментарий берілмейді және сынға алынбайды.

Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.

Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.

Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.

Ойлар нақты және қысқа болуы керек.

İNSERT стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – білгім келеді - деген белгілерді қойып отырып математика пәнінен теориялық материал мазмұнын түсінеді. Мәселен, «Бұру және параллель көшіру» тақырыбын өткен кезде, оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстырды. Оқушылар тақырыпты оқып шығып,жұппен және топпен кеңесе отырып тиісті белгілерді қойып шықты. Кесте толтырды.Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.

Венн диаграммасы стратегиясы – Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. «Стереометрия аксиомалары» тақырыбын өткен кезде Стереометрия және Планиметрия  айырмашылығы мен ұқсастығы жазылды. Шеңберлердің екі жағы салыстырылып, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеттері жазылды. Бұл стратегияны қолдану барысында оқушылардың ойлау қабілеттерітереңдей түсіп, салыстыру, біріктіру, айыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.

Блум таксономиясы, сұрақтар стратегиясы - Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мәселен: «Пифагор теоремасы» тақырыбын өткен кезде:

-         Бір бұрышы тік болып келген үшбұрыш – тікбұрышты үшбұрыш? (иә)

-          Тікбұрышты үшбұрышта екі гипотенуза болады? (жоқ)

-         Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы тікбұрышына қарсы жатады? (иә)

Жалпақ сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі.  Осы тақырып төңірегінде «Пифагор теоремасын әр түрлі жолдармен дәлелде?» сынды тапсырма беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады: сурет, сызба немесе схема түрінде.

Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, есте қалған ойларды топтастыру. «Пирамида»  тақырыбын өткен кезде пирамида сөзіне оқушылар өз ассоциацияларын  айтты. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы.

Тірек сөздер стратегиясы – Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай анықтама құрастырады. Мысалы, тақтада тірек сөздер беремін: «y=ax2+bx+c түріндегі функцияны ... деп атайды»,  «Квадрат теңдеудің түбірлері бөлімі ... еселенген ... ..., ал алымы ... таңбамен алынған екінші ... плюс пен минус ... ... тұратын бөлшекке тең». Анықтама құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады.

БББ немесе маркировка кестесі стратегиясы – «БББ» - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті тақырыпты оқып отырып оқушылар толтырады. Негізгі қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазғызамын. Өз бетімен ізденуге жағдай туғызамын.

RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Геометрия сабағында қолданған өте ыңғайлы. Мысалы: Мен үшбұрышпын. Менің үш төбем, үш қабырғам, үш бұрышым бар, т.с.с.

Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын жүйелеп, еркін айта бастады.

 

 

 

 

 

 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі мынадай болды:
- сабақ түбегейлі оқушыға бағытталды;
- ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады;
- бұрынғы білімдеріне білім қосты;
- микроклимат өзгерді;
- оқушылардың жауапкершілігі артты;
- проблемалық ситуациялар туғыздым;
- оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему "Математика сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 082 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2015 735
    • DOCX 932 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садыков Аскар Садыкович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садыков Аскар Садыкович
    Садыков Аскар Садыкович
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 6934
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Формирование умений и навыков самостоятельной работы у обучающихся 5-9 классов на уроках математики в соответствии с требованиями ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 453 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика")

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек