Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыСтатья по истории на тему "ШҚО өлектанушыларының еңбектеріндегі этнографиялық мәселелер"

Статья по истории на тему "ШҚО өлектанушыларының еңбектеріндегі этнографиялық мәселелер"

Скачать материал

ӘОЖ 908(574.42)

КАРЫМБАЕВА Б.Т., КАЗБЕКОВА А. Т.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.

 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨЛКЕТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

 

Академик М.Қ.Қозыбаев: « Қай халық болсада өз тарихын, төл дәстүр салтын, ауыз әдебиетін, тілін қастерлейді. Тарих этнография, фольклор, тіл – халықтың жан дүниесін, оның барша әлем айнасы. ... бұл ұлттық компонентерді бір – бірінен айырып алу мүмкін емес. Ендеше, халық тарихын кешенді түрде зерттеу үшін оның этнографиясымен, фольклорьмен, тілі мен тарихының одағын күшейте түсі керек », - деп жазуы, тарих ғылымының көкейкесті мәселелерін зерттеуде осы айтылған компоненттермен тығыз байланысы бар екендігін айқындап тұр [1, 8-б.].

XVIII–ХХ ғғ. өлкетану, түркі халықтарының тарихы, этнографиясына  байланысты деректерді жинақтау ісі қарқынды болды. Бұл дәуірде этнографиялық мағлұматтарды қолға түсіру мақсатымен даярланған көптеген ғылыми экспедиция мүшелеріне айналған ғалымдар өз ынталылығын танытты, жан-жақты ізденіп, ғылыми мәнді деген мәліметтерді тіркеп жазды. Нәтижесінде, қазақ халқының этнографиясына байланысты жинақталған ғылыми мұралар саны артты. XVIII ғасырдың басымен – ХХ ғасырда революцияға дейін қазақ халқының тұрмыс – тіршілігі жайлы материалдар мен еңбектер ресей тарихнамашыларының еңбектерінде кездеседі. XVIII ғасыр Европа мен Ресейде қазақ халқының тарихи – этнографиялық дамуына байланысты білім негіздері қалыптасты. XVIII ғасырдың 30 – 40 жылдары Қазақстанның солтүстік – батыс, орталық және солтүстік – шығыс бөліктерінің Ресей империясының құрамына енуі орыс және еуропа ғалымдарының қазақ жерін зерттеуіне кеңінен жол ашты. XVIII ғасырда ресей ғалымдары Қазақстанды және қазақ халқын жан – жақты зерттеуді бастады. Қазақ халқының тарихы мен этнографясын зерттеуде әр түрлі дәрежедегі шенеуніктер, әскери полк қызметкерлері мен жергілікті әкімшлік орган қызметкерлері еңбек етті.

 XVIII ғасырдың II жартысында Қазақстан жерін зерттеуде мемлекеттің тарихи ғылымында өшпес із қалдырған өлкетанушы – зерттеушілерге «Оренбург өлкесінің колумбы» атанған Петр Иванович Рычков, және оның Оренбург экспедициясындағы әріптестері Джон Кэстл мен Карл Миллер, капитан Иван Андреев, унтер – офицер Филипп Ефремов, Сібір корпусының командирі Ганс Генрих фон Веймарн айтуға болады. Аталған зерттеушілер арасында 50 жыл бойы Оңтүстік Сібір шекарасы мен Қазақ даласында қызмет еткен, капитан Иван Григорьевич Андреев  Ресейдегі революцияға дейін Қазақстан тарихын зерттеуде маңызды орын алады. Иван Григорьевич Андреев орыс этнографы, тарихшысы. Ұзақ жылдар бойы Ямышев, Омбы, Бұқтырма, Өскемен, Семей бекіністерінде әскери қызметте болды. Сібір губернаторының тапсырмасымен қазақтардың шаруашылығы, әдет-ғұрпы, шығу тегі жөнінде нақты деректер жинады. Андреевтың жеке өмірі мен қызметі жайлы 1793 жылы жарық көрген «Домовая летопись» деп аталатын автобиографиялық шығармасында мәліметтер келтіріледі. Иван Григорьевич  Андреев 1744 жылы 31 қаңтарда сібір шаруасының отбасында дүниеге келген. Андреев офицер қызметінде әскери инженер – топограф ретінде көптеген шіркеулер мен көпірлер, қамалдар салғызған. Өзінің әскери қызметі кезінде Андреев қазақ ауылдарында болып, қазақтар мен қарым – қатынас жасайды. 1792 жылы қазақ сұлтаны Абулфеистің жеке өтініші бойынша Шығыс Қазақстан ауылдарындағы наймандардың геналогиялық дамуы, әр түрлі көшпелі тайпалар мен Орта жүздің аристократиялық әулеттері  туралы «құпия экспедиция » жүргізеді. [4, 10-б.].

1785 – 1790 жылдары ғылымда бірінші рет қазақ халқын зерттеуге байланысты « Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы» деп аталатын  Иван Григорьевич Андреевтің еңбегі жарық көрді. Бұл  зерттеу XVIII ғасырдың аяғында автордың аты – жөні аталмаған және аз көлемде «Новые ежемесячные сочинения»  деп аталатын журналда басып шығарылды. Бүгінгі таңда Қазақстан тарихшылары И.Г. Андреевтың еңбегіне қызығушылық танытуда, себебі И.Г Андреевтың еңбегінде XVIII ғасырдың II жартысындағы Орта жүз қазақтарының саяси және әлеуметтік – экономикалық тарихы; олардың мәдениеті, өмір сүру салты, әдет – ғұрыптары; өңірдің тарихи - географиялық жағдайы және т.б мәселелер қарастырылған. [2, 3-б].

 «Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы» деп аталатын  Иван Григорьевич Андреевтің еңбегі VI бөлімнен тұрады. Бұл бөлімдерде автор Орта жүз қазақтарына толық, этнографиялық сипаттама береді. Өзінің еңбегінде И.Г. Андреев Орта жүз қазақтарының өміріндегі құдайға табынушылық, дұға мен ауыз бекіту, шамандық, ауру түрлері және оны емдеу жолдарына сипаттама береді: «Қырғыз – қайсақтардың заңы Бұхарада Жәнібек хан кезінде қабылданған мугаметанский заң деп көрсетілген. Құдайға құлшылық ету үшін молдалары жоқ, білімі бар адамдарды молда деп есептеген, бірақ өздерінің арасынан ондайлар шықпағандықтан, ташкенттіктер мен бұхарлықтардан таңдаған болатын. Еш жерде мешіттері болмаған, бірақ ташкенттік қала Түркістанды киелі мекенге балайды, өйткені онда олар қасиетті деп санайтын ертедегі Хазірет сұлтанның қабірі бар. Олар жеке – жеке ол жерге дұға оқу үшін ұзақ жол жүріп барады» [2, 55-56 б].

         Автор Орта жүз қазақтарының жерлеу рәсіміндегі тағы бір ерекшелік шамандықты атап өтеді. Андреев тайпаның барлық адамдары безгек ауруымен ауырғандығы жөнінде мәлімет бере келе, «бұл ауруды дұғалаушылар емдеп, оны шайтаннан тарайды деп есептеген. Шешек ауруымен жиі ауырған. Бақсылар мен шамандар өздерінің қобыз, дабыл соққыштарымен емдегенін» баяндайды. [2, 55-56 б].

          Иван Григорьевич Андреевтің еңбегінде Орта жүз қазақтарының салт – дәстүріне де ерекше мән берілген. Баланың дүниеге келуі, сүндетке отырғызу, үйлену той рәсімдерін сипаттап өтеді. Мәселен, «Баланың дүниеге келуі. Уақыты келгенде әйел адам босанады,  және оны жария етеді. Баланың  есімін ата – анасы өз қалаулары бойынша қойған. Әйел адам босанар кезінде киіз үйге жіп тартады, әйел адам сол жіптен ұстанып жүреді, босану уақыты таяғанда әйел адам киіз үйдің керегелерінен ұстанады, ал басқа әйел оның ішінен ұстап қатты қысады, ер адамдар әйел адам босанғанша екі немесе үші рет тартады». «Сүндетке отырғызу 3 жастан 8 жас аралығында болады, кейбіреулері 10 жасқа дейін жасайды. Сүндетке отырғызатын адамды шақырып, туыстарына үлкен жиын жасап, бірнеше дұғалар оқиды. Бұған қатысқан адамдарға тиісті тамақ үлестірген» .И.Г. Андреевтың байқауы бойынша, қазақтардың үйлену той рәсімдері келесідей: «белгілі және ауқатты адамдар өз қыздарын 3 жастан 7 жас аралығында атастырып қояды, ал қарапайым адамдарда бұл кешірек болады. Күйеу жігіт сияқты қыз бала да әкесінің тәрбиесінде өсуі қажет. Күйеу жігіт қалың мал төлемей ешқандай үйлену тойы болмаған. Қалың малды төлегеннен кейін, күйеу жігіт қалыңдығын ертіп молданың алдына барады, молда оларды киіз үйдің ортасына тұрғызып, олардың алдына бір кесе таза су құйып, бетін ақ орамал жауып қойып дұғалар оқиды, соңында қағазға ештеме жазбай кеседегі суға салып күйеу жігітке және қалыңдыққа ішкізген» -дейді [2, 57 б].

          Сонымен қатар И.Г. Андреев Орта жүз қазақтарының жерлеу рәсіміндегі ерекшеліктерді де атап өтеді. Ол былай деп жазады: «Үй қожайыны немесе үйленген ұлы қайтыс болғанда оны жуындырып, ақ матаға ораған, және жер қазып, жерге жерлеген, оның үстін тақтайшалармен жапқан. Қыс мезгілінде қайтыс болған жағдайда көктем шыққанша ағаштың басына іліп қойған, жерлеген соң киіз үйге қара бегі қойған. Күн ұясына батқан соң ер адамдардан басқа әйелі, анасы, қызы тізерлеп отырып қайтыс болған адамды жоқтайды» [2, 57-58 б].

        «Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы» деп аталатын  еңбегінің келесі бөлімінде Орта жүз қазақтарының ер адамдарына, әйел және қыз балаларына, олардың мінез – құлықтары мен тәртіптеріне сипаттама беріп өтеді. «Қырғыз – қайсақ руында ер адамдар денелері ірі, бойларының ұзындығы әр түрлі, атқа отырғанда өте мықты, атпен көп жүргендіктен аяқтары қисық болған. Көйлектері түйе терісінен жасалған кең және ұзын шекпен. Қыс және жазы үнемі шұғадан және теріден жасалған шалбар киген, көйлек кимеген, оның орнына жұқа мақтадан тігілген бір түсті шапан киген. Шаштары тақыр; кейбір жас адамдар қытай үлгісінде төбесінде бұрым қалдырған, әке – шешесіне деген ерекше құрметпен мұрындарына кішкентай күміс шығыршық таққан».

      «Орта жүз әйел адамдардың өзіне тән әдемілігі болған, әр түрлі тайпалар мен араласып кеткендіктен денелері ірі, бала тәрбиелеуге бейім келген. Шаштары қара, ұзын болып келген, екі өріммен өрген, әр түрлі әшекей бұйымдармен әсемдеген. Киімдері ұзын, шұғадан, барқыттан, жібектен және европалық жібектен тігілген. Аяқ киімдері қызыл және қара, өкшелері бар, теріден жасалған. Күйеулерінің есімдерімен атамаған, мырза яғни қожайын деп атаған. Атасын сәби дүниеге келмейінше көріспеген».

     И.Г. Андреевтың байқауынша, «қыз балалар әйел адамдарға ұқсас келеді, бірақ шаштарын жеті немесе тоғыз өрімге өрген. Көбінесе жорға аттармен жүрген. Мінездері сыпайы және ерке,  ұяттары аз. Әйел адамдардағы сияқты қолөнер шеберлігін білген» [2, 60-б].

          Орта жүз қазақтарының мінез – тәртіптері бір түрлі қызық деп жазады. Оның баяндауы бойынша «қай жерде болмасын бас киімдерін тастамаған, өздерінің сұлтандар мен басшыларына құрметпен қараған, олар сұлтандарын аттарынан түсіп, бір аяқтарын бүгіп құрмет көрсеткен. Ал сұлтан өзін қарсы алған адамның иығына қолын қояды, егер киіз үйде болса осындай құрмет көрсеткен»  [2, 62-64 б].

         Орта жүз қазақтарының қолөнер мен қол шеберлігі,  қару – жарақ жасау әдісі мен кәсіптерін қарастыра келе, «Орта жүз қазақтарының ең бірінші және басты қолөнер түрі киіз үй жасау. Ұсталар пышақ, қылыш, садақ ұштарын жасаған. Мысшы мыс жезден қапталған қамшы, белдік жасайды. Жаз мезгілінде қымыздан шарап жасаған. Дәмі қышқылдау, түсі көкшілдеу келген»  деп сипатаған. [2, 66-69 б].

           «Орта жүз қазақтарында қару – жарақ жасауда кеңінен тараған. Атуға арналған қару – жарақтар пайдаланған, оқ - дәріні өздері жасаған, бірақ аз болған, көбінесе оқ – дәріні Бұхардан немесе Ресейден жеткізіп отырған. Білте мылтық пайдаланған, көбінесе сирек кездесетін жануарларды атқан. Сонымен қатар қытай, қалмық, моңғолдардың садақтарын пайдаланған. Белгілі бір жағдайларда немесе қаруланғанда, бастарына мыстан жасалған дулыға және сауыт киген»- деп жазады И.Г. Андреев  [2].

          И.Г. Андреев қазақтардың кәсібіне де көңіл аударып, ол туралы «кәсіптің көп бөлігін жануарлар алады, қасқыр және түлкі аулайды, қарумен марал, қарақұйрық, қоян және тасты ормандарда аю аулаған. Құстарды қарумен аз аулаған, көбінесе қаршығаны пайдаланған; жануарлар үшін – үлкен бүркітті пайдаланған. Қасқырлар мен түлкілерді аулау үшін қақпанды қолданған» - деп жазады[2, 72-б].

         И.Г.Андреев Орта жүз қазақтарының этнографиясын зерттеу кезінде, олардың күнделікті өмірде қолданатын тамақтарына сипаттама береді. «Ең бірінші және басты тағамдары малдың еті, сонымен қатар аттың, түйенің және басқа да таза малдың етін пайдаланған. Жаз мезгілінде етті аз пайдаланған, той немесе еске алу, басқада жиындар болғанда пайдаланған. Қымызды көп пайдаланған, сиыр  сүтінен құрт жасаған» [2, 74-б].

        Өзінің еңбегінде автор Орта жүз қазақтарының сауда байланыстары жайлы да қызық мәліметтер келтіреді. «Шекараға жақын орналасқан Құлжа мен Қырғыз –қайсақ ордалары Қытай мемлекеттерінің қалаларымен сауда байланыстарын орнатып отырған. Сауда да қырғыздар қытайлықтарға жылқы, бұқа немесе қой сатып отырған, ал қытайлықтардан ыдыс – аяқтар, бархыт және қытай киімдерін сатып алып отырған. Қытайлықтар қырғыздарды есебепсіз өз қалаларын кіргізбеген, саудагерлер келген кезде қарауыл тауарды тексеріп, басшыларына жеткізіп отырған» [2, 76-б].

         Қазақ халқының этнографиясын зерттеуге үлес қосқан ғалым Масанов Эдіге Айдарбекович  өзінің  «Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР» еңбегінде үлкен тарихи мәліметтерді жинақтады. Бұл еңбекте  революцияға дейінгі және кеңестік дәуірдегі қазақ халқының этнографиялық тарихы туралы сөз етіледі. Автор орыс ғалымдарының қазақ этнографиясын зерттеудегі ролін көрсетеді. Масанов Э.А. Андреевтың еңбегін қазақ халқының этнографиясын зерттеудегі ең алғашқы  арнайы еңбек деп бағалаған. Оның еңбектерінен сол уақыттағы Қазақ даласының халқы туралы барлық мағлұматты білетіндігі көрініп тұр, - дейді Э. Масанов [3, 79-б.]. И.Г. Андреев қазақ халқының өмірі мен қатар тілінде зерттеген, қазақ ауылдарына жиі барып тұрды, танымал адамдарымен әңгімелесіп, Қазақ жерінде, Жоңғарияда, Орта Азияда болған саудагерлер, шенеуніктер, саяхатшылардың хаттарын жазып отырған. Бұл жұмыстың мазмұнында, автор қазақ этнографиясы бойынша ауқымды мәселелерді қамтып отырған. Осылайша, Андреев И.Г., қазақ халқының этнографиясын зерттеуде елеулі үлес қосты. Оның еңбегі қазақ халқының этнографиясын зерттеуге негіз салды.

XIX ғасырдың ортасында орыс ғалымдары қазақ халқының этнографиясын зерттеуде     үлкен еңбек сіңірді. Қазақстанның Ресейге қосылуы, әсіресе Кіші жүз бен Орта жүздің қосылуы нәтижесінде, қазақ халқы орыс ғылымының негізгі зерттеу нышанына айналды. Татищевтың, Рычковтың, Андреевтың, Левшинның еңбектерінің арқасында, орыс және әлемдік ғылым жүйесі қазақ халқы туралы көлемді және шындыққа жанасатын мәліметтер алды [3, 81-б.].

 

 

                                          ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 .Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1992.- 272 б.

2. Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз – кайсаков. – А., 1998. – 280 с

3. Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. –                 А., 1966. – 322 с

4.      «Краеведы Восточного Казахстана». Усть – Каменогорск, 2011г

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья по истории на тему "ШҚО өлектанушыларының еңбектеріндегі этнографиялық мәселелер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 124 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.12.2015 395
    • DOCX 70.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карымбаева Балнур Тлеубековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Карымбаева Балнур Тлеубековна
    Карымбаева Балнур Тлеубековна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32224
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1357 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 916 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 544 человека

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе