Инфоурок Начальные классы Конспекты«Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!» 2 «В» сынып

«Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!» 2 «В» сынып

Скачать материал

Мерзімі : 05.10.16ж

Уақыты:10:00

Сыныбы: 2 «В»

Мұғалімі :Бакишева Жамал Ташкенбаевна

Тақырыбы:  «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!»
Мақсаты: Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, сахна мерекелік кешке арналып безендіріледі.

1)     « Гимн » орындалады

2)    Мұғалім:  Армысыздар, құрметті ата-аналар, ардақты  ұстаздар!   Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған  ұлағатты  ұстаздар, мерекелеріңіз  құтты болсын!  

2 «В» сыныбының  «Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

 

 

3) Айдын:  Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де        аяулы  ұстаздар!                                                                                                

                 Ұстаз деген – жарық  күні  ғаламның,
                 Ұстаз деген – анасы  ол  адамның.
                 Бүкіл  әлем  мойындайды  еңбегін,
                 Сен де  одан  адам  болып  жаралдың.

 

 

  4)Арайлым:

                  Көзге ыстық көрінер,                                
                  Оқулығы, партасы.

                  Оқу қызық болғаны,
                   Мұғалімнің арқасы.

 

 

   5)Айдын:  Арайлым, бүгін бізде  ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай    болса,  бүгінгі  күн  ұстаздарға  арналмақ.

     Ақырын  жүріп  анық  бас,
     Еңбегің  кетпес  далаға.
    Ұстаздық  еткен  жалықпас,
    Үйретуден  балаға, – деп Абай атамыз айтқандай,  ұстаздар  қауымы    мерекелеріңіз құтты болсын!

 

6)Арайлым:Денсаулықтарыңыз  мықты болсын, шаңырақтарыңыз   шаттыққа   толсын, біздей  шәкірттеріңіз  көп  болсын!                                                                                                           
   

7) Бірге : Мерекелеріңіз құтты болсын!

 8)  Хор:  «Ұстазым, менің ұстазым! »

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9)Айдын:

  Кез-келген  адам  мұғалім,  ұстаз  бола  алмайды.

10) Арайлым: Айдын, мен  мына жыр шумақтарымен толықтырайын.

 Ұстаз болу – жүректің батырлығы,                      

 Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
 Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
 Азбайтұғын  адамның  алтындығы.

11) Айдын: Арайлым, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та    тауыса алмаспыз. Ендеше, өздеріңізге  арналған өлең-шумақтарына  кезек  берелік.

1/     Ұстаздар!қандай ғажап халықсыздар!                         / Асқар /

        Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

         Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

         Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.                            

 

 

2/     Мұғалімді анамдай жақсы көрем,                           /Жамила /
        Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
        Өз баласын тастап кетіп үйіне,
        Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

 

 

 

3/     Тіліңді  аламын ,                                                 / Динара /

        Айтқаныңды  ұғамын.      

        Мен сендей боламын,

        Ақылшым – мұғалім.                                      

 4/    Сәбилік  көңілден,                                           /Нұрсұлтан /

        Арналды бұл әнім.

        Баулитын  өмірге

        Ақылшым-мұғалім.

5/    Арқаңда өзіңнің                                            / Бақытжан  /

       Адам боп шығамын.

       Бәрі алтын сөзінің,

       Ақылшым- мұғалім .

 

 

6/    Алғыстарым  көп  менің,                                        /Аманжол /    
       Асыл  анам,  мектебім!
       Үйреткені  адалдық,
       Ұсынғаны  адамдық.
       Текті мінез, даналық,
       Бар ұстазға тілейміз:
       Бақыт, табыс, амандық!

 

 

 12)  Мұғалім : Ұстаздар  туралы  нақыл  сөздер.                                                                    1. «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»    /Аманжол /

  2.«Ұстазға қарап шәкірт өседі»                                                 /Бақытжан  /
   3.«Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»                    / Асқар  /
   4.«Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»                                           / Айдын /
   5.«Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»                                        / Жамила  /


 

 

 

 

13)  Айдын: Арайлым, мақал-мәтелден  жарысып  көреміз бе?

            1.  Білекті  бірді  жығар,

                 Білімді мыңды жығар.

 

Арайлым:

            Өнер - білім бұлағы,

                       Білім - өмір шырағы.

 

Айдын:

            Оқусыз  білім  жоқ,

            Білімсіз  күнің  жоқ.

 

Арайлым:

                 Кітап – білім бұлағы.

 

Айдын:

                1.Білімдіге  дүние  жарық,

         Білімсіздің  күні  кәріп.

 

     2. Шешен сөз бастар,

         Батыр  қол бастар.

Арайлым : Айдын,біз тек білім туралы жарысамыз деп едік.

 / Айдын мән бермей жалғастыра береді /

 

Айдын:

3. Жер таусыз болмайды,

    Халық хансыз болмайды.

 

4.Ханда  қырық  кісінің  ақылы  бар.

 

5.Батыр туса- ел ырысы,

   Жаңбыр жауса –жер ырысы.

 

6. Еңбек  қылсаң  ерінбей,

    Тояды қарның тіленбей.

 

7.Бірлік болмай,  тірлік  болмас.

 

8. Бірлігі  жоқ  ел  тозады,

    Бірлігі  күшті  ел  озады.

 

9. Батыр бір рет өледі,

    Қорқақ мың рет өледі.

         10. Өндірмесе  дәнеме,

   Мақтанғаннан не пайда?

 

-демекші, мен ұстазымның  бойыма  құйған білімін мақтанышпен ақтарып  жатырмын, онда тұрған не бар?

 

11. Екі  жақсы  қас  болмас,

      Екі  жаман  дос  болмас

       – деп Бұқар жырау жырлағандай  қас  болмай, дос болайық.

Қазақта  жақсы сөз бар  «Әзілің жарасса, атаңмен ойна » деген, ендеше  ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

 

              ҰСТАЗДАР   ӨМІРІНЕН.
1.Мұғалімдер  әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы .

Өйткені:
1.
Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 20- 25 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей  ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да, бір өзі соттың ісін шешіп отырады.
2.Әр  мұғалім өз сабағының  шебері, яғни  режиссері, көбінесе  басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік  көрініске  де өзі қатысады.
3.Бір тыным жоқ. Кабинет  тазалығы да өз  мойнында.  Демек, майлаушы , сылаушы да   безендіруші  де  өзі.
4.Жазушыларға  келер болсақ,  тіпті кейбір жазушыларыңыз да  мұғалімге   ұқсап күнде жазуға отырмас.
5.Соңғы  кезде  бухгалтер  мен  кассир де өздері.
6.Ұстаздарымыз  сан  алуан  қосымша мамандықтар  меңгеруде. Ендеше, қай  мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды  шақыруларыңызға  болады, яғни  мұғалімдеріміз  үш тілді  меңгеруде.
        Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.
Ұлағатты  ұстаздар!  Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

 

 

(Слайдтан  видеоролик көрсету)  

        / балалар гулдерін ұстаздарға сыйлайды /

 

 

14) Орыс биі:  « Калинка »

 

 

 

 

 

 

 

15) Ән  :  « Анашым »               /  Динара  /   

 

 

16) Би :  « Мектебім »

 

 

17)    ( музыка ойналып, ортаға  оқушылар  шарлармен  шығады )
           Күн –шары                          / Бақытжан/

М –мейірімді                        /Жамила /
Ұ- ұлағатты                          / Нұрсұлтан /
Ғ-ғазиз                                  / Асқар /
А-ақылды                            / Арайлым /
Л- лайықты                           /Аманжол /
І-іскер                                   / Әли  /
М- маман                            / Айдын /

 

 

18) Мұғалім:

         Ұстаз деген қасиетті адам бар,
         Біле білсең, сенің екі анаң бар.
         Бірі - сенің туған анаң болса егер,
         Екінші анаң - ұстаз деген данаң бар –дей  келе өздеріңізге арналған   тәрбие сағатымызды  аяқтаймыз.

 Ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысыларына сөз кезегі беріледі.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!» 2 «В» сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 004 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2017 1227
    • DOCX 4.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бакишева Жамал Ташкенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бакишева Жамал Ташкенбаевна
    Бакишева Жамал Ташкенбаевна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3390
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 199 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов