Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Табиғаты көркем таулы өлкем - Таутүргенім" 5-сынып

"Табиғаты көркем таулы өлкем - Таутүргенім" 5-сынып

Скачать материал

                                                                                      

Тақырыбы:    Табиғаты  көркем,  таулы   өлкем  - Таутүрген.

Мақсаты:

1.Туған  жер  табиғаты  мен   өзіне  тән  ерекшеліктерін,  бағалы  аң –құс, жануарларын  таныстырып, табиғатты  аялап,  қорғауға  үйрету.

2.Туған   жер  туралы   дүниетанымын  кеңейтіп,  белсенділігімен   қызығушылығын   дамыту.

3.Табиғат  байлығын  қорғауға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа          тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд,  суреттер,  карта,  кітаптар

                                Үлгілі   тәрбие  сағатының   барысы

 Еңбекшіқазақ   ауданының   құрметті   азаматы, ұлағатты   ұстаз, соғыс  ардагері  Сәрсен  Әбдіхалықовтың  «Таутүрген  менің  ауылым»  өлеңі.

Айман:                

     Таутүрген   менің  ауылым

Жерің  жәйлі  Таутүрген  таза   ауаң,

Қоныс  еткен  ертеден  ата-бабам.

Тамашалап   өзіңе  қызығады,

Басқа  жақтан  қонаққа  келген  адам.

Тауларың  бар  тізілген  екі  жақта,

Кіреберіс   ауылға  ашық   қақпа.

Сарқырап  таудан   ағып  Түрген  жатыр,

Көрінеді   Алатау  жоғарғы  сапта.

Тартылған  жайлау  жаққа   машина  жол.

Өтеді   ойлы-қырлы  белдерден  ол.

Той-думан  шопандардың   көрем  десең,

Жолға  шықта,ағайын, көтерген қол.

Туған  жерім, Таутүрген   өскен  елім,

Бар   байлығын  табиғат  берген тегін.

Шөбі   шүйгін,суы бал, жемісі   мол,

Дәмі   кетпес  ауыздан  теріп  жеген.

Таутүрген  менің  аулым,

Ағайын   туған,  бауырым!

 

 

Ұйымдастыру  кезеңі:

        Сәлеметсіздер  ме , құрметті  ұстаздар, оқушылар.

Бүгінгі    үлгілі  тәрбие  сағатын  елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тәрбиелік  мәні  зор   сөзімен  бастағым  келіп  отыр.

-         « Жалпақ   жұртыңды  иісі  алашыңды  құрметтеу   алдымен  өзің   тұрған   өлкенің  тарихын,  табиғатын  танудан,   адамдарын   ардақтаудан  басталады.»

Үлгілі  тәрбие   сағатымыз  «Табиғаты   көркем,  таулы  өлкем  -Таутүрген»

Кіріспе   бөлім:

   Таутүрген  аулы   Алматы  облысының,  Еңбекшіқазақ  ауданының     оңтүстігінде   орналасқан.

 Іле –Алатауының   етегінде   Ассы  мен  Түрген  жайлауында   сақтардың   ондаған  мекендері  табылған . Сақтардың  алтын  әшекейлері  Скифтердің  «аңдар   стиліндегі»   бұйымдар. Түрген   шатқалына   14  шақырым   шатқалды  жер   толығымен   табиғи   тарихи   ескерткіштерге  бай.

Б.д.д. өмір  сүрген   Сақ   зиялылары   жерлеген   обалар. Қола   дәуірінен  бзб. 10-9 бастап,  13-15ғғ.  дейін  кезеңді   қамтитын   тас  бетіндегі  суреттер,  петроглифтерге   бай.

    Ежелден  қазақ   ру-тайпалары:  Ұлы   жүздің   Дулат, Шапырашты, Албандар  мекен   еткен. Тарихы  бай  Жібек  жолы   бойында  керуен  бағыттары  әр  тарапқа  кеткен. Орта   ғасырларда   өркендеген   қалалары  болған.

12-14 ғасырда  Түрген   бекіністі   елді  мекен  болған  .Бұл  жерде  орта ғасырлық   елді- мекендердің, қорғандармен   обалардағы   көне  ыдыс   сынықтар  дәлел.Таутүрген  атауы  18  ғасырда   қалмақтарды  таудан  түре  қууға  байланысты   атау.

1930  жылдары  ұжымдық   шаруашылықтар  құрыла  бастады.

1960  жылдары  Ұсақ   ұжымшарларды  ірілендірді.  Шаруашылықтардың   экономикалық  жағдайы  жақсарды.

Негізгі  бөлім:

 Сол  тарихы  жерлерге  тоқталатын  болсақ:

 

Әділет:

                                                Асы    жайлауы

Шамалған   өзенінен  Түрген   өзеніне  дейін  164  мың  гектар  таулы  аймақты  қамтиды. Асы  жайлауы – Іле  Алатауының  шығыс  сілеміндегі  биік  таулы   жайлау.Солтүстігінде   Қараш   және  Бақай  тауларымен, оңтүстігінде  Сарытаумен   шектелген   ұзындығы  70-80 шақырым,  ені  8 шақырым.Теңіз  деңгейінен  2380-2410м  биікте  жатыр. Жайлаудың   топырағы  шұрайлы, шөбі   шүйгін. Мөлдір  сулы,  Асы  өзені  жайлаудың   өн  бойымен  ағады.Асы   жайлауына  Құмбел  асуы  арқылы  2-3  сағатта  жетуге  болады. Құмбел   асуы  қауіпті  әрі   киелі  жол. Батан  арқылы  Шыңтүрген  көпіріне  жетсең   өзенді   жағалай  Ойжайлауға    көтерілесің. Асы  жайлауының  үшінші  жолы  Түрген  көпірінен  өтіп, Жыланды  сайына  жетесің. Одан  кейін  Кіші  Қараш,  Орта  Қараш, Сазды  Қараш,  Қараарша, Сарымсақты , Шымбұлақ  жайлауынан  кейін  Асы  жайлауы  басталады. Туған   жердің  табиғатындағы  өсімдіктер  300-ге  жуық,  саңырауқұлақтардың  100 –ден  астам,  мүктің  83  түрі,  қынаның  80  түрі  кездеседі.

              Отаным  -  алтын   кенім

Өзенім, асқар  тауым,  шалқар  көлім,

Жайлауым,  жер  жетпейтін  шалғын  төрім.

Бар   ма  екен  бұл   дүниеде  саған  теңдес,

Отаным,  сенсің  алтын  кенім.

Халқы   да  еңбектеніп  төккен  терін,

Қорғаған  батырларын  дархан  жерін.

Кең  байтақ   даласында  күнде  думан,

Отаным,  сенсің  менің  алтын  кенім.

 

Арсен:                                   Қараш  тауы

Қараш  тауы -  Іле  Алатауындағы  жота  батыстан  шығысқа  қарай  32 шм-ға  созылған, енді   жері  12 шм.  Ең  биік  жері   3008м.  Батысында   Түрген  өзенімен,  шығыста  Бақай  тауымен  шектеседі.Солтүстік   беткейі  тіктеу, жарқабақты  келген,шатқалдары  тілімделген,  ал  оңтүстік  беткей  жағы  жайпақ. Шелек   өзенің  саласы  - Асы   өзені  ағады.Солтүстігі  шалғын  шөп, терек, қайың  алма,  өрік, алмұрт  және  тб.  өседі.Қараштың   шығысында  «Жамбас»  және  батысында  «Құмбел »  асулары  бар. М.Әуезовтың     «Қараш- қараш   оқиғасы»  повесінде   осы  Қараш  жотасысының  табиғаты  жан-жақты   суреттелген.Тау  жотасы  атақты  Қарасай   батырдың  шөбересі  Қараш   батырдың   есімімен  аталған.

         Туған   өлкем

Асқар  тауы  шалқар  көлі,

Қоңыр  салқын  самал  желі.

Неткен  сұлу,  неткен   көркем,

Осы  менің  туған   өлкем.

Көгіндегі  нұрлы  күн,

Жеріндегі   жұпар  гүлі.

Осы  менің   туған  өлкем.

Бақтияр:

                                                Құмбел   асуы 

Таутүрген   ауылынан    Төрежайлаудан   Құмбел   асуы  арқалы   бірер  сағатта   Алатауды  асып,  Асы  жайлауының   төбесіне  тік  түсуге  болады. Құмбел  асуына  көтеріліп , жан-жағына  көз  жіберсең,  бар  әлем   алақан  аясында  көрінеді.Таудың  ұшар  басында  осы    Құмбел  асуында   Әулие  кемпір   жерленген    қазақ   үйдің  орындай  аумақты  алып  жатыр. Қасында  бұлақ  бар.Мұнда   адамдар   тілек  тілеп  қонған.Таудың   ұшар  шыңы  басында  суы  қасиетті  бұлақ  бар.

Алияр:

                                         Түрген    сарқырамасы

Түрген  сарқырасмасы    шатқалында   орналасқан. Мұнда  жеті  сарқырама  бар  Қайрақты, Аюлы,  Жарасты  деген  жұрт  тамашалауға  барады. Ең   үлкені   Қайрақ  сарқырамасы   теңіз  деңгейінен  2300 м  биікте,   онда  су  55м   биіктен  құлайды. Оған  тек  жаяу  жетесің  қашықтығы   үлкен  жолдан  8,5  шақырым. Аюлы   сарқырамасы   биіктігі  30 метр,   теңіз  деңгейінен  1530  метр биікте. Оған   4,5  шақырымды  соқпақ  жолмен   су  шашырандысынан  әсем  кепірқосақ  түзген  сарқырамаға  жетеді. Бұнда   әнші  құстар  ұя  салады.Жаз  ортасында   көктемгі   гүлдер   гүлдеп  тұрады. Мұны  кейде  «Махаббат   сарқырамасы»  депте  атайды.

Мұғалім:

Ғалымдар  обсерваторияда  бақылау, зерттеу   жұмыстарын  жүргізеді.Әмір  Темірдің   немересі  Ұлықбек   өз  билігімен  байлығын, аспан  әлемі  мен   табиғат   құпияларын  білуге, ғылымның   өркендеуіне   жұмсады.

1428-1429   жылдары  Самарқан  маңына  обсерватория  салдырған  осы  күнге  дейін  сақталған.Обсерваторияда   көптеген  аспан   денелерінің   құпиялары  ашылып,  1018  жұлдыздан   тұратын  жұлдыздар  катологы  жасаған.Ұлықбек  бір  жылда  365 күн  6 сағат   8  секунд  бар  екенін  есептеген.

Арсен:

                                        Асы         обсерваториясы

Асы-Түрген  обсерваториясы   Астрофизика  институтының  бақылау  базасы.Алматы   қаласынан  шығысқа  қарай  85 шақырым, теңіз  деңгейінен     2500  - 2750 метр  биікте  орналасқан.Қазақстандағы   ғажайып  астроклиматқа  ие  бірден  бір  обсерватория. Мұнда  аспан  әлемі  өте  тұнық   көрінеді.

2009жыл   Асы  обсерваториясы    деп  аталады.

Обсерватория  орны  Константин  Матвеевич  Саламахиннің   ұсынысымен  1975  жылы  құрылысы  басталды.Онда   диаметрі  бір  метрлік  телескоп (рефлектор)  жұмыс  істеді.

1987 жылы   АЗТ – 20     1,5 метрлік  телескоп   құрылысы  басталып  салынуда. Астрофизикалық  обсерваторияда  аспан  әлемін  тұрақты  бақылайды.

 1981  жылы  Цейс  телескопымен  басталды.Сол  жылы  ғимаратымен  күнбезі  тұрғызылды.

1991 жылы   телескоптарға  арналған  екі   мұнарамен   мейманханалық  кешен   іске  қосылды. Обсерватория  бүгінде   Күн  жүйесін, атмосфералық   құбылыстарды,  жұлдызды   астрономия,  метеориттік,  астероидты   зерттейді. Бүгінде   астрофизика  институтын  Шыңғыс  Төкенұлы   Омаров  басқарады.

   Ән:   «Таутүрген»   орындайтын    Алпысбай   Айман

Бақтияр:      

 Мен оның  түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды  өзен, асқар тау,  гүлін сүйем,

Мен оның   қасиетті  тілін  сүйем,

Мен  оның  құдіретті   үнін   сүйем.

Бар  жәндігін  сүйемін   қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған

                                                   Түрген    өзені

Түрген  деген  сөз  көне  түріктің   «Түрген» -  шапшаң, жылдам, тез  деген   сөзінен  шыққан. Түрген  өзені   ағыны   қатты   үш  саланың   қосылуынан  пайда  болған. Түрген  өзені  Шыңтүргеннен  басталып,  Ойжайлау   өзенімен  Кіші  Түрген  өзені, орта   Түрген  өзеннің  саларын   бір – бірінен   таулы   қыраттар  бөліп   жатыр. Түрген  өзені   Түрген,   Қаракемер, Талдыбұлақ   елді  мекендерін  сумен  қамтамасыз  етеді. Түрген   өзені  Іле  өзеніне  құяды.

Мұғалім:

Махамбет Алияр  өзінің  туған  жеріне  арнаған  шығармашылық  өлеңін  оқып  береді.

 

     Таутүргенім, туған  жерім , өз  елім,

     Өз елімде  өркен  жайып,өсіп,  өніп  келемін.

     Өз  елімнің  топырағын  құрметтеп,

     Басымды  иіп тағзым  етіп  жүремін.

     Туған  жердің  ыстық  маған  елдері,

     Туған  жердің  ыстық маған  көшесі.

     Туған  жерден  алыс  кетсем  жырақтап,

      Жүрегімде  ән  тұрады  қалықтап.

 

Әділет:                        

                                    Шың –Түрген    шыршалары

Түрген  шатқалындағы   шыршалардың   300   жылдық   тарихы  бар Мұндағы  мәңгі жасыл  ағаштардың орташа жасы  300  жылды  құрайды. Ал биіктігі  50-60 метрге   дейін жетеді. Сондықтан сан ғасырлық тарихы бар қылқан жапырақты  өсімдіктер   мемлекет қорғауына   алынған.

  900 гектар алқапты алып жатқан Шын-Түрген   шатқалын  мамандар мұз дәуірінен  қалған  табиғат   ескерткіші  деп те атайды. Себебі  мұндағы өсімдік  атаулы мен тау-тастың  барлығы   30-40 сантиметрлік   мынадай  көк көрпеге   оранған. Ал оның астында қысы-жазы  ерімейтін  мәңгілік  тоң   қабаты   орналасқан.  Қылқан   жапырақты   өсімдіктер   әлі күнге   өсуін тоқтатпапты. Тіпті тоқырау заманындағы жаппай шабылған  балтаның  жүзі мен араның тісінен де аман қалған. Өйткені бұл жер 1964  жылдан   бері мемлекет қорғауында.

Айман:

                           Іле – Алатауы    Ұлттық    саябағы

1964 жылы    Алматы  қорығы  болып  құрылған. Аумағы  71,7 мың гек. Жапырақты  ормандар, долана, жабайы  алма, өрік, Тян-Шань   шыршасы  қорғау  мақсатында.  Жануарлар  39, құстардың  200  түрі, өсімдіктің  965 түрлері  кездеседі   соларды   қорғау  мақсатында  құрылған.

Іле- Алатау  саябағы   1996  жылы   ұйымдастырылған.  Ауданы  199,7 мың  гек.  Іле-Алатуы   солтүстік  беткейі  Түрген   шатқалынан  Қасқелең  асуына  дейін  ерекше  ландшафтарын  қорғау  және  демалыс  мақсатында  пайдаланылады.  Мұнда  қорғауға   аңның  43  түрі,  құстың  138  түрі, балықтың  8 түрі,  өсімдіктердің    1282   түрі  қоғауға   алынған.  

Жануарлар  дүниесінен:  сілеусін,  қоңыр  аю, қасқыр, түлкі,  елік ,арқар, барыс,  ұлар,  таутекелерді  қоғау  мақсатында.

Мұғалім:   

Ән:   «Туған   жер»  хормен

Қорытынды  бөлім:

Еліміздің   табиғат  байлықтарын  дұрыс   пайдаланға  зор   көңіл  бөлген. 1918  жылы  табиғатты  қорғайтын  комитет  ұйымдастырды.

1962  жылы   16 маусымда  «Қазақстан   табиғатын   қорғау»  туралы  жарлығы   шықты.

1948  жылы   Халықаралық  табиғатты  және  табиғи   қорларды   қорғау   одағы   құрылды.

Мақсаты:    дүниежүзіндегі  сиреп  немесе  құрып  бара  жатқан  аң   мен  құстарды  және   өсімдіктерді  қорғау  «Қызыл   кітап»  ұйымдастыру.  «Қызыл  кітап»   туралы  пікірді  ағылшын  табиғат  зерттеушісі  Питер  Скотт  айтқан.

1963 жылы   халықаралық   «Қызыл   кітаптың»   алғашқы   басылымы   жарық  көрді. 1966-1975  жылдар   аралығында  5  томы  жарық  көрді.

1978  жылы   КСРО –нің  «Қызыл   кітап»   ұйымдастырылды.Мұнда  аңның   21  түрі,  құстардың  8  түрі  көрсетілді.

1991-1996   жылдары   өңделіп   Қазақстанның  «Қызыл   кітабы»  шықты.

1997  жылы  «Ерекше   қорғалатын   табиғи   аумақтар  туралы»  Заңның  1-бабында    Іле-  Алатау   саябағын  қорғау  туралы   қаулы  қабылданды.

 

 

 

 

 

                                                                  Тексерілді:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Таутүрген  орталау  мектебі -  мектепке  дейін  шағын  орталығмен» КММ

                                            2014-2015   оқу   жылы

 

 

 

 

 

              

               Үлгілі  тәрбие   сағаты

 

«Табиғаты   көркем,   таулы    өлкем  -

Таутүрген»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Сынып:   5

Мұғалім:  Батихан  Р.

 

 

                                                                                                       «Бекітемін»

                                                                                               Мектеп   директоры

                                                                                                           К.К.Карбузов                         

                                                                                                 

Тақырыбы:   

                        Табиғаты  көркем,  таулы   өлкем  - Таутүрген.

 

Мақсаты:

 

1.Туған  жер  табиғаты  мен   өзіне  тән  ерекшеліктерін,  бағалы  аң –құс, жануарларын  таныстырып, табиғатты  аялап,  қорғауға  үйрету.

 

2.Туған   жер  туралы   дүниетанымын  кеңейтіп, белсенділігімен   қызығушылығын   дамыту.

 

3.Табиғат  байлығын  қорғауға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер:   Слайд,  суреттер,   карта,  кітаптар

 

 

Өтетін  күні:13.02.15ж.

 

Өтетін  уақыт: 12:20

                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Табиғаты көркем таулы өлкем - Таутүргенім" 5-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 122 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2016 1486
    • DOCX 34.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Батихан Рина Батиханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Батихан Рина Батиханқызы
    Батихан Рина Батиханқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7913
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 763 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 021 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 815 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 857 человек

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Развитие когнитивных способностей у младших школьников

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе