Инфоурок Всеобщая история СтатьиТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ.

ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ.

Скачать материал




ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ.

Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Ал тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге басшылық жасау – оқушылардың оқу әрекеті – оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады. Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалім өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды

Сондықтан тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады.
- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;
- оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуғабейімдеу;
- қазіргі қоғамға кіріккен және жетілдіруге ұмтылатын тұлға қалыптастыру;
- тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;
- әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау;
- тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру. Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Әдістеме отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға; теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі.




Мектепте оқыту үшін таңдап алынған тарихтың мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады. Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс оқу түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілібірәдістемесіарқылы меңгерсе, қазіргі заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. Құзыреттілік - оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі. Тарих сабағының басты міндеттерінің бірі пән мазмұнын меңгере отырып, ақпаратпен жұмыс істеу болып табылады.

Ақпараттық құзыреттілік

  • Сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

  • Өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;

  • Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпарттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;

  • Логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпарттарды өңдеуге;

  • Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпарттарды қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері тексеріледі. Олар:

1) Ақпараттық ізденісті жоспарлау:

  • Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;

  • Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;

  • Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады.

2)Алғашқы ақпаратты алу:

  • Бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі;

  • Оқушыға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;

  • Ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады.

3) Ақпаратты екінші қайтара алу:

  • Берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;

4) Ақпаратты алғашқы өңдеу:

Алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді






5) Ақпараттарды өңдеу:

  • Алынған ақпаратты дәл баяндай алады;

  • Ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;

  • Ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.

Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалайтын тапсырмалар аз қолдануда. Тарих сабақтарында мұндай тапсырмалар қарапайым дерек көздері және құжаттарды зерттейтін зертханалық сабақтар жүргізумен тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала дайындауы да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс.Сондықтан сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту үшін қосымша материалдармен жұмысты пайдаланамын. Мысалы: «Абылай хан билігі тұсындағы Қазақ хандығы» тақырыбын өткенде қызығушылығын ояту мақсатында «Көшпенділер» кинофильмінен үзінді көрсетіледі. Оқушыларға Абылай туралы білгендерін ортаға салған соң,қосымша «Абылайдың ақ туы» атты қосымша материалды қолданамын. Абылай хан өмірі мен қызметіне арналған туындылар: «Аласапыран», «Алмас қылыш», «Көшпенділер» (І.Ессенберлин), «Батыр Баян»(М.Жүмабаев), «Абылай хан» диссертациясы(Ж.Жақсығалиев)

9 сыныпта «Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру және оның нәтижелері мен салдары» деген тақырып алдын-ала жан-жақты талданып, оқушыларға сол кездегі саясаттың мақсаты, мәні түсіндіріледі. Сынып оқушыларын екі топқа (жақтаушы, даттаушы) бөліп, тың игеру саясатының нәтижелері (бірінші топ) және салдары (екінші топ) туралы материалды жүйелеп, кейс құру тапсырмасы берілді. Пікір-сайысқа екі топтан үш оқушыдан алты оқушы қатысады, қалған оқушылар төрелік жасайды, сабақ соңында қорытынды пікір айтады. Жақтаушы топ.

Критерий: «Тың жерлерді игеру Қазақстанды әлемдегі ірі астық өндіруші мемлекеттің біріне айналдырды».

  1. аргумент: Тың жерлерді игеру нәтижесінде астық өнімі көбейді. Дәлел: Одақ бойынша 1954 жылы 13,5 млн га жер жыртылды. Қазақстанның бір өзінде 1954 жылдың тамыз айында 6,5 млн га жер жыртылып, тың игеру Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүзеге асырылды. Бұл түстік облыстары еді. 1955 жылы жоспардағы 7,5 млн га- ның орнына тағы 9,4 млн га жер жыртылды.

  2. аргумент: Тың жерлерді игеру республика экономикасының дамуына белгісіз дәрежеде оңды әсер етті. Дәлел: Ауылмен салыстырғанда қала тұрғындарының саны өсті, 1959 жылы үлес салмағы 44% жетті.





Қала тұрғындарының бұлай өсуіне өнеркәсіптің, көлік түрлерінің, ғылым мен мәдениеттің жедел қарқынмен дамуы тікелей себеп болды. Ауыл тұрғындарының белгілі бір бөлігінің қалаға ауысуы. Осы жылдары Қазақстан картасында 15 қала, 86 қала тәріздес поселке пайда болды. Тың астығын тасу үшін мыңдаған шақырым темір жолдар, тас жолдар салынды. Даттаушы топ.

Критерий: «Қазақстанның жер үшін сыздаған жүрегін түсіну керек – ол әдеттегідей жеке меншік иесінің күйзелісі емес, нағыз патриоттың күйзелісі» жазушы И.Щеголихин

  1. аргумент: Тың жерлерді игергу кезінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы өте ауыр жағдайға душар етті. Дәлел: Топырақ эрозиясы күшейді. Жердің құнары (гумус қабаты) желге ұшты. Жайылым жерге егіс егіп тастағандықтан мал жайылатын жер өрісі тарылды. Осының салдарынан мал саны кеміді. Ақмола облысында 19 көлдің суы тартылды. Аққу-қаздар жойылды. Өлкенің ауа райы бұзылды. Экологиялық тепе-теңдікті бұзу өте ауыр жағдайға душар етті.

  2. аргумент: Тың жерлерді игергу республиканың демографиялық ескерілмеді. Дәлел: Тың игеру кезінде республикаға көшіп келушілер саны қисапсыз көп болды. 1954 жылдан 1962 жылға дейін 2 млн жуық адам келді. 1954-55 жылдары Қазақстанға 0,5 млн адам қоныс аударды. Осының бәрі елдің байырғы тұрғындары –қазақ халқы мен басқа халық өкілдері арасында сан жағынан алшақтық туғызды. 1959 жылғы санақтың қорытындылары бойынша, қазақтар сан жағынан өз республикасы тұрғындарының үштен бірінен де аз немесе 30% ғана болды . ал 1879 жылы қазақстар Қазақстанды мекендеушілердің 85% тең еді.

Пікір-сайыстың қорытындысын алдымен төрешілер шығарады. Бақылап отырған оқушылар да өз пікірлерін білдіреді.

10 сыныпта дүние жүзі тарихында «Екінші дүниежүзілік соғыс» тақырыбын өткенде оқушыларға қосымша мәліметтер біліп келуге тапсыра отырып,сабақ барысында тірек сызбалары арқылы ақпарат беруді тапсырдым.

кесте1 hello_html_m529d6e2c.gifhello_html_4cbb7abc.gifhello_html_m4acc4785.gif Солтүстік: Прибалтика елдері

Ленинград

1941.22.06 Орталық: Минск –Смоленск

hello_html_4641c3ba.gifhello_html_5ac9dcfb.gifhello_html_m4acc4785.gif

Мәскеу

Кhello_html_m262ea49d.gifhello_html_m4acc4785.gifСРО Оңтүстік: Киев

hello_html_5ac9dcfb.gifСталинград







кесте2

Германия КСРО

Іhello_html_5351c983.gifhello_html_41d1c1fc.gif кезең 1941.22.06 - 1942.19.11 шабуыл қорғаныс


Германия КСРО

Іhello_html_5351c983.gifhello_html_41d1c1fc.gifІ кезең 1942.19.11-1945.09.05 шегіну шабуыл

hello_html_3d4d7165.gifhello_html_373929df.gif


Сондай-ақ сабақтан тыс уақытта «Алтын қақпа» ойынын жүйелі өткіземін.


кесте2 «Алтын қақапа»ойнының сұрақтары.



Тас қақпа


Күміс қақпа

Алтын қақпа

«Алғадай» тобына


Кіші Жүздің алып жатқан аумағын ата?

Жоңғар хандығына сипаттама бер

Иоган Густав Ренат деген адам туралы не білесің?

«Тархан» тобына

Орта жүздің территориясы?

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы туралы не білесің?


«Қырғыз-қазақ немес қырғыз-қайсақ ордасына сипаттама» еңбегінің авторы кім?

«Қыран» тобына





Ұлы жүз тайпалары ежелден қоныстанған жерлерді ата?

Қазақ-жоңғар шайқастарын ата, сипаттама бер


Тевкелев Алексей Иванович жөнінде баяндап бер

«Бәйтерек» тобына


Үш жүздің төбе билерін атап бер

Жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырларынан кімдерді білесің?

Тәуке билігі кезіндегі заманға қандай баға беріледі?


Ә р с абағымда тапсырмаларды алдын-ала беру арқылы оқушыларға қосымша материалдарды алудың,табудың жолын көрсетемін. Жаңа сабақ барысында оқушылардың әкелген,оқыған,меңгерген материалдары негізінде оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктері дами отырып,пәнге деген қызығушылықтары артады. Ақпаратпен жұмыс істеуді: талдауды,сараптауды,аргумент келтіруді,мәліметке сүйенуді,ақпарат көздерінің атын,авторын білуге дағдыланады.

ӘДЕБИЕТ

  1. Білімдегі жаңалықтар». Ақпараттық-әдістемелік журнал. Астана, 2009 ж.

  2. «Әдіскер мұғалім». Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал.

  3. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы 2009 жыл.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 101 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 882
    • DOCX 71 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекбауов Балтабай Кабиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекбауов Балтабай Кабиевич
    Бекбауов Балтабай Кабиевич
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35200
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек