Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыТарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы сапалы білім беруді жүзеге асыру. Шебер сынып

Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы сапалы білім беруді жүзеге асыру. Шебер сынып

Скачать материал

Шебер сынып 

 

    Тақырыбы:

 

     Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін

      қолдану арқылы сапалы білім беруді жүзеге асыру

 

 

 

 

 

    Авторы:
                             Мырзатаева Бибінұр Еламанқызы

 

 

 

 

    Білім беру мекемесі:                

                    

                             Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

  Қазіргі кезде білім беру стандарты талаптарына сай тарих пәнінің оқытылуына тарихшы мұғалімдерге ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеледі. Себебі, жас ұрпақтын бойына патриоттық сезім мен саяси сана, дүниетаным қалыптастыруда тарих пәні басты рөл атқарады. Мектепте тарих пәнін оқытудың басты мақсаты:

     Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау.

 Осы мақсатқа жету үшін алға қойылатын міндеттер:

1.     Азаматтық пен елжандылыққа;

2.     Өз Отаны ҚР-на сүйіспеншілікке, халық дәстүрін қастерлеуге, қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

3.     Жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

4.     Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктерін баулау.

  Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін стандарт талаптары негізінде білім сапасын жетілдіру маңызды орын алады. Ол үшін қазіргі педагогиканың соңғы жаңалықтарын,  оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолың таңдау, оқытуда үздіксіз ізденіс жасау, оқулықпен шектелмей тың деректерді пайдаланып, білім сапасын жақсарту көзделіп отыр. Мұғалімнің еңбегі үнемі шығармашылық ізденісті, методикалық шеберлегін жетілдіруді талап етеді.

 
Негізгі бөлім

  Заман жаңарған сайын оқыту жүйесі де, әдіс-тәсіл де жаңарып, түрленіп отыруға тиіс.

 Қазіргі мектептерде тарих сабақтарын жетілдірудің жолдары көп. Сондықтан сапалы білім берудегі өз тәжірибемде таңдаған жолдарымен таныстырып өтейін.

  Шебер сыныбымның тақырыбы: Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы сапалы білім беруді жүзеге асыру

  Негізгі қағидасы:

  Педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. 

Көмекші құралдары:

Тақта,  кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер, компьютерлер

Интерактивті оқыту – бұл оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.

Интерактивті оқытудың мәнісі

         Кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады.

         Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді.

         Бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады. 

Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:

         -тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;

         -тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;

         -педагогикалық қолдау көрсету.

 

Сапалы білім берудің тиімді жолдары:

1.       Бағдарламаны басшылыққа алып сабақ жоспарын жасағанда ең негізгі берілетін ұғымдарды іріктеп алып, сол ұғымдарды меңгерту;

2.       Тарихқа деген қызығушылығын тереңдету.Ол үшін әр елдің тарихына байланысты сабақты өту кезінде сол елдің ерекшелігін көрсететін, есте қалатындай тарихи, мәдени мұралары туралы айту;

3.       Шығармашылық күш-қуатын дамытуға дағдыландыру (білім сапасын көтеруде септігін тигізетін қосымша элементтерді еңгізу, тарихи деректерді оқып үйрену);

4.       Пән аралық байланыс. (Өнер, кино, көркем әдебиет, тарихи шығармаларымен байланыстыра өту);

5.       Жаңа педагогикалық технологияларды, инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу;

6.       Конференция сабақ (әр елдер бойынша берілген хабарлама, баяндама, рефераттарды тыңдау, жұмыстарын қорғау);

7.       Сабақтың жүйесіне қарай жергілікті жер материалдарын пайдалану;

8.       Әр тараудан соң тест-интервью алу;

9.       Әр тоқсанның аяғында өтілген барлық материалдар бойынша зачет алу;

10.   Картаны көрсете білу сауаттылығын қалыптастыру. Бірін-бірі картадан оқыту, үйрету арқылы сол елдер туралы түсінігін, қызығушылығын қалыптастыру;

11.   Көрнекті және техникалық құралдарды пайдалану;

12.   Мұғалімнің мәдениеті, ақыл-ой және адамгершілік бет бейнесі. Үздіксіз білімін жетілдіруі.

І. Сабақты жоспарлау кезінде:

Бағдарламаны басшылыққа алып сабақ жоспарын жасағанда ең негізгі берілетін ұғымдарды іріктеп алып, сол ұғымдарды меңгерту;

а) Тірек білімдер (қандай ұғымдарға баса мән беріледі)

ә) Жаңа ұғымдар, нені меңгеру керек атап көрсетіледі.

Мысалы:

11 сынып

7 тақырып: Солтүстік Еуропа елдері

1.        Солтүстік Еуропа елдеріне ортақ бейтараптылық бағыты

2.        Солтүстік Еуропаны ядролық қарусыз аймаққа айналдыру

3.        Финляндия “Паасикиви – Кекконен жолы”

 

Швеция – 5 ж бейтараптылық саясат ұстанды, соғыс блоктары саясатын айыптады. Швед социал-демократиялық үкіметі Еуропаны ядролық қарусыз аймаққа айналдыру бағытын ұстайтындығын мәлімдейді.

 

Финляндия – 1946 ж Финляндия президенті Ю.К.Паасикиви, 1950 жылы У.К.Кекконен бейтараптылық бағытты және Солтүстік Еуропа елдерін ядролық қарусыз аймақ деп жариялау бағытын ұстанғандықтан оны “Паасикиви – Кекконен жолы” деп атады.

 

ІІ. Траихқа деген қызығушылығын тереңдету.

Ол үшін әр елдің тарихына байланысты сабақты өту кезінде сол елдің ерекшелігін көрсететін, есте қалатындай тарихи, мәдени мұралары туралы айту;

Мысалы:

9 сынып

“XVIII ғ-ғы Француз революциясы”

 

Дүниедегі 8-ші кереметтің бірі Франциядағы Эйфель мұнарасы     

1889 ж бүкіләлемдік көрмеге арналып француз инжинері – Эйфельдің басшылығымен салынды.

Биіктігі 300 м, толық салмағы 9000 т.

 

9 сыныпта “Азия мен Африкадағы ұлт-азаттық қозғалыс” тақырыбындағы Үндістан немесе Қытай.

Әлемнің 8-ші кереметтерінің бірі Тәж-Махал мавзолейі.

Ұлы Моғолдар әулетінен шыққан Шаһ-Жаһан 38 жасында қайтыс болған Мумтаз –Махалдың өсиеті бойынша 630-52 жылдары салдырған. Тәж-махал 5 күмбезді, биіктігі 243 фут (75 метр). Мазардың сырты түрлі-түсті тас, күміс, алтын мозаикалармен нақышталған. Негізгі үйдегі сағаналар 24 қанат мәрмәр шарбақпен қоршалған.

Ұлы Қытай қорғаны

Б.э.д. 221 жылы Император Цинь Ши-Хуанди империяны солтүстік батыс жақтағы көшпелі халықтардың шабуылынан қорғау мақсатымен тұтас қамал-қабырға тұрғызу туралы жарлық берді. Шығыстан батысқа қарай созылып жатқан Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 4-5 мың км, биіктігі 6,6 м (кейбір жерлерде 10 метрге дейін), ірге ені 6,5 м

 

“Африкадағы араб елдері” тақырыбы

Хеопс пирамидасы

 

Ең биік пирамидалардың бірі. Мысыр елінде Перғауын Хеопсқа арналып салынған. Биіктігі 146,59 метр.

 

ІІІ. Шығармашылық күш-қуатын дамыту

(білім сапасын көтеруде септігін тигізетін қосымша элементтерді еңгізу, тарихи деректерді оқып үйрену);

  а) Әр елге байланысты жоғарыда көрсетілген ұғымдар туралы мағлұмат алу үшін, алған білімдерін тереңдету үшін энциклопедияны пайдалануға ұсыну және өтіп отырған дәуіріне байланысты материалдарды іріктеп пайдалана білуге дағдыландыру. Бұл оқушының есінде сол ел туралы мағлұматтың ұмытылмай сақталуына, сапалы білім алуына негіз болады.

         Мысалы:

9 сынып. “XVIII ғ-ғы Француз революциясы”

 

   XVIII ғ-ғы Француз революциясы туралы толық мағлұмат алу үшін, энциклопедиядан Бастилия, Версаль, Марсельеза, Эйфель мұнарасы туралы жазып келуге ұсыну.

        Версаль сарайы - өте әдемі алтынмен қапталған қабырғалары айна, хрусталь люстралы, айналасы бақ, гүлзарлар XIV Людовиктің бұйрығымен салынған. Ол өзін “Күн королі” санаған.

        Бастилия – 1789 жылы 14 шілдедне абсолютизмнің символы – Бастилияны көтеріліс жасаған халық тұтқиылдан басып алды. Бұл Ұлы француз революциясының бастамасы болды. Бұл күн Францияның Ұлттық мейрамы ретінде атап өтіледі.

        Марсельеза – француздардың революциялық әні. Бұл әнді “Марсельдіктер маршы” деген атпен Марсельдің еріктілер батальоны шығарды. Үшінші республика кезінде мемлекеттік гимн болып бекітілді.

 

ә) тарихи дерек, құжаттарды тиімді пайдалану.

Мысалы:

11 сынып. “Кеңес Одағы 1945-1964 жж”

 

  Н.С.Хрущевтың реформалары. Жеке басқа табынушылықты айыптау деген ұғымдарды беру.

  Бұл ұғымды оқушыларға нақтылы меңгерту үшін оқулықтың Н.С.Хрущевтің КОКП  XX съезінде жасаған баяндамасынан ең керекті үзінділерді оқу.

  “Сталин- халық жауы” деген ұғымды енгізу. Сталиннің жасаған істеріне баға береміз.

1.     Мәтінмен жұмыс

1 топ – 5 сөйлем арқылы мәтіннің мазмұнын баянда

2 топ – мәтіннің 15 кілт сөзін ата

3 топ – мәтін бойынша 10 теріс пікір келтіріңіз,   

             басқа топтар қатесін тапсын

4 топ – мәтінге 4 жуан және 4 жіңішке сұрақ   

             құрастыр

 

Құжаттармен жұмыс

«Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы»

Сұрақтар: Берілген құжатты оқыңыз. Бұл құжат сізге қандай ақпарат берді? Ал қандай ақпарат берген жоқ? Бұл құжатта не айтылған?

Жауабы:

 1. Ресей халықтарының бостандығы мен теңдігі.

 2. Ресей халықтарының өз бетінше шешім қабылдау, тіпті Ресей құрамынан бөлініп, тәуелсіз мемлекет қалыптастыру құқылары

3. Кез келген ұлттық және діни артықшылықтардың және кемсітулердің жойылуы

4. Ресей территориясында өмір сүріп жатқан ұлттық миноритеттердің және этникалық топтардың дербес дамуы

                                           Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, 2-Қараша 1917

 

Тұлғаларды еске түсіргенде қолдануға болады

 1. Тұлғаның сипаттамасы беріледі, ал оқушылар кім екенін анықтайды;

 2. Тұлғаның оң/теріс жағын анықтайды;

 3. Сурет арқылы жақсы сұрақ/жаман сұрақ

 

IV. Пән аралық байланыс. Көркем әдебиет. Өнер. Кино.

Шығармаларымен байланыстыра оқыту

  Мысалы:

5 сынып. “Ұлы Жеңіске қосылған үлес”

  Осындай қиын-қыстау, ел басына қауіп төнген кезде адамдар өнерді, әнді ұмытпады. Қайта керісінше, осы әндер арқылы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылып, бірліктің, ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті. Сол кездегі әншілер қанды майдан, қырғын соғысты көздерімен көріп, әндерін оқ қылып жауға аттандырды.

   Роза Бағланова сонау Берлинге дейін барып, Потсдамда ән шырқады. Олар: “Широка страна моя родная”, “Ах Самара городок”, “Сырымбет”, “Майра” т.б.

  Соғыс кезінде майдан шебінде қас-қағым тыныштық сәттер де болған. Сондай сәттерде жауынгерлерге кең танымал әрі сүйікті әндер “Землянка”, “Катюша” т.б. әндер болды.

   1942 ж Брусиловскийдің “Алға Гвардия” операсы, М.Төлебаевтың “Тос мені, тос”, “Кестелі орамал”, Жұбановтың “Майданнан хат”, “Москва” т.б. лирикалық-патриоттық романстары да көпшілікке кеңінен таралған деп әндердің үзінділерін тыңдатып, мағынасын ашу.

5 сынып. Абай-ұлы ақын, сазгер, аудармашы.

 

   Абай өлеңдерін жатқа айтқызу (“Қыс”, “Күз”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Қара сөздеріне” үзінділер оқу, Лермонтовтың “Бородино” өленінен үзінді оқу).

10 сынып. “Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы”

 

  Н.Ановтың “Ән қанатында” деген романын ұсынамын. Сол романның үзінділерін келтіре отырып “Әміренің дауысынан төбе құйқан шымырлап, шашын тік тұрады” – деп Мұса үстемелетіп жібереді...

  Әміре Қашаубаевтың Париждегі гастіролі туралы осы романның үзінділерімен айтылады.

 

V. Жаңа педагогикалық технологияларда инновациялық бағыттарды енгізу.    

 

         “Қазіргі білім сапасындағы оқытудың озық       

          технологияларын меңгермейінше сауатты,  

          жан-жақты маман болу мүмкін емес”.

 

  Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы. (түсіндірме сөздік). Ал, педагогикалық технология дегеніміз – бұл педагогтың мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті – деп атап көрсетеді М.В.Кларин.

 

  Өз тәжірибемде, алға қойған мақсаттарға жету үшін, мына технологиялардың әдіснамалық құралдарын қолданамын:

  Олар - В.Ф.Шаталов технологиясының тірек-сызба, тірек-конспектісі; Караевтің деңгейлік тапсырмалары; Сын-тұрғысынан ойлау технологиясының “ой- қозғау”, “венн-диаграммасы”, “кубизм”, “ЖИГСО”, Инсерт”, “Сыртына-ішіне”, “семантикалық карта”,“ жуан/жіңішке”, т.б стратегиялары.

  Осы жерде деңгейлік тапсырмаларға тоқтала кетсем, мұнда оқушыларға деңгейлік тапсырманы деңгейлеп бермеймін, жасырын түрде беремін. Мұндағы мақсатым дифферция оқушының мүмкіншілдігін ашады. Мысалы:

Слайд бойынша.

VI. Дөңгелек үстел, конференция сабақтары

 

  Әр елдің тарихы туралы, тарихи тұлғалары туралы тереңдете білу үшін, әр оқушыға рефераттар беріп оны тыңдап, талдаймыз. Сұрақтар қойып сол тақырыптарға ребустар, сөзжұмбақтар, чайнвордтар құрастыру.

 Мысалы:

5 сынып. “Қазақтың ұлттық киімдері”

                                              Сөзжұмбақ

 

 

1.Т

Ы

М

А

Қ

 

2.Ш

А

П

А

Н

 

3.М

Ә

С

І

 

 

4.К

Ө

Й

Л

Е

К

 

5.Т

О

Н

 

 Тапсырма: Мына сөздерге сұрақтар құрастыр

Тапсырма: Ұлттық бас киімдерге ребустар құрастыр.

 

VII. Жергілікті жер материалдарын пайдалану.

Сабақтың жүйесіне қарай жергілікті жер материалдарын пайдалану;

Мысалы:

5 сынып. “Ұлы Отан соғысы”, “Тың және тыңайған жерлерді игеру”.

9 сынып. “КСРО 1940-45 жж”.

11 сынып. “Кеңес Одағы 1945-64 жж”  тақырыптыр бойынша жергілікті мұрағат және қариялар ауызынана мәліметтер жинастыру ұсынылады. Алған мәліметтерді ғылыми жоба, доклад түрінде қорғауға беріледі. Ерлік сабақтар өткізіледі.

    Жаныбекова Жанаргүл 11 сынып оқушысы “Жергілікті су қоймаларындағы ауыз су және оның адам деңсаулығына әсері” тақырыбына ғылыми жобасын дайындап оны облыс көлемінде қорғап келді.

    Рашид Сымбат 11  сынып оқушысы “Отан үшін қан төккен” тақырыбына мектеп ішінде докладын қорғап, 2014 жылы «Сарыарқы самалы» газетінде «Менің атам» атты мақаласы жарияланды.

  Ауған соғысыныің ардагері, жерлесіміз Серік Хамзинге арналған аудан көлемінде ашық ерлік сабағы өтті.

VIII. ҰБТ-ға дайындық

Әр тараудан соң оқушылардың білімі тексеріледі

1.     Алған білімдерін бағалау үшін Қ. Бітібаеваның технологиясын басшылыққа ала отырып, “тест-интервью” әдісімен сұрау.

 Мақсаты: Кейбір білім деңгейі “орташа” оқушылар “бес” алуы мүмкүн, білімін нақтылау үшін, тест тапсырмалардан сұрақ қойып, жауабын тыңдап алған соң бағалау.

 

2.     Логикалық тест тапсырмалары

Реттік орын бер

КСРО-ның құрылуы

ТЖМК-ның құрылуы

Ту мен Елтаңбаның бекітілуі

Алғашқы әнұранның қабылдануы

Ішкі істер әскерінің құрылуы

3.     Диктанттар

 - Математикалық диктант  

 - Терминологиялық диктант

 - Цифрлы диктант  

4. Тестілеу

1.     Ашық тест

2.     Жабық тест

3.     Толықтыру

4.     Сәкестіру

5.Дистанциондық тапсырмала

6. Зачет

ІХ. Картографиялық білімін жетілдіру

1.     Семантикалық карта толтыру

2.     Хронологиялық кесте

3.     Гео-хронологиялық карта

Х. Көрнекті техникалық құралдар

 

Кері байланыс Рыленковтың методы бойынша

 

  Дәптердің бетіне қолдарыңызды қойып суретін саласыздар. Өздеріңізге ұнаған бес саусақтың біреуін таңдайсыздар. Әр саусақ сіздің айтылған пікірлеріңіз бен көңіл - күйлеріңізді анықтайды.

Бас бармақ - мен үшін маңызды және қызықты.

Балан үйрек - мен нақты өзіме ұсыныс алдым.

Ортан терек - маған қиын болды, ұнаған жоқ.

Шылдыр шүмек - менің бағам психологиялық жағдайға берілген берілген баға.

Кішкене бөбек - мен үшін жеткіліксіз

 

Қорытынды:

 

  Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі шебер сыныпты аяқтаймыз.

 

                                                              “Бала дегеніміз – гүл
                                                              оған суды қалай құйсаң,
                                                              ол солай қарай өседі”

                                                                                  А.Сухомлинский

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы сапалы білім беруді жүзеге асыру. Шебер сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 898 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2017 1262
    • DOCX 32 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзатаева Бибинур Еламановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мырзатаева Бибинур Еламановна
    Мырзатаева Бибинур Еламановна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74883
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 168 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции