Инфоурок Начальные классы ТестыТесты по казахскому литературу (3 класс)

Тесты по казахскому литературу (3 класс)

Скачать материал

Әдебиеттік оқу. 3 сынып

Тарау № 1. « Талаптан да білім мен өнер үйрен» тарауы бойынша тест.
1. Мәтіннің тақырыбы дегеніміз - .......
А) Мәтіннің атауы Ә) Автордың не айтқысы келетіні
Б) Мәтіндегі оқиға желісі В) Мәтіндегі кейіпкерлер сөзі.


2. Бөлімде берілген шығармаларға ортақ тақырыпты ата.
А) Оқушы, мұғалім Ә) Мектеп, кітап Б) Білім, оқу В) Оқу, ойын


3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: 
«.....- өшпес жарық, кетпес байлық».
А) Байлық Ә) Мектеп, кітап Б) Даналақ В) Өнер


4. А.Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңіндегі іздеп тауып алалық тіркесінің мағынасы қандай?
А) Үйрену, оқу Ә) Жоғалған нәрсені табу Б) Жоқты іздеу В) Біреуді іздеу


5. «Бүгіннен бастап , Мағжан, сен де менің шәкіртімсің» деген кім?
А) А) Ахметден Ә) Мүсілім Б) Бекен В) Гүлім


6. М.Гумеровтың «Күмән» әңгімесі бойынша : « Сонымен, сынып терезесін сындырған кім?»
А) Рақила Ә) Кезекші Б) Боранбай В) Дәуіт


7. Ұршық, өрмек, кітап. Бұлар қай мәтінде айтылған?
А) Б.Ысқақао. « Кім жүйрік?» Ә) А.Құнанбаев. « Адам болам десеңіз»
Б) Р.Босилек. «Жақсылардың жақсысы» В) Қ. Мырза Әли « Мұғалима»


8. « Талаптан да, білім мен өнер үйрен» деп өсиет қалдырған кім?
А) Абай Ә) Шәкәрім Б) Ахмет В) Ыбырай


9. « Мұздай болат киінген, Батпан қару үйірген» деген жолдарда кім суреттелген?
А) Батыр Ә) Жауынгер Б) Бала В) Ұшқыш


10. « Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін» деген кімнің сөзі?
А) Шоқанның Ә) Абайдың Б) Шәкәрімнің В) Ыбырайдың








Тарау № 2. « Маужырап барқыт қоңыр күз» тарауы бойынша.
1. Т.Жароковтың « Кемедей кешіп комбайн Алтын дария егінді,

Сүзіп жүр маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді!» - деген өлең жолдарында күздің қай мезгілі суреттелген?
А) Күздің басы Ә) Күздің ортасы Б) Күздің соңы В) Күздің табиғаты


2. Т. Жароковтың « Ауыл күзі» өлеңін есіңе түсір. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: Алма піскен......
А) Уылжып Ә) Қызарып Б) Албырап В) Балбырап


3. Бөлімдегі оқиғасы «Ас атасы –нан» деген мақалға құрылған мәтінді ата. 
А) І. Жансүгіров «Малта» Ә) Ә. Табылдиев « Күздің кереметі»
Б) И.Бази. «Жеміс бағында» В) «Егінші мен қасқыр»


4. Сары кілем төселген жер. Тиін. Борсық. Қоян. Қай шығармадан алынған?
А) Ә. Табылдиев «Күздің кереметі» Ә) И.Бази «Жеміс бағында»

Б) Е. Салықов «Күзгі орманның көріністері» В) Т. Жароков. « Ауыл күзі»


5. « Екі құлағы тас төбесінде. Ұзын қылшықты көкке көтерілген құйрығы әдемі, ұшы сәл ғана төмен иілген» деген жолдарда не сипатталған?
А) Қоян Ә) Тиін Б) Мысық В) Түлкі


6. «Күн жаңа көтеріліп келе жатқан кез. Шөптегі шық тамшылары моншақтай мөлдіреп, жылт-жылт етеді». Бұл мәтіннің қай түріне жатады?
А) Пайымдау Ә) Хабарлау Б) Сипаттау В) Түсіндіру


7. «Борсық – қысқы ұйқыға кеш жататан аң. Ол күздің ақырғы күндерінде де інінен шығып, күнге жылынып жүреді». Бұл мәтіннің қай түріне жатады?
А) Пайымдау Ә) Хабарлау Б) Сипатттау В) Түсіндіру

8. Абай аударған « Шегіртке мен құмырсқа» мысалын жазған кім?

А) И.Крылов Ә) И.Бази Б) В. Сухомлинский В) Р.Босилек


9. И. Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа « мысалын есіңе түсір.
« Қарағым, жылт, тамақ бер» деген ненің сөзі.

А) Құмырсқаның Ә) Шегірткенің Б) Баланың В) Қыздың


10.Бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын қалай аталады?
А) Өре Ә) Күрке б) Қора В) Сөре




Тарау №3. « Туған елім, туған жерім» тарауы бойынша тест.
1. Қазақстан туындағы еркіндіктің, тәуелсіздіктің, бостандықтың,жомарттық пен қырағылықтың нышаны.......

А) Күн Ә) Өрнек Б) Қыран В) Жұлдыз


2. Елтаңбадағы « Отан от басынан басталады» деген киелі ұғым не арқылы бейнеленген?

А) Тұлпар Ә) Шаңырақ Б) Жұлдыз В) Күн


3. ҚР Әнұранның әнін жазған кім?

А) Ш.Қалдаяқов Ә) Ж.Нәжімеденов Б) Н.Назарбаев В) М.Әлімбаев


4. Тәуелсіз елдің балаларын еңбекке, адалдыққа шақыратын мәтінді ата:

А) Ш.Құдайбердіұлы « Бостандық таңы атты» Ә) Д.Әбілов. «Туған тілім» Б) С.Сейфуллин. «Туған ел» В) С.Мәуленов. « Мен елімді сүйемін»


5. Әнұран мен «Бостандықтың таңы атты» мәтіндерінде қайталанатын сөзді тап.

А) Бірлік Ә) Қазағым Б) Еркіндік В) Елім


6.Д.Әбілевтің «Туған тілім- бабам тілі- өз тілім! Туған тілім –ана тілі –өз тілім!» деп келетін өлең шумағы қалай аяқталғанын тап.

А) Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Ә) Туған тілім-далам тілі-өз тілім! Туған тілім-адам тілі-өз тілім!

Б) Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

 
7. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» деген жол кімнің шығармасынан алынған.

А) С.Сейфуллин. «Туған ел» Ә) Ш.Құдайбердіұлы. «Бостандық таңы атты»
Б) С.Мәуленов «Мен елімді сүйемін» В) Ә.Кекілбай. «Ауыл таңы»


8. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді?

А) М.Мақатаев. «Үш бақытым» Ә) С.Сейфуллин. «Туған ел»

Б) Д.Әбілев «Туған тілім» В) Ш.Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»


9. М.Мақатаевтың «Үш бақытым» деп отырғаны ........
А) Білім, өнер, ғылым Ә) Бейбітшілік , ынтымақ, бірлік Б) Отан, халық,тіл В) Әке,ана,бала


10. Туған тіл туралы жырлаған ақынды ата:
А) Т.Айбергенов Ә) Д. Әбілев Б) М.Жұмабаев В) М.Мақатаев 




Тарау № 4 « Ата-бабам тарихы- менің тарихым» тарауы бойынша тест.
1. Бұқар жыраудың « Жау тигенде –жарағым,
Алыстан асып дау келсе,
Түрулі тұрған құлағым» деп келетін жыр жолдары кімге арналған?

А) Абылайға Ә) Қабанбайға Б) Бөгенбайға В) Махамбетке


2. Ағыбай батыр есіміне қатысты сөзді ата.
А) Ержүрек Ә) Ақжолтай Б) Қайсар В) Батыр


3. Езілген қазақ елінің Бағы үшін туған ер.
Қалың қазақ елінің Кегін қанмен жуған ер. Ол кім?

А) Махамбет Ә) Исатай Б) Амангелді В) Нұркен


4. Б. Майлиннің « Күлпаш « әңгімесінде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген?

А) Аштық жылдары Ә) Соғыс жылдары

Б) Қуғын-сүргін жылдары В) Жоңғар шапқыншылығы


5. «Ол кезде С.Сейфуллиннің әлі ақталмаған ,есімін атауға жұрттың қорқатын кезі еді? деген негізгі ой қандай шығармаға арқау болды?

А) Б.Майлин. «Күлпаш» Ә) З.Шашкин. «Азаттық жолында» 
Б) Т. Кәкішев «Мәңгі жасар өмір» В) Ш.Мұртаза «Интернат қоймасы»


6. Н. Айтовтың «Нұркен», М.Ғабдуллиннің «Батыр Бауыржан», К. Қазыбаевтың «Ту тіккен Рақымжан» әңгімелеріне ортақ тақырып қайсысы?

А) Азамат соғысы Ә) Ұлы Отан соғысы

Б) Желтоқсан оқиғасы В) Қуғын-сүргін жылдары.


7. «Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды. Көк жүзімен астасқан қасиетті көк Туы желбіреп тұр» деген негізіг ойға құрылған шығарманы ата.
А) К.Табей. «Ол ақын болар ма еді?» Ә) Н: Айтов « Нұркен»

Б) Ә. Нұршайықов « Музейдегі зеңбірек» В) Т.Кәкішев «Мәңгі жасар өмір»


8. Қабанбай, Бөгенбай есіміне байланысты ел басынан өткен кезеңді ата.
А) Желтоқсан оқиғасы Ә) Ұлы Отан соғысы Б) Жоңғар шапқыншылығы В) Аштық жылдары.


9. Исатай , Махамбет батырлар заманында билік құрған ханды ата.
А) Абылай Ә) Кенесары Б) Қасым В) Жәңгір


10. Мәтін құрастыру үшін қойылатын басты талапты ата:
А) Табиғаттың суреттелуі. Ә) Кейіпкерлердің болуы

Б) Мәтіндегі оқиғалардың өзара байланысты болуы.

В) Тарихи оқиға суреттелуі.

Тарау № 5. « Туған жерге қыс келді» тарауы бойынша тест.

1. Абайдың « Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды» деп басталатын өлең жолдары көз алдыңа кімді елестетеді?
А) Малшыны Ә) Жас баланы Б) Кәрі шалды В) Жас жігітті


2. « Әуес көріп жүгірген .....
Беті –қолы домбығып үсік шалды».Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт.
А) Малшылар Ә) Жас балалар Б) Қойшылар В) Адамдар


3. « Шидем мен тон қабаттап киген .....» кім?
А) Шал Ә) Малшы Б) Бала В) Жігіт


4. «Қызыл шұнақ» тіркесіне қатысты сөзді ата.
А) Күн Ә) Қар Б) Аяз В) Қыс


5. С. Шаймерденов. « Баяу қалқып келеді де, сәл орала беріп, құсша қонады» деп нені суреттейді?
А) Көбелекті Ә) Қар ұлпаларын Б) Жаңбырды В) Жапырақты


6. А.Пушкин мен М. Иманжановтың шығармаларының ұқсастығы неде?
А) Екеуінде де қысқы кеш суреттеледі. 
Ә) Екеуінде де қысқы ойын түрлері айтылады.
Б) Екеуінде де суықтан сақтану туралы айтылады.
В) Екеуінде де қысқы орман сипатталады.


7. « Кеуек» сөзінің мағынасы неде
А) Құстың ұясы Ә) Қоянның іні Б) Ағаштың діңі В) Аңның ізі.


8. Жұмбақтың шешуін тап:
Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр-
Қатты-ақ.
А) Қар Ә) Көпір Б) Мұз В) Қырау

9. Көп инүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт: Қылышын сүйретіп .... келер.
А) Қыс Ә) Жаз Б) Күз В) Көктем

10. Көп нктенің орнына тиісті сөзді қойып айт: Қыс азығын ..... жина.

А) Күз Ә) Қыс Б) Жаз В) Кеш





Тарау № 6. «Жақсыдан үйрен» тарауы бойынша тест.

1. Бөлімдегі оқиғасы жақсылыққа жамандық бар деген пікірге құрылған мәтінді ата.
А) Ы. Алтынсарин « Таза бұлақ» 
Ә) Ш.Құдайбердіұлы. «Бір кесе меруерт»
Б) Ы. Алтын сарин. «Баланың айласы»
В) С.Бегалин. « Мейірім»


2. Ш. Құдайбердіұлының осы бөлімде берілген әңгімесін есіңе түсір.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: «....... адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ».
А) Бай Ә) Кедей Б) Тоқ В) Азықсыз аш


3. « Ол арбасынан шелегін алып , арқанға байлады, су тартып, сусынын қандырды, содан соң алғысын айтып жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді». Бұл қандай адам?
А) Бұл адам емес
Ә) Бұл-нағыз адамның өзі
Б) Бұны әлі адам деуге болмайды
В) Бұның адам болуы екіталай


4. Төмендегі жоспарға сәйкес келетін шығарманы ата:1.Жайлауға дайындық. 2. Жаңа қоныс. Үй ішінің көрінісі.
А) К. Оразалин. «Абай шаңырағы»
Ә) С.Бегалин. «Мейірім»
Б) «Абай мен Әбіш»
В) Ж.Кәрменов. «Әке тәлімі»


5. Күзек сөзінің мағынасын тап.
А) Көктемгі егіс даласы Ә) Қойды күзде бағатын қоныс
Б) Шөп шабатын жер В) Сиырдың табыны


6. Б.Соқпақбаевтың «Шал мен бала» әңгімесін есіңе түсір. Мәтіндегі « Жақсылыққа жақсылық- әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық- ер кісінің ісі» деген мақал кімге қатысты айтылған?
А) Мәуленге Ә) Атаға Б) Немересіне В) Балаларға


7. Ғалым, жылан, түйе, ит, бала қай шығарманы еске түсіреді?
А) Б.Соқпақбаев. «Шал мен бала»
Ә) С.Бегалин. « Мейірім»
Б) Ы. Алтынсарин. «Баланың айласы»
В) Ш.Құдайбердіұлы. «Бір кесе меруерт»


8. Бөлімдегі негізгі ойы әннің құдіретті күшін сипаттауға құрылған шығарманы ата.
А) Ы.Алтынсарин. «Таза бұлақ»
Ә) Ы.Алтынсарин. «Баланың айласы»
Б) Ш.Құдайбердіұлы. «Бір кесе мерует»
В) О.Бодықов. «Аққұс туралы аңыз»


9. М.Әлімбайдың « Әнші Әміре» әңгімесін есіңе түсір. Тасыған қар суындай сөзінің мағынасын тап.
А) жайлап Ә) топырлап Б) күшті,қатты В) қаптап,ағылып


10. « Оның домбырасынан теңіз толқынындай арындаған асау күй төгіледі» деген жолдарда кім туралы айтылған?
А) Шәмші Ә) Бекмұхамед Б) Құрманғазы В) Әміре


































Тарау № 7. « Масатындай құлпырар жердің жүзі» тарауы бойынша тест.
1. Абай атамыздың « ... Масатындай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі»
деген өлең жолдарында жылдың қай мерзімі суреттелген?
А) Қыс Ә) Жаз Б) Жазғытұры В) Күз


2. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін тап. «..... қорада шу»
А) Көбелек пен құстар да Б) Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті
Ә) Түйе боздап, қой қоздап В) Ел ешкісін қырқыпты


3. « Ел ешкісін қырқыпты,
Егіндерін жыртыпты» деген өлең жолдарында жылдың қай мезгілі туралы айтылған?

А) Күз Ә) Көктем Б) Жаз В) Қыс


4. І.Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңінен келтірілген шумақтағы ұйқасып тұрған жолдарды тап: Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды- жаз кепті.
А) жел соқты-қаз кепті Ә) су ақты- жаз кепті 
Б) қаз кепті-жаз кепті В) су ақты-қаз кепті


5. «Қуанышты күнің, жаңа жылдың құтты болсын,қазақ!» деген жолдарда қандай мейрам айтылған?
А) Наурыз Ә) Жаңа жыл Б) Ораза айт В) Құрбан айт

6. І. Жансүгіровтың « Жазғытұрым» өлеңін есіңе түсіріп, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой: « .... көк майса
А) желіндейді Ә) желпілдейді Б) желкілдейді В) жалпылдайды


7. « Көктем сәні» ертегісін есіңе түсір. « Көктем сәні- хош иіс» деген қай кейіпкердің сөзі?
А) Қасқыр Ә) Ит Б) Ақбөкен В) Аю


8. Қ. Аманжоловтың «Көктем» өлеңін есіңе түсір. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: « Нәзік үнмен сыңқылдап,... бұлақ еркелеп»
А) Асау Ә) Мөлдір Б) Таза В) Бұйра


9. Бөлімдегі негізгі ойы» Еңбекпен тапқан нан тәтті» деген нақыл сөзге құрылған мәтінді ата.
А) «Еңбекпен тапқан тиын» Б) М.Дулатов «Қош келдің,Наурыз!»
Ә) «Ер еңбекте сыналады В) Қ.Аманжолов «Көктем»

10. Көктемгі еңбек туралы жырланған өлеңді ата.
А) Қ. Мұқышев .» Көктем» Ә) « Көктем сәні» (ертегі)
Б) О.Сүлейменв .»Тұңғыш ғарышкер» В) Қ. Аманжолов. «Көктем»

Тарау № 8. «Табиғат- менің өз үйім» тарауы бойынша тест.

1. Ы.Алтынсарин « Көңілдің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады» деп не туралы айтып отыр?
А) Өзен Ә) Бұлақ Б) Теңіз В) Көл


2. «Жылан торғайды арбап жейді» деген жолдарды қай шығармада кездестірдің?
А) М.Сүндетов «Қайырымдылық» Ә) Ж. Аймауытов. «Торғай»
Б) Б.Соқпақбаев «Қамқаорлық» В) А. Сейбімбек. «Бетпақдала»


3. Өзінің үйірін, буыны қатаймаған лақтарын аман алып қалған ақсақ киіктің «ақылдылығы» әңгімеленген шығарманы ата.
А) С.Сейфуллин. «Ақсақ киік» Ә) Ә. Қоңыратбаев «Киіктің айласы»

Б) К. Сегізбай. «Арқарға үлкен мүйіз неге керек? В) И. Байзақов .«Алтай аясында»

4. Киіктің жаңа туған лағын қалай атайды?
А) Құралай Ә) Қозықа Б) Ақбөкен В) Марал


5. Төмендегі шығармалардың ішінде табиғаттың ерекше сұлулығы мен әсемдігі суреттелгенін ата.
А) И.Байзақов. «Алтай аясында» Ә) М.Сүндетов. «Қайырымдылық»
Б) Б. Соқпақбаев.»Қамқорлық» В) Б. Емельянов. «Бүркіт»


6. Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңін мәтіннің қай түріне жатқызуға болады?
А) Пайымдау Ә) Әңгімелеу Б) Сипаттау В) Дәлелдеу


7. Б. Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесінде « Соқыр бүркітті адамдар он жеті жыл бойы асырып келеді. Жақсылықты ұмытпауды үйрен» деген сөздерді айтқан кім?
А) Гайдар Ә) Мұхтар Б) Қарт В) Автор


8. Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесінде газет бетіне нанның үгіндісін сеуіп «же» деп торғайға апарған кім?
А) Жантас Ә) Қожа Б) Автор В) Ақбілек


9. « Арқарға үлкен мүйіз неге керек? деген сұраққа сол мәтіннен келтірілген төмендегі үзінділердің қайсысы дұрыс жауап болады?
А) Қасқырлардан қорықпау үшін керек
Ә) Басқа арқарлармен сүзісу үшін керек
Б) Арқар биіктен секірген кезде аяғымен емес, мүйізімен жерді сүзе құлайды да, аунап тұрып, кете береді- сол үшін
В) Жауынан қорғану үшін

10. « Боз жусан- киелі өсімдік» деген негізгі ойға құрылған шығарманы ата.
А) А. Сейдімбек. «Бетпақдала» Ә) С.Сейфуллин. «Ақсақ киік»
Б) Б.Соқпақбаев. «Қамқорлық» В) Ж.Аймауытов. «Торғай»

Тарау № 9. «Жаздыгүн шілде болғанда» тарауы бойынша тест. 
1. Заттың, құбылыстың басты белгілерін нақты бір мақсатқа қарай ашып көрсететін мәтін түрі-
А) Пайымдау Ә) Салыстыру Б) Әңгімелеу В) Сипаттау


2. Белгілі бір құбылыс, оқиға жөнінде хабарлайтын мәтін түрі-
А) Сипаттау Ә) Әңгімелеу Б) Пайымдау В) Дәлелдеу


3. Ә. Нұрпейісовтің әңгімесіндегі «Күн қызара төмен жылжып барады. Асықпай қараған адамға күн аспаннан түсіп келе жатқан қызал доп сияқты....» деген жолдарды мәтіннің қай түріне жатқызуға болады?
А) Сипаттау Ә) Пайымдау Б) Әңгімелеу В) Дәлелдеу


4. Өлең жолдарын аяқта: « Жоғары –төмен үйрек, қаз...»
А) Шалғыннан жоны қылтылдап Ә) Айнала шауып бұлтылдап
Б) Жаздыгүн шілде болғанда В) Ұшып тұрса сымпылдап


5. М.Дулатов « Бұл –қымыз молайып, қозы піскен кез» деп қай ай туралы айтып отыр?
А) Шілде Ә) Маусым Б) Тамыз В) мамыр


6. С.Мұқановтың «Ешбір көркем кілемнің ,ешбір көркем кестенің бетінен табылмайтын ғажап бояуларды көресіз!» деген сөздері қай жыл мезгіліне қатысты айтылған?

А) Жаз Ә) Күз Б) Көктем В) Қыс


7. М. Иманжанов « Тек қана электр шамындай жарқырап Шолпан жұлдызы тұр» деп тәуліктің қай мезгілі туралы айтып отыр?
А) Кешкі Ә) Таңғы Б) Түскі В) Түнгі


8. М.Әуезов пен Ә. Нұрпейісовтің шығармаларының ұқсастығы-
А) Екеуінде де жазғы таң суреттеледі Ә) Екеуінде де жаулау суреттеледі
Б) Екеуінде де жазғы кеш суреттеледі В) Екеуінде де түн суреттеледі


9. Қ.Ыдырысов: 
Қораға тығылды,
Қозы-лақ маңырап.
Үлкендер жүгірді.
Бұзаулар жамырап,-
дейді бұл қай кезде болады?
А) Қар жауғанда Ә) Жаңбыр жауғанда Б) Жел тұрғанда В) Кешкі мезгілде


10. Ө.Тұрманжановтың осы бөлімдегі өлеңін есіңе түсір.
«Құп, атажан, жүгіріп Күркесіне кіріп,
Қозыларға барайын. Қарайын да санайын»
деген кімнің сөзі.
А) Автордың Ә) Қойшының Б) Малсақ баланың В) Атаның

Тарау № 10. « Сарқылмас қазына» тарауы бойынша тест.
1. «Әлди,әлди,шырағым,
Көлге біткен құрағым
» деп келетін өлең жолдары қандай жырға тең?

А) Төрт түлік жырына Ә) Наурыз жырына
Б) Тұсаукесер жырына В) Бесік жырына


2. «Жағы қалақтай, Төбесі жұлдыздай, Мойны садақтай. Жүні құндыздай» деген жыр жолдарында не туралы айтылған?
А) Ешкі Ә) Құлын Б) Қозы В) Сиыр


3. «Даусы бар азандай, Желіні бар қазандай» деген жолдарда қандай түлік туралы айтылған?
А) Сиыр Ә) Қой Б) Түйе В) Ешкі


4. «Қорасында маңыраған» не?
А) Ешкі Ә) Түйе Б) Қой В) сиыр


5. «Шек!» десе де иесі» деген жол қай түлікке қатысты айтылған?
А) Сиырға Ә) Ешкіге Б) Қойға В) Жылқыға


6. « Құмырсқаның қанағаты» ертегісін есіңе түсір. Құмырсқанаң қасында дән жатқанда ашығу себебі не?
А) Сараңдықтан Ә) Дүниеқоңыздықтан б) Ашкөздіктен В)Қанағат еткендіктен


7. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісін есіңе түсір. Қарлығаш қай кейіпкермен айқасқа түседі?
А) Айдаһармен Ә) Масамен Б) Түлкімен В) Баламен


8. Өмірде болған адамдардың басына құрылған халық шығармасы-
А) Ертегі Ә) Жаңылтпаш Б) Жұмбақ В) Аңыз


9. Хан, қойшы, сұңқар, шөже торғай қай ертегіні есіңе түсіреді?
А) Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Ә) Алтын балта
Б) Құмырсқаның қанағаты, В) Ажалдан құтқарған асыл сөз

10. Бөлімдегі негізгі ойы « Білгеннің тілін алмасан, білместігің көрінер» деген нақыл сөзге құрылған аңызды ата.
А) Әке мен бала
Ә) Жиреншенің баласы
Б) Алдардың айласы
В) Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры





Әдебиеттік оқу. 3 сынып

І нұсқа


1. «Ұшқан ұя»  әңгімесінің авторы кім?

а) Ы. Алтынсарин

ә) Б. Момышұлы

б) Ж. Аумауытов

 

2. «Оқымысты бала» мәтінінің мазмұны?

а) мақтаншақтық

ә) достық

б) кітапқұмарлық

 

3.  «Төс қағысып, дос болыпты» деген тіркеске қай мақал сәйкес?

а) Жақсы дос үшін жан пида

ә) Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір.

б) Бірлік еткен озар,

Бірлеспеген тозар.

 

4. Жұмбақ пен жаңылтпаш дегеніміз не?

а) монолог

ә) өлең

б) Халық ауыз әдебиеті

 

5. «Дүкенде» әңгімесінде өкінген кім болды?

а) сатушы

ә) бала

б) әжей

 

6. «Нағыз адам» мәтінінің тақырыбы?

а) қайырымды кісі

ә) оқымысты

б) еңбекқор адам

 

7. «Өнерлі әке» сипатты кейіпкер қай мәтінде кездесті?

а) Ұшқан ұя

ә) Екі дос

б) Дүкенде

 

8. Қай жауап дұрыс?

а) Өлеңді ақын жазады

ә) Өлеңді әнші жазады

б) Өлеңді жазушы жазады

 

 

9. «Ақ қыс» өлеңін кім жазған?

а) А. Құнанбаев

ә) Ы. Алтынсарин

б) Т. Айбергенов

10. «Құмдағы құпия» әңгімесі не жайында?

а) Темір бозторғайға қамқорлық жасамақ болды

ә) таулы жерге саяхат

б) құмдағы тастар жайында

 

11. Мына пікірлердің қайсысы дұрыс?

а) Бозторғай артық жұмыртқасын садақа ретінде ұясынан шығарып тастайды.

ә) Бозторғай денесі кішкентай болғандықтан, жұмыртқасын ұясынан еріксіз шығарып тастайды.

б) Бозторғайдың екі ұясы болады.

 

12. «Жазғытұры» өлеңінің авторы кім?

а) А. Құнанбаев

ә) Ж. Смақов

б) М. Әлімбай

 

 

13. Шық қалай пайда болады?

а)  Күн жаңа шығып келе жатқанда

ә) Жаңбыр жауған кезде

б) Күн батар кезде

 

14. «Көктемде тіршілік атауы оянады» деп неге айтқан?

а) Бүршік атады, күн жылынады

ә) Күн суытады

б) Құстар ұшып кетеді

 

15. Наурызкөжені тап

а) бидай, күріш, тары, су, айран, тұз, сүр ер, арпа

ә) ет, алма, тұз, су, май, айран, бидай

б) бидай, тұз, жусан, мейіз, сүт, айран

 

16. Омбы қар дегеніміз не?

а) жұқа қар

ә) Жаңа жауған қар

б) қалың қар

 

17. Әнет баба қандай бата берді?

а) Үш би туралы

ә)  Бірлікте болу

б) Сақ жүру

 

18. Қаз дауысты Қазыьек би айтқан сөз?

а) ең жақын, ең қымбат, ең қиын не нарсе адамға

ә) мақал айтты

б) ертегі

 

19. Айтыс дегеніміз бұл:

а) Ақындар сөз сынасады, елін, туған жерін дәріптеп жырлайды.

ә) Ән айту

б) Күй шығарып орындау

 

20. Енші үлесу қандай дәстүр?

а) баланың тұсауын кесу

ә) балаға тоқымқағар жасау

б) бала ержетіп, жеке үй болып, бөлек шыққанда ата-анасы беретін мал-

 мүлік

 

21. «Құмырсқаның қанағаты»  ертегісі не жайында ?

а) Қанағат қарын тойғызады

ә) Ормандағы аңдар мен құмырсқа

б) Жарыс болғаны

22 . Абайдың әкесінің аты кім?

а) Кәкітай

ә) Құнанбай

б) Ербол

 

23. «Қоңыр қозы» деп кімді атаушы еді?

а) Шоқан

ә) М. Әуезов

б) Ы. Алтынсарин

 

24. «Таза бұлақ» әңгімесін кім жазды?

а) Т. Мұсабаев

ә) А. Байтұрсынов

б) Ы. Алтынсарин

 

25. Шыңғыс Айтматов шығармаларының бірі?

а) Үш дос

ә) Ақ кеме

б) Таза бұлақ





ІІ- нұсқа 

1. Кеңес Одағының батыры, жазушы кім?

а) Ж. Аймауытов

ә) Ә. Молдағұлова

б) Б. Момышұлы

 

2.  «Алтыннан да ардақты» мәтіні не жайында?

а) өтірік айтпау

ә) еңбек ете білу

б) ерлік жасау

 

3. «Мен құпия кеңес өткізіп жатырмын. Өзім туралы мәселе қарап жатырмын. Сізге қатынасуға болмайды» үзінді қай әңгімеден?

а) Менің атым Қожа

ә) Тасымал

б) Екі дос

4. Ананси сонша жыл жинаған ақылға толы құмыраны неліктен ұрып сындырды?

а) Ананси баласына ашуланды

ә) Құмыраның ішіндегі сонша көп ақыл ағаш басына шығуына көмегі болмаған соң

б) Ақылды барлық адамдарға таратып бергісі келді

 

5. Мына пікірлердің қайсысы дұрыс?

а) Бала бақытынан айырылса да, ақылды болғаны жақсы

ә) Ақылсыз болса да бақытынан айырылмау керек еді

б) Бақыт керек, ақыл керексіз

 

6. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» тіркесі қай әңгіме мазмұнына сәйкес?

а) Нағыз адам

ә) Өтірік өрге баспайды

б) Жаман дос

7. Шындық сөзіне қарама-қарсы сөз?

а) достық

ә) өтірік

б) жауапкершілік

8. Туыстық атауды білдіретін мақал?

а) Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап қыз өсер.

ә) Кітап – алтын қазына

б) Оқумен еңбек егіз

 

 

9. Табиғаттағы беймәлім тіршілік туралы ертегі қайсы?

а) Аюдың әулеті

ә) Ақ қыс

б) Нағыз адам

10. «Бозторғай – дала сәні» мәтіні мәтіннің қай түрі?

а) әңгімелеу

ә) сипаттау

б) пайымдау

11. Геолог дегеніміз кімдер?

а) Жер астындағы кен байлықты іздеп табады

ә) Жер бетіндегі өсімдіктерді зерттейді

б) Биік тау шыңдарына өрмелеп шығады

 

12. Көкек айын басқаша қалай атайды?

а) мамыр

ә) сәуір

б) қаңтар

 

13. Самал мәтіні не туралы?

а) Ақ бота

ә) Самал жел

б) Самал деген қыз

 

14. Ұяны жылы, шыдамды етіп салатын  қандай құс?

а) көкек

ә) қарлығаш

б) бозторғай

 

15. Қайсысы күшті жел?

а) құйын жел

ә) дауыл жел

б)самал жел

16. Өз Отанымыздың бейнесін тап.

а) жері ұлан-байтақ,  оңтүстікте көне, солтүстікте жаңа астанасы бар

ә) мұхиттар қоршаған

б) бір тілде сөйлейді

 

17. Үш бидің бірі?

а) Төле би

ә) Майқы би

б) Абылайхан

18. Кіші жүздің биі?

а) Төле би

ә) Қазыбек би

 

19. Сәтемір хан қандай шығармаға жатады?

а) ертегі

ә) аңыз

б) әңгіме

20. Данагүл қандай әдептілік танытты?

а) Төле бидің жолын кесіп өтпеді

ә) Сөз айтысқанда

б) қонақ күткені

 

21. Абай ұлы Әбішке қандай сауал қойды?

а) Не жақын, не алыс?

ә) Ақ зат асыл ма,

Қара зат асыл ма?

Б) Дүниедегі ең қымбат нәрсе не?

 

22. «Қырдың жас түлегі» әңгімесі кім жайында?

а) Талғат Мұсабаев

ә) Абай Құнанбаев

б) Шоқан Уалиханов

 

23. Аса көрнекті геолог, ірі ғалым кім?

а) Қаныш Сәтбаев

ә) Ыбырай Алтынсарин

б) Тоқтар Әубәкіров

 

24. «Көксерек» кімнің әңгімесі?

а) Мұхтар Әуезов

ә) Мұзтар Мағауин

б) Ыбырай Алтынсарин

 

25. Саматтың көлге барудағы мақсаты:

а) жұмыртқа іздеу

ә) көлге шомылу

б) үйрекке тұзақ құру

 




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тесты по казахскому литературу (3 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 567 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2016 1199
    • DOCX 44.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жусупова Гульсим Бекеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жусупова Гульсим Бекеновна
    Жусупова Гульсим Бекеновна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21530
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе