Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Тілім менің тірлігімнің тірегі" тақырыбындағы тәрбие сағаты (4-сынып)

"Тілім менің тірлігімнің тірегі" тақырыбындағы тәрбие сағаты (4-сынып)

Скачать материал














hello_html_m4ffe2286.gif




Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы Т.Рысқұлов атындағы №9 мектеп жасына

дейінгі шағын орталығы бар мектеп








Т.Рысқұлов атындағы №9 мектеп жасына дейінгі шағын

орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп





Тәрбие сағаты





Тақырыбы:



«Тілім менің –тірлігімнің тірегі»


4 «Б» сынып


Сынып жетекшісі Сманова Ж.






Талғар қаласы 2015ж


Тақырыбы: «Тілім менің ,тірлігімнің тірегі!»

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.

Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері..

Әдісі: Мерекелік іс-шара.

Барысы:

Мемлекеттік Гимн орындалады.

1-ші жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

4 «Б» сынып оқушылары елімізде өтіп жатқан тілдер мерекесіне орай дайындаған «Тілім менің ,тірлігімнің тірегі!»атты мерекелік іс-шараны ашық деп жариялаймыз!

І1-ші жүргізуші: Олай болса ,ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениеті-мізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс – салтын, үлгі – өнегесін жүзеге асыруымыз қажет.

1-ші жүргізуші: Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі – білімді болып , бойымызға жақсы қасиеттерді сіңіріп өсу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрініс белгісі. Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық.

ІІ-ші жүргізуші: 1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КР-нің

«Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.

І-ші жүргізуші:

Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз.

Хормен: Ана тілімізді құрметтей білейік.

Тілім менің-тірлігім,

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің, тілім менің-тірлігім!

ІІ-ші жүргізуші: Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.

1-оқушы:

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

Мұхтар Әуезов

2-оқушы

Тіл – халықтың автопортреті...

Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

Шыңғыс Айтматов


3-оқушы

Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес.


Бауыржан Момышұлы

4-оқушы

Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшінҰлы

Шыңғыс Айтматов


5-оқушы

«Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді». Ғ. Мұстафин.


6-оқушы:

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді».

Ғ. Мүсірепов.

7-оқушы:

«Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік».


М. Әуезов.

8-оқушы:

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата бабамызды,тарихымызды ұмыту».

Б. Момышұлы.

9-оқушы:

Ана тілі біздің туған анамыз,

Анамызды сыйлап, бағып - қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің солай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім бағалай білмесе,

Анасынан безген ұл деп қараңыз.

10-оқушы:

Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырына

Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім.

11-оқушы:

Туған тілім –тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім-мен де бірге өсмін,

Өшсе тілім мен бірге өшемін.

І-ші жүргізуші:

Тілім менің тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің.

Өз халқыма жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің


ҮШ БАҚЫТЫМ

Өлеңді жазған: Мұқағали Мақатаев

Ең бірінші бақытымХалқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста :

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!





Мұхтар Шаханов.

«Төрт ана».

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасиетті болса да.

Төрт анаға әнін жолдай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қадір Марзалиев

Ана тілің –арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,-

Өз тіліңіді құрметте!

Сырбай Мәуленов

Сол тілммен дүниені атадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,

Сол тіліммен талай гүлді жинап тым

Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.

Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тіліммен көгергенше жер бердім.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

Сол тіліммен дүниеге мен келдім.

Ән «Елімізді сүйеміз»

ІІ-ші жүргізуші:

Қазағым тіліңменен жана берші.

Әуендетіп, әніме сала берші.

Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі.

Көкейімде жатталып қала берші.

Ән: «Қазағым».

Ең тәтті детіл
Ең ашты датіл
Ең жұмсак татіл
Ең катты датіл.

Тілұлттың жан дүниесі
Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.

Тіл 
Ұлы, құдіретті; 
Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды; 
Біздің болашағымыз – ана тілінде! 
Рухани байлық.

Тілкөңілдің ашқышы,

Көңілжарық, жанқия.

Білімбақыттың басқышы,

Қараңғыда жол қия.

І-ші жүргізуші:

Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса. әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз.

7-оқушы:

Ана тілім-тірлігімнің тірегі,

Тілмен ғана кірер адам реңі.

Тілсіз қоғам-өлі мынау дүние,

Түсініксіз тылсымменен бір еді.

Ана тілім-әрекетім азығы,

Бар ғаламды танушылық қазығы,

Ой-сананың өсуінің күәсі,

Ғасырлардың кейінгіге өз үні.

Хормен

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Ән: «Анамның тілі –аяулы үні»

ІІ-ші жүргізуші: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой.

Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер!

Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!

Туған тілін танымаған көрсоқыр,

Болып өтер ертең мәңгі өкінер.

Ән: «Ана тілін сүйеміз»


Қорытындылау.


Тәрбие сағатынан көрініс.


hello_html_71b19986.jpg


hello_html_5cb462d9.jpg






hello_html_mcc3928f.jpg





hello_html_55920115.jpg
















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тілім менің тірлігімнің тірегі" тақырыбындағы тәрбие сағаты (4-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 379 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 3381
    • DOCX 5.3 мбайт
    • 16 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сманова Жамила Дастановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сманова Жамила Дастановна
    Сманова Жамила Дастановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20853
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе