Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты "Елдің мықты тірегі-дені сау ұрпақ" 4-сынып

Тәрбие сағаты "Елдің мықты тірегі-дені сау ұрпақ" 4-сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Елдің мықты тірегі – дені сау ұрпақ.

 Сабақтың мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігін, бағалы байлық екенін ұғындыру. Қимыл – әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға күш – қуатын молайту, адамгершілікке тәрбиелеу. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын ұғындыру, тазалық, жеке бас гигиенасы, мәдени дағдыларын қалыптастыру.

 Көрнекілігі: суреттер, заттар

Сабақтың өту барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі. (залға кіру, жылы тілектер айту)

 -Мен бейбітшілік тілеймін.

 -Мен денсаулық тілеймін.

 -Мен отанымды сүйемін.

 -Қазақстаным гүлдене берсін.

 -Дені сау ұрпақ болсын

. -Қазақстан көркейе берсін! т.с.с.

І. Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Елдің мықты тірегі – дені сау ұрпақ.».  Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі»    

- Енді балалар маған мынадай сұраққа жауап беріңіздерші: денсаулық дегенді қалай түсенесіңдер?

Хормен:

Денсаулық ол – шыныққан 
Барлық денең мүшесі. 
Денсаулық ол - тыныққан 
Жүйке тамыр жүйесі.

 Денсаулық ол - күлуің 
Көңіл – күйің жадырай, 
Денсаулық ол – жүруің, 
Ешбір жерің ауырмай.

Біз бүгін сыныбымызды 4 топқа бөліп отырмыз. Топ мүшелерінің арасында ата-аналар да бар. Әр топ өздеріне тапсырған 4 бөлімдегі тапсырмалар бойынша дайындық жүргізіп, бүгінгі сабағымызда сол тапсырмаларды ортаға салып басқа топтармен білімдерімен алмасады. Онда жаңа да қызықты оқиғалардың куәсі боламыз. Әр бөлімшелердің біз білуге міндетті заңдары мен ережелері бар. Соларды тиянақтаймыз. Ол бөлімдер денсаулықтың негізгі кепілі болатын мынадай 4 пайдалы шарттарды  қамтиды. Топтар осы шарттарды жарнамалау;

                     Осы тақырыптағы мақал-мәтелді жалғастыру,

         Жағдаяттарды шешу;

1. «Тазалық -денсаулық кепілі»                  «Тазалық» тобы

2. «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі»   «Дәрумендер» тобы

3 . «Спорт-денсаулық кепілі».                     «Спорт» тобы

4. «Салауаттылық-денсаулық кепілі»         «Салауаттылық» тобы

І тақырып бойынша  «Тазалық» тобы ой бөліседі:

«Жарнама» бөлімі

 Тазалықты іздесең,

                Мөлдір судан аласың.

               Жиі-жиі жуынсаң,

               Аппақ,таза боласың.

  Тазалықты іздесең,

            Шампунь,сүлгі керегі.

                Бірі жуып шашыңды,

                Бірі сүртіп береді.

   Тазалықты іздесең,

            Айна,тарақ керегі.

                 Бірі тарап шашыңды,

                 Екіншісі  көреді.

  Тазалықты іздесең,

            Тіс пастадан табасың.

                  Тістеріңді шөткеге

                   Тазалатып аласың.

Иіс сабын, орамал.

 Шөтке мен пастасы.

Соларға пара – пар.

Айнаға қараймын,

Шашымды тараймын.

Жасасын тазалық.

Деп мен жар саламын.

«Мақал-мәтелді жалғастыр» бөлімі

Тазалық саулық - негізі, саулық байлық – негізі.

Ауру  аздырады, суық тоздырады.

Жасында салақ болған, бара-бара былық болады.

 

«Жағдаяттар» бөлімі (конверт алады)

Жағдаяттарды шешу кезінде өз тақырыптарыңыздан ауытқымай, жауабымен байланыстыру керек.

Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз.
Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай?

 «Дәрумендер» тобы. 

«Жарнама»

Денсаулығымыздың ең жақын көмекшілері – дәрумендер. Олар біз танысатын «бөлімшеде» жеміс-жидек, көкөністерде өте көп мөлшерде болады. (ортаға дәрумендер шығады)

А дәрумені.  Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде көп болады

В дәрумені.  Ағзадаға зат алмасуды реттейді, қанның түйіршіктерінің қалыптасуына, асқазан –ішек қызметін қалыптастырады. В  дәруменімен қаныққандар: жармалар, астық тұқымдастар, атбас бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар.

С дәрумені.  Немесе аскорбин қышқылы, қан түйіршіктерінің қалыптасуына қатысады, зақымданған тері мен шырыштың бөлінуін қалпына келтіреді, иммунды жүйенің белсенділігін арттырады.

Д дәрумені. Сүйектер мен тістердің қатаюын, ағзадағы кальции мен фосфордың алмасуын реттейді.

Е дәрумені. Барлық зат алмасу процесіне қатысады. Өсімдік майларының құрамында: күнбағыс, жүгері, соя. Сонымен қатар жұмыртқа сары уызы, бауыр, атбас бұршағы, қарақұмық сұлы Е дәруменіне өте бай.

К дәрумені. Қанның ұю процесіне қатысады. К дәруменінің негізгі көздері: итмұрын, орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, мыңжапырақ.

Витаминдер –тірегің,
А,В,С,Д,Е –деп аласың.  
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.

А-сы қажет көзіңе

В-жүйкені тоғайтар

С-дан микроб безінер

Д-сүйекті нығайтар

 

«Мақал-мәтелді жалғастыр»

Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый.

Шайнамай жұтқан ауырмай өледі.

Ас- елдің құты

 «Жағдаяттар» бөлімі

Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?

«Спорт» тобы

Спорт (франсуз тілінен алынған) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.

Біз спорт тақырыбын спорттың түрлерін слайд арқылы

(слайд көрсетіледі)

 

Жазғы спорт түрлері:                                               Қысқы спорт түрлері:

1.  Велоспорт                                                         1. Биатлон

2.  Ат спорты                                                         2. Тау шаңғысы спорты

3.  Жеңіл атлетика                                                3. Шаңғы жарыстары

4.  Гольф                                                                4. Мәнерлеп сырғанау

5.  Теннис                                                              5. Фристайл

6.  Футбол                                                              6. Хоккей

7.  Суда жүзу                                                         7. Шорт-трек т.с.с.

 

Шыныққан шымыр адамның 6 белгісі.

-         Өте сирек ауырады;

-         Көзінен от жалындаған, терісі де таза жан;

-         Ұйқысы да тыныш;

-         Алқынып-аптықпай 5 шақырым жерге дейін жүгіре алады;

-         80 жастан кем жасамайды;

-         Егер сырқаттанып қалса, тез сауығып кетеді.

«Мақал-мәтелдер»

Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.

Денсаулық-зор байлық

Айналдырған ауру алмай қоймас, бұлттанған күн жаумай қоймас.

 

«Жағдаяттар»

Сен мектептің спорт залына  келе жатқаныңда темекі шегіп отырған көршінің баласын көрдің.

Сен не істер едің?

 Енді сыныбымыздың спортшыларының өнерлерін тамашалауға рұқсат етіңіздер!     (спортшылар өнері)

«Салауаттылық» тобы

Біз сіздердің назарларыңызға «Сен білесің бе?» айдарын ұсынамыз.
1. Шылым шегуден жылына 25 млн. адам өледі.
2. Әр шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады.
3. Шылым шегетіндердің 80%-ы өкпе ауруымен ауырады.
4.  Шектен тыс шай мен кофе ішу де - есірткінін бір түрі.
5. Қазақстанда темекі тартатындардың саны 5 миллион.
6. Қалаларда  есірткінің  құрбаны болған  7-8 жастағы балалар тіркелуде.

Шылымқорлық

Ең алдымен, біз  шылымның шығу тарихын біліп алайық.

Ертеде темекі алыстағы Америка материгінде өсірілген екен. Ал бұл өсімдіктің темекі атануы  жабайы өсімдіктің атауынан шығыпты. Шылым – адам денсаулығына құрылған қақпан. Оның 2-3 талын шеккенен кейін, соған тәуелді болып, қақпанға қалай түскеніңді байқамай да қаласың. Шылымқор – ол ауру адам.

Ішімдік.

Ең көп тараған зиянды сусын  темір қалбырлар мен шыны бөтелкелерде болады. Бұл-спирттік ішімдіктер. Жыл сайын ішімдіктен уланып, мыңдаған адам өліп жатады. Адамның жүрегі мен бауырын зақымдауға спирттік ішімдіктің азғантай мөлшері де жеткілікті. Спирттік ішімдік ішкен сайын бауыр қатып, тас болады.

нашақорлық

Жалпы  есірткі  заттар  адамзатқа өте ертеден белгілі және оны емдік және еліктіргіш құрал ретінде өткен ғасырлардың өзінде-ақ қолданған. Нашақорлыққа  көбінесе, жасөспірімдер  шалдығады. Бұл  жаман  нәрсеге  адамдар  ақылға  салмастан, желігіп  еліктейді  де артынан  өзіне  қиын  болатының  білмей  де  қалады.

Салауатты мақсатың — өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,

Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру

«Мақал-мәтелдер» бөлімі

Тілеп алған аурудың емі табылмас

Дауды елемеген төлейді-ауруды елемеген өледі

Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

 

 «Жағдаяттар» бөлімі

Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?

 

Уа халқым, назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде. 
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.
Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің 
Бар қызық, рахатын, жарығын да.
Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп, баптап аяла әр уақытта

 

Марапаттау  бөлімі

Сарапшылар қорытындысын шығарғанша бейне материалды тамашалаңыздар.

Үндеу қабылдау

Балалар, өте жақсы бүгінгі сабағымызға қатысты жақсы ой бөлістік

. - Елдің мықты тірегі – дені сау ұрпақ деп отырмыз, ендеше деніміз сау болу үшін, қандай зиянды заттардан қоғануымыз қажет? (оқушылар өз ойларын жазып,тақтаға ілу керек)

ХОРМЕН:

Шыныққан шымыр денеміз,

Күн сайын өсіп келеміз.

«Денсаулық – 5, сабақ — 5»,

-         Деп рапорт береміз!

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті ата-ана!

Дүйсенді, 18 қаңтар күні сағат 12.00-де  «Елдің мықты тірегі-білімді ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағаты өтеді. Келіп тамашалаңыздар!

 Өтетін орны: акт залы                     Сынып жетекшісі:  Кенжебекова К.Т.

 

Құрметті ата-ана!

Дүйсенді, 18 қаңтар күні сағат 12.00-де  «Елдің мықты тірегі-білімді ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағаты өтеді. Келіп тамашалаңыздар!

 Өтетін орны: акт залы                     Сынып жетекшісі:  Кенжебекова К.Т.

 

 

Құрметті ата-ана!

Дүйсенді, 18 қаңтар күні сағат 12.00-де  «Елдің мықты тірегі-білімді ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағаты өтеді. Келіп тамашалаңыздар!

 Өтетін орны: акт залы                     Сынып жетекшісі:  Кенжебекова К.Т.

 

Құрметті ата-ана!

Дүйсенді, 18 қаңтар күні сағат 12.00-де  «Елдің мықты тірегі-білімді ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағаты өтеді. Келіп тамашалаңыздар!

 Өтетін орны: акт залы                     Сынып жетекшісі:  Кенжебекова К.Т.

 

 

Құрметті ата-ана!

Дүйсенді, 18 қаңтар күні сағат 12.00-де  «Елдің мықты тірегі-білімді ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағаты өтеді. Келіп тамашалаңыздар!

 Өтетін орны: акт залы                     Сынып жетекшісі:  Кенжебекова К.Т.

 

 

Құрметті ата-ана!

Дүйсенді, 18 қаңтар күні сағат 12.00-де  «Елдің мықты тірегі-білімді ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағаты өтеді. Келіп тамашалаңыздар!

 Өтетін орны: акт залы                     Сынып жетекшісі:  Кенжебекова К.Т.

 

Құрметті ата-ана!

Дүйсенді, 18 қаңтар күні сағат 12.00-де  «Елдің мықты тірегі-білімді ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағаты өтеді. Келіп тамашалаңыздар!

 Өтетін орны: акт залы                     Сынып жетекшісі:  Кенжебекова К.Т.

 

 

Құрметті ата-ана!

Дүйсенді, 18 қаңтар күні сағат 12.00-де  «Елдің мықты тірегі-білімді ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағаты өтеді. Келіп тамашалаңыздар!

 Өтетін орны: акт залы                     Сынып жетекшісі:  Кенжебекова К.Т.

 

 

Құрметті ата-ана!

Дүйсенді, 18 қаңтар күні сағат 12.00-де  «Елдің мықты тірегі-білімді ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағаты өтеді. Келіп тамашалаңыздар!

 Өтетін орны: акт залы                     Сынып жетекшісі:  Кенжебекова К.Т.

 

 

Құрметті ата-ана!

Дүйсенді, 18 қаңтар күні сағат 12.00-де  «Елдің мықты тірегі-білімді ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағаты өтеді. Келіп тамашалаңыздар!

 Өтетін орны: акт залы                     Сынып жетекшісі:  Кенжебекова К.Т.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Елдің мықты тірегі-дені сау ұрпақ" 4-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 059 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 5140
    • DOCX 27.4 кбайт
    • 68 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжебекова Кулипа Токановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кенжебекова Кулипа Токановна
    Кенжебекова Кулипа Токановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12458
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе