Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты: "Менің Отаным"

Тәрбие сағаты: "Менің Отаным"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан

 

Сабақтың мақсаты:  Білім күні мерекесіне орайластыра отырып оқушылардың Отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. ҚР Конституциясының маңыздылығын көрсету.

 

Сабақтың көрнекілігі: Елбасы суреті, қазақтың ұлы хандары мен батырларының фото суреттері, қанатты сөздер, шар.

 

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру

Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Мұғалім:

Қымбатты оқушылар, жаңа оқу жылымен және білім күнімен құттықтаймын! Бүгін барлық мектептердің есігі айқара ашылды.  Жаз бойы демалып, мектепке оралдыңдар. Осылай білім үйренудің жаңа жолы басталады.   Биылғы жаңа оқу жылы, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерекесімен байланысты.    

 Осыған орай бүгінгі тәрбие сағатымызыдың тақырыбы «Менің Отаным - Қазақстан» сендерге үлкен ой тастар деп ойлаймын.

Ал қане, балалар,

-          30 тамыз күні қандай мереке?

30 тамыз күні 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституция – Ата Заңымыз қабылданған күн.Ата Заңымыз 98 баптан тұрады. Әр баланың, адамдардың құқығы қорғалады. Биыл біздің Ата Заңымызға – 20 жыл.

-          Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

«Отан отбасынан басталады» демекші Отан - өз үйім, ата – анам, достарым, бауырым, тау, тас, өзен-көл, туған жер, бәрі Отан болады. Дұрыс айтасыңдар.

Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.

 

Оқушы:

Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

 

Мұғалім:

Бүгінгі Қазақстанымыз – қашан да мақтанышымыз. Өткен 20 жылда мемлекетіміз көркейіп, гүлденді. Өзге елдерімен терезесі тең болып; болашаққа жол ашты.

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» – деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ білім саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.

Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып, өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды рөл атқарды. Қазақтың туын Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймақта көкке көтерген Керей мен Жәнібек хан.

Керей мен Жәнібек ескерткіші 2010 жылы Астана қаласы ашылды. Ескерткіштің ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі – 12 метр. Ескерткіш  ҚР алғашқы президенті Н.Назарбаевтың мұражайының алаңында орналасқан. 

Осы бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды. Қазақтың ең соңғы ханы Кенесары хан. Алты Алаштың айбынды әміршісі Абылай хан бастаған, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Баян, Олжабай, Өтеген, Ақтанберді, Байғозы, Жанатай, Жауғаш, Малайсары, Елшібек батырлар қостаған қазақ сарбаздарының қолы талай мәрте туған жер төсінде ат ойнатып, жауларымен шайқастар өткізді. Бірақ, Абылай хан бастаған айбынды батырлар қазақ хандығының туын құлатқан жоқ! 

Қазақ халқының өз алдына дербес мемлекет болуын, өз тағдырына өзі қожалық етуін аңсап өткен Алаштың арыстары Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов сияқты аталарымыз да өз бастарын қатерге байлап, елім деп өткен ерлер еді.

Оқушылар сонымен қатар биыл еліміздің тәуелсіздігі үшін арпалысқан, Отан алдындағы борышын ақтап, ұрпағына бақыт әкелген ардагер аталарымыздың Ұлы Жеңісіне 70 жыл. Ұлы Жеңіс жолындағы батыр аталарымыз  бен әжелеріміздің ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-де болған еді. 

 

Оқушы:

70 бейбіт көктем таң атқалы.
70 шуақты күн таратты әнін.
70 көктемде содан бері,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.

 

Мұғалім:

Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан  қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.

Ұлы Отан соғысы дүниежүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті. Соғыс қимылдары әлемнің 40  мемлекетінің аумағында жүрді. Ең соңғы деректер бойынша бұл алапатта 60 миллион адам қаза тапты.

Қазақстанның Ұлы Жеңіске үлесі  айрықша болды. Республикамыздың халқы қаһарлы  жылдары тас- түйіндей бекінді. Қазақстан халқының соғыс қажеттеріне жұмылдырылды. Халқымыз бәріне ерекше төзімділік көрсетті. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының  аяқталғанына  70 жыл толып отыр. 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп  жер жүзі халықтары қуанды.

«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 70  жылдығына орай  ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе,  бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымздың тарих төрінен орын алады.

 

Міне оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Осындай бейбіт күнге бабаларымыздың ерен ерлігі арқылы жетіп отырғанымызды ешқашан естен шығармау керек.

Нұрсұлтан ата  елімізде бірде – бір бала оқымай қалмауы керектігін басты назарға алды. Біздің Қазақстан Республикасында барлық балалар 1- қыркүйектен бастап тегін білім алуға метептерге келеді. Оның бәріне осы тәуелсіздігімдің,  Елбасымыздың басшылығының арқасында жетіп отырмыз.

 

Ø  Біздің  Республика  қалай  аталады?

Қазақстан Республикасы

Ø  Қазақ жері қандай?

Қазақ жері өте бай, әрі кең.

Ø  Отанымыздың астанасы?

Астана қаласы

Ø  Қазақ хандығын құрған хандар кімдер?

Керей мен Жәнібек

Ø  Қазақ хандығының құрылғанына биыл неше жыл?

550 жыл

Ø  Ал, Ұлы Жеңіске неше жыл?

70 жыл.

 

Қорытынды:

Міне оқушылар, «Менің Отаным - Қазақстан» деген тақырыптың мәнін терең түсіне алдыңдар деп ойлаймын. Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Менің Отаным""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 983 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2016 677
    • DOCX 23.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карасаева Сулушаш Жанбырбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67984
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 597 человек

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 629 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 203 человека

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе