Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты" Нұр себеле"

Тәрбие сағаты" Нұр себеле"

Скачать материал

Тақырыбы:   «Нұр себеле,  Ұлыстың ұлы күні!»
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Түрі:   ашық тәрбие сағаты
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық  тағамдар .

Тәрбие сағатының жүрісі:

1. Наурыз – думан.

2. Наурыз – жыл басы

3. Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі

4. Наурыздағы салт – дәстүрлер

5. Ата — салтың – қазынаң.

 

1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата — аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие  сағатымызға  қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелік тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. 

Динара:  Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып   келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні » деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз — күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.

 

ІІІ.  Дүние жүзі  халықтарының  Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі

 

Жүргізуші: Бізге қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі мәлім, ал өзге елдердікі ше? Олар да біз сияқты бұл мейрамға аса назар аударып, ерекше көңіл бөле ме екен? Қане, бір сәт зер салайық. 

Түрік елі: Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге – «жамбы» атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші боп атып түсірсе, сол адамға «бір күн» патша болуға, ел билеуге ерік беріледі. 


Иран елі:  Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын. «Құлға бір күн азаттық» деген сөзде осы бір көне рәсімге қатысты болса керек.

Мұсылман дініне дейін Күнге табынған иран елдері Наурыз күні сөзінің бас әрпі  «шинмен» басталатын жеті түрлі затты дастарханға қоятын: шарап, шир (сүт), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша шарап – өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер – ризалық, шербет – демалыс пен қонақжайлылық, шат отқа табыну, тарақ – әйел сұлулығы. 

Ауған елі: Ауғандарда Жаңа жылды мейлінше шаттық – құрметпен қарсы алады. Ауған елінде «алғашқы түрен» — «кулькабаши» деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый – құрметі мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім – кешектер тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл «жаңа киім күні» деп аталады.

 Араб елі:    Арабтар мейрам салтын өзгертіп, бас әрпі «ай» сөзінің басқы әріпі–«синнен» басталатын мүлде бөлек өзге жеті затпен алмастырады: сарымсақ, бидай, жиде, сірке суы, рут шөбі, егеу. 

Парсы елі:  Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен  дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынады. Соқа мен жер жыртады,  ат шаптырып, жамбы атысып жарысады. Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыны – аяқты сындырады. Бір – біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн» белгісін салады, үйдің тіреу ағашына гүл іледі. 

Үнді елі:      Үндістанда жаңа жыл бір жылда он рет тойлап өткізіледі.  Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі наурыз айында басталады, үйлер өрілген гүлдермен айшықталады.

V.  Ата – салтың – қазынам

 

                     Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

1.    Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)

2.    Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)

3.    Наурыз тілек деген не?  (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)

4.    Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?  (Жауабы:  21 наурыз)

5.    Наурыз бата дегеніміз не ?   (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты" Нұр себеле""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 185 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2016 610
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейтказинова Советхан Шаймардановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18381
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 97 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона