Инфоурок Начальные классы ПрезентацииТәрбие сағаты "Ядролық тәрбие"

Тәрбие сағаты "Ядролық тәрбие"

Скачать материал

Сабақтыңтақырыбы:БЕЙБІТШІЛІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАРУСЫЗДАНУ ПРОБЛЕМАСЫ

Сабақтың мақсаты:Оқушылардыадамзаттыңғаламдықпроблемаларыментаныстыраотырып, бейбітшіліктісақтаупроблемасынаталдаужасау. Бейбітшіліктісақтаупроблемасыныңтуындауы, проблеманыңмәні мен шешумүмкіндіктерінғылымидеректердіпайдаланыптереңдетемеңгерту, географиялықбілімдеріндамыту.

I. Ұйымдастырукезеңі
І. 1. Оқушылардың сабаққадайындығынтексеру, назарынсабаққааудару.
І. 2. Топтарғабірденбөлеотырыптапсырма беру.
І. 3. Оқушыларғасабақбарысындабілімдерінбағалаумақсатында «Технологиялықкартамен» жұмысретітүсіндіріледі.

ІІ. Жаңабілімдімеңгерту.
Қызығушылықтыояту.
1. Жергіліктіжердегі және мемлекеттегіпроблемалар туралы  не білеміз және не білеміндепойлайсыз? 3 минут ішіндебілгендеріңіздіңтізімінжасапшығыңыз.
2. Ендіжұбыңызбен 3 минут ішіндепікірбөлісіңіз де, өзіңіздіңжазғандарыңыздан



 

3 немесе4 мысалайтыңыз.

Мағынанытану.
Оқулықпенжұмыс.
1. Оқушыларғатақырыппентанысыпшығуға 10 минут уақытберіледі.
2. Жаңатақырыпбойыншажетекшіұғымдар мен түсініктердіанықтау және талдау.
•ғаламдық проблема
• милитаризм
• конверсия
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС. ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ТОПТАСТЫРУ:
5 минут \ 1 минут талдау

І топ: ТАБИҒИ – КЛИМАТТЫҚ проблемаларғаталдаужасап, жауаптарыңдынақтымысалдармендәлелдеңдер.
Ғаламдықзалалы бар табиғиапаттарғаіріжерсілкінісін, вулкандаратқылауын, гейзер, цунами, алапатдауылдардыжатқызуғаболады.
ІІ топ: ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ
проблемаларғаталдаужасап, жауаптарыңдынақтымысалдармендәлелдеңдер.
• Азық – түлікпроблемасы;
• ЖҚТБ — сізге де төніптұрғанқатер!
• Семей полигоны;
• Мұнайқалдықтарыменластанупроблемасы
ІІІ топ: САЯСИ БАҒЫТТАҒЫ проблемаларғаталдаужасап, жауаптарыңдынақтымысалдармендәлелдеңдер.
• БЕЙБІТШІЛІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАРУСЫЗДАНУ ПРОБЛЕМАСЫ
• ЕкіншіДүниежүзіліксоғыс
• Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларынтастау — Екіншідүниежүзіліксоғысбарысында АҚШ – тыңЖапонияғақарсы атом қаруынқолдануы;
• Экономикалықарттақалғанелдер;
• «Ядролық» елдер;
• Босқындарпроблемасы;
• «Терроризм»


         Оқушылардың жауаптарынтыңдайотырып, интерактивтітақтадаберілгенқосымшамәліметтерменбілімдерінтолықтыру.
«Ядролыққыс» концепциясы.

Ядролықжарылыстардыңсалдарынанжаппайөртшығып, атмосферағаорасанкөпмөлшердекүйе, күл, улыгаздаржайылады. Ұнтақкүлдентүзілгенқоюбұлткүнніңсәулесінжергежеткізбей, керішағылыстырыпжібереді. Жерүстінқаратүнек-«ядролықтүн» басады. Осыныңсалдарынанпланетаныңрадиациялық балансы бұзылады, жербетіндегі температура әп – сәттіңарасындашамамен15 - 20градусқатөмендейді. Атмосферадағы циркуляция жүйесітүбіріменөзгергендіктен, бұл орасанзорклиматтықапатбірнешеаптадабүкілжершарынажайылып, тіршілікатаулықұриды.

Ядролыққыстыңтүсуініңматематикалықүлгісініңжасалуы - терең, орнытолмас, адамзаттыңжербетіненқұрып кету қаупін туғызатын ядролықапаттыңпланеталықауқымы.

«Жылуәсері» парниковый эффект ғылымиболжамы. Климатолог - ғалым М. И. Будыко т. б. ғалымдар «Жылуәсері» парниковый эффект ғылымиболжамыбойыншаклиматтыңұдайыжылынуынәтижесіндеқалыптасқанғаламдықөзгерістерсоңғыжүзжылішіндеЖердегіорташа температура 0, 6 ºС көтерілді. Жылуәсерідамиберетінболсағаламдық температура
3 - 4 ºС көтерілетінболса, Антарктида мен Гренландия, СолтүстікмұздымұхитмұздықтарыеріпДүниежүзілікмұхитдеңгейі 66 км көтерілгенболареді. Бұл бүгінгіадамзаттың ¼- ітұратынжерлердібасыпкетеді.

Қорытынды:Ядролыққыстыңтүсуініңматематикалықүлгісініңжасалуы - терең, орнытолмас, адамзаттыңжербетіненқұрып кету қаупін туғызатын ядролықапаттыңпланеталықауқымы.

 

 

 

 Мен – Қазақстан патриотымын.

  Мақсаты:  Оқушыларға  патриоттық тәрбие беру. Отан суюшілікке, ерлікке, ұлтын суюшілікке, батылдыққа, табандылыққа – талеранттылыққа, өжеттілік, қайсарлыққа баулу.

Көрнекілігі:

  1. Н.Ә. Назарбаев – 2030  бағдарламасы.
  2. «Менің Қазақстаным» слайд.
  3. Мен – Отанды сүйемін. Слайд.
  4. «Мен – елімнің ертеңі» слайд.
  5. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы ағамыз (слайд).
  6. Техникалық құралдар.
  7. Қазақстан Республикасының рәміздері.
  8. Елбасы Н.Ә. Назарбаев  қанатты сөздері. «Жалғыз Отан – тәуелсіз Қазақстан!»

Кіріспе:

 Қадірлі Ұстаздар! Қымбатты оқушылар! «Мен – Қазақстан патриотымын» атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!

Тақырып: үш бөлімнен тұрады.

1-бөлім: «Менің Қазақстаным» Бұл бөлім еліміздің әнұранымен басталады.

2-бөлім : Мен – Отанды сүйемін.Оқушылар «Отан» атты әнді хормен  айтады.

3- бөлім : Әскери – патриоттық тақырыпты жете түсіндіру. Мақсатында Бауыржан Момышұлы өмірі, ерлік істері үлгі етіледі (слайд)

Қорытынды: (Слайд-шоу)

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан – 2030 » жолдауында «Біздің балаларымызбен немерелеріміз бабалардың игі істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы,нарықтық экономика өркендеу үстіндегі, күллі әлемге, әйгілі әрі сыйлы, өз елімнің патриоттары болады» - деп нақты көрсетілген.

  Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге паш етті. Енді басты міндет  осы мемлекеттің өркендеп өсуі. Қазақстанды – «Отаным» деп таныған әрбір адам – осы мақсатқа өз үлесін қосуы тиіс. Отанның бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымдықпен күрес ішкі, сыртқы күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай «патриоттық тәрбие» мәселесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы  Отанға деген сүйіспеншілігін, оның патриоттық санасын дамытуда  халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек ұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа  үлгі  етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің  және ерлікке толы шығармалырының алатын орны ерекше. Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында  өткізген  Бауыржан ағамыз өмірінің  соңына дейін әскер-патриоттық  тақырыптарға  шығармалар жазды.

       

  Атамекен жер үшін,

  Қасиетті ел үшін,- деп

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атақты генерал Панфиловтың 8-гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, дивизия командирі қызметін атқарып жауға қарсы соққы беріп, батальонды бірнеше  рет  жау  қоршауынан алып шықты. Жауынгерлерге рух  беріп, ерлік істерге шақыра білді.

«Волоколамск тас жолы»  романы арқылы  ағамыздың аты әлемге әгілі болды.

   Бауыржан ағамыз: «Жеңіс кілті Отан сүюшілікте.Ол балаға жөргөкте  жатқаннан  бастап үйретілуі, қанына ұлтын сүюшілік ұлттың дәстүрмен сіңіру керек», деген болатын.

  Ол өзінің өшпес өнегеге, ерлікке, патриоттық сезімге толы:

  1. «Офицер  жазбалары».
  2. «Артымызда Москва»
  3. «Генерал Панфилов»
  4. «Куба әсерлері»
  5. «Соғыс психологиясы»
  6. «Қанмен жазылған кітап»
  7. «Ұшқан ұя» кітабы үшін

мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды. Б.Момышұлы патриотизмге, ерлікке, батырлыққа байланысты терминдерге анықтама берді. Енді патриотизмге байланысты біраз ой пікіріне тоқталайық.

  Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның қоғаммен мемлекет қауіпсіздігіне тікелей байланыстылығын сезіну. Патриотизм мемлекетті жеке адаммен оның өткені, бүгінгі және  болашағымен қарым-қатынасын білдіреді.

  Ерлік – табиғат берген сый емес, әр адамның ар-намысында, абыройлыда; өзін оапсыздық пен масқара болу сезімінен  қорғау; Адамның ең ұлы сезімін – азаматтың парызын орындау үшін, адамгершілікті сайықа түсе отырып, ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның  қауіп-қатерінде бөлісіп, жауды барынша жою, жанға-жанмен, қанға-қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу; саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу;

  Батылдық – қимыл әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.

  Табандылық – батырлардың қалқаны.

  Өжеттілік – қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес нәрсеге абыроймен, тіпті өлімге бас тігу.

  Тәуекел ету – игілікті құлшыныс.

Халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеудегі, жан жарасын жазудағы өнер мен әдебиеттің  құдіретті күшін, күресте рухани күшті құралы болғанын соғыс эпизодтарынан нақты  мысалдар келтіріп, жаудан жеңілмейтініне басты назар  аударған.

Бауыржан ағамыз артына жетпіске жуық мақал-мәтелдер қалдырған. Ол мақал-мәтелдер мынау: «Ерлік – тәрбиеден туады», «Ерлік білекте емес, жүректе. Отанда – оапсызға орын жоқ», «Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген  артық» - деп халық атынан ащы да әділ  үкімін пайымдайды. Тіпті Бауыржан  ағамыз туған ауылына келіп, ауыл адамдарының ынтымақсыздығын, қарттардың қадірсіздігін, жастардың тәртіпсіздігін  көріп ызаланады. Дастарханға ас  қайырып, бата бергенде, бұрынғы халықтық бата тілекті  жаңаша жаңғыртты.

 «Я құдай тозақтың отынан сақта, қаңғыған оқта сақта;парақор соттан сақта, кірлі сумен жуыстан сақта, ынтымақсыз туыстан сақта, қара жүрек батылдан сақта. Адамды қадірлемес есерден сақта; Нанды басқан есерден сақта, Мезгілсіз келген өлімнен сақта.Жастарында әдеп жоқ, өлгенінде батуда жоқ құр айғай-шу даңқойдан сақта» деген батасының тұнып тұрған тәлңм, өзіндік үлгі - өнеге, өлмес, ескірмес өсиет екендігінде дау жоқ.

   «Бауыржан Момышұлының  шығармашылығы патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі».

Бауыржан – көне Күлтегін ескерткішінде жазылғандай, «өз Елін-елдікті еткен, жауын-бейбіт еткен-батыр;»

«Мен – Отанды сүйемін»- бөлімі (слайд)

  • Сендер, Ұлы Отанды сүйе отырып ортақ шаңырағымыз аясындағы достықты сақтауға міндеттіміз.
  • Ең негізгі мақсат пен  талап-адал болу. Тек адал адам ғана өз Отанын сүйеді; қауіпсіздігін ойлайды,  тіпті қорғаныс жағдайында күреске белсенді түрде  қатынаса  алады. Біздің еліміздің жастары Қазақстан патриотизмінің  шынайы келбетін көрсетті.1986 жылы Желтоқсан оқиғасында жастар ата-бабаның үлкен тәжірибесін қабылдап, оны көрсете білді. 18 жылдық тарихы бар, тәй -тәй басқан  Қазақстан – тәуелсіздік жемісін көрді.
  • Ой жарысы: (Слайдта жазылған).
  • Сұрақтар:
  1. Мен – Қазақстан патриотымын.
  2. Қазақстан – менің Отаным.
  3. Мен – елімнің ертеңімін.
  4. Қазақстан – мен үшін жауапты болса, менде елім үшін жауаптымын.
  5.  Патриотизм сөзіне анықтама.

Мазмұны: Патриотизм – туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат.

Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта  істей алмаймын» дегенді жеңе білу.

Патриотизм - өз Отанына деген махаббат, адалдық.

Оқушылар  шығармашылығы «Бұлақ көрсең көзін аш» дегедей, сыныпта ақындықта қалам тартып жүрген балалар  бар (Тыңдап көрейік).

  • Байрон Мәрес. («Ағаның ерлігі») өлең.
  • Кәбір Санжар «Батырға құрмет». Өлең.

Көш жүре түзеледі – дегендей, шығармашылықтарыңа дән ризамыз! (қол шапалақталады).

 

    Еркін алға басатын

    Ертеңге жол ашатын

    Ұрпақтардың бақыты.

   Қазақ  елі жасасын!

 

Сүйемін  байлығымды, тілімді.

 Киелім, айбынымды, күнімді.

 Орнаймын көгіне жұлдыз боп.

 Қорғаймын Отанымды – Туымды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз Отанымның патриотымын!

 

Тәрбие сағат мақсаты:

 1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

 2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.

 3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: интербелсенді тақта ,суреттер.

Барысы:

 1. Ұйымдастыру.  Аспаны ашық еліміздің,

                                   Көркі сұлу жеріміздің,

                                   Біз-бақытты баламыз!

                                  Ақпыз,қара, сарымыз,

                                  Ағайынбыз бәріміз!

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Отан деген не, кім қалай түсінеді? Көп аузынан түспейтін, Отан деген немене? Оның тұлға түс кейпін, Достым білгің келе ме?

Өмір Абылай: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

                         Отан дейміз өсірген елімізді.

                         Отан дейміз туған жер,

                         Атамекен – Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

 

Аяжан: Отан дейміз кең-байтақ астананы,

            Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

           Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ, Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 

Нұртас: Отан- тарих,

               Отан – тіл, Жасаған елің, өз- халқың.

               Отан – өлең, Отан-жыр, Көтерген көкке ел даңқын.

 

Ернар: Отан – сенің ата-анаң,

            Отан – досың, бауырың,

            Отан – өлкең, астанаң,

            Отан – аудан, ауылың.

Мұғалім: Отан – осы достарым, Көңілге мұны түйе біл! «Отан» деп өс жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл!

Хор: «Отан» -Біздің Отанымыз қалай аталады? -Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? -Қазақстан Республикасының президенті кім? Ел болдық ерік алдық астаналы Енді кімнен қазағым жасқанады? Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, Нұрсұлтанның атымен басталады. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Базарбек: Туған өлкем Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. -Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? -Қазақстан Республикасының президенті кім? Ел болдық ерік алдық астаналы Енді кімнен қазағым жасқанады? Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, Нұрсұлтанның атымен басталады. Аумалы- төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.

Көрініс: «Үш арыстың үлгілері» Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Ардақ: «Туған тілім» Би: «Қамажай» Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. 1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі. Нұрислам: Көк аспандай көкпеңбек, Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен-тек, Елдің ашық қабағы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді. Айнұр: Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбәт, әдемі Тұнығындай көңілдің Ортада аспан әлемі. Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған. Ернар: Оттай жанып жанарың Одан қуат аламын Әнұран ол - тынысы Кең жазира даламның. Отан туралы өлең-жырлар. Айнұр: «Үш бақытым» Ерсұлтан: «Отан» Мархабат: «Отан туралы» Мұғалім: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек? - Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. - Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз? «Жалғасын тап» ойынын ойнайық. Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.

Б- білімімді арнайтын

О- отанымды қорғайтын

Л- лаңкестікті даттайтын

А- адалдықты жақтайтын

Ш- шуағымды шашатын

А- асулардан асатын

Ғ- ғарыш сырын меңгергн

Ы- ынтымақты тең көрген

М- менмендікті жек көрген

Қ- қазаққа қызмет ететін

А- арманына жететін

З- заңды жақсы білетін

А- алға қарай жүретін

Қ- қайырымды елімнің

С- салтанатты жерімнің

Т- толықтырам сенімін

А- абыройын,жігерін

Н- намысын қолдан бермейтін Бәрі: Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің! Ән «Көк тудың желбірегені».

Қорытынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, - деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 01.09.2016ж.

Тәрбие сағатының тақырыбы:

 Мен өз Отанымның  патриотымын

Мақсаты:

Оқушыларды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру тәрбие сағатының мақсаты.

Күтілетін нәтижелер:

Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады.

Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.

Керекті жабдықтар:

Интерактивті тақта, маркер, флипчарт.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

1. Ұйымдастыру. Тренинг «Саңырау телефон» -шеңберге тұрып, бір оқушының құлағына сөз айтамын, ол оқушы әрі қарай бұл сөзді басқаларына жеткізеді.

2. Топқа бөлу(қиық қағаздар арқылы)

1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі.

2.Оқушылар қиық қағаздарды таңдап, топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту 

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

 1. Оқушылармен бірге тәрбие сағатының мақсатын анықтау, әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құру, әр жұмысты талдап, әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, жауап алу, әр жауапқа толық талдау жасау. 

Мағынаны ашу 

 «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі.

1. Берілген ресурс бойынша жұмыс (берілген жұмыс түрлерін оқушылар белгілі уақыт ішінде өзара бөліп алып орындайды)

 2. Ресурс бойынша постер жасау, қорғау.

сұрақтар құру;

–тақырып бойынша қысқаша әңгімелеу.

Екі тілек, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалау. 

Қорытынды

Рефлексия парағын толтыру.

Рефлексия парағы (нені білемін? Нені білгім келеді? Нені білдім?)

 

 

 

Тәрбие сағатының жүру барысынан көріністер:

hello_html_40d241fd.pngАльфия өз тобының тапсырмасын қорғауда

Асима білімімен өз сыныбының

патриоты екендігін дәлелдеуде

hello_html_m4237b4fa.png

Ахмади патриоттық тек ұл балаларға тән деген ойда

hello_html_772c0c33.png

hello_html_7b238e7.pngОқушылар өз елінің патриоты тақырыбына ойларын постерге түсіру арқылы дәлелдеді.

Әсем бабаларына еліктегісі келеді.

hello_html_m58ab227e.png

hello_html_m48ba1f58.png

Тәрбие сағатының өзіндік талдауы: Тәрбие сағатына оқушылар белсене қатысып, өз қызығушылықтарын көрсетті. Өз ойларын еркін жеткізді. Патриот деген сөздің мағынасын талдау тапсырылған. Төрт топта өз тапсырмаларын тиісті деңгейде орындады. Талдау барысында тақырыпқа қызығушылық танытып, белсене талдап, бір-бірімен пікір алмаса отырып жұмыс түрлерін бөліп ала білді. Ұлы Отан соғысына қатысқан бабаларымыздың ерлігі туралы да көп мағлұмат білетіндіктерін көрсетті. Өз беттерімен ізденіп, қазіргі кезде де ерлік жасауға болатынын патриот сөзінің мағынасын кең көлемде аша білді. Тәрбие сағаты мақсатына жетті.

 

https://infourok.ru/uploads/b/flash-1.jpg

Скачать материал

Автор

Абдрахманова Жанат Абдрахмановна

Дата добавления

05.11.2015

Раздел

Классному руководителю

Подраздел

Другие методич. материалы

Просмотров

29627

Номер материала

ДВ-125678
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

Сарымбаева Индира Амангельдиновна 8 дней назад

жанат спасибо тебе желаю сево харошего

Поздравляем с 1 сентября!
https://infourok.ru/assets/8652edfa/img/video-September-1.jpg

https://infourok.ru/uploads/b/kursy-01_7.jpg

Похожие материалы

Презентация "Моя малая Родина"

05.11.2015
Просмотров: 100 Комментариев: 0

Классный час "УРОК МИРА"

05.11.2015
Просмотров: 1323 Комментариев: 0

Сценарий ко Дню знаний

05.11.2015
Просмотров: 121 Комментариев: 0

Праздник "Посвящение в пятиклассники"

05.11.2015
Просмотров: 86 Комментариев: 0

Спортивно-игровой праздник "Честь имею!"

05.11.2015
Просмотров: 92 Комментариев: 0

Рабочая программа по литературному чтению для 4 класса

05.11.2015
Просмотров: 273 Комментариев: 0

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Ядролық тәрбие""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 164 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.09.2016 1115
    • DOCX 5.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саккулова Гульшат Абилкеримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17212
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1104 человека из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 295 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 559 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 489 человек

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе