Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты"Тәуелсіздік- ата- бабам аңсаған."

Тәрбие сағаты"Тәуелсіздік- ата- бабам аңсаған."

Скачать материал

Тәуелсіздік -  ата - бабам аңсаған.

 

Тақырыбы: «Тәуелсіздік -  ата - бабам аңсаған.»

Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта кету.

        Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

        Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі:  қазақ елі рәміздерінің суреттері. Плакатқа жазылған нақыл сөздер.

Тәрбие сағатының барысы

Қанатты сөздер:

1.     Туған жер – алтын бесік.

2.     Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.

                                                                                         М. Мақатаев

Әнұран орындалады.

 

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар,оқушылар! Бүгінгі 3-4 сынып оқушыларының «Тәуелсіздік- ата- бабам аңсаған» тақырыбындағы тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

   Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол -  ел мен жер және- ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.

Оқушы:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

 

Жүргізуші:

        Ата-бабамыздың өткен жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.

(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).

Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!

Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?

Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихи емес пе?

Немересі: Ол қандай болған?

Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:

        Болмаса да оқыған тарихшы атын,

        Жинадым ескілерден тарих хатын.

        Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

        Айтылған аталардың аманатын.

        Есімі еш адамның өшпейді екен,

       Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,

Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,

Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.

«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,

Өткендерін қалай да білесін деген.

     Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих? 

Автор: Ата ұзақ ойланып, өткен тарихты әңгімелейді.

 

І- жүргізуші:

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

І-көрініс

ІІ- жүргізуші:Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр.

Уәзір:О, тақсыр! Қазақтар келіп тұр.

Хан:Кірсін! (Бір топ қазақ елінің адамдары кіреді)

Хан:Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер? Айтатындарыңды айтыңдар да үйлеріңе қайтыңдар.

Қазыбек би: Біз — қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ қарпысқалы келгенміз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желімсіз жабысқалы келгенбіз. Сен темір де біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт!

Хан: Балам атың кім?

Қазыбек би: Атым Қазыбек, әкем Келдібек би, ұлтым қазақ, руым Қаракесек.

Хан: Ендеше даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен., есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын.

Хан шапалақ ұрады.

Уәзір: Оу, тақсыр!

Хан:Қамаудағы қазақтарды босатыңдар.

І- жүргізуші: Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. 

 

І- жүргізуші:1925-33 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші Октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. Қазақ аштықтан қырылды.

 

ІІ- жүргізуші:1937 жылы асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.

ІІ- жүргізуші: Ұлы Отан соғысы жылдарын жырлалық.

 

Хормен

“Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін.”

Оқушы:

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.

Оқушы:

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды.

Зор жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы

Әкесінен айырыпты ананы.

Оқушы:

1941-1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.

І- жүргізуші:

20 ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көргенді көрген жоқ. 1949-50 жылдары Семей полигонында сыналған 600-ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды.

ІІ- жүргізуші:

1986 жылдың желтоқсаны.

Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүбелең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл  шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұл түйірілді.

І- жүргізуші:

Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар еліккеннен, еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «арамтамақ» тәртіпсіздікті «ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылды. Қазақ ұлтшыл халық деген атқа қалды.

Оқушы:

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

Оқушы:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.

Оқушы:

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Оқушы:

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн.

Аппақ қар қарға боянып

Қып қызыл мұз боп жатқан күн.

Оқушы:

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.

Қасқалдақ әні орындалады.

Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.

Оқушы:

Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 мин. орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.

Оқушы:

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.

 

Оқушы:

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.

Хормен:Тәуелсіз Қазақстаным!

Оқушы:

Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.

Әнұранымыздың авторлары: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов, Н.Назарбаев

ІІ- жүргізуші:

1991-2011 жылдар аралығында қандай жетістіктерге жеттік?

Оқушы: 1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.

Оқушы: 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді.

Оқушы: 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

Оқушы: 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

Оқушы: 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.

Оқушы: 1996 жылы 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті.

Оқушы: 1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

Оқушы: 1998 жылы 6 мамыр Астана күні.Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмол қаласына көшті.Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

Оқушы: 1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Оқушы: 2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі

Түркістанға 1500 жыл толды.

Оқушы: 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.

Оқушы: 2002 жыл. «Денсаулық жылы» деп жарияланды.

Оқушы: 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды.

Оқушы: 2004 жылы «Қазақстан – Ресей» жылы болды.

Оқушы: 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.

Оқушы: 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісене 20 жыл толды.

Оқушы:2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.

Оқушы: 2008 жыл 6 шілде. Астана қаласында «Қазақ елі» монументі ашылды.
Оқушы: 2009 жыл 25 ақпан – 6 наурыз аралығы. ҚР Ұлттық санағы өткізілді.
Оқушы: 2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.
Оқушы: 2011 жыл. Ислам Конференциясына Төрағалық етті. Осы жылы Астана мен Алматыда 7-қысқы Азия ойындары өтті. Биыл Тәуелсіздіктің- 25 жылдығы. «Желтоқсан оқиғасының» -30 жылдығы.

Жүргізуші:

     Менің туған өлкем – кең- байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны ардақтаймын. Шексіз сүйемін. Әрқашан аялап, қорғап жүремін.

Оқушы:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

 

                        “Өз елім”  әні орындалады.

 

Жүргізуші: Өмірімізді, өткенімізді көріп,

                    Әнімізді, жырымызды тыңдап,

                    Ерлігімізге, тірлігімізге қарап,

                    Тұқымымызды, ғұрпымызды көріп,

                    Өзімізді, сөзімізді тыңдап,

Оқушылар хормен: «Біз - қазақпыз», - дейміз.

Жүргізуші:

      Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!

                 Құс ұясыз,

                 Жыртқыш інсіз болмайды.

                 Отансыз жан өмірінде оңбайды,

                 Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

                 Тірі адамға сол қайғы, -  деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.

 

Жүргізуші: Қазақ халқында қорқақтықты, кекшілдікті, жалқаулықты жеріне жеткізе сынап, ал адалдықты, батырлықты, еңбекқорлықты мадақ ететін мақал- мәтелдер өте көп. Ал, қазір мақал- мәтелдерге сөз берейік.

 

1.     Отанды сүю отбасынан басталады.

2.     Отанын сүйген отқа жанбайды,

     Суға батпайды.

3.     Туған жердей жер болмас,

     Туған елдей ел болмас.

4.     Отан оттан да ыстық.

5.     Бірлік болмай, тірлік болмас.

6.     Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

7.     Туған жердің күні де ыстық,

     Түні де ыстық.

Кешегі өткен бабаларымыз бүгінгі біздің жерімізді жаудан сақтап қалу үшін өз өмірлерін қатерге тігіп, жауға қарсы аттанды. Сол бабаларымыздың аңсағаны – бүгінгідей егемендікке, елдікке қол жеткізу еді.

Оқушы:

Көк аспандай – тулардың

Желбірейтін күні бұл.

Елім деген ұлдардың

Елжірейтін күні бұл.

 

Атамекен- ақ үйдің

Азат болған күні бұл.

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні бұл.

 

Оқушы:

Жұпар шашқан гүлімнің

Жаңа ашылған күні бұл.

Менің ана тілімнің

Бағы ашылған күні бұл.

Алты алаштың баласы

Қауымдасқан күні бұл.

Бір- бірімен жарасып,

Бауырласқан күні бұл.

                                             Қара жорға биі.

Оқушы:

Республикам – ұлан байтақ жер болды,

Республикам – Тәуелсіздік ел болды,

Республикам – Республика атанып,

Халқымыздың көңілдері кең болды.

Оқушы:

 Қазақстан туған өлкем.

 Жер көп пе сендей көркем?

 Көрсін деп күллі әлемге,

 Жалауыңды желге желпем.

“Қазақ жігіттері” әні орындалады.

 

Қорытынды:  «Ата – қоныс жер қымбат,

                          Туып - өскен ел қымбат», - демекші, балалар, бүгінгі тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.

     Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.

                     

 

 

 

 

                                          СҚО, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы

                  «Социалистік Еңбек Ері Е.Шайкин атындағы орта мектебі»КММ

                  бастауыш сынып мұғалімі Г. С. Ғаббасова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты"Тәуелсіздік- ата- бабам аңсаған.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 188 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.11.2016 6000
    • DOCX 59 кбайт
    • 76 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Габбасова Гульнур Сейткасымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17438
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 199 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 954 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 708 человек

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек