Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТренинг "Бала тәрбиесі баршаға ортақ"
  • Сценарий "Осенний бал"
    • pdf
  • Сценка «Бал овощей»
    • pdf
    • docx
  • Тест по рассказу "После бала".
    • pdf
    • docx
  • Шаблон приглашения на выпускной бал
    • pdf
    • docx
  • Королевский бал – роскошная раскраска
    • png
  • Бал во дворце – торжественная раскраска
    • png

Шаблон. Мектепке дейінгі білім беру педагогтарына аттестацияға арналған эссе жинағы «Бала тәрбиесі — ортақ міндет», «Жаңа формациядағы балабақша — менің көзқарасым»

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
461
1
12.02.2025
«InfoLesson»‎

Материал разработан автором:

Ким Кира

Педагог

Об авторе

Я преподаю английский язык ученикам с казахским и русским языком обучения более 6 лет в Казахстане, Китае, России и онлайн. С удовольствием создаю уроки и курсы с нуля, ориентируясь на индивидуальные потребности и запросы моих учеников. Я преподавала английский ученикам дошкольного, школьного возраста , студентам и взрослым индивидуально и в группах. Имею опыт преподавания общего английского, бизнес английского, английского для путешествий, эмиграции, собеседований, получения визы, презентаций, логистики, бухгалтерии и многого другого. Также я работала методистом-асессором при найме учителей английского языка, поэтому точно знаю, что нужно учителю иностранных языков.
Подробнее об авторе
Педагогтің қызмет нәтижелерін кешенді талдауға арналған 2 эссе жинағы. Тақырыптар: «Бала тәрбиесі — ортақ міндет», «Жаңа формациядағы балабақша — менің көзқарасым». Бұл тақырыптар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетімен бекітілген. Эсселер мектепке дейінгі білім беру педагогтарына аттестацияға арналған портфолио жинақтауға көмектеседі. Әрқайсысы шамамен 300 сөзден тұрады. Эсселерді өз стиліңізге бейімдеуге немесе жаңа эссе жазуға шабыт ретінде пайдалануға болады.

Краткое описание методической разработки

Педагогтің қызмет нәтижелерін кешенді талдауға арналған 2 эссе жинағы. Тақырыптар: «Бала тәрбиесі — ортақ міндет», «Жаңа формациядағы балабақша — менің көзқарасым». Бұл тақырыптар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетімен бекітілген. Эсселер мектепке дейінгі білім беру педагогтарына аттестацияға арналған портфолио жинақтауға көмектеседі. Әрқайсысы шамамен 300 сөзден тұрады. Эсселерді өз стиліңізге бейімдеуге немесе жаңа эссе жазуға шабыт ретінде пайдалануға болады.

Развернуть описание

Тренинг "Бала тәрбиесі баршаға ортақ"

Скачать материал

Тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ.»

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін түсіндіру; ата - ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту, баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Көрнекілігі: Тақтаға ұлағатты сөздер жазылған плакаттар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру-Балапан ұшыру емес», «Бала нені білсе жастан - ұядан өле - өлгенше соны таныр қиядан», кестелер, интерактивті тақта т.б.

Өткізу әдісі: дөңгелек үстел

Түрі: еркін микрофон

Жиналыс барысы: (Ата-аналар  Шәмші ағамыздың әндері арқылы үш топқа бөлініп отырады да сол топтарының атындағы әнді орындайды)

Кіріспе сөз

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты жиналысына қош келдіңіздер! Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата - аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.

I Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері.»

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты- балада», деген екен. Кез - келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты -тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса, адам өмірінің мәні - өз ұрпағы.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана алдында нәзік те қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол- бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз- ата - ана. Бала үшін үй ішінен, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер- жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен- ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке - шеше «жұмысымды бөгейсің,істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрсып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігінде ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте -бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісіне ұқыпты да тындырымды орындауына жол бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез - келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрсу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата -ананың беделін түсіреді. Ата - ана бала тәрбиесіндегі басты түлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата - аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің керегі жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздарымен үй шаруасында жүріп- ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке - шеше үй ішінің, үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы: арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті - үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең- ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.

Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата - анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай - шу мен дау - жанжалға, ұрыс - керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді. Егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау ата - ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ -түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала- әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

II. Баяндама төңірегінде пікір алысулар және ата - аналарға сұрақтар қойылып, мәселелер туралы айтылады.

А. Бала тәрбиесінде кемшілік бар екенін мойындайсыз ба?

Ә. Балаңызға үлгі болатындай бойыңызда қандай жақсы қасиеттер бар?

Б. Келешекте балаңыз қандай адам болғанын қалайсыз?

III. Педагогикалық ойын.

 

                Мақтау

                   Ұрсу

 

 

 2минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлау.

 

          Жауаптар:

 Қай сөз көп болу керек?

 Неліктен?

 Ата - ана жауабы:

 Мақтау баланың көңіл күйін көтереді, өзіне деген сенімділік артады.

 Егер ата - ана баланы үнемі ұрсып, айыптап, балағаттап жатса, онда ол                                            бұйығы, қатыгез, кекшіл болып өседі.

IV. «Біз қабылдаған шешім.....»

Мұнда үш топқа үш түрлі ситуациялық жағдаяттар беріледі. Сіздер соған өз шешімдеріңізді айтасыздар.

I топқа

Балаңыз сабаққа кеттім деп сағат 8.15-те сөмкесін алып, үйден шығып кетеді. Көп кешікпей сағат жарымның айналасында ауырып, сабақтан сұранып келдім деп қайтып келеді. Сіз оған сеніп қаласыз. Іле-шала мұғалімі телефон соғып, балаңыз бүгін сабаққа неге келмей қалды деген сұрағына сіз қандай шешім тауып айтар едіңіз?

II топқа

Балаңыз бір күн себепсіз сабақтан қалады. Ерініп қалды, барғысы келмеді. Екінші күні балаңыздың тамағын беріп, киіндіріп үйден шығарып жібересіз. Ол екі-үш үйдің қатарына барғаннан кейін қайтып келеді де қораға тығылып қалады. Сіз қорада бір шаруаңыз болып барып қалған кезіңізде ішінде тығылып отырған балаңызды көресіз. Оны үйге алып келіп ұрасыз, ұрсасыз. Бір уақытта мектеп психологы телефон шалады, бәленше балаңыз екі күн қатарынан сабақтан неге қалып қойды?-дейді. Сіз баламның кешеден бері басы ауырып, қызуы түспей содан бара алмай жатыр деп өтірік айта саласыз. Бірақ ертең міндетті түрде сабаққа жіберемін деп уәде бересіз. Келесі күні әкесі балаңызды малшы ауылда бір шаруасы болып, түске дейін үлгеріп келеміз деп алып кетеді. Сағат 1.30 болады, келмейді. Сағат 2 болады, келмейді. Сіз кешегі психологқа берген уәдеңіздің өтірікке шығып қалатынын ойлап, қатты ұялып жүресіз. Бір мезгілде балаңыз сағат 3-ке он бес минут қалғанда келді. Сіз не істейсіз?

III топқа

Бүгін балаңыздың сыныптасының туған күні еді. Соған оқушылар жиналып, ауылдан ұзақтау жерге табиғатқа шықпақшы болады. Сіздің ұлыңыз машинамен алып шықпақшы болып, сыныптастарына уәде беріп кетті. Сізге осы жағдайды айтып машинаңызды беруді сұрады. Сіз не істер едіңіз?

V Сөйлемді аяқтау. «Ой - өрісіңді тексер»

I топ

1.     Егер баланы үнемі сынап отырса __________ (оқуға құлқы болмайды)

2.     Балаға үнемі күлсе _________ (бұйығы болып өседі)

3.     Баланы қолдап отырса __________  (білімге деген ынтасы артады)

II топ

1.     Баланы қолдап отырса ________ (өз ісіне сенімді болады)

2.     Бала төзімділікте өссе ________ (адал болып жетіледі)

3.     Бала қауіпсіз жағдайда өссе ___________ (ол адамға сеніммен қарайды)

III топ

1.     Бала кекшілдікте өссе __________ (ол қатыгез болып өседі)

2.     Бала адалдықта өссе __________ (әділ болып жетіледі)

3.     Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе __________ (бұл әлемнен махаббат табуға үйренеді)  

VI Сауалнама «Сіз қандай ата анасыз?»

(Өз өздерін тест арқылы тексеру)

Жинаған баллды ата - аналар өздері санайды.

Қорытынды.

Сонымен құрметті ата - аналар, бүгінгі жиналысымызда баланы қалай азамат етіп тәрбиелейміз деген мәселені шешуге тырыстық. Бірлесе отырып, осындай тығырықтан шығудың жолын іздедік. Сондықтан да бұдан әрі де осы істерімізді аяқсыз қалдырмай, дәстүрге айналдырамыз деп ойлаймын. Балаларымыздың жарқын болашағының мәнді болуына ат салысайық. Ұл -қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақтылы білім алуларына күш салайық. «Ел болу үшін бесігіңді түзе» деген, ел сенімін ақтап, атақ - даңқын шығарар, білімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу ұлы парызымыз деп білейік.

Қымбат уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен - көп рахмет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тренинг "Бала тәрбиесі баршаға ортақ""
Смотреть ещё 5 938 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

  • Еще материалы по этой теме

    Смотреть

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 346 673 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 11.12.2015 7273
    • DOCX 52.8 кбайт
    • 69 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамедалиева Шынаргул Мухамедалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мухамедалиева Шынаргул Мухамедалиевна
    Мухамедалиева Шынаргул Мухамедалиевна

    учитель английского языка

    • На сайте: 9 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18203
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    Мен Мухамедалиева Шынаргул Мухамедалиевна Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келдім. 2006 жылдан бастап Ғ. Сланов атындағы орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп келемін. Осы жылдар аралығында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп жүрмін. 2012 жылы үшінші (базалық) деңгейлік курстан өттім.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 323 891 материал из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Ключевые аспекты управления музыкальными проектами

5 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии управления проектами и инвестиционные решения

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление договорными рисками и оптимизация договорных отношений

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 938 курсов