Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры" Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған тәрбие сағаты

"Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры" Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған тәрбие сағаты


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_70898cbc.jpghello_html_m7e27c9c1.jpg



Тақырыбы: Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры

Мақсаты:

Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу.

Міндеті:

  • Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. Тәуелсіздік , мәңгілік ел туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. 


  • Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.

Тәрбие сағатының түрі: конференция сабағы.

Әдіс-тәсілі: сыни тұрғысынан ойлау, синквеин, топтық жұмыс, топтастыру.

Барысы: 
1-жүргізуші:
- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25жылдығына арналған «
Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік жарысымызға қош келдіңіздер! 

2- жүргізуші:
- Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

1-жүргізуші:

- Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 

2-жүргізуші:
- Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
 

1-жүргізуші:

- Олай болса, бүгінгі жарысымызды бастамас бұрын сыныпты топқа бөліп алайық. Сандықшаның ішіндегі суреттерді алып, сол сурет бойынша әр топқа бөлініп отырады.

(Суреттерде : Қазақстанның картасы, Ту, бақытты балар суреті.)

2-жүргізуші:

  • Алған суреттерінің бойынша қысқаша ой-пікірлеріңді айтып өтесіңдер.

1-оқушы: Біздің Отанымыз кең байтақ – Қазақстан. Табиғаты көркем, әсем де шұрайлы жер.

Отан деген атамекен,

Отан деген туған ел.

Отан - ана, Отан ыстық,

Қазақстан – туған ел.

  • Біз Қазақстан картасының суретін ала отырып, тобымызға «Отан » деген атты таңдадық.

  1. оқушы: ҚР мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Гимн. Әрбір тәуелсіз елде өзінің мемлекеттік рәміздері болады. Сондықтан біз тобымыздың атын «Тәуелсіздік » деп алдық.

hello_html_m6b933a68.jpg


  1. оқушы: Біздің ойымызша бұл суретте қуанышты, бақытты балалар бейнеленген. Тәуелсіз елдің болашағы біздер жас ұрпақтар. Сол себептен тобымызға «Болашақ» деген атты таңдадық.


hello_html_74720adb.jpg




1-жүргізуші:

  • Көп рахмет. Олай болса әрқайсысыңыз өз орындарыңызға отырсаңыздар.

    2-жүргізуші:
    - Армандарды жақындатып тым алыс,
     
    Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
    Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
     
    О, халайық! Құтты болсын қуаныш- деп, тәрбие сағатымыздың бірінші бөліміміз
    «Тәуелсіздік жолында ... ».

І. «Отан» тобы:
- Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
 

hello_html_36f02624.jpg

Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар еді. Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар феодалдарын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды. Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді.

ІІ топ. «Тәуелсіздік».

  • Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
    Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
    Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
     
    Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

hello_html_m353fec15.jpg


1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.

Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.

ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ–қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс–украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.

ІІІ топ. «Болашақ».

hello_html_m204f24.jpg

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. 

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [2]

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
1-жүргізуші: 

- Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
 
Музаның әміріне басымды иіп- дей келе, 6- сынып оқушысы Қайратұлы Айбектің орындауындағы «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: 
- Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. Ендеше,
ІІ бөлім «Жылдар сыр шертеді».

І топ. «Отан».

1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачовтің денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Анаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдаме жасады.

Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, примъер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс министрі Д.Т. Язов және оның замы О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің төрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К. Пуго сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономиқалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу. КСРО Жоғарғы Қеңесінің төрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған ТЖМК қолдау көрсетуге шақырған «Кеңес халқына үндеу» жарияланды. 991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.

1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке үшырады.
Тамыз төнкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жанінде», «Семей ядыролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономиқалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.
Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.
1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.
Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.

ІІ топ. «Тәуелсіздік»

КСРО-ның ыдырауы. Қазақстаның тэуелсіздік алуы. ТМД-ның қурылуы.
Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (ТМД) қурылуы.

1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.

1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.

1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.

Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
Президентті бүкілхалықтық сайлау.
Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.
Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.
Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.

ІІІ топ. «Болашақ» .

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.

1992 жылы Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы еңбегі жарияланды. Бұл еңбектің маңызы: 
-Тәуелсіздік жолына түсүдегі басты бағыттар көрсетілді.
 
-Ел дамуының түбеғейлі концепциясы алғаш рет анықталды.
 
-Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қуіпсіздік жөніндегі міндеттер сараланды.
 
-Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.

«Ұлт өзінің мемлекеттігінсіз ұлт болып өмір сүре алмақ емес…Біздің мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың-қазақтардың мүдделері жекелеген мәселелерде ерекше атап айтылатыны әбден орынды, мұның өзі мемлекеттердің бірқатарында тап, осылай етіледі де», деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев.

Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдау.

1991 жылдың соңында егемендігін жариялаған Қазақстан өз мемлекеттігін құрудың жолына түсті, мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда оның ішкі істер әскері құрылды.

Қазақстаның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік нышандарын (символдарын) қабылдауды талап етті. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туын мен Елтанбасын бекітті. Ту авторы-суретші Шәкен Ниязбеков, Елтанба авторлары-сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар- Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдагалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар- Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).

1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жадайларына арналған тарау.

ТМД-ның кейбір елдерінде КСРО мемлекеттік банкі мен Россия банкісінің 1961-1992 жылға банкнот айналымының тоқталуына байланысты, Қазақстанға осы банкноттардың заңсыз түрде енгізілуі күрт жоғарылады. Оның салдары: елдегі барлық қаржы жүйесі құлдырады, ақша құнсызданды, тұрғындардың тұрмыстық деңгейі төмендеді. Осы себептерден Қазақстан өзінінің ұлтық валютасын енгізуге шешім қабылдады. 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөнінідегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.

1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Мақсаты: қоғамдық тұрақтылықпен ұлтаралық татулықты нығайту.

1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәсиелер: Президент Н.Ә. Назарбаевтің өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатынында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.

1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады. Бұдан кейін әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық үкімет қайта құрылып сан жағынан ықшамдалды, жерлікті жердегі басқару құрылымдары қысқартылды. Нәтижесінде 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-ден 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазаргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерешеліктері: 
1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.
 
2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.
 
3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.
 
4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді.
 
5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.
 
6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.


  1. Жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді- дей келе, 6 –сынып қыздарының орындауында «Балбырауын» биі.


2-жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.

2-жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.

-Олай болса, құрметті оқушылар Мәңгілік ел – қазақ халқының ұлттық идеясын қалай түсінеміз? (3 топқа ортақ тақырып беріліп постер қорғалады.)


hello_html_m95f3fc9.jpg


hello_html_260dbe4.png



1- жүргізуші:
- Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Бейсенбай Мейрамбектің орындауында ән: «Көк тудің желбірегені» .
(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
2-жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
 
Ғасырларға жалғастырып елдікті
 
Дақ түсірме ата баба рухына
 
Үлгі бізге аталардың ерлігі
 
Ұлағаты өнегесі еңбегі
 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «
Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры
» конференциямыз өз мәресіне де келіп жетті.
1 – жүргізуші:

Қазақ елім! 
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 17.11.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров42
Номер материала ДБ-361399
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх