САБАҚ
ЖОСПАРЫ (ҚМЖ)
Сынып: 7
|
Сабақ:
№-55
|
Мерзімі:
10.04.17 ж
|
Тақырыбы:
|
Тәуке
хан тұсындағы Қазақ хандығы
|
Мақсаты:
|
Қазақ
хандығының саяси бөлшектенуі тұсындаТәуке ханның саяси шиеленістерді
тоқтатып, қоғамда әділеттілік орнатуға бағытталған игілікті шаралары мен
«Жеті жарғы» заңдар жинағының маңызын түсінеді.
|
Оқу
нәтижесі:
|
1. Қазақ
хандығының біртұтас мемлекет дәрежесіне жету жолдарын түсінеді;
2. Тәуке
хан, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің саяси қызметіне баға береді;
3. Тәуке
ханның ішкі-сыртқы саясаттарын меңгереді;
|
Негізгі
идеялар:
|
«Жеті
жарғы» заңдар жинағы тұңғыш құқықтық жүйенің қалыптасуы туралы мағлұмат беру,
Ата Заңымздың бастамасы екнін ұғындыру.
|
Қөрнекі-құралдар
мен ресурстар:
|
1. Қазақ
хандығының картасы;
2. Тәуке
хан, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің портреттері;
3.
Таңыстырылым: «»;
4. «Жеті
жарғы» заңдар жинағының жобасы;
5.
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
6. Үш
биге арналған ескерткіш суреті;
7.
Үлестірме материалдары;
|
Әдіс-тәсілдер:
|
1. Оқытудағы
жаңа әдіс-тәсілдер;
2. Сын
тұрғысынан ойлау стратегиялары;
3. Ақпараттық
коммуникациялық технологиялар;
4. Көшбасшылық;
5. Жас
ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;
6.
Талантты және дарынды балаларды оқыту;
7. Оқыту
үшін бағалау және оқуды бағалау;
«Кемпірқосақ»
әдісі; «Тұжырым картасы»; «Бас бармақ»;
«Венн»
диаграммасы;«Жолақ галстук»; «6 W» әдісі; «Синкуейн» әдісі;
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері:
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Психологиялық
жағымды ахуал орнату:
( 2-минут)
|
Оқушыларды
шаттық шеңберіне тұрғызып тілек-өлең жолдарын дауыстап айтқызады:
Әр бір
күніміз мерекелі болсын,
Әр бір
ісіміз берекелі болсын.
Дамуымыз
жедел, келешегіміз кемел болсын.
Жарқын
іспен бүкіл әлемді таңқылып,
Жасай
берсін еліміз мәңгілік!
|
Оқушылардың
сабаққа деген қызығушылықтары артады;
Көңіл-күйлері
көтеріледі,
|
Топқа
бөлу:
( 2-минут)
|
«Кемпірқосақ»
әдісі бойынша түрлі-түсті стикерлерді үлестіру арқылы оқушыларды 3 топқа
бөледі:
Қызыл
түс – «Ұлы жүз»;
Жасыл
түс – «Орта жүз»;
Сары түс
– «Кіші жүз»;
|
Түрлі-түсті
стикерлер бойынша оқушылар
3 топқа
бөлінеді:
І топ – «Ұлы
жүз»;
ІІ топ –
«Орта жүз»;
ІІІ топ
– «Кіші жүз»;
|
Үй
тапсырмасын тексеру:
(5-минут)
|
«Салқам
Жәңгір ханның тарихи қызметі» және «Орбұлақ шайқасының тарихи маңызы» тақырыптарына
эссе немесе «Синкуейн» әдісі бойынша 5 жолды өлең жазу;
|
Ниет
білдірген бірнеше оқушылар дауыстап оқиды;
|
Білу:
(10-минут)
|
Таңыстырылым
көрсетіледі;
І топ –
«Тәуке ханның билігі»;
ІІ топ –
«Жеті жарғы» заңдар жинағы;
ІІІ топ
– «Ұлы билер»;
|
Оқушылар
топтық жұмыс барысында тапсырмаларын орындап, «Тұжырым карталары» арқылы
қорғайды;
|
Түсіну:
(10-минут)
|
Тәуке
хан тұсындағы демократиялық өзгерістер мен әкімшілік-құқықтық жүйенің
реформалануын қазіргі кезеңмен ұштастыра қарастыру.
І топ –
Тәуке хан мен Н.Назарбаевты салыстырады;
ІІ топ –
«Жеті жарғы» мен ҚР Конституциясын салыстырады;
ІІІ топ
– «Қазақ хандығы» мен Қазақстан Республикасын салыстырады;
|
«Венн
диаграммасы» бойынша оқушылар топтық жұмыс атқарады;
Әр
топтан өкіл шығып жалпы сынып алдында қорғайды;
«Бас
бармақ» әдісі бойынша топтар өз ара бағалау жүргізеді;
|
Қорытындылау:
(10-минут)
|
Тапсырмалар
орындау барысында оқушылардың білімдерін тиянақтау.
«Жолақ
галстук» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді;
«Тұлғаны
таны»;
«6 W» әдісі
бойынша
сұрақтарға жауап береді;
|
Тапсырмалар
орындау барысында оқушылар білімдерін қолданады, тиянақтайды;
Сұрақтарға
жауап беру барысында ойларын жинақтайды;
Қорытынды
жасайды;
|
Бағалау:
(3-минут)
|
Бағалау парақшалары
бойынша топ басшылары жүйелі бағалау жүргізеді;
Оқушылардың
жұмысына формативті бағалау жасап, қорытынды баға шығарады;
|
Бағалау
парақшалары арқылы топ басшылары бағалайды;
Оқушылар
өзара бірін бірі бағалайды;
|
Рефлексия:
(2-минут)
|
Ойды
жалғастыру арқылы:
«Бүгінгі
сабақта мен үшін .......... құнды болды, себебі ..........».
|
Оқушылар
берілген нұсқа бойынша стикерлерге ойларын жазып, рефлексия жасайды;
|
Қосымша
тапсырма:
(1 -минут)
|
1) §42-43
«Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы» тақырыбын оқу, мазмұндау;
2) «Тәуке
хан тұсындағы Қазақ хандығы» тақырыбына шағын шығарма жазу;
|
«Жолақ
галстук» әдісінің сұрақтары:
І
нұсқа
1. Тәуке хан
кімнің ұрпағы?
2. Тәуке хан қай
жылдары билік құрды?
3. Тәукенің
орнатқан тәртібі бойынша соттық маңсапты кімдер ғана атқаруға тиіс болды?
4. Тәуке хан
билердің шығарған үкімін келесі «Билер кеңесіне» дейін күшін жойматынын заңды
түрде неліктен бекітті?
5. Тәуке хан
тұсында бірте-бірте жергілікті атқарушы өкіметке айналған орган?
«Жолақ
галстук» әдісінің сұрақтары:
ІІ
нұсқа
1. Ел бірлігін
сақтап, хандық биліктің күшеюіне өз үлесін қосқан құжат?
2. Қазақша «жарғы»
деген сөз қандай ұғымды білдіреді?
3. «Жеті жарғы»
жинағын жасауға Тәуке ханның ұсынысымен қазақ елінің ең таңдаулы неше биі
қатысқан?
4. «Жеті жарғы»
жинағынын негізі болған байырғы әдет-ғұрыптық ережелер?
5. Ел ауызында
сақталған «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз қайдан шыққан?
«6
W» әдісінің сұрақтары:
1. XVII ғасырда Қазақ
хандығы ішінен неліктен бытыраңқылыққа ұшырады?
2. Неліктен Тәуке
хан «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасатты?
3. Неліктен Тәуке
хан заңдар жинағын «Жеті жарғы» деп атады?
4. Неліктен Тәуке
хан «Хандар кеңесі» мен «Билер кеңесін» еңгізді?
5. Неліктен Тәуке
хан басқарған кезең «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп аталады?
6. Халық неліктен
Тәуке ханды Әз Тәуке деп атады?
«Тұлғаны
таны» әдісінің сұрақтары:
1. Қазақ
хандығында 1628-1652 жылдары аралығында билік құрған, бүкіл саналы ғұмырын
жоңғарларға қарсы күреспен өткізген, ерлік істері жалпы қазақ халқы, көрші
елдерге аңыз болған тарихи тұлға?
2. Жас кезінен
билікке араласқан, Қазақ хандығының ішкі феодалдық таластартыс пен
бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты Қазақ хандығынқұруға күш
салған тарихи тұлға?
3. Он бес жасынан
ел билігіне араласып, өзінің ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен
көзген түскен, Әнет бабадан бата алған, өз өмірін елінің бірлікте, ынтымақта
болуына арнаған тарихи тұлға?
4. Сырдария
жағалауында дүниеге келген, әкесінен мол тәлім-тәрбие алған, сөз таласта қалмақ
ханын женген, талай дауды әділ шешіп, еліне елеулі, халқына қалаулы болған
тарихи тұлға?
5. Шын есімі
Айтық, атақты Жалантөс батырдың ұрпағы, жас кезінен-ақ талай дау-дамайды әділ
шешіп, атақты шешең атанған тарихи тұлға?
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.