Инфоурок Другое Другие методич. материалыТворческий отчет учителя казахского языка

Творческий отчет учителя казахского языка

Скачать материал

   

Ақмола облысы

Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы

 №10Агротехникалық колледжі

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жакенова Әлия Серікқызының аттестациалау аралығындағы шығармашылық есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  2018-2019 оқу жылы

Ұрпақ тәрбиесі – ұлы іс. Қай зманда  болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұраттың ең бастысы – өзінің ісін өмірін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек  қоғам тәрбиесі. Елбасы « Қазақстан  2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа  саяси бағыты» Жолдауында :«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу  үшін  біз сауаттылығы жоғары  елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай  ғана  жаппай  сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдыктармен және ең заманауи өндірістерге жұмыс жасау машығын меңгеруде дайын  болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың жалпы  барлық жеткіншек ұрпақтың  функционалдық сауаттылығына да зор көңіл  бөлу қажет.Балаларымыз қазіргі заманға  бейімделген  болуы  үшін бұл аса маңызы» -деген болатын. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген  білім  адамзаттың қас жауы деп Әлфараби бабамыз айтқандай балаға тәрбие  беруіміз керек .Қазіргі оқушы жан-жақты, рухани бай тәрбиелі болуы тиіс.Баланың тәрбиесі , адамгершілік қасиеті   болмаса құрғақ біліммен одан жеке тұлға қалыптаспайды.                                 

         Республикамыздың  егемендік алып тіліміздің мәртебеге ие болуына байланысты мектептердің білім беру саласында көптеген оң өзгерістер болып жатқаны баршамызға аян. Тіл мамандарына оқу процесінде оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына әсер ететін  жайға көп көңіл бөлу қажет.Себебі: тілі жетік оқушы  барлык гуманитарлық пәндерден жақсы  нәтиже көрсете  алады. Ал тілі дамымаған шәкірт біліп тұрған білімін өз дәрежесінде жеткізе алмай  қиналады.

   «Тіл  дамыту дегеніміз –тілдік  норманың жетелу, ширау, даму дәрежесі»-деп түсіндірді тіл ғылымдарының ғалымы М. Балақаев.Тілдік  норма  жетілу үшін оқушының ауызекі  сөйлеу тілін,  жазба тілін  дамытқан жөн. Сөйлеу  арқалы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазған мақала, эссе, ой толғау, әңгіме, мазмұндама , шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға  болады. Әр ұстаздардың білімі мен біліктілігі пәнді  меңгерудің әдіс-тәсілін жетік  менгеруі, осы әдіс- тәсілді іс жүзінде тиімді қолдана алуы – бүгінгі күннің талабы. Осы бағытта.     

    Менің өзін-өзі жетілдіру тақырыбым: Лексико-грамматикалық кестелер арқылы оқушылардың білімдерін арттыру

   Мақсатым: Әрбір студентке түбегейлі білім мен мәдениет негіздерін беру және олардың жан- жақты дамуына жағдай жасаймын.

Мұғалімге өзін-өзі жетілдіру сапалы білім бере отырып, нәтижеге жетуге өз білімін толықтырып нақтылауға студенттің сараптамаларына терең жасауға көмектесемін. Мұғалімнің қорын толықтыруға көмектесіп қана қоймай студенттер және ата-аналармен дамытушылық, түзету жұмыстарын өткізуге зерттеу және диагностикалық іс әрекетті меңгеруге ықпал етеді.

Өзін-өзі жетілдіру мынадай түрлерге бөлінеді: өзекті педагогикалық, жалпы білім алу, педагогикалық, кәсіби. Әр жұмыстың нәтижесі мен жетістіктері болмаса оны мағынасыз жұмыс деп санауға болады. Мұғалім нәтижеге жету мақсатында әдістемелік құралдар жасайды, семинар, конференцияларға қатысып мұғалімдермен тәжірибе алмасады.    Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жетілдірудің жоспары мәдениеті-оқу процессінің ұйымдастыруының бір бөлігі.

Өзін-өзі жетілдіру үшін мұғалімге қойылатын талаптар

      Азаматтық, әлеуметтік,белсенділік

      Адамгершілік мәдениет

      Жоғары деңгейдегі іскерлік

      Шығармашылық жаңашылдық әрекет

      Педагогикалық ұстамдылық

      Психологиялық саулық

      Өзін-өзі дамыту қажеттілігі

      Сөйлеу мәдениеті

      Дамыған интеллект

      Оқушылармен,ата-аналармен қарым қатынасы

      Өзіндік позициясы

      Педагогикалық тактісі

      Қабілеті мен педагогикалық шеберлігі

Мен өзін-өзі жетілдіру мақсатымда тақырыптық тесттер жинағы, басқа ұлт өкілдеріне қазақ тіл сабағына арналған көп деңгейлі тапсырмалар жинағы, қазақ әдебиетін оқытудың әдістемелік құралы, « Тіл дамыту» сабақтарының бағдарламасын жасадым. 

       Әзірлеген нұсқа модульдік технологиясы сипатта құрылған.

       Әр модульдағы берілген тапсырмалар Ж. Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту» технологиясына сүйеніп құрылған және студенттерге стандарт талаптарына сай сараланып беріледі. Тапсырмалар IV- деңгейден тұрады. І деңгей – білім стандартының талаптарына сай қарапайым білім мен түсінік деңгейдегі тапсырмалар. ІІ, ІІІ- деңгей білім стандарттың талаптарына сай алған білімін қолдану және талдау деңгейдегі тапсырмалар. IV- деңгей дарынды балаларға арналған – шығармашылық және ізденушілік сипаттағы тапсырмалар. Осы тапсырмаларды қолдау арқылы, мұғалім студенттердің сабаққа деген ынтасын, қызығушылықтарын арттырады, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады және оқушылардың бірінен -бірі қалғысы келмей тапсырмаларды орындап, нашар оқитын оқушы дәрежесінен көтерілуіне мүмкіндік жасайды. Бұл әдіс студенттерге өтілген материалды пысықтап, қайталап, есте қалу қабілетін қалыптастыруға, сол материалды талдап, жан-жақты меңгеруіне өте тиімді екенін көрсетеді.

    «Тіл дамыту» сабақтарының бағдарламасы- өзге тілді оқушылардың қазақ тілінде еркін, сауатты, саналы оқу; тұрмыста, кәсіпкерлікте, сан алуан мемлекеттік қоғамдық ортада сөйлей білуге үйрету. Тіл дамыту – тіл үйретудегі қарым- қатынас құралын іске асыру. Оқу орыс тілінде жүргізілетін колледжде  студенттің тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру, сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады.Студент өз ойын ауызша және жазбаша  түрде жеткізе білу қажет. Сол себепті оқушының тілі ауызша және жазбаша дамиды. Байланыстыра сөйлеудің заңдылықтарын оқушыға  ереже түрінде емес, практикалық жолдармен сөйлеуде қолданту, жаттықтыру, қалыптастыру- тіл дамытудың негізгі түп қазығы деп айтуға болады Сондықтан тіл дамыту тілдік нұсқалармен біріктіріле оқытылады.Демек, тіл дамыту сөздік қорды нәтижелі қолданып, сөздерді бір-бірімен орынды байланыстырып сөйлем, грамматикалық  тұлғаларды сауатты пайдалану болып табылады.Мектептегі оқыту бағдарламасының талаптарына сәйкес қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсаты- оқушылардың қазақша сөйлеу тілін жетік дамыту.  

Мемлекеттік тілді үйрену арқылы оқушылар қазақша ауызекі сөзге түсініп, өздері қазақ тілінде көрген-білгенін, ойын айтып, жаза алатын дәрежеге жетеді. Сонда-ақ орыс тіліндегі білім дағдыларын, іскерліктері мен қабілеттерін қазақ тілін саналы меңгеруге, үйренуге жұмсайды. Оқушы қазақ тілін үйренуге арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, салт-дәстүрі, өнері, білімі, белгілі адамдары туралы мәліметтерді білетін болады. Сонымен қатар, тілдік меңгеруіне орай ауызша сөйлесуге, ойларын жеткізуге деген дағдыларды да қалыптастырады.

Білім беру үрдісінің түйінді  құзырлылықтарын қалыптастыру арқылы оқушының жеке қабілетін, потенциалдық мүмкіндігін, ішкі қажеттілігін есепке ала отырып, өзгермелі қоғамға бейім, өз қабілеттерін толық көрсете алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де құнды жеке тұлға болмақ. Осы қасиеттерді оқушылардың бойына сіңіре алсам, ол мұғалімнің нағыз жемісі деп санаймын.

 

 

 

 

 

Мұғалім – мектептің басты  тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады.  Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген  пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор  Ж. Қараевтың әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын және сатылай оқыту технологияларын, деңгейлеп- саралап оыту технологиясын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелуде үнемі қолданып келемін.

Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілі .

• Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көз қарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
• Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитыноқушы) қабылдауға үйренеді;
• Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану кезеңінде/;
• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
• Өздеріне белгілі пайдалана алады;
• Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғады.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны ашу;
- ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
- оқушының белсенділігін ояту;

Жеке тұлғаны     - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді , жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша - әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдайды.
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.

Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
- жаңа ақпаратпен танысу;
- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара – қатынас белгілеу.

Белсенді оқу әдістерін қолдану:
- инсерт;
- екі жақты күнделік;
- қосымша журнал;
- сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздейді.

Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе - эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
- оқылған материалды талдау және қорытындылау.
- тақырыптымұнанәрімеңгерубағытынанықтау.
- Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында  не үйренгенін салыстырады.
Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.
- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз  бетімен жаңа идеяларды  - кластер құру
 - түйін сөздерге қайта оралу.
- дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.
- рефлексивті сұрақтар
- пікір алмасу.
- шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б.

Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманыөңдеужұмысы топ бойынша жүргізіледі.
Технологияны оқыту стратегиялары (тәсілдері)
Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде түріндебелгілібіртәртіппеншоқтәріздіорналастыру. Мысалы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кезеңдерін кластер түрінде былай келтіруге болады.

Бұл тәсілді қызығушылықты ояту және ой толғау кезеңдерінде қолдануға болады.
Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шеті не немесе кесте түрінде жазылады:
«V» - білемін «+» мен үшін жаңа«-» басқаша ойлаймын «?» - түсінбедім, тереңірек білгім келеді

Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң оқушылар жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады. 1). «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділікті бойынша алуға тәрбиеленеді..
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу, сонны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау, жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.
Сонымен, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытыныдыға келдім:
1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапты.
2. Жаңа білім бойынша өз  жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)
3. Өзіндік қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды.
4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.
5. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/
6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.
7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.
8. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
9. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірелрмен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқанбай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.

Педагогикалық жаңа технологиялар  оқыту барысында көздеген мақсатымызға жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.

Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындығы мен белсенділігін арттырғандығымен де, кейбір технологияларда бұл құралдар басты идеяны және нәтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталғандығын зерделей келе қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытуда бірден-бір тиімді әдіс –қатысымдық әдіс деп ойлаймын. Функционалдық:  Сөйлеу іс-әрекетінің лесикалық, грамматикалық және фонетикалық жақтары үзіліссіз өзара сөйлесу үрдісінде жүзеге асады. Сабақта тілдік бірліктер меңгерілуі керек.

Оқиғалық:  Оқу материалын оқушыларды қызықтыратындай, оқиғалық және қарым-қатынас мәселесі негізінде іріктеу және ұйымдастыру.

Жаңашылдық: Оқу материалы сабақта өзіндік жаңалығы бар және оқушылар үшін қызықты болуы керек. Оқу материалымен  жұмыс тілдік оқиғалардың нысанын (талқыланып отырған мәселені ауыстыру, қарым-қатынас шарттары және т.б.) және жұмыс тәсілдерінің әр түрлілігі, сабақты ұйымдастырудың жаңалығын (оның түрлерінің, әдістерінің және т.б.) көздейді.

Қарым-қатынастың дербестік бағыттары.         Әр оқушының жекелеген тілдік ерекшеліктерін, оның субъектік тәжірибесінің ерекшеліктерін, эмоционалдық бағытын, ұжымдағы оның статусын және т.б. есепке алу.   Ұжымдық өзара қарым-қатынас.Оқушылардың өзара белсенді қарым-қатынасы, олардың оқудағы жетістіктерінің өзара байланысы.

Қатысымдық әдіс оқушылардың ауызекі сөйлеуін қарым-қатынас жасауын, сұрақ, жауап жүргізуін, әңгімелесуін, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын молайтады, тілді дамытады.

-сабақта белсенділік жоғарылайды;

-сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;

-дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады;

-оқуға қызығушылықтары артады;

 1-2 курс оқушыларына  аймақтық компоненттерді «Қазақстан», «Менің қалам», «Менің көшем», «Менің отбасым», «Дүкенде», «Стадионда», «Дәрігерде», «Жыл мезгілдері» тағы сол сияқты тақырыптарды оқығанда әбден қолдануға болады. Аймақтық компоненттерді сабақта қолдануда қандай шаралар арқылы жүзеге асыруға болатынын сызба бойынша көрсетуге болады.

Тақырыпты қандай жұмыс түрлері арқылы ашуға болады?

- Диалог

- Викторина

- Карточкамен жұмыс

- Инсценировка                                                         

- Тест

- Экскурсия

- Оқушылардың шығармашылық жұмыстары «шығарма, тақпақтар,  

альбомдар)

- Пән бойынша шығармашылық жұмыстар

 «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбын алсақ. Нәтиже сабағында оқушыларды  топқа бөліп, бірінші топқа: «Шілдехана», екінші топқа «Тұсау кесу» туралы диалог құрастыру жұмыстары тапсырылады.

Бір қызығы осы топтық жұмыс барысында бірінші топ оқушыларының жауабына бүкіл сынып араласып, соңы ұжымдық қалыпқа ауысты. Себебі, оқушылардың назарын аудару үшін (тыңдап отырған) ситуациялық жағдаят тудырдым: «Бесіктің қандай құрал-жабдықтары болады?»,  «Тұсау кесу тойы қалай өткізіледі, баланың тұсауын кім кеседі?» деп  әр жерден сұрақ қойып оқушылар сөйлесіп кетті. Жалпы ұжымдық қалып жұптық және топтық қалыптарда өзара біріктіреді. Оқытушының жұмыс жүйесінің теориялық негіздері көпшіл болуға бағыттайды.

  Сөз сонында айтарым, « Шәкіртсіз ұстаз –тұл»,- демекші алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін.

фото

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Творческий отчет учителя казахского языка"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 022 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2019 489
    • DOCX 32.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакенова Алия Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакенова Алия Сериковна
    Жакенова Алия Сериковна
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13224
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Подготовка и проведение тренинга

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 164 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 97 человек