Сабақтың тақырыбы:Қамқорлық.
Сабақтың мақсаты:
1)Оқушылар мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғынады..
2)Жан– жақты ойланып ,өздігінен жұмыс істеуге,ізденуге
үйренеді.
3)Табиғатты аялау, қамқор болуға тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың әдісі:Ой қозғау, негізгі ойды
суреттеу, сұрақ- жауап, көрнекілік стратегиясы, рефлексия.
Көрнекілік. Хронологиялық
кесте.Суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
«Бүркіт» әңгімесінің мазмұнын айту. Бөлімдерге ат қою.
-Негізгі идеясы не?(Жақсылыққа- жақсылық жасау)
ІІІ.Жаңа сабақ. Б.Соқпақбаев «Қамқорлық»
әңгімесімен танысамыз.
-Балалар, Б.Соқпақбаев деген кім?
-Біз қандай әңгімелерімен таныстық? « Сен ұйықтап
жатқанда», «Шынықсын денеміз».
ІV.Хронолониялық
кестемен жұмыс.Слайд арқылы автормен танысу.
V.Ой қозғау.Сурет бойынша жұмыс
Суреттегі балалардың қылығына қарай отырып, олардың
бойынан қандай қасиеттерді атай аласыңдар?
Тәртіпсіз Тәртіпті
Бұзақы Әдепті
Мейірімсіз Мейірімді
Қатыгез Қамқор
Тас жүрек Қайырымды
Бүгінгі мәтіннің мазмұны да осы суреттермен мазмұндас.
VІ.Мәтінді мұғалімнің оқуы.
Түсініксіз сөздерді түртіп алу.Сөздік жұмысын жүргізу.
Жан далбаса-асыға.
Ентелеп-демалысы жиілеп.
Өкпесі өшу-алқыну,ентігу.
Дуал-үйді айнала қоршаған қоршау.
Әккі-әбден бойы үйреніп алған.
Безбүйрек-аяусыз.
Қол созым жер- жақын,таяу.
Топшы-құс қанатының кеудеге жақын жері.
Бейғам-ешнәрсе ойламай отыруы.
VІІ. Кітаппен жұмыс. а) Оқушыларға оқыту
б)Сұрақ- жауап.
VІІІ.Сергіту сәті.
ІX.Ой толғаныс.(топпен жұмыс)
1-топ: Торғай байғұстың жанталасқан қалін суретте.
2-топ:Қожа мен Жантасқа мінездеме беру.
3-топ:Әңгімеге сәйкес сурет салу.
X. Бекіту. Мақалдар айту.
XІ. Бағалау.
XІІ. Үйге тапсырма:Мәтінді оқып,мазмұндау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.