Пән
аты: Ана тілі
Сабақтың
тақырыбы: Жіңішке дауысты дыбыстар. Төлдер. Өрісте. Бөрте лақ.
Сабақтың
мақсаты: а) Оқушылардың мәтіндер мен өлеңдерден
жіңішке дауысты дыбыстарды табу арқылы тапсырмаларды орындау.ә) Оқушыларды
малдың төлдерімен танысу арқылы алған білімдерін дамыту.б) Тапсырмаларды
орындау барысында оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбиелеу
Сабақтың
түрі: аралас сабақ
Сабақта
пайдаланатын көрнекті-құралдар: қозының суреттері,
жіңішке дауысты дыбыстар
Пайдаланатын
әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың
барысы
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушымен
амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу.
ІІ.Үй
тапсырмасын тексеру:–Үйге қандай тапсырам
берілді?-Үйге берілген тапсырманы кім оқып , талдап береді?
III.
Мақсат қою кезеңі:
-Балалар
біз сіздермен дауысты дыбыстарды еске түсірейікші?
-Дауысты
дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Жіңішке
дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады?
-Жуан
дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады?
-Кім
атап береді?
IV.
Жаңа сабақ:-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы
«Қозы», «Өрісте» әңгімесі мен өлеңді оқи отырып, жіңішке дауысты дыбыстарды
табамыз.37-жаттығу. Сөздерді дауыстап оқып, көшіріп жазу.Жіңішке дауысты дыбыс
әріптерінің астын сызу.
V.
Жаңа материалды пысықтау: Ойын ретінде «Төлдердің енесін тап».
–Малдар
қайда жайылады?
-Өрісте.
-
Дұрыс .Ендеше келесі мәтін «Өрісте».Мәтінді түсініп оқып, оқушыларға тізбектей
оқыту.
2.
Құрамында жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздерді атау.
VI.Жаңа
сабақты қорыту:1.Малды күту үшін не істеу
керек?2.Малдарды бұрыннан ата-бабаларымыз қалай қастерлеген3. Оқушылар: «малды
бастан теппе» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
VII.
Бекіту Төрт түлік иелерін ата.
Кері
байланыс жүргізу.
VIII.Үйге
тапсырма: Төрт түлік мал туралы әңгіме құрап,
жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызып жазу.
IX.
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды
бағалаймын.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.