Инфоурок Начальные классы КонспектыВоспитательный час "Мен Қазақстан азаматымын"

Воспитательный час "Мен Қазақстан азаматымын"

Скачать материал

Тақырыбы: «Мен  Қазақстан  азаматымын»

Білімділігі: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.

Дамытушылығы: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.

Тәрбиелігі: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекі  құралдары: әр ұлттың киімі, гүлдер, шар.

Тәрбие сағат барысы:

          Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Мен  Қазақстан  азаматымын»  атты  мерекелік  ертеңгілікке  қош  келіпсіздер!

1 - мамыр  Қазақстан  халықтарының  бірлігі  күні. 1995 жылдың  наурызында Дүние  жүзіне  үлгі  болып отырған, ұлтаралық  татулық  пен  тұрақтылықтың феномі – Қазақстан  халықтары  ассамблеясы  құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің  жетілуіне  қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді. «Бірлігі  жоқ  ел  тозады, бірлігі  күшті  ел озады» дейді  қазақ  мақалы. Қазақстан  мемлекеті  көп  ұлтты. Біздің  елімізде жүз отыздан  астам  ұлттар  тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен  және  тағы  басқа  шет мемлекеттен  келген  ұлттар  біздің  елімізде  тіршілік  етуде. Біз олармен татумыз, доспыз  және  бір - бірімізбен  қоян - қолтық  аралас  өмір  сүрудеміз.

Ағайын - туған - бар адам.

Адалдық  үшін  жаралған.

Бар  қымбат  туыстық,

Баянды  болсын  тыныштық! – дей  келе  әр  ұлттың  өкілдерінен  шыққан оқушыларды  қарсы  алыңыздар!

Әнұраным –жанұраным,

Айтар әнім – сөйлер  сөзім.

Мәңгі  бақи  шырқалады.

Республикам Әнұраны!

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

- Біз сендермен Қазақстан Республикасының  әнұранын орындадық. Әнұранның авторлары кім?

Сөзін  жазғандар: Жұмекен  Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев,                                                            Әнін  жазған: Шәмші Қалдаяқов

Күндер  өтті  кешегі,

Жігер құм боп жасыған,

Несіне оны жасырам?

Әнұраным  бүгінгі  Баға жетпес асыл ән.

- Еліміздің  тағы  қандай  рәміздері  бар? Ол  туралы  не  білесіңдер?

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңбасы – дөңгелек  нысанды  және көгілдір  түс  аясындағы  шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде  бейнеленген, шаңырақты  айнала  күн  сәулесіндей тарап  уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол  жағында  аңыздардағы  қанатты пырақтар  бейнесі  орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес  бұрышты  көлемді жұлдыз, ал  төменгі  бөлігінде «Қазақстан» деген  жазу бар. Жұлдыздың, шаңыр-ақтың, уықтардың, аңыздардағы  қанатты  пырақтардың  бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген  жазу – алтын  түстес.Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік  Елтаңбасының  авторлары — Жандарбек  Мәлiбеков  пен  Шота Уәлиханов.

Жүргізуші:

Қаны да, жаны да қазақтың,

Егемен еркіндік –ғажап күн.

Жүзінен білінген,

Сарайлар төрінде ілінген,

Елтаңба – егемен  елдің  белгісі.

Елтаңба - өжеттік, өрліктің  белгісі.

Елтаңба - тәуекел, ерліктің  белгісі.

Елтаңба - кемелдік, кеңдіктің  белгісі.

Елтаңба - өзге ел мен теңдіктің белгісі.

Елтаңба - егемен  елдің  белгісі.

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік Туы – ортасында  шұғылалы  күн, оның  астында  қалықтап  ұшқан  қыран  бейнеленген  тік  бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың  сабының  тұсында  ұлттық  өрнек тік  жолақ  түрінде нақышталған. Күн, оның  шұғыласы, қыран  және  ұлттық өрнек бейнесі  алтын  түстес. Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік тудағы  көгiлдiр түс Қазақстан  халқының  жаңа мемлекеттiлiкке  ұмтылған  ниет – тiлегiнiң  тазалығын, асқақтығын  көрсетедi. Нұрға  малынған  алтын  күн  тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң  және  өмiрдiң  белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын  жайған  қыран  құс — бар  нәрсенiң  бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.Ұлан – байтақ  кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ  рухын, қазақ  халқының  жан - дүниесiнiң  кеңдiгiн  паш етедi.

Тілегжан:

Жарасқан байрақтың мәні бар,

Көк аспан, күн, қыран –сәні бар.

Көк байрақ –ашық көк кеңісім,

Алтын күн - белгісі жеңістің.

Алтын күн көтерген ел құсы - Халқымның батырлық белгісі!

Жүргізуші:

Тәуелсіздік –он бір әріп құралған, Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман. Талай дара, даналардың көз жасы, Қаныменен атты таң боп алдан.

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғып, біл!

Он бір әріп - не мағына береді?

Ал талдайық жеткеніңше қызыл тіл.

Т-әріпі –білдіреді теңдікті

ә-әріпі – әдептілік, әлдікті

у-әріпі – уайымсыз уақытты

е-әріпі – егемендік елдікті

л-әріпі – дейді лағып, лепірме

с-әріпі - сенімділік секілді

і-әріпі – ілтипат пен ізет қой

з-әріпі- зиялық тілек қой

д-әріпі –шақырады достыққа

і-әріпі- ілкімді боп сақтыққа

к-әріпі- дейді күн бол көктегі

Қазақстан  халқы Ассамблеясы - Қазақстан Республикасының  Мемлекет басшысы  жанындағы  консультативті - кеңесші орган. Ассамблея  қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көп этностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Жүргізуші:

Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

Бүл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.

Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Монғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр - дей келе биге кезек берейік.

Би:

Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. Ұлттарды  ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.

Көрініс: «Бірлік»

Автор: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.

Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.

Жүргізуші:

Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?

Оқушы: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық, бірлік.

Оқушы: Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.

Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?

Оқушы: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол. Елдегі тыныштықты халық «береке - бейбітшілік» дейді.

Ерасыл:

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз.

Нұрсен:

Мамырдың бірі, достық күні                                                                                       

Ән салып, билеген халықтың үні.

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі.

Жанесен:   

Бейбітшілік ұраны,

Жарқыраған алтын күн.

Ән қанатты қыраны

Еркіндігі халқымның.

Ислам:

Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.

Әлішер:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.           

Бүгінде бар әлемге данқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

Мақсат:       

Жасампаз  жыр - әнім,

Өзіңсің ғажапстан .

Өсиет, ұраным,

Отаным –Қазақстан.

Жансұлтан:

Біз балдырған тең басқа

Дос құшағын кеңге ашқан.

Тілегіміз әділдік!

Ашық болсын кең аспан!

Нұрлы:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз.

Атсын күліп таңымыз!

Жүргізуші:

Бейбітшілік  құсы, ақ  көгершін.

Биік  ұшып, самғасын.

Тілегімді  жерге  жайсын,

Қанаттары  талмасын - дей  келе «Ақ көгершін» әніне кезек берейік.

 

Сәбилер  зәресін  бұлт  алмасын,

Гүл  бәйшешек  еш  уақытта солмасын.

Ақ  көгершін  аспанымда  қалықтап,

Барлық  халық  бейбіт  күнді  қолдансын.

Хор: «Әрқашан  күн сөнбесін!»

Көрініс. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: “Достық нешеу?” – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

- Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.

- Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:

- Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.

/ Сахналық көрініс/

1 оқушы:  Бекнұр:

Уа, кош келдің, Ынтымақ күн, бірлік күн

Берекесі замананың, тірліктің

Ұлттар менен ұлыстарды ұйытқан

Ұлы елімнің келбетінен нұрды ұқтым

2 оқушы:  Аружан

Кіндік емес,

Бұл ынтымақ – ғұмырлық

Көтереміз ауыры мен жүгін нық

Ұлы достық қасиетін ұғындық

Отан үшін жұдырықтай жұмылдық!

3 оқушы:  Бекзат

            Береке ғой,

            Өмірімді сән етер

            Одан асып қай қасиет мәні өтер?

            Шаңырағын шайқалтпайтын тұрмыстың

            Уа, ұлы күн, сен өзің ғой дәнекер.

 4 оқушы: Саят

            Төрлете бер,

            Көктем – келбет, ұлы күн

            Бойға дарыт ынтымақтың жылуын

            Достық деген ұялаған жүрекке

            Қассиетті-ау, қассиеті бұл ұғым!

5 оқушы: Арсен

            Қарыштап қадамымыз бұдан алға

            Еліме ырыс пенен дарысын құт

            Болсыншы  бейбітшілік  жаныңа тән

            Атыңнан айналайын, алып Отан

            Әлемде, Қазақ  елім, өзің  барда

            Мен – дағы  мәңгілік  боп  жалын  атам!           

Достық, ынтымақ туралы  даналық  сөздер

1 - оқушы: Ынтымақ – достықтың  бірлігі.

2 - оқушы: Ырыс алды - ынтымақ.          

3 - оқушы: Достық күші - бірлікте.

4 - оқушы: Достық түбі - береке, береке түбі - мереке.

5 - оқушы: Ел бірлігі - ел теңдігі.

6 - оқушы: Ынтымақ жүрген жерде,

                  Ырыс бірге жүреді.

Хор: «Бейбітшілік  сақталады»

Хор: «Атамекен»

Қорытынды:

 1 – мамыр  мерекесі  дүниежүзіндегі  халықтардың  достығы  мен  бірлігін  атау  күні. Біздің  мемлекет  бейбітшілікті  жақтаушы, достықты  жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі  жоқ  ел  тозады, бірлігі  күшті  ел  озады» деген  халық  мақалы  біздің  елге  айтылғандай.

«Мен  Қазақстан  азаматымын» атты мерекелік  іс - шарамыз осымен аяқталды.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательный час "Мен Қазақстан азаматымын""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.05.2016 583
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алтаева Нургул Арыстангаликызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5235
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 415 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека