Инфоурок Начальные классы Рабочие программыҮйімізде бала өсіп келеді (3 класс)

Үйімізде бала өсіп келеді (3 класс)

Скачать материал

Үйімізде бала өсіп келеді.

Бала адам баласына тән жақсы, не жаман қасиеттердің барлығын дерлік ең алдымен ата – анасынан, үйдегі басқа да ересек адамдардан қабылдайды. Дәлірек айтқанда бала ересектердің отбасындағы әдет –ғұрпын, күнделікті дағдысын, бір – бірімен қарым – қатынасын көріп өседі, көріп қана қоймайды, айнытпай қайталайды да. Дүниетанымы әлі қалыптасып болмаған сәби, үлкендердің іс әрекетінің жақсы – жаманын айырып жатпайды. Көргенін, істегенін бәрін сол қалпында қабылдап бойына сіңіре береді.

         «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» дегендей отбасында ата – ана, басқада ересек адамдардың өзара қарым – қатынасының балаға, әсіресе ұлына әкесінің, қызына шешесінің көп әсер ететіні белгілі. Олардың әрқайсысына тән өз қасиеті – еңбекке, өмірге, өзге адамдарға көзқарасы, қай ортада болмасын өзін – өзі ұстауы бала үшін бірден-бір өнеге. Өйткені дүние танымы, сана сезімі, өмірге көзқарасы әліде қалыптасып болмаған сәби үшін күнде көріп жүрген өз жақындарынан асқан үлгі жоқ. Егер әрбір отбасының өзіндік тіршілік дағдысы қалыптасқан күнделікті әдеті барын ескерсек өзін айнытпай қайталайтын бала барына барынша мән беруге тура келеді. Алайда өмірде өзіміз көріп жүргендей кейбір ата – аналар балаға сөз жүзінде ақыл –кеңес айтқан болғанымен күнделікті іс әрекет кезінде үйдегі тәрбие иесі екенін көп жағдайда ескере бермейді.

         Білуге, көруге, тануға ықыласының ең күшті дамитын кезеңі 3-5 жас аралығында десек сол кезде қабылдаған әдетінен кейінен оны айыруға өте қиынға соғатыны өмірде сан мәрте дәлелденіп жүр. Атақты педагог – ғалым А. Т. Макаренконың бес жасқа дейінгі дұрыс тәрбие көрмеген баланы қайта тәрбиелеудің қиынға түсетінін ескертуі де осы шындықты дәлелдейді. Халықта «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен қоныстас бол» деген даналық сөзі бар.

Демек, бала өскен ортасына, үлкендердің үлгі – өнегесіне қарап тәлім алады. 

         Ауыр сөзбен біреудің көңілін қалдыру, сыртынан жамандау, жасы үлкенді сыйламау, көмектеспеу, біреуге қасақана зиянын тигізу, сияқты ең жаман әдеттер баланың тәрбиесіне кері әсер ететіні белгілі. Көшеде таныстармен сыпайы да кішіпейіл сөйлеседі, ал үйде отбасы мүшелеріне ақырып - шақырып таза мазаларын алады. Өздері бірге қызмет істеп, араласып, сыйласып жүретін адамдары жайында отбасында жағымсыз әңгімелер айтып, сыртынан жамандап отырады. Бұл әдеттердің барлығы жасөспірім балаға теріс әсер береді: үйде біртүрлі, көшеде екінші түрлі жүруге болады екен деген ой туғызады. Сондай-ақ кейде екі жүзді мінезге де үйретеді.

         Қайсы бір ата –аналар баласына «Әдепті бол, үлкенді сыйла» деп ақыл айтады. Ал өздері үй ішінде қарт әжесіне дөрекі сөйлеп, бетінен алып ренжітеді. Гректің ерте дүниедегі ойшылы Питтат «Өзің ата-анаға не істесең, балаңнан соны күт»деген екен.  Шынында да, үйде жүгіріп жүрген бала әке – шешесінің кәрі әжесіне айтқан әлгіндей зілді сөздерін өз құлағымен естиді, оған баланың жаны да, еті де үйреніп кетеді. Сол тәрбиені көріп өскен бала өз ата- анасына не сый көрсетпек?

         Ата – ана балаға сөзден көрі ісімен күнделікті жақсы әдет ғұрып, өнегесімен күшті әсер ететінін ескеруі керек. Айтқан ақыл қаншалықты дұрыс болғанымен өз өнегеңіз, өз әдет қылығыңыз керісінше болып жатса, жалаң ақылдан ешнәрсе шықпақ емес. Сондықтан кейін опық жеп, бармақ тістемес үшін ата-ана баланы қаршадайынан дұрыс өнегеге тәрбиелеуге, бала бақтының шынайы бағбаны болуға ерекше мән бергенде ғана болашақ ұрпақ алдындағы азаматтық адамгершілік борышын өтей алады.

Үйге келген кісіге ашық қабақ танытып, ақ дастархан жайған отбасында өскен балалар әрқашан инабатты, көпшіл, ешкімнен көмегін аямайтын елгезек те сергек болып өседі. «Би бол, би болмасаң, би түсетін үй бол» дегендей осынау қысқа ғұмырда сыйласып, елмен жұртпен араласып өмір сүру бір ғанибет емес па? Ата–бабаларымыздың қонақ жайлылығын, ер көңілді жомарттылығын, бала бойына сіңіре білгенге не жетсін. Оған да баланы бастан баулитын өзіміз екенін естен шығармайық ағайын. Сондықтан да өзімізге-өзіміз сын көзбен қарап, әр басқан қадамымызға, айтқан сөзімізге есеп бере білгеніміз жөн дегім келеді.

 

Сейлханова Гуляйм

Л. Н. Толстой атындағы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Қарасай ауданы Іргелі ауылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үйімізде бала өсіп келеді (3 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 068 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 1205
    • DOCX 14.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейлханова Гуляйм Дыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сейлханова Гуляйм Дыбаевна
    Сейлханова Гуляйм Дыбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6435
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 488 человек

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек