Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Үздік жылдық жоспар 2015-2016"

"Үздік жылдық жоспар 2015-2016"



  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

«Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Аралтөбе орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі




«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры: Б.М.Кабасов ДТІЖ орынбасары: К.М.Қуанышқалиева

«----» ------------------2015 ж «----» --------------2015 ж



.

5-сынып жетекшісі Атмахова Райгүл Жардемғалиқызының тәрбие жұмысы бойынша жылдық жұмыс жоспары












2015-2016 оқу жылы

КІРІСПЕ

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік мәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде тәрбиенің даму перспективасын, басым бағыттарын, тәрбие мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және механизмдерін анықтайды.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жаһандану дәуірінде қазіргі адамда қоршаған әлемге технократтық және тұтынушылық көзқарас үстем болатын заманауи қоғам дамуының ерекшеліктерін ескереді.

Осыған байланысты адамзатты ұлттың тұрақты дамуының, рухани әлеуетінің артуына кепіл болатын прогрестің рухани-адамгершілік құндылықтарына, ана тілі мен ұлттық менталитеттің маңыздылығын нығайтуға қайта бағдарлау қажет.

Ұлттың ерекшеліктерін, психологиясын, менталитетін ескермеу, ұлттық-мәдени құндылықтар бастауынан алыстау немесе оларды космополитизм мен жалған мәдениет түрлерімен алмастыру – адамның моральдық азуына, қоршаған әлемге агрессиясының артуына, рухани-адамгершілік әлеуетінің құлдырауына әкеліп соқтырады.

Жалпыәлемдік тәрбие жүйесін зерттеу және талдау елімізде біртұтас кешенді тәрбие жүйесін, оның мақсаты мен мазмұнын ұлттық мақсаттар, мәдени құндылықтар мен дәстүрлер, діл ерекшеліктерін ескере отырып, әлемдік озық тәжірибе, заманауи прогрессивті ағымдар, инновациялар үйлесімінде құрудың маңыздылығын көрсетіп отыр.

Туған жерін, халқын сүю және құрметтеу, отбасылық құндылықтарды қастерлеу, үлкенді сыйлау, кең пейілділік, бауырмалдық, ашықтық, қонақжайлылық, толеранттық – қазақ халқының діл ерекшелігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді даму жылдарында барша қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Жолдауда бұл құндылықтар атап көрсетілген: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Президент сонымен қатар, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беретін белсенді, білімді және дені сау азамат қалыптастыру міндетін қойды.

Патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдениетті бойына сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі – 2020 жылғы қазақстандық жастар осындай болады.

Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз уақыт ішінде әлемдік қоғамдастыққа толық құқылы және беделді мүше болды, әлемдік экономикалық және мәдени кеңістікке белсенді түрде кіріге бастады. Қазақстандық жастар жаһандану процесіне кірігуі аясында қарқынды білім беру, өзара ақпараттық және мәдени алмасудың белсенді қатысушысы болды. Қазіргі қазақстандық балаларда, жастар ортасында сапалы білім алу уәжінің өсуі, жаңа кәсіптерді және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгеруге ұмтылысы, коммуникативтілік, мәдениетаралық қарым-қатынастың артуы, әлеуметтік белсенділігін жандандыру сияқты жаңа позитивті трендтер пайда болды. Өз елінің тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне, халқының мәдени мұрасына қызығушылықтарының артуы негізінде ұлттық өзіндік сананың өсуі байқалады. Жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасу процесі жүріп жатыр.

Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарының тәрбие процесінде көрініс тапты. Тәрбие практикасында жалпықазақстандық менталитет, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлер ескерілген ұлттың зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.

Қазақстанның білім беру жүйесінде оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы (Бағдарлама идеясының авторы – С.А. Назарбаева) іске асырылуда. Бағдарлама білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық салаларын қамтиды және тиісінше іске асырылған жағдайда қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту механизмдерінің мықты катализаторы рөлін атқарады. Халықтық педагогиканың көпғасырлық тәжірибесіне негізделген, заманауи тәрбие теорияларының шабыттандыратын идеялары қолданылған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасына (бұдан әрі - АРБ) әлемдік білім беру кеңістігінде аналог жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың адамгершілік-рухани тәрбиесінде білім берудің барлық деңгейлерінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарға бағдарланған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы ізгі ниетті, адамгершілік қасиеттері бар лайықты азамат тәрбиелеуге ықпал етеді, және Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда басты механизм болып табылады.

Мұғалімдердің кәсіби қызметінде жастардың функционалдық сауаттылығы, көпмәдениетті тәрбие, үштілді білім беру, ақпараттық технологияларды пайдалану процесі артып отырғаны байқалады. Республикадағы балалар мен оқушы жастарға қосымша білім беру жүйесі, үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдар үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр. Сонымен бірге, балалар мен жастардың бойында ұлттық тәрбие қажеттілігін сезіну мен азаматтық ұстаным, патриоттық сезім, ұлттық намысты қалыптастыру деңгейі арасында қарама-қайшылық байқалады.

Жастардың бір бөлігінде әлеуметтік-позитивті бастамашылық мүлдем жойылып, оның орнын мақсатсыз уақыт өткізу алмастырып отыр. Өмірлік жетістікке, жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізу табанды және нәтижелі еңбек етумен, қойылған мақсатқа дәйекті түрде жету білігімен байланыстырылмайды. Тәрбие жұмысында жастардың бос уақытын ұйымдастыру көңіл көтеру сипатындағы бір реттік шоу-шараларға ұқсас.

Тәрбие жүйесінде жаһандану процесіндегі шиеленіспен байланысты бірқатар проблемалар байқалады:

- балалар мен оқушы жастардың бұқаралық мәдениет құндылықтарына, сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернет-сайттарға бағдарлануы;

  • қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі, оқушылар арасындағы жезөкшелік;

  • еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі;

  • отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі;

  • әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, діни секталарға қатысу және т.б.

ЮНИСЕФ және ДДҰ 2012 және 2013 жылдардағы деректері бойынша Қазақстан суицид себебінен болған өлім-жітім көрсеткіші жағынан жасөспірімдер арасында екінші орында, ал қыздар арасында бірінші орында. Қазақстан 10-14 жасар жасөспірімдер мен қыздар арасындағы өлім коэффициентінің деңгейі бойынша бірінші орында тұр.

Балаларға қосымша білім беру жағдайы жақсартуды қажет етеді. Көптеген қызмет түрлері ақылы болғандықтан балалардың барлығына бірдей қолжетімді емес.

Мұндай жағдайдың бірден бір себебі тәрбиені әлеуметтік құбылыс және мақсатты процесс ретінде жете бағаламаушылық болып табылады. Тек тәрбие жастардың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын рухани-адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді қалайды.

Сонымен, қазіргі жағдайда тәрбиенің үйреншікті үлгілері тиімсіз болып қалды және жалпыадамзаттық әрі ұлттық құндылықтарға тәрбиеленген Қазақстан азаматын қалыптастырудың жаңа жағдайлары мен талаптарына жауап беретін Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың объективті алғышарттары қалыптасты.

ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, НЫСАНЫ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ

Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.

Міндеттері:

  • білім беру ұйымдары, отбасы және басқа әлеуметтік институттар-

дың күшін біріктіру;

  • қоғамның тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу;

  • білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі

мен сабақтастығын қамтамасыз ету.

Нысаны: білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртұтас педагогикалық процесі.

Іске асыру механизмдері: Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде негіз болады.


ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

  1. Отбасы тәрбиесі

  2. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  3. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  4. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  5. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.

Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.


ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

  2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

  3. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын,

психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

  1. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби

қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.

  1. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін

және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.

7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету,

жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

  1. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен

психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.












Тәрбие жұмысының басым бағыттары

Тәрбие бағыттары

ның атауы


Мақсаттары


Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):


Іске асыру механизмі

1

Қазақстан

дық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру

Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;

ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;

елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;

өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;

басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;

өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;

құқықтық білімге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына;

заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне;

әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезімін және жауапкершілік таныту.


Сабақтар,оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. АРБ бағдарламасы аясында ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлерімен кездесулер. Балалардың және жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін; қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтерін», «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

2

Рухани-адамгершілік тәрбие

Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру

мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына; өзінің қасиетіне, арына және парызына; ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет ғұрпына; діни құндылықтарға; ой, сөз және іс бірлігіне; өзінің мінез-құлқын жетілдіруге; ар-ұжданымен орындалған қылықтарға; түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне; адамдарға риясыз қызмет етуіне;өз ата-анасы, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім білдіру

Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.

3

Ұлттық тәрбие

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау

этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке;

мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне;

өз халқының мәдени мұрасына;

қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;

Қазақстанның этномәдениетіне;

этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.

Сабақтар, оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс іс-әрекеттерте жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру

Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы мен Гимнін, мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша фестивальдер және байқаулар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.

4

Отбасы тәрбиесі

Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру

этноәлеуметтік рөлдерге;

өз отбасына және ұрпақ жалғастыруға;

адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке

құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау

Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; Репродуктив денсаулық орталықтары, мамандар кеңесін және бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясындаата-аналарды оқыту, жасөспірімдер мен бойжеткендердің жүріс-тұрыс мәдениеті туралы жастармен әңгімелер жүргізу, жоғары сынып оқушылары мен ЖОО студенттері үшін «Отбасылық өмір этикасы» электив курсын кіргізу; ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс бойынша ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқуы; мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, фестивальдер, байқаулар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» жарыстары арқылы жүзеге асырылады

5

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту

мемлекеттің экологиялық даму саласы бойынша саясатына, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;

экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне;

«адам-қоғам-табиғат» жүйесіне;

табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;

кәсіби білім мен өнімді еңбекке;

нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру;

экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға;

еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге;

мамандық таңдауына;

үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту

Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысы және «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында волонтерлық қозғалыстар, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, табиғат зоналарын қоқыстан тазартуға қатысу.

Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер; кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуальдық білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтары; «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің, оқу шеберханалары мен зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылады.

6

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру

өмір бойы білім алуына;

өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне;

сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану

қабілетіне;

зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне;

пікірталасжүргізудағдыларына;

жасампаз қызметке;

топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға;

ақпарат көздерін сыни іріктеуге;

Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне;

Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру;

Интернет-сауаттылық қалыптастыруға;

ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға;

жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру

Сабақтар, оқу пәндері, электив курстар, қызығушылығы бойынша үйірмелер және сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, балалармен және жастармен бірлескен жобалық жұмыстар; сабақтан тыс қызметтер, балалар мен жастар бірлестіктеріндегі қызмет, түрлі деңгейдегі бірге басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру, жаратылыстануғылыми және гуманитарлық циклдары пәндерінің «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктіру, «Физика жүрек үнімен», «Математика рухани-адамгершілікзаңдары туралы ғылым ретінде», «Тарихтың адамгершілік тағылымдары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» және т.б. элективті курстар жүргізу. Зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және студенттік медиа-орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды дәріптеу. Психометриялық және социометриялық тесттер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады.

7

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру

толеранттық және ғаламдық пікірге;

көпмәдениеттілік және көптілділікке;

мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу;

мәдениетаралық әрекетке;

қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына;

қарым-қатынас мәдениетіне;

эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына;

шығармашылықпен ойлауға және қиялға, шығармашылық- эстетикалық қызметті қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс таныту

Сабақтар, жалпыадамзаттық құндылықтар бірлігін барлық мәдениеттен айқындауда «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасын кіріктіру, жастарда мәдениеттер мен халықтардың алуан түрлі бірлігін көру біліктілігін дамыту. Үйірмелер, әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б.кездесулер; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады.

8.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату

денсаулық жағдайының скринингіне;

әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге;

теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге;

табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;

денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа;

өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылыққа;

қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге;денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі

Сабақтар, дене тәрбиесі сабағы, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер, «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында репродуктив денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстар, семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдерін, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарларын өткізу; ақпараттық-диагностикалық материалдар дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады

2015-2016 оқу жылында 5-сынып оқушыларымен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспары


Тәрбие бағыттары

Р/с

Іс-шаралар тақырыбы

Әдісі

Уақыты

Жауапты адамы

І.Қазақстандық

Патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие


1

«Менің Отаным-Қазақстан»

Ашық сабақ

01.09.2015

Сынып жетекші

2

Сынып жиналысын өткізу

Жиналыс

Тоқсанына1рет

Сынып жетекші

3

Мектеп ережесінің орындалысын бақылау

Бақылау

Айына 1 рет

Сынып жетекші

4

Гимн орындау

1-күні мектеп дәлізінде, 5-күн сабақ алды

Аптаның 1,5 күндері

Сынып жетекші

5

Сабақ алды 15 минуттық ұйымдастыру

Бақылау

Күн сайын

Сынып жетекші

6

Махамбет өлеңдерін жатқа білу

Жатқа айту

Айына 1 рет

Сынып жетекші

7

Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін!

Сынып сағаты


Сынып жетекші

8

Ел рәміздерін білеміз бе?

Сауалнама


Сынып жетекші

9

«Ел сүйсінер ұлан бол»

Сынып сағаты


Сынып жетекші

10

«Құқықтық сауаттылық – заман талабы»

Сынып сағаты


Сынып жетекші

ІІ.Рухани-адамгершілік

тәрбие



1

«Сыпайылық – адамгершілік айнасы»

Ашық тәрбие сағаты


Сынып жетекші

2

Имандылық – жарасады ұл-қызға!

Сынып сағаты


Сынып жетекші

3

Қайырымдылық-имандылық

Сынып сағаты


Сынып жетекші

4

Әдептен озбайық!

Сынып сағаты


Сынып жетекші

5

Теріс ағымдардан сақтандыру

Әңгіме


Сынып жетекші

ІІІ.Ұлттық тәрбие



1

Қыз балалармен жұмыс

Жиналыс,дөңгелек үстел

Тоқсанына1рет

Сынып жетекші

2

Ұл балалармен жұмыс

Жиналыс,дөңгелек үстел

Тоқсанына1рет

Сынып жетекші

3

Аудандық, мектепішілік шараларға қатынасу

Байқау, жарыс

Кезінде

Сынып жетекші

4

Абай-Шәкәрім өлеңдерін жатқа білу

Жатқа айту

Айына 1 рет

Сынып жетекші

5

Мұқағали өлеңдерін жатқа білу

Жатқа айту

Айына 1 рет

Сынып жетекші

6

Ана тілім – ардағым

Сынып сағаты


Сынып жетекші

7

Салт - дәстүрім таусылмайтын байлығым

Сынып сағаты


Сынып жетекші

8

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

Кеш


Сынып жетекші

9

Ұлттық өнер - тәрбие негізі

Дөңгелек үстел


Сынып жетекші

10

Желтоқсанда үзілген жауқазындар

Сынып сағаты


Сынып жетекші

11

Аталар мұрасы – халық қазынасы.

Сынып сағаты


Сынып жетекші

12

«Қарттарым аман–сау жүрші»

Кездесу кеші


Сынып жетекші

13

«Халықтар достығы –бірлікте»

Сынып сағаты


Сынып жетекші

14

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Жарыс


Сынып жетекші

ІҮ.Отбасы тәрбиесі


1

Ата-аналармен байланыс жасау

Пікірлесу

Аптаның5 күні

Сынып жетекші

2

Сыныпты ата-аналар жиналысына қатынастыру

Жиналыс

Тоқсанына 1рет

Сынып жетекші

3

Жалпы ата-аналар жиналысына қатынастыру

Жиналыс

Тоқсанына 1рет

Сынып жетекші

4

« Шаңырағым – шаттығым»

Дөңгелек үстел


Сынып жетекші

5

Менің бақытты отбасым

Тренинг


Сынып жетекші

6

«Ана- бақыт, Ана- жыр, Ана- өмір, Ана-гүл

Сынып сағаты


Сынып жетекші

7

Әке – асқар тауың,

Ана – сая болар бағың!

Сынып сағаты


Сынып жетекші

Ү.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

1

Еңбек - бәрін де жеңбек

Сынып сағаты


Сынып жетекші

2

Адамға еңбектің пайдасы

Сауалнама


Сынып жетекші

3

«Табиғатты аяла» 

Сайыс


Сынып жетекші

4

Туған табиғатымызды көркейтейік.

Сынып сағаты


Сынып жетекші

5

«Алтын күз»

Кеш


Сынып жетекші

6

 «Экология және біз»

Сынып сағаты


Сынып жетекші

ҮІ.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі





1

Аудандық, мектепішілік ғылыми жобалар сайысына қатынастыру

Байқау


Пән мұғалімдері

2

Республикалық «Ақбота интелектуальдық» марафонына қатынасу

Байқау


Пән мұғалімдері

3

«Золотое Руно», «Кенгуру-математик», «Кенгуру- лингвист»

Байқау


Пән мұғалімдері

4

Ұстаз-халық анасы”

Сынып сағаты


Сынып жетекші

5

«Білім-инемен құдық қазғандай»

Сайыс


Сынып жетекші

ҮІІ. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

1

Жеке бас тазалығын тексеру

Тексеру


Сынып жетекші

2

Сұлулық сыры неде?

Дөңгелек үстел


Сынып жетекші

3

«Жаңа жылдың жарқырайды шамдары»

Кеш


Сынып жетекші

4

Жеке бас гигиенасы

Әңгіме сағаты


Сынып жетекші

5

Сүйкімі дүниенің сұлулықта

Сынып сағаты


Сынып жетекші

ҮІІІ.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты


1

«Тіршіліктің негізі –салауатты болашақ!»

Сайыс


Сынып жетекші

2

«Денсаулық – зор байлық»

Сынып сағаты


Сынып жетекші

3

«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл».

Сынып сағаты


Сынып жетекші

4

Дені саудың - жаны сау


Сайыс


Сынып жетекші

2015-2016 оқу жылында 5-сынып оқушыларымен жүргізілетін жыл ішінде өтілетін сынып сағаттарының жоспары


Тәрбие бағытта

ры

Р/с

Іс-шаралар тақырыбы

Мақсаты

Уақыты

Түрі

Күтілетін нәтиже


Жауапты адам

І























Қазақстандық патриотизм және

азаматтық тәрбие,

құқықтық тәрбие









1

«Менің Отаным-Қазақстан»

Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

1.09.15

Ашық сабақ


Еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлейтін білімді ұрпақ болуға үйренеді.

Сынып жетекші

2

Жолы болсын әркімнің,

Орында жол тәртібін!

Оқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып, алған білімдерін пысықтау.  Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру. Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру. 


Сынып

сағаты

Оқушылар көшеде жүру ережесін үйренеді, өз ойларын ашық айта алады.

Сынып жетекші

Сынып ұжымы

3

Ел рәміздерін білеміз бе?

Ел рәміздерін насихаттай отырып, рәміз туралы білімдерін анықтау


Сауална

ма

Рәміз туралы білімдерін нақтылайды.

Сынып жетекші Сынып ұжымы

4




5

«Ел сүйсінер ұлан бол»

Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу. Отанымыздың Қарулы Күштерін мақтаныш ету, патриоттық сезімдерін ояту.


Сынып сағаты


Сынып жетекші

«Құқықтық сауаттылық– заман талабы»

Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.


Сынып сағаты

Құқықтық біліммен сауаттанады.

Сынып жетекші

ІІ

Рухани-адамгершілік тәрбие









6






«Сыпайылық – адамгершілік айнасы»


Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету,  имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;


Ашық тәрбие сағаты

Өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа үйренеді.


Сынып жетекші Сынып ұжымы

7




«Имандылық – жарасады

ұл-қызға!»

Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыра отырып, дін туралы түсінік беру


Сынып сағаты

Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптасады,діни ұғымдар туралы түсінік қалыптасады.

Сынып жетекші

8







9

«Қайырымдылық-имандылық»

Қайырымдылық, имандылық туралы түсінік беру, балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. Өз халқының салт дәстүрінде негізделген адамдық асыл қасиеттерді ажырата біліп игеруге баулу.


Сынып сағаты

Қайырымдылық, имандылық туралы түсінік алады, бойларына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялатады.

Сынып жетекші

«Әдептен озбайық!»

Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру.Халықтың салт-дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын үйрене отырып, бойларына сіңіру. Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру.


Сынып сағаты

Халықтың салт-дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын үйрене алады.

Сынып жетекші

ІІІ

Ұлттық тәрбие

10

«Аталар мұрасы – халық қазынасы».

Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру


Сынып сағаты

Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйренеді.

Сынып жетекші

11

«Салт-дәстүр-асыл қазына»

Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,


Сынып сағаты

Оқушылардың бойында адамгершілік, имандылық қасиеттері қалыптасады, халық өнегесін үйренеді.

Сынып жетекші

12

«Ұлттық өнер - тәрбие негізі»

Танымдық қабілеттерін арттыру, өз елінің ұлттық мұрасын қастерлеуге, өнерге баулумен қатар эстетикалық танымын дамыту, өнерге қызығушылығын дамыту.


Дөңгелек үстел

өз елінің ұлттық мұрасын қастерлей білуге үйренеді.

Сынып жетекші



13

«Қарттарым аман–сау жүрші»

Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен,әке өнегесімен, ата ақылымен берілетін өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойында қалыптастыру.


Кездесу кеші

Үлкенді құрметтей алады, ұлттық қасиетімізді түсінеді.

Сынып жетекші Сынып ұжымы

14

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Ата-бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихын, тарихи шежіресін білуге, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сыйлауға баулу.


Жарыс

Жұмбақ пен мақал мәтелдерді жатқа білуге үйренеді.

Сынып жетекші

ІV















Отбасы тәрбиесі
















15

« Шаңырағым – шаттығым»

Отбасылық сайысқа, ізеттілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастарын дамыту.Инабаттылыққа,достыққа,сыйлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. 


Дөңгелек үстел

Баланың ата-анасы арасындағы қарым-қатынасы нығаяды, бірлесе ізденуге дағдыланады.

Сынып жетекші

16

«Менің бақытты отбасым»

Жанұя мүшелерін бір- бірін түсіне білуіне және бірін- бірі жақсы қасиеттерге тәрбиелеуге, бақытты отбасы болуға тәрбиелеу.


Тренинг

Баланың ата-анасы арасындағы қарым-қатынасы нығаяды, бірлесе ізденуге дағдыланады.

Сынып жетекші

17

«Әке – асқар тауың, Ана – сая болар бағың!»

Оқушыларға өмірдегі ең қымбат екі адам әке мен ананың 
ұлылығын кең көлемде ұғындыру.


Сынып сағаты

Ізденімпаздыққа, ойын ашық айта білуге дағдыландыланады.Ата –анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігі артады.

Сынып жетекші



Ү










Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

18

«Еңбек - бәрін де жеңбек»


«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;Оқушылардың еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту;Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;


Сынып сағаты

Еңбек етуге деген қызығушылық

тары оянады,еңбексүйгіштікке үйренеді.

Сынып жетекші

19

«Адамға еңбектің пайдасы»

Балаларға еңбектің пайдасы маңызы және әрқашанда керек екндігін түсіндіріп түйсігіне түйдіру.


Сауал

нама

Еңбек етуге деген қызығушылы

ғы артады.

Сынып жетекші

20

«Табиғатты аяла» 

Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; 
шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;  табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; 


Сайыс

Табиғат-Анаға сүйіспеншілік пен қарауға үйренеді, табиғатты қорғауға міндетті екендігін ұғына алады.

Сынып жетекші

21

«Туған табиғатымызды көркейтейік.»

Табиғатты  аялауға, қоршаған ортаны  және ортаны ластанудан қорғауға,  табиғатты қорғау әр адамның міндеті  екенін  ұғынуға, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке,, ізгілікті, экологиялық  білімді  және  мәдениетті болуға үйрену.


Сынып сағаты

Экологиялық  сауаттылығы артады. 

Сынып жетекші



22

«Алтын күз»

«Алтын күз»  мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық,  күз-қуаныш  екенінін  оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.


Кеш

Күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық,  күз-қуаныш  екенінін ұғынады.

Сынып жетекші

23

 «Экология

және біз»

Оқушылардың ой — өрісін, экологиялық білімдерін кеңейтіп, дамыту; оқушыларды өзінің туған өлкесін сүюге, табиғи ортасын аялауға, туған өлкесіне жанашырлық сезіммен қарауға тәрбиелеу;


Сынып сағаты

Өзінің туған өлкесін сүюге, табиғи ортасын аялауға, туған өлкесіне жанашырлық сезіммен қарауға дағдыланады.

Сынып жетекші

ҮІ

Зияткерлік тәрбие,

ақпараттық мәдениет тәрбиесі

24

Ұстаз-халық анасы”

Ұстаз-халық анасы”деген қанатты сөздің мағынасын аша отырып, ұстаз еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу.


Сынып сағаты

Ұстаз-халық анасы”деген қанатты сөздің мағынасын ашып, өз ойын еркін жеткізеді.

Сынып жетекші

25

«Білім-инемен құдық қазғандай»

Оқушылардың  меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді.жан-жақты болуға үйрету.


Сайыс

Білімді болу үшін оқудың қажет екенін түсініп, жан-жақты білімді болуға үйренеді.

Сынып жетекші

26

«Менің арманым –менің болашағым!»


Өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың армандары мен мақсаттары жайында білу.


Сынып сағаты

Өмірге деген көзқарасы қалыптасады, өз-өзін құрметтеуге бейімделеді.

Сынып жетекші



27

«Мектебім асыл-қазынам»

Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру;білім ордасы-мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге  тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу.


Сынып сағаты

Білім ордасы-мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай алады.

Сынып жетекші

ҮІІ

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

28

«Сұлулық сыры неде?»

Сұлулық сыры салауатты өмір салтын нақты ұстануда екенін ұғындыру.


Дөңгелек үстел

Сұлулық сыры салауатты өмір салтын нақты ұстануда екенін ұғынады.

Сынып жетекші

29

«Сүйкімі дүниенің сұлулықта»

Оқушылардың жан дүниесінің сұлу болуына ықпал жасау, оқушылар бойындағы эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.


Дөңгелек үстел

Адам мінез-құлқының, іс-қимылының дүниедегі ең сұлу мәнге ие екендігін дәлелдеу

Сынып жетекші

30

«Жеке бас гигенасы»

Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру; Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру;


Сынып сағаты

Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсінеді, тазалық, жеке бас гигиенасы, мәдени дағдылары қалыптасады.

Сынып жетекші

ҮІІІ


Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты



31

«Тіршіліктің негізі –салауатты болашақ!»

Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан - ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.


Сайыс

Салауатты өмір салты қалыптасады. Жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға үйренеді.

Сынып жетекші

32

«Денсаулық – зор байлық»

Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.


Сынып сағаты

Әр адамның денсаулығы өзіне қымбат, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсінеді.

Сынып жетекші

33


«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл».

Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.


Сынып сағаты

Салауатты өмір салты қалыптасады. Жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға үйренеді.

Сынып жетекші

34

«Дені саудың - жаны сау»


Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету


Сайыс

Салауатты өмір салты қалыптасады.

Сынып жетекші






































Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1101
Номер материала ДВ-464971
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх