Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЖаңа жыл Тәрбие сағаты

Жаңа жыл Тәрбие сағаты

Скачать материал

ШКО.Көкпекті ауданы. Қарамойыл ауылы

Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі

Зияданова Сара Нурахмановна

Тәрбие сағаты: «Жана жылдық таңғажайып мерекесі».

Мақсаты: Мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балаларды  аяз-атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Көрнекілігі:жана жылдық шырша,шарлар,суреттер.

1- жүргізуші:

- Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер.
1 - жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2 - жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1 - жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2 – жүргізуші:Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Осы кезде қорқынышты әуенмен залға жағымсыз кейіпкерлер шығады. Өз әуендерімен шыршаны айналып билейді/
2- жүргізуші:

– Балалар, не болып кетті?! Бұлар кімдер?! (Балалардың жауабы)

….Олай болса жандарына жақындап, өздерінен сұрайық.

(Жанына жақындап)

– Сендер қайдан келдіндер?! Менінше адасып жүрген сияқтысындар!

Басшысы (Мыстан):

–  Жоқ, жоқ, жоқ! Біз адасып жүрген жоқпыз. Екібастұз қаласының ең әдемі шыршасын іздеп жүрміз, дәл түстік-ау деймін. Солай ғой, достарым?! (Достары айқайлап жауап қайтарады) – Иәәәәәәәә!!! (Өз әуендерімен билей кетеді)

1 Жүргізуші:

– Балалар, біздің шыршамызды алып кетуіне жол береміз бе?! (Балалардың жауабы)

Жүргізуші:

–  Бізге көмектесе алатын қарша қыздарымызды ортаға шақырсақ қайтеді?(Снежинка әуенімен Қарша қыздар  келеді де, жағымсыз кейіпкерлерді қатырып тастайды )

1 Жүргізуші:

–  Керемет.

2 Жүргізуші:

– Керемет болғанмен, ал мыналарды қайтпекпіз?

1Жүргізуші:

– Оны балалар біледі! Балалар, айтындаршы, осы кейіпкерледі мейрімді ететін кім бар?! (Балалар: Аяз ата!!!!)

                                                                                                                 

– Дұрыс айтасындар! Олай болса бәріміз бір дауыспен Аяз атаны шақырайық!

АЯЗ АТА! АЯЗ АТА! АЯЗ АТА!

–Саққұлақ, тындап көрші, Біздің Аяз атамыз келе жатыр ма екен?!

Саққұлақ:

– Жоқ, желден бамқа ешнарсе естілмейді. Кәне балалар, Аяз атаны қаттырақ шақырайықшы!

АЯЗ АТА! АЯЗ АТА! АЯЗ АТА!

Саққұлақ:

–Естідім, естідім! (Шыршаны айналып жүгіреді) келе жатыр, келе жатыр!

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

(Әдемі әуенмен Аяз ата мен Ақша қар келеді)

Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.

2-жүргізуші:
– Аяз ата, Ақша қар бұлар біздің мерекемізді бұзып шыршамызды алып кетпекші. Бірақ бұған біз жол бермей, қарша қыздардың арқасында орындарында қатырып тастадық. Енді сіздерден көмек сұрамақшымыз, олаға енді не істеуге болады?

Аяз ата:
– Дұрыс істеген екенсіндер, енді мен мен оларға шырша ұрлаған не екенін көрсетейін!!!!
желдің әуенімен кейіпкерлерді орындарында айналдырып қояды

Жағымсыз кейіпкерлер:

– Қойыңызшы ата, қойыңыз!!!!! Тоқтатыңызшы, ойбай, ойбай! Қойдық , қойдық. (Осы жерде әуен тоқтатылып, кейіпкерлер жерге құлайды)

Аяз ата:

– Жарайды…..Енді сендер біздің балалардың көңілдерін көтере алсандар біз сендерді кешіреміз! Солай емес пе, балалар?!

Мыстан:

– Айтқанын болсын, ата……

(Кейіпкерлер ойын ойнатады)
2-жүргізуші:
– Бәрі ойдағыдай шешілді ғой деймін! Олай болса шырша тойын бастайық.

(«Шырша тойы» хоровод)

1-жүргізуші:
Ал,Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер.Әрине,әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан,сіздерді көп бөгемейік.
2-жүргізуші:
-Иә,ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар…
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!

Ән «Жаңа жыл»  А . Жусупаева
Кеш соңы бимен ұласады
.

1-жүргізуші:
Ескі жылдың қайғы-мұңын,өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп кележатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен,  таза, тың ойлармен қарсы алукерек. Әрбір кірген жаңа жылдың  өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады.Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық,  бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз  гүлге толсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ю.А.Гагарин атындағы бастауыш мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сабақ

Тақырып: «Жана жылдық таңғажайып мерекесі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                     Сынып жетекшісі: Зияданова С.Н.

2015-2016жж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа жыл Тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 040 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2016 2648
    • DOCX 18.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зияданова Сара Нурахмановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Зияданова Сара Нурахмановна
    Зияданова Сара Нурахмановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 44426
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 104 человека

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе