Инфоурок Начальные классы КонспектыЖаксыдан үйрен, жаманнан жирен

Жаксыдан үйрен, жаманнан жирен

Скачать материал

Жаксыдан үйрен, жаманнан жирен  

 

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды  жаман  әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету. Ата-анаға мейірімді , туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты қарауға, мектеп мүліктерін сындырмауға баулу. Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, шындылыққа тәрбиелеу.

Көрнектілер: Өнегелі сөздер, мақал-мәтел, бүктемелер, альбом.

Қазақ тілі, ана тілі сабақтарымен байланыстыра өткіземіз.

1-бөлем: Әдеби монтаж.

2-бөлім: Мақал мәтелдер.

3-бөлім: Сұрақ-жауап.

4-бөлім: Ойын.

5-бөлім: Қазақ  халқының ырымдары.

6-бөлім: Тәрбие әлеміне саяхат.

Сіз қонақасыз. Үлкенге  көмек. Көлікте жүру тәртібі. Құпия хаттар.

     1.Кіріспе сөз.

     -Құрметті  ұстаздар,оқушылар, бүгінгі «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен» сыныптан тыс тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

     Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен.  Міне,осындағы ақылдылықты, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз және ұстаздарымыз үйретеді. Ең бірінші осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтінен,бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Балалар осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез-әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысыңдар.

     Ал,енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек екенін біз өлең жолдарымен айтып көрейік.

1-оқушы.

Ата-ананың тілегі-адам болып өскені,

Адамдықтың тірегі-адал болып өскені.

2-оқушы.

Әдептілік дегенің-әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің-әуре салсаң әлегің.

3-оқушы.

Спортпен айналыс,

Сылулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс,

Сауық пен кинодан.

4-оқушы.

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді!

Тәртіпсіз бала күйініш

Төмендеп басың кетеді.

5-оқушы.

Ұрыншақ бала жанығда

Ұрыс пен керіс,айқай-шу,

Ұстамды бала маңынан

Ұнамды іс байқайсың.

6-оқушы.

Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдында

Шығарып мақтаймыз.

7-оқушы.

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Сыйлы болмақ өзі де

Үлкен болған кезінде.

8-оқушы.

Сыйла үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақтап көше тәртібін

Бағдаршамның ал тілін,

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

2- бөлім. Мақал-мәтелдер.

Тәрбие сағатымыздың тақырыбы  «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен»  деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Жауаптарын тыңдау.

Күнделікті өмірде кездесетін қандай заттарға ұқыпты қарауымыз керек

Әдептілік, жақсы әдет туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Оқу құралдарына, киімдерімізге, мектеп мүліктеріне, ас атасына ұқыптылықпен қарауымыз керек.

-         Сыйламаған жолдасын сыйлай да алмас өз басын.

-         Өнерлі бала- сүйкімді,

Жақсы бала - сүйікті.

-         Ақылды аңдап сөйлер,

Әр сөзін аңдап сөйлер.

-         Өнерлі адам өрге озар,

Өнерсіз адам жер соғар.

-         Біліп тұрсаң да, сұрап ал

-         Көп біл, аз сөйле

Әр мақалдан бір сөз жазу.

3-бөлім. Ізгілік, адамгершілік, әдептілік жөнінде сұрақтар қоямын, сендердің жауаптарың.

-Сыйлап өлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Әдепті екен, бұл дейміз!

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Ұқыпты екен, бұл дейміз!

Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Үлгілі екен бұл дейміз!

Келесі сұрақ: Не деу керек?

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

-         Рахмет, апа, деу керек!

 

Балалар жүр көшеде

Естіледі шу-айқай

Сен де шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?

-         «Кешіріңіз» деу керек.

 

Осы келген бетіңде

Допты қудың  жарыстың

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың

Ұмыттың сен не деуді?

«Сәлеметсің бе»-деу керек.

 

Үй артында қоқысты

Жатқан көптеп үйіліп

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?-

«Көмектесейін» -деу керек.

 

-         Кім дер ең?

Кітап түбі қырқылған

Күнделігі жыртылған

Сабаққа да самарқау

Қандай бала бұл тұрған? (салақ)

Бұрылатын қызға да

Ұрынатын ұлға да

Төбелеспей жүрмейтін

Қандай бала бұл тұрған? (бұзық)

Сабақ айта білмеген

Шақырмасаң жүрмеген

Кітап бетін ашпайтын

Баланы сен кім дер едің? (жалқау)

4-бөлім. «Не істеуге болмайды?» ойын.

Суретпен жұмыс.

-Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

-Кішкене баланы жылатуға болмайды.

-Құстарды атуға болмайды.

-Қыз баланы ренжітуге болмайды.

-Сабақтан кешігуге болмайды.

-Сыныпта айқайлауға болмайды.

5-бөлім. «Қазақтың ырымдары».

«Аулақ бол жаман әдеттен» дей отыра өздерің үйде , мектепте, басқа жерде естіген қандай ырымдарды білесіңдер?

-         Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

-         Бүйіріңді таянба!

-         Жалғыз ағашты кеспе

-         Үйді айналып жүгірме

-         Отты шашпа

-         Күлді баспа

-         Үлкеннің алдын кеспе.

6-бөлім. Тәрбие әлеміне саяхат. (яғни, мен сендерге бір тақырып беремін. Сендер сол тақырып бойынша жақсы әдеттер көрсетулерің керек.)

-         Сіз қонақтасыз! (Үй иесі мен қонақ)

-         Телефонмен сөйлесу (Сөйлесу мәнері)

-         Үлкенге көмек.

-         Көлікте жүру тәртібі.

     Балалар, біздің сыныпта әдептілік сабағы болады дегеннен кейін құпия хаттар келіпті, соны оқиық.

1-хат. Құрметті достар!

Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді.

Менің онымен бірге ойнағаным дұрыс па?

2-хат. Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ, ойнап жүргенде үй-ішін айтып, жаңа нәрселерін көрсетіп, кішкентайларды қалай ренжіткенін айтып ылғи мақтанады. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

Қорытынды. Бүгін сабағымызда адам бойындағы жаман-жақсы қасиеттерді ажырата білдік. Сендер адалдыққа, ақылдылыққа, шыншылдыққа, кішіпейілділікке үйрендіңдер. Міне, осындай жақсы мінез-құлықтарды әдайым естеріңде сақтап жүрсеңдер «нұр үстіне нұр жауар» еді.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаксыдан үйрен, жаманнан жирен"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 997 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2016 1568
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тлегенова Нуржамал Канафиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2666
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 597 человек

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе