Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЖазба жұмысында жіберілетін қателіктер

Жазба жұмысында жіберілетін қателіктер

Скачать материал

Жазба жұмысында жіберілетін қателіктер

  Қай сыныпты алсақта қазақ тілі сабағында жазбаша жұмыс кезінде кездесетін қиындықтар баршылық. Әр мұғалім сабақ барысында оқушылармен  сабақ үстінде әр түрлі жағдайда оңай жолдарын нақты

шешімін табуға тырысады.Әр баланың дұрыс сауатты жазуына, есте сақтау қабілеттерін дамытып отырады.Әсіресе 1-4 сынып аралығында жазба жұмыс орындауда қиындықтар кездесіп жатады. Тіпті кейбір сәттерде жоғарғы сынып оқушыларының арасында да жазба жұмыстарынан қиналып жататындары бар.Сыныптағы оқушылардың барлығы бірдей сауатты жазады деуге болмайды.  Жақсы оқитын оқушылар әрине қиындық туғыза қоймайды.Көбінесе нашар оқитын оқушылар немесе орыс тілді оқушылармен жұмыс жасауда қиындықтар туындайды.Мен өз тәжірбиемде осы қиындықтарды бірнеше тәсілмен шешуге тырысамын.

 Оқушының жазбаша тілін дамыту бастауыш сыныптан-ақ басталады. Тілді жаттығуларды жазбаша түрде орындау оқушыны жазбаша тілін дамытудың алғашқы шартты белгісінің бірі болып саналады.

 Жаттығу жұмыстарын орындауда кездесетін қиындықтар 3-сынып оқушылары арасында кездеседі.

Жалпы қатемен жұмыс жасау үшін әр оқушының арнайы дәптері болу керек.

1.Сөздерді қате жазу. Басқа тілден енген сөздер немесе ю, я әріптері кездесетін сөздерді қате жазып жатады.Мысалы:фирма, щетка, элеватор т.б қоян,партия, энергия, қою, баю т.б

Қатемен жұмыс. Ондай кездерде сөздік жұмысын жиі жүргізіп отырмын.

Қатемен жазылған сөздерді компьютер арқылы экраннан көрсетемін. Осы сөздер жиі қайталанып келетін қысқаша мәтінді оқытқызып дағдыландырамын.

2.Сөзді дұрыс буынға бөліп жазбауы.

 Бастауыш сыныптан бастап  сөзді дұрыс буынға бөлмеуден  оқушы дағдыланып кетеді.Буын тақырыбын дұрыс меңгермеген оқушының оқу дағдысы төмен болады және сауатсыз жазады.
Буын тақырыбын бағдарлама бойынша өтіп қана қоймай, күнделікті әр сабақта қайталап, түрлі жұмыстарды жасап отырамын.
Буынды дұрыс игермеген оқушы жазу жолына сыймайтын сөзді дұрыс тасымалдамайды немесе сөзді келесі жолға жаза салады. Тасымалдың буын жігінен болатынын білмегендіктен  қателіктер көп кетеді.Мысалы: таби-ғат  сөзін таб-иғат деп тасымалдап жаза салады. Бұл қателіктерді жою үшін мына жұмыс түрлерін жүргіздім.

 

Сөзді дұрыс буынға бөл.(сөзді дұрыс буынға бөліп жаздыртамын)

 

Та-би- ғат .

Есеп арқылы тасымалын тап.                                          1+(2+3), (1+2)+3

 

 

 

 

 

Қиынды қағаздар арқылы буын сәйкестігін таптыруға болады. Бұл жұмыс түрлері 5-сынып оқушылары үшін жүргізіледі.Келесі сыныпқа көшірілгенде қателіктер саны азайтынын байқадым.

3. Тілдің нашар дамуынан әріптерді дұрыс айтпау.

«Ж» әрпін «з» т.б әріптерді бір-біріне ауыстырып   жазатын оқушылар да кездесіп жатады.Ол үшін осы әріп кездесетін сөздерді жиі жаздырып, қайталап отырған абзал. Сонымен қатар әр сабақ сайын жаңылтпаш оқыту, жаттау, диктант түрлерін жазғызу керек.

Диктант түрлерін таңдау арқылы  катені түзетуге болады. Мысалы:терме диктант жүргізу,мәтін ішінен ж, з немесе ұ, у әріптері кездесетін сөздерді теріп жазу немесе есту, көру арқылы сөздерді атап отыру сияқты жұмыстар жүргізіледі.Осындай жұмыс түрлерін қайталап отыру арқылы дұрыс жазуға қалыптасады.
4. н,ң дыбыстарын бір-бірінен ажырата алмау белең алып кетті. Н,ң дыбыстарының жасалуында тілдің атқаратын қызметінің маңызын білмеуден болады.Бастауыш сыныптан бастап н,ң дыбыстарын ажырата алмайтын оқушылар көптеп кездеседі. Тіпті өте жақсы оқитын оқушылар арасынан да кездеседі.Оқушыға осы екі дыбыстың екі түрлі қызмет атқаратынын  баса айтып түсіндіру қажет.

Қатемен жұмыс.

Шығармашылық диктант жұмыстарын жүргізіп отырамын .Терме есту, көру, жазу диктант т.б Сондай-ақ шағын тест жұмысы, сурет арқылы  оқушының қызығушылығын танытады.

Жазу үстінде әр оқушыны өзімнің сөзді  қалай айтып тұрғаныма үйретіп аламын.Кейін келе  дұрыс жазуға дағдыланып кетеді.

Үлестірмелі қағаз арқылы  н, ң әріптерінің тиістісін тапқызу арқылы жұмыс жасатуға болады.
Мысалы: кө...ілді,  ма...ызды, са...,  ә...ші, ты...шы.

Сонымен қатар сауатты жазу қабілеті әсіресе жазба жұмыстары кезінде жүзеге асырылады. Қазақ тілі сабағында күнделікті диктант түрлерін: сөздік диктант, көру, есте сақтау, теру, шығармашылық диктант жаздыру тиімді. Әр диктант түрлерін жазғаннан кейін кесте сызылған карточка таратылып, оқушылар өз қате жіберген сөзін жазып, жанына дұрыс жазылу түрін жазады. Бұл оқушының өз қатесін түзетуге және неліктен қате жібергенін, қай ережені дұрыс қолданбағанын саралап, келешекте қате жібермеуге тырысуына әсерін тигізеді.
 
Сондай-ақ оқушының тілін жазбаша түрде дамытуда мазмұндама мен шығарманың  да орны ерекше.
Мазмұндама- тіл дамытудың өте маңызыды әдісі. Мазмұндама негізінен оқушының жазбаша тілін дамытуға, ойын мәтінге сүйеніп, өзінше жазбаша түрде білдіруге үйретеді. Мазмұндама жазуда кездесетін қиындықтар өте көп. Мазмұндама жазардан бұрын мынадай  талап қоямын.
Біріншіден жоспар құра білуге, екіншіден тірек сөздерді пайдалана білуге, үшіншіден оқылған мәтін мазмұнынан немесе берілген сурет мазмұнынан ауытқымауға, төртіншіден артық сөздер қоспауға т.б

5-6 -сыныпта осы дағдыларды үйренгеннен кейін жоғарғы сыныпқа көшкенде қиындықтар азайып жатады.
 Шығарма- жазбаша тілді дамытудағы ең негізгі жұмыс түрі. Шығарма жазу   оқушының шығармашылық ойын дамытуды, ойын өз сөзімен білдіру дағдысын қалаптастырады.

 Шығарма –оқушыны өздік шығармашылық жұмысы. Шығарма жазуға оқушыны үйрету ұзақ уақыттағы жүйелі жұмысты керек етеді.
Шығарма тақырыбын таңдай алу , тақырыпты ашуға керек сөздерді білуі керек. Мұғалім оқушының сөздік қорын жақсы біледі, сондықтан оқушының сөздік қорында бар сөздерді қажет ететін тақырып таңдау керек.Шығарма жазу барысында да жоғарғы айтылған талапты қоямын.

 Шығарма жазбас бұрын  оқушылармен таңдалған тақырып аясында  шағын әңгіме жүргізіледі.Яғни оқушының ойын білу.

   Қазақ тілі сабағында алған білімдерін жазбаша сауатты көрсете білуде диктант жазуда кездесетін қиындықтар өте көп.Бұл жазба жұмысының алатын орны ерекше. Ол сабақ құрылымының 3 түрлі мақсатына сәйкес грамматикалық сауаттылығын тексеріп қана қоймай, есте сақтауын, көркем жазуын, ұқыптылығы мен өз - өзіне деген сенімін нығайтады.Әсіресе

 бақылау диктантында қатемен жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Диктанттың негізгі мақсаты - оқушылардың теориялық білімін сынау, бағалау, оларды сауатты жазуға үйрету болса, қатемен жұмыс жүргізудің мақсаты - жіберілген қатемен сауатты жұмыс жасай отырып, келесі жолы қате болдырмаудың жолы болып табылады. Диктантты дұрыс, сауатты жазу үшін грамматиканы үйреніп, талдай білу жеткіліксіз, сонымен қатар көркем әдебиетті көп оқу керек.

 Азат жолды қалай білу керек? Мұғалім мәтінді оқыған кезде мазмұнына мән бергізу керек.Мәтін не туралы неше бөліктен тұрады, әр бөлімде қандай ой айтылды деген сұрақтарды диктант мәтіні оқылғаннан кейін талдап алған дұрыс.Бастауыш  сынып оқушылары шығарма , мазмұндама жазуда өз бетімен азат жолды таба білуге үйрету керек.Тақтада әрдайым үлгі ретінде мәтін жазылған парақша іліп қоямын.
 Қазақ тілі пәнінен алынған жазба жұмыстардағы жіберілген қате бойынша саралау кестесі әрбір жазба жұмысынан кейін сараптамалық талдау негізінде жасалып, оқушымен деңгейлік тапсырмалар негізінде тікелей жұмыс жасауға ықпал етеді. Сондай - ақ жазба жұмыстарын бір - бірімен салыстыруға да мүмкіндік береді.

Қатемен жұмыс жүргізу жолдары:
1. Тексерілген жұмыспен оқушы танысып, қызыл сиямен көрсетілген сөзді жол басына ең әуелі қате түрін, содан кейін сызықша қою арқылы жол аяғына дейін қатесіз түрін  жазу керек;
2. Қате жазылған немесе оқушыға таныс емес сөздерге қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдалана отырып, мағлұмат беру;
3. Жіберілген қате туралы өтілген тақырып бойынша ережені еске түсіру, мысалдар келтірту; (сингорманизм заңы т.б)
4. Қате жазылған сөзге фонетикалық, лексикалық, морфологиялық талдау жасату;
5. Оқушылардың тасымал, тыныс белгі туралы білімдерін нақтылау, бағдар беру;
6. Диктант мәтініндегі тірек сөздерді тапқызып, сөйлем құрату.
7. Сабақты шығармашылықпен ұштастыра отырып, қате жіберілген сөздердің прозалық, поэзиялық шығармаларда қолданылуына назар аударту, нәтижелі болу үшін жатқа айтқызуға болады.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жазба жұмысында жіберілетін қателіктер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 059 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2015 11905
    • DOCX 28.2 кбайт
    • 102 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Манекей Хайнар Манекейқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Манекей Хайнар Манекейқызы
    Манекей Хайнар Манекейқызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12003
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 488 человек

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек