Инфоурок Начальные классы ПрезентацииАмангелді - батырым (3 сынып)

Амангелді - батырым (3 сынып)

Скачать материал

Пәннің аты:

Әдебиеттік оқу

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Ерғалиева С.

Сабақтың атауы

Нұрпейіс Байғанин   «Амангелді батырым»

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың түрі

 Сабақтың әдісі

Сабақтың жабыдығы

Амангелді Иманов туралы мағлұмат беру                   

Мақсаты: Ежелгі қазақ жеріндегі өткен шапқыншылықтар жайында Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Наурызбай батырлардың ерліктерін баяндап, халқымыздың тарихынан тағылым бере отырып, баланың бойындағы патриоттық сезімін оятуға баулу.

Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға  Амангелді Иманов батыр жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

Дамытушылық: сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе  білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқуларын

Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ерлікке, елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу. Ұлт намысын қорғаған ерлерді құрметтеуге үйрету.

 аралас сабақ.
сұрақ - жауап, талдау, іздену.
 суреттер, слайд жұмыстары

 

Психологиялық ахуал

 

І. Ұйымдастыру кезеңі 1-слайд

Саламатыңдар ма, балалар!

Барлығымыз ортаға шығайықшы. «Шаттық шеңбері», балалар бір – біріне жақсы тілектер айтады.
Оқушыларды топқа бөлу  2-слайд

Мақалмен бөлу   (бөлек бөлек жазылған сөздерден мақал құрастыру арқылы екі топқа бөліну)
1). Ердің ісі- елдің мойнында,

    Елдің ісі – ердің мойнында.

2). Батыр туса ел ырысы,

    Жаңбыр жауса жер ырысы.

   
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:3- слайд
1.Қажым Жұмалиевтың  « Махамбет пен Жақия»  атты мәтіннін тізбектеп оқыту.

2. Махамбет өлеңдерін әр топтан екі оқушы жатқа айту.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: 4-слайд
Не үшін қазақ халқы күреске шықты?

Жақияның ержүректілігі туралы не айтар едің?

  Махамбеттің ерлігі жайлы айтылған жолдарды тауып оқы.

Жәңгір хан туралы не білесің?

Махамбет Жақияны қайтару үшін не деді?

 

ІҮ. Қызығушылықты ояту. 5-слайд

Сөзжұмбақ шешу

1.       Қаракерей  .....

2.       Исатайдың серігі.

3.       Жақияның әкесі.

4.       Исатайдың тұлпары.

5.       Қанжығалы ....

6.       Ағыбай Батыр заманындағы хан .

7.       Қабанбай, Бөгенбай батырлар заманындағы хан.

8.       Қорғансыз, есеңгіреген халықтың күйі.

9.       Исатай мен Махамбет батырлар заманындағы хан.

 

-Балалар біз бүгін Нұрпейіс Байғаниннің  «Амангелді» өлеңімен танысамыз.

 

Осы әңгімені жазған автормен танысайық. 6-слайд

Автор туралы

 

Өлеңнің авторы Н. Байғанин туралы слайд көрсету арқылы мәлімет беріледі.
Байғанин Нұрпейіс (1860 - 1945) - халық ақыны, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ақтөбе облысының Темір ауданында (қазіргі Байғанин ауданы) туған. Нұрпейістің анасы Үміт тамаша әнші, домбырашы және ақын болған. Ол суырып салма ақындар айтыстарында көзге түскен. Ән айтуды анасынан үйренеді, жастайынан домбыра тартуға, жанынан суырып салып, өлең шығаруға талпынған. Көп кешікпей - ақ ол «бала жыршы» деген атқа ие болады. Нұрпейіс өз кезіндегі белгілі ақындардың жырларын тыңдайды, олардың шығармаларын жаттап алады. Жас кезінде - ақ оның репертуарына Батыс Қазақстанның ақындары Абыл Тілеуұлының, Алаша Байтоқтың, Шернияз Жарылғасұлының, Нұрым Шыршығұлұлының өлеңдері мен жырлары енген
.

V.Оқулықпен жұмыс. 7-слайд

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Оқушыларға шумаққа бөліп оқыту.

 

VI.Дәптермен жұмыс  8-слайд
Сөз тіркестері:
езілген - шұбырынды халық, қалың - көп, кегін – кек сақтау - жасалған жамандықты ұмытпау, жасындай - кіші, балдақ - қылыштың сабы мен болаты түйіскен жерінде қолды тіреп тұруға арналған бөлігі, пасық - абыройсыз, арсыз, адамшылықтан безген, обыр - көзі тоймайтын, ашқарақ, жебір, қомағай, жанышқан – қадаған,
түйреген.


9-слайд

 

 

Әбіхан Қастеевтің «Амангелді» атты суретін көрсету.

-Балалар бұл суретте кімдер бейнеленген және сурет туралы не айтар едіңдер сол туралы өз ойларымызды постер арқылы топта талқылау.  
«Постер қорғау» 10 -слайд

І – топ: Суретші туралы не білеміз?

ІІ – топ: Амангелді Иманов кім?

Оқушылар жұмыстарын қорғап болған соң,

берілген тапсырмалар туралы қосымша мәліметтер беру.

1)      Қастеев Әбілхан (1904-1973) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасның төрағасы (1945-1956)Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарыңдастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді.
Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте"(1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.
Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасы-мен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол - туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.

2)      Амангелді  Үдербайұлы Иманов (1873 - 1919 жж.), халық батыры, Қазақ халқының 1916 ж. ұлт - азаттық көтерілісі басшыларының бірі, Қазақстандағы Азамат соғысынын қаһарманы. Торғай уезінің Қайдауыл болысында (қазір Торғай облысы Амангелді ауданы) кедей малшының отбасында туған. 1908 - 1909 ж. Торғайда қарауыл солдаттармен қақтығысқа қатысқаны үшін сотқа тартылды. Қазақстанда ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюіне байланысты ұлт - азаттық және революциялық қозғалыс өріс алды.

VII.«Ойлан - жұптас - талқыла» 11-слайд

«Бір айналым сөйлесу»
1 - топ Амангелдінің батыр болуына әсер еткен жағдайларды ата.
2 – топ Батырға тән қасиеттерді ата.


VІІІ. Үйге тапсырма.12-слайд
«Амангелді батырым» өлеңін жаттау.

 

Үй тапсырмасын тексеру

 

 

 

 

 

 

Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

Топқа тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты қорыту

 

 

 

Үйге тапсырма

Бағалау

Оқушыларды смайлик арқылы бағалау

 

Рефлексия

Рефлексия:  13-слайд

- Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?

- Сабақты  қаншалықты түсіндік? Оны тақтада берілген смайлинктің қасына өздеріміздің дөңгелекшелерімізді жапсырамыз?

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Амангелді - батырым (3 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 123 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.05.2016 3000
    • DOCX 34.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ергалиева Салтанат Женисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ергалиева Салтанат Женисовна
    Ергалиева Салтанат Женисовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10709
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1179 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 576 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 104 человека

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе