Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыАшық ертеңгілік "Наурыз-бұл береке"

Ашық ертеңгілік "Наурыз-бұл береке"

Скачать материал

             «Ақшұқыр мектеп – лицейі» мемлекеттік мекемесі

«Кәусар» шағын орталығы

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертеңгілік:

 

 

«Наурыз-бұл береке»

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ақжелкен» естиярлар тобы

 

 

Тәрбиешілер:  Калиева Мария Жанабаевна

Кагазова Жадыра Аликовна

 

 

 

 

 

 

Ақшұқыр селосы

 

Жүргізуші:                    Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

                                      Ұлыс күні басталды.

                                      Наурыз туын көтеріп,

                                      Жар салайық әлемге!

-дей отырып  бүгінгі Наурыз мейрамына арналған  «Наурыз – бұл береке!» атты ертеңгілігімізді  бастауға рұқсат етіңіздер!

Олай болса ата-аналар, ұстаздар! Көктемдей құлпарған күндей күлімдеген «Ақжелкен» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен қарсы алыңыздар!

Қазақ музыкасының сүйемелдеуімен балалар залға кіреді, жарты шеңбер болып отырады.

Наурыз елдің ақжарылар айындай,

Тербетілген кербез, сұлу қайыңдай.

Наурыз келді, наурыз келді, ағайын,

Құшырлана құшағымды жазайын.

Көктем шыға күлімсіреп көк аспан

Әнге толды, күйге толды маңайым!  Бірге: НАУРЫЗ!

Ұлыстың ұлы Наурыздың белгілерін айтайықшы балалар

Меруерт:            Наурыз тойы, елдің тойы,

Көктем тойы, төлдің тойы

Ән айтылады күні бойы

Жақсы көрем наурыз тойын

Дидар:                 - Аспанда жарық күн – бұл наурыз

Нұртас:              - Бұлбұлдың алғаш әні – бұл НАУРЫЗ

Дидар:                 - Көп шөп жайлауда – бұл наурыз

Нұртас:              - Наурыз көжеден дәм тату – бұл НАУРЫЗ

Дидар:                 - Жаңа жыл келді – бұл НАУРЫЗ

Меруерт:            Наурыз тойы, елдің тойы,

Көктем тойы, төлдің тойы

Жақсы көрем наурыз тойын,

Наурыз тойын, наурыз тойын

Рахмет балдырғандар өте жақсы!

 

Олай болса «Наурыз келді» әнін бәріміз бірге шырқайық.

        

Жүргізуші:           Көктем қандай көңілді

Күміс жаңбыр төгілді

Көктің жүзі ашылып

Күннің көзі көрінді

Балаларымыздың көктем туралы, наурыз туралы үйренген тақпақтарын тыңдайық

 

Нұрғиса:              Келді көктем далаға,

Келді сұлу шағала

Аспандағы ақ құстар

Айдын көлді  арала

                           

Аянат:                Ата-бабам тойлаған,

Наурызым, армысың?

Қызығына тоймаған,

Дарқан дала,қарлы шың.

Қауыша алмай қанша жыл,

Қалдық сенен адасып.

Сағынды қыз, аңсады ұл,

Төрле, есіктің бәрі ашық.

 

Нұрбек:                Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.

 

Индира:               Күн мен түн теңеледі,

Жер шуаққа бөленеді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы -  салтымыз,

«Көгерсін» — деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

 

Өркен:                 Келіп көктем құстары

Бау-бақшада ән салды

Оларды жас достары,

Ұя салып қарсы алды.

 

Гүлдариға:           Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда,

Құстар әні төгілді.

 

Сұңғат:               Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!

 

Нұрай:                Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!

Мал біткеннің бал татыған уызды,

Қуат болып қанымызға тарайды.

 

 

 

Жүргізуші:                    Салт-дәстүрмен жараса,

                                      Қайта құрып жаңаша

                                      Жарыса өнер көрсетіп,

                                      Той тойлайық тамаша!

 

Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Наурыз тойы» әні

 

Музыканың сүйемелдеуімен жігіт жүгіріп келеді.

Ғәділбек:             Сүйінші,сүйінші,сүйінші

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар

Босқа қарап тұрмаңыздар

Наурыз тойы басталды

Көргендерде арманда

Көрмсегенде арманда

Қызықтан тыс қалмаңдар

Жүргізуші: Ата-бабамыздың дәстүрі бойынша жақсы жаңалық әкелген адамға ерекше сый – сүйінші берген.

Ғәділбек: олай болса мен өзімнің жақсы жаңалығым үшін...(желкесін қасиды) көңілді ойын көргім келеді.

Жүргізуші;

-         Жарайды,  ойын ойнаймыз ба балалар? – Ия

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай

Бір аспанның астында,

Ойнаймыз біз алақай

-         Қанекей, бәріміз қазақтың ұлттық ойыны «Тақия тастамақ» ойынын ойнайық.

Балалар бізді мәуленнің әжесі қонаққа шақырған болатын қанекей бәріміз автобусқа мініп әжейге барайық.

Балалар автобуста кетіп бара жатқандай әндетеді. Оларды немересін ерткен Әже қарсы алады.

Әже:         

-         Сәлеметсіздерме балалар?

-         Наурыз мерекесі құтты болсын, қалдарың қалай? Сендердің менің шақыртуымды қабыл алғандарыңа қуаныштымын. Бүгін үлкен әрі жарқын мереке наурыз мерекесі, әрі менің немерем Мәуленнің туған күні.

Бірге:                   Ән шырқап би билейтін қауым болып

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп

Наурыз келді жайраң қақты таң күліп

Жап жасыл боп кетті дүние жаңғырып

Жақсылыққа жаршы болған наурызым

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік

Жүргізуші: Наурыз мерекесіне және Мәуленнің құрметіне біз бүгін концерт қоямыз.

Наурыз тойың, наурыз тойың

Құтты болсын халайық

 

Әже:                   Құтты болсын наурыз!

Ұлыс бақыт әкелсін,

Әр күніміз жақсы болсын.

Достығымыз берік болмсын,

Білім өнер серік болсын ұлыс оң болсын,

Бестік баға мол болсын.

Көктем келіп, жер көгеріп,

Дала ғажап түрге енді.

Ауламыз да, алмамыз да,

Құлпырды қыр гүлдері.

Жүргізуші: Құрметті Әже балалардың осы ғажайып мереке жайлы көбірек білгісі келеді.

Әже: Меніңше наурыз ең жарқын көңілді мерекелердің бірі. Себебі онымен бірге көктем келеді. Табиғат жаңарады, жаңа жыл басталады. Көктемгі шуаққа бөленген көк майса шөпте бой көтереді.

Жүргізуші: Рахмет сізге! Әже білесізбе біздің бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін көрсеткелі келді. Ұлдарымыздың «Шабандоздар биін» тамашалайық!

Жүргізуші:          Шырқаған балапаным өз тіліңде,

                             Күнің шықты  алдынан,  сен күлімде.

                             Мерекеде ән айтып, би билеген,

                             Құштар болған сен өнерге, білімге.

 

Әкежан:                       Наурыз тойым наурыз тойым

Құтты болсын халайық

Қане достар, қәне достар

Шырқап әнге салайық

 

Нұрайда:                      Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

 

Санжар:                       Бұлақ ағып жәй ғана

Жайқалады айнала

Қызыл, жасыл киініп

Құлпырып тұр айнала

 

Ақерке:                         Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Байлық бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне

 

Қолқанат:                    Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

 

Ақтілек:                        Наурыз тойы тамаша

Наурыз тойы жаңаша

Табиғатта тамаша

Тамылжып тұр жараса

 

Мәулен:                         Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз

 

Ғазиза:                          Наурыз бұл береке

Құтты болсын мереке

Қыдыр ата келсін

Жақсы тілек әкелсін

 

Ербол:                           Наурыз келді алақай

Кел билейік балақай

Бізде қарап тұрмайық

Тойға шашу шашайық

 

Айару:                            Қарды  ерітіп жылғасы,

Наурыз келді – жыл басы.

Шуақ төкті жарық күні,

Мейрамында халықтың.

 

Әже біздің балаларымыз айтыса да біледі.«Еркем-ай» айтысын қабыл алыңы

 

Ермағанбет:      Үлкен тойда бүгінгі

                             Кім айтысар менімен

                             Айтыс-айтыс болады

                             Айтысқанда теңімен.

 

Камила:              Айтыс-айтыс болады

                             Шықса ақын теңімен

                             Шешен болсаң көрейін

                             Мен айтысып сенімен.

 

Ермағанбет:      Келмеймін деп бақшаға

                             Жылауыңды қойдың ба?

                             Көтерші деп арқаға

                             Сұрауыңды қойдың ба?

 

Камила:              Ерке қызбын білесің

                             Бірақ кімге күлесің

                             Кәмпит сұрап өзіңде

                             Күнде жылап жүресің.

 

Ермағанбет:      Сендей құрбы таппаймын,

                             Менде әдептен аспаймын,

                             Айтысуды аяқтап,

                             Достасудан қашпаймын.

Қыз бен жігіт бірге айтады:  Еркем, еркем, еркем-ай,

                                                 Еркелеген еркем-ай

                                                 Бүгін болған мереке

                                                 Болсын тағы ертең-ай!

 

Жүргізуші:           Құт береке наурыз айым келді деп

Жер түледі жасыл желек желбіреп.

Айналайын ата мекен кең далам

Толықсиды нұрға балқып елжіреп дей отыра

тобымыздың мың бұралған биші қыздарымыздың «Торсық биі» тамашалайық.

Әже: Ал қазір мен сендердің білімдеріңді тексеремін зейіндеріңді тексеруге арналған ойынды ұсынамын. Мен сендерден сұраймын. Егер келіссеңдер шапалақтайсыңдар ал келіспесеңдер аяқтарыңды тапырлатасыңдар.

-         Наурыз – қазақтың мейрамы (шапалақ)

-         Қазақтың ұлттық тағамы – пельмен (тапырлату)

-         Қазақстандағы дала гүлі – қызғалдақ (шапалақ)

-         Наурызда құймақ пісіреді (тапырлату)

-         Бесбармақты франсуздар жейді (тапырлату)

-         Қазақтар қонақжай әрі тату халық (шапалақ)

-         Қымызды сиырдың сүтінен алады (тапырлату)

-         Наурыз татулық бірлік пен көктем мерекесі (шапалақ)

 

Жүргізуші: Керемет, жарайсыңдар балалар!!! Меніңше Мәуленнің тұсау кесер рәсімін өткізетін уақытта келген сияқты. Келіңіздер ұлы тойға ата-аналар сіздерде жайғасыңыздар! «Тұсау кесу» салты -  ала жіппен кескенім біреудің ала жібін аттамасын дегенім, көк шөппен кескенім көгеріп көк шөптей көбейсін дегенім, тоқ ішекпен кескенім тоқтық заман орнасын, уайм қайғы болмасын дегенім

Әже:                             Қаз, қаз балам, қаз балам

Қадам бассаң мәз болам

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін

Тәй,тәй,тәй,тәй!

 

Жүргізуші:                    Ал қазір балалар,

Абылайды құттықтаңдар.

 

Балалар тілек тілейді:          Үлкен жігіт болсын!

                                               Ауырмасын!

                                               Батыр болсын!

                                               Көмекші болсын!

                                               Бауы берік болсын!

«Шашу дәстүрі»

Жүргізуші:                     Уа, халайық, халайық,

                                        Ақ сандықты ашайық.

                                        Бұл мереке, бұл тойдың

                                        Шашуларын шашайық!

  (бір ата-ана шашу шашады)

 

Жүргізуші:                    Наурыз құтты болсын!

                                      Дендеріміз сау, мықты  болсын!

                                      Наурыз тойы келе берсін!

                                      Барлық халық бақытты болсын!

Жүргізуші:

Би билеп ән мен күйде аяқталды

                     Уақытта біраз жерге таяп қалды

                     Көктеммен қоса келген

Наурыз мерекесіде тәмамдалды

Олай болса балалар бәріміздің бақшамызға оралар уақытымызда келді.

Балалар залмен қоштасып, автобусқа отырғандай, әндетіп залдан шығып кетеді.

Ақшұқыр мектеп-лицейінің директоры К.К. Тлеубаеваға сөз кезегін берейік Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға ұсынамыз.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

 

 

 

                                

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық ертеңгілік "Наурыз-бұл береке""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 187 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2016 872
    • DOCX 29.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Мария Жанабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Мария Жанабаевна
    Калиева Мария Жанабаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24084
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Экологическое образование детей дошкольного возраста: развитие кругозора и опытно-исследовательская деятельность в рамках реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 953 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности учителя-наставника в образовательной организации

Учитель-наставник

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 145 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 502 человека

Курс повышения квалификации

Организация деятельности школьного театра в условиях реализации обновленного ФГОС НОО и ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 71 человек

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые инструменты и безопасность в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек