Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты: "Бала құқығы" 6 класс

Ашық тәрбие сағаты: "Бала құқығы" 6 класс

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ ата-аналарға сауалн.docx

Ата-аналарға сауалнама

1.      Бала құқығы туралы қандай заңды білесің?

2.      Баланың құқығын қорғайтын қандай ұйымдарды білесің ?

3.      Бала құқығы туралы заңдардың бірін оқып көрдің бе?

4.      Сіздің ойыңызша бала құқығына не жатады?

5.      Баланың мектепте не үйде құқығы бұзылған  күндері болды ма?

6.      Бала құқығы туралы заңдарды отбасында, мектепте, көшеде қолданып көрдіңіз бе?

7.      Ата – аналар жиналысында бала құқығы туралы өз ойыңызды айтуғв дайынсыз ба?

 

 

Ата-аналарға сауалнама

8.      Бала құқығы туралы қандай заңды білесің?

9.      Баланың құқығын қорғайтын қандай ұйымдарды білесің ?

10.  Бала құқығы туралы заңдардың бірін оқып көрдің бе?

11.  Сіздің ойыңызша бала құқығына не жатады?

12.  Баланың мектепте не үйде құқығы бұзылған  күндері болды ма?

13.  Бала құқығы туралы заңдарды отбасында, мектепте, көшеде қолданып көрдіңіз бе?

14.  Ата – аналар жиналысында бала құқығы туралы өз ойыңызды айтуғв дайынсыз ба?

 

 

Ата-аналарға сауалнама

15.  Бала құқығы туралы қандай заңды білесің?

16.  Баланың құқығын қорғайтын қандай ұйымдарды білесің ?

17.  Бала құқығы туралы заңдардың бірін оқып көрдің бе?

18.  Сіздің ойыңызша бала құқығына не жатады?

19.  Баланың мектепте не үйде құқығы бұзылған  күндері болды ма?

20.  Бала құқығы туралы заңдарды отбасында, мектепте, көшеде қолданып көрдіңіз бе?

21.  Ата – аналар жиналысында бала құқығы туралы өз ойыңызды айтуғв дайынсыз ба?

 

 

Ата-аналарға сауалнама

22.  Бала құқығы туралы қандай заңды білесің?

23.  Баланың құқығын қорғайтын қандай ұйымдарды білесің ?

24.  Бала құқығы туралы заңдардың бірін оқып көрдің бе?

25.  Сіздің ойыңызша бала құқығына не жатады?

26.  Баланың мектепте не үйде құқығы бұзылған  күндері болды ма?

27.  Бала құқығы туралы заңдарды отбасында, мектепте, көшеде қолданып көрдіңіз бе?

28.  Ата – аналар жиналысында бала құқығы туралы өз ойыңызды айтуғв дайынсыз ба?

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты: "Бала құқығы" 6 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Бала және оның құқығы.docx

Бала және оның құқығы

Жарияланды 27-03-2013, 16:20 Категориясы: Тәрбие сағаты

Сабақтан тыс іс - шара, дөңгелек үстел

Тақырыбы: Бала және оның құқығы

Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.

Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру.

Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқығы»конвенциясы, заңдар жинағы слайд.

Барысы: I. бөлімі. Ұйымдастыру бөлімі.

 

II. бөлімі. Негізгі бөлімі:

Қанатты сөздер:

«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз».

Н. Назарбаев.

«Бала бол, басқа бол – бәріне заң біреу - ақ»

«Тура биде туған жоқ, туғанда биде иман жоқ».

Ж. Баласағұн.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

 

Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

 

Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.

 

III. бөлімі. «Балалар құқығының» заңдары.

Ой – талқы

- Бала деп кімді айтамыз?

- Баланың қандай құқығы бар?

- Еңбек етуге;

- Өз пікірін білдіруге;

- Баланың өз атын, әкесінің атын алуға;

- Мүлікке ие болу;

- Қорғалуға;

- Отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге;

- Ұлтын таңдауға;

- Дем алуға;

- Денсаулығын сақтауға құқылы.

«Бала құқығының» заңдарынан баптарды ұсыну.

1 – бап

Бала сипаттамасы.

18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.

2 - бап

Дискриминацияны, яғни зорлық – зомбылықты болдырмау.

Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.

3 – бап

Бала құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету.

Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.

4 - бап

Құқықты іске асыру.

Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.

5 – бап

Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы.

Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.

6 - бап

Өсу мен даму.

Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.

7 – бап

Есім мен азаматтық.

Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.

8 - бап

Жеке тұлғалықты сақтау.

Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.

9 – бап

Ата – анадан ажырау.

Бала өз мүддесіне қарама – қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата – анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай – ақ бала ата – анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдай да олармен байланыс жасап тұруға құқылы.

10 - бап

Отбасының қосылуы.

Бала мен ата – ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым – қатынастарын нығайту мақсатында кез – келген елден шығын өз еліне келуге құқылы.

11 – бап

Заңсыз орын алмастыру және оралмау.

Мемлекет ата – ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.

12 - бап

Баланың көзқарасы.

Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық.

13 – бап

Пікір айту еркіндігі.

Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай – ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.

14 - бап

Ой, ар – намыс және дін бостандығы.

Ата - ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар – ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті.

15 – бап

Ассоциация бостандығы.

Бала басқа адамдармен кездесуге және ассоциаларға кіруге болмаса оны құруға құқылы.

16 - бап

Жеке өмір сүру құқығын сақтау.

Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылар еттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.

 

IV. бөлімі. Жылдар сөйлейді:

1948 жылы 10желтоқсанда БҰҰ – да «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» қабылданды.

1959 жылы 20қарашада – БҰҰ – ның Бас Ассамблеясына «Балалар құқығы» декларациясы қабылданды.

1989 жылы «Бала құқығы туралы» конвенциясы қабылданды.

1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямызды қабылдадық.

2002 жылы 8 тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңы қабылданды.

 

V. бөлімі. «Тәртіп орнат»

1. Құқық А – Еліміздің негізгі заңы.

2. Конституция Б – Мемлекет басшысы.

3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.

4. Азамат Г – Тәуелсіздік.

5. Құқық бұзушылық Д – Заңдар жинағы.

6. Президент Е – Заң шығарушы орган.

7. Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу.

8. Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны.

1 ---- 2 ---- 3 ----- 4 ------- 5 ------ 6 ----- 7 ------ 8

Д --- А ---- В ----- З ----- Ж ------ Б ---- Е ------ Г

 

VI. бөлімі. «Жалғасын тап».

«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма,

Бестен он үшке дейін құлындай қина,

Он үштен ары сырласыңдай сыйла».

 

«Жақсы бала – сүйініш, жаман бала – күйініш».

 

1. Ананың көңілі -.....

Баланың көңілі -.......

2. Балалы үй -......

Баласыз үй қу........

3...... – балалы болғанда білерсің.

 

VII. бөлімі. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Конвенцияда адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасынан, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу жөнінде айтылған.

Біз тәуелсіз, егеменді елміз. Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі – 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған.

Конституция 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Бүгін осы мәселелерді қарастырдық. «Заң білу – заман талабы». «Бала құқығы». «Заңға бағыну – адамзат міндеті».

Мен міндеттімін:

- білім алуға

- тәртіп сақтауға

- мектеп мүлкін сақтауға;

- үлкендерді сыйлауға;

- ана тілдің тазалығын сақтауға;

- әрдайым таза, ұқыпты жүруге;

- темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге.

Бүгінгі іс – шарамызды қорытындылай келе, сіздерге көп алғыс айтамын. Заңды аяққа баспайық, ағайын! Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты: "Бала құқығы" 6 класс"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Бала құқығы лекцияга.ppt

Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты: "Бала құқығы" 6 класс"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Баланың құқықтары

    1 слайд

    Баланың құқықтары

  • Декларация- тараптар мақұлдаған 
жалпы принцитер мен 
мақсаттарды қалыптастыр...

    2 слайд

    Декларация- тараптар мақұлдаған
    жалпы принцитер мен
    мақсаттарды қалыптастыратын
    салтанатты акт
    Конституция - конституциялық құрылысты
    бекітетін, адам мен азаматтың
    құқығы мен еркіндігін бекітетін,
    мемлектеттік биліктің федеральдық
    органдарын тағайындайтын негізгі
    құрылтайшы саяси- құқықтық акт.

    Құқық- қоғамдағы адамдардың
    өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын
    мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен
    ережелер жиынтығы, осы нормаларды
    зерттейтін ғылым
    Міндет – адамдар бұлжытпай
    орындауға тиісті тәртіп пен
    қарым-қатынасқа қойылатын талап
    Мораль- адамның іс-әрекетін
    қайырымдылық пен зұлымдық,
    әділдік пен әділетсіздік және т.б.
    тұрғысынан реттеп отыратын
    нормалар мен принциптер жүйесі.

    Конвенция латConventio - келісім)
    кез келген саладағы адамдардың
    мінез-құлқының және іс-әрекетінің, оның ішінде,
    жаһандық мәселелерді
    шешу барысында келісім бойынша қабылданған
    ережелер мен қағидалар;
    2) келісім бойынша уағдаласушы жақтардың
    құқықтар мен міндеттемелерін айқындайтын
    құжат, мысалы, арнайы мәселе бойынша халықаралық
    келісім-кедендік конвенция, зияткерлік құқық туралы
    бүкіләлемдік конвенция және т.б.;

  • Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты...

    3 слайд

    Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?

  • Қазақстанда балалардың 
құқықтық жағдайы
 мына заңдарда 
көрініс тапқан

    4 слайд

    Қазақстанда балалардың
    құқықтық жағдайы
    мына заңдарда
    көрініс тапқан

  • Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы.
Бала құқықтары туралы Конвенция...

    5 слайд

    Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы.
    Бала құқықтары туралы Конвенция.
    Әйелдерге қатысты кемісітушіліктің барлық түрлерін жою туралы Конвенция.
    Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
    “ҚР-дағы бала құқықтары туралы” ҚР Заңы
    “Неке және отбасы туралы” ҚР Заңы.
    ҚР Еңбек кодексi
    Адам құқықтары саласындағы
    ұлттық және халықаралық заңдар.

  • Бала құқықтары, оның өміріне, дамуына, білімденуі мен тəрбиесіне қамқорлық қа...

    6 слайд

    Бала құқықтары, оның өміріне, дамуына, білімденуі мен тəрбиесіне қамқорлық қашанда бүкілəлемдік проблема болған. Қабылданған халықаралық құжаттарда
    Бала құқықтары Декларациясы, 1959ж.;
    Бала құқықтары жөніндегі Конвенция, 1989ж.;
    Балалар тіршілігін сақтау, қорғау жəне оларды дамыту Декларациясы, 1990ж.;
    Ымырашылдық принциптері Декларациясы1995ж.;
    Əлем мəдениеті жөніндегі Декларация, 1998ж.) қоғамда бала құқықтарының үстемдігін, оларда ымырашылдық, басқыншылыққа бармау сезімдерін оятып, тыңдай білу мен зер салуға үйрету қажеттігі жария етілді.
    Бұл құжаттарда хатталған бағдарламалар барша аймақтардағы барлық халықтар үшін теңдей маңызды да олар тарапынан бірдей орындалуы міндетті.

  • Баланың құқықтары		Баланың құқықтары —баланың халықаралық құқықтар жөнiндегi,...

    7 слайд

    Баланың құқықтары
    Баланың құқықтары —баланың халықаралық құқықтар жөнiндегi, құжаттарында бала-шағаның құқығының жиынтығы жазып алынған. Бала құқықтары туралы конвенцияларға сәйкес келеді, бала - он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам.Бала мемлекеттің қамқорлығында болады. Мемлекет заңда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.

  • Баланың құқықтарының туралы халықаралық құжаттар  		 Бала құқықтары туралы Ко...

    8 слайд

    Баланың құқықтарының туралы халықаралық құжаттар
    Бала құқықтары туралы Конвенцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы/ 44сессиясында / 20.10 .1989 жылы қабылдап, ол 1990 жылы күшіне енді. Конвенцияда балалардың құқықтарын анықтайтын және осы құқықтарды мемлекеттер қалай қамтамасыз етіп, қолдауы тиіс екендігі туралы 54 бап бар. Осы Конвенция дүниежүзінің барлық елдерінде 191 дерлік ратификацияланды/АҚШ,Сомали/, олар осы Конвенцияның барлық құқықтары мен еркіндіктерін сақтауға сөз берді. Қазақстанда Бала құқықтары туралы Конвенция 8.06.1994 жылы ратификацияланды. 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды.

  • Бала құқығы жөніндегі 
Құжаттар

    9 слайд

    Бала құқығы жөніндегі
    Құжаттар

  • «…18 жасқа толғанға дейінгі әрбір адам бала болып саналады»

Бала құқығы тур...

    10 слайд


    «…18 жасқа толғанға дейінгі әрбір адам бала болып саналады»

    Бала құқығы туралы Конвенция. 1-бап

  • Қоғам балаларға қатысты түрде қамтамасыз етуі тиіс негізгі принциптер:

-Бал...

    11 слайд


    Қоғам балаларға қатысты түрде қамтамасыз етуі тиіс негізгі принциптер:

    -Бала мүддесін барынша жақсы қамтамасыз ету;

    Кемсітпеу;

    Өмір сүру, есею және ержету құқығы;

    Бала көзқарастарына құрметпен қарау;

    Баланы қорғау, оның қоғам өміріне;
    белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету.

  • Конвенция 4 бағытты ұстанады.
Баланың өмірге қалыпты келуін қамтамасыз ету.
Б...

    12 слайд

    Конвенция 4 бағытты ұстанады.
    Баланың өмірге қалыпты келуін қамтамасыз ету.
    Баланың жан-жақты дамуын қадағалау.
    Баланың құқының сақталуын қорғау.
    Баланың қоғамға етене араласып, белсенді мүшесі ретінде өз ойын анық білдіретін азамат дайындау.

  • Баланың құқық деклорациясы		 Қабылданған халықаралық құжаттарда (Бала құқықта...

    13 слайд

    Баланың құқық деклорациясы
    Қабылданған халықаралық құжаттарда (Бала құқықтары Декларациясы, 1959ж.; Бала құқықтары жөніндегі Конвенция, 1989ж.; Балалар тіршілігін сақтау, қорғау жəне оларды дамыту Декларациясы, 1990ж. Бұл құжаттарда хатталған бағдарламалар барша аймақтардағы барлық халықтар үшін теңдей маңызды да олар тарапынан бірдей орындалуы. міндетті.

  • Отбасында өмір сүріп, тәрбиелену құқығыАта-анасымен, басқа да туыстарымен қар...

    14 слайд

    Отбасында өмір сүріп, тәрбиелену құқығы
    Ата-анасымен, басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығы
    Өз-өзін қорғауға, заңмен қорғалу құқығы
    Өз пікірін білідруге
    Аты-жөні, ұлты болу құқығы
    Азаматтыққа құқығы
    Дұрыс тамақтану, тұрғын үй және медициналық көмек алу құқығы
    Тегін білім алу құқығы
    Сабақтан тыс уақытта еңбек ету құқығы, өз жалақысы мен стипендиясын жарату құқығы
    Салымдар салып, оны пайдалану құқығы
    Авторлық құқықты жүзеге асыру құқығы
    Балалар қоғам бірлестігіне қатысу құқығы
    Сыйлыққа, мұраға алған заттарға жеке меншік құқығы
    Өмір сүру құқығы
    Өз ата-анасын білу құқығы
    Сөз, ар-ождан бостандығы
    Жеке өмір сүру құқығы
    Адамдық қадір-қасиетіне қолсұғушылықтан қорғану құқығы
    Мәдени және шығармашылық өмірге
    жан-жақты қатысу құқығы
    Эксплуатацияның барлық түрінен
    қорғану құқығы
    Мамандық таңдау
    құқығы

  • 40 жас
Президент30 жас
Сенат депутаты25 жас
Полиция, сот20 жас
Мәслихат депут...

    15 слайд

    40 жас
    Президент
    30 жас
    Сенат депутаты
    25 жас
    Полиция, сот
    20 жас
    Мәслихат депутаты
    18 жас
    Сайлау, үйлену құқығы
    17 жас
    Өсиет жазу құқығы
    16 жас
    Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа тартылу
    15 жас
    Жұмыс істеу (рұқсатпен)
    14 жас
    Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
    10 жас
    Асырап алуға, қорғаншы болуға келісім беру, ата-аналарының қайсысымен тұруын таңдау құқығы
    6-7 жас
    Тұрмыстық келісім шаралар, мектепке оқуға бару
    0 жас
    Туу, құқыққ абілеттілікке ие болу

  • Бала өз мүддесіне қатысты кез-келген отбасылық...

    16 слайд


    Бала өз мүддесіне қатысты кез-келген отбасылық мәселелерді шешу кезінде өз пікірін еркін білдіруге құқылы. Мәселен, қандай мектепте оқу, жазғы демалысты қайда өткізу,т. б. Бала өзі қалаған үйірмелерді және спорт секцияларын жеке өзі анықтай алады. Бірақ барлық мәселелерді өзі шеше алмайды. Оның жасын және шеше алатын мәселелерін ескеру қажет. 10 жасқа толған баланың жеке пікірін міндетті түрде ескеру қажет. Мәселен , аты-жөні, тегін өзгерткенде, асырап алғанда немесе асырап алудан бас тартқан кезде. Ата-аналар ажырасқан жағдайда баланың олардың қайсысымен қалатындығы жөніндегі пікірін ескеру қажет.

  • Отбасындағы баланың құқығы		Бала үшін билологиялық ата-ананың қамқорлығы аса...

    17 слайд

    Отбасындағы баланың құқығы
    Бала үшін билологиялық ата-ананың қамқорлығы аса қажет. Егер ата-аналары жоқ болса мүмкіндігінше бағып-қағумен баланың туыстары айналысуы керек. Ал туыстары арасында баланы орналастыруға мүмкіндік болмаса, ондай жағдай өзге отбасылардың ұл (қыз) асырап алуы дұрыс болмақ. Егер баланың өз елі жағында қамқорлыққа алатын ешкімі болмаса, онда ата-анасының қарауынсыз қалған баланы өзге біреудің асырап алуы баланы орналастырудың баламалы әдісі ретінде қарастарылуы мүмкін.Бар мүмкіндігінше әрбір бала отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқылы. Бала өз ата-анасымен және басқа да туыстарымен отбасында тұруға, олармен қарым-қатынас жасауға құқылы.Әрбір бала өз ата-анасын білуге және олардың қамқорлығын сезінуге, сондай-ақ, әке-шешесімен бірге тұруға құқылы.БҰҰ-ның “Баланың құқықтары туралы” халықаралық Конвенциясы баланың өз ата-анасынан ажырап қалмауын міндеттейді. Ал егер ажырап қалса, ата-аналарының біреуімен, немесе екеуімен де қарым-қатынас жасап отыруға мүмкіндік береді. Бала өз ата-анасының тәрбиесін алуға, олардың қызығушылықтарын, жан –жақты дамуын қамтамасыз етуге, оның адамдық қадір қасиетін сыйлауға құқылы.

  • Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын...

    18 слайд

    Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы. Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жатады. Балаға есім ата-анасының келісімі бойынша беріледі. Әдетте, ата-аналар өз балаларына кез келген атты ойлап қоя береді.Дегенмен, ондай таңдаудың шегі бар. Баланың мүддесін ескере отырып, ата-аналар өз құқықтарын пайдаланып, баланың мүддесіне қарама-қайшы келетін, айналасына күлкі, не жағымсыз жағдай туындататын есімді таңдамау керек. Баланың әкесінің аты ұлттық дәстүр ескеріле отырып, әкесінің есімімен жазылады. Мәселен, ата-аналарының қалауына қарай әкесінің атына “ұлы”, “қызы” сөздері қосылып жазылуы мүмкін. Егер баланың әкесінің аты қос аттан тұрса (мәселен Әділмұрат) ата-аналарының қалауына қарай екі аттың бірі баланың әкесінің аты болып жазылады. Егер әкесінің аты белгісіз болса, шешесінің нұсқауымен баланың әкесі ретіндегі адамның есімі жазылады, ал тегі шешесінің тегімен көрсетіледі.
    Даралық құқығы

  • Қорғалу құқығы		 Құқықтары мен заңды мүдделерін қор...

    19 слайд

    Қорғалу құқығы
    Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі.Құқық қорғауды ата-аналар, бағып-қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата-аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды.ҚР-да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата-аналарды ата-аналық құқықтан және баланы бағып-қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата-аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ.Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай- ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т.б. мүмкіндік береді.Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған.

  • Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» заңы № 345-ІІ 2002 ж...

    20 слайд

    Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» заңы № 345-ІІ 2002 жылы 8-тамызда қабылданып, 10 тараудан және 53 баптан тұрады. Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.

  • Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынандай негiзгi ұғы...

    21 слайд

    Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
          Осы Заңда мынандай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
          1) баланың) бала - он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам; 
          2 заңды өкiлдерi - ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиелеушiсi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың орнында қамқорлық жасайтын, бiлiм, тәрбие беретiн, баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын адамдар;

  • 3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуiне...

    22 слайд


    3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;
    4) жетiм бала – ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
    5) мүгедек бала – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;

  • 6) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен мүддесiн қорғау...

    23 слайд

    6) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен мүддесiн қорғаудың құқықтық нысаны;

    7) қамқоршылық – он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалардың құқығы мен мүддесін қорғаудың құқықтық нысаны;

    8) патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиелеушiсi) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегi тәрбиенің нысаны;
    9) баланың әлеуметтiк бейiмделуi – өмiрлiк қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мiнез-құлық ережелерiмен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтiк ортаның жағдайларына белсендi түрде бейiмделу процесi, сондай-ақ басынан кешiрген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесi;



  • 10) бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – б...

    24 слайд

    10) бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, балаларды әлеуметтiк қолдауды, әлеуметтiк-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтiк, әлеуметтiк-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызмет көрсетулер мен материалдық көмек көрсетудi, өмiрдегi қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабiлеттi жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудi жүзеге асыратын ұйымдар;

    11) мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар – мемлекет белгiлеген әлеуметтiк қызмет көрсетулердi, нормалар мен нормативтердi қамтитын, балалар өмiрiнiң сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi көрсеткіштер;

    12) өмiрде қиын ахуалға тап болған балалар – қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тiршiлiк етуi бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетiмен немесе отбасының көмегiмен еңсере алмайтын балалар.


  • Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, құқық бұзылуының ұғымдарымен...

    25 слайд

    Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек, ондай болса біз қандай құқықтарымыз бар екенін көрейік.

  • 8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке...

    26 слайд

    8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы

    9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы
    Әрбiр бала туған сәтiнен бастап аты, әкесiнiң аты, тегi, ұлты және азаматтығы болуына құқылы, ал Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқылы.

  • 10-бап
1. Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір қасиет...

    27 слайд



    10-бап
    1. Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
    2. Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оның тәнін және жанын жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден, баланы қылмыстық әрекеттерге және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, оның құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлеріне қорғауды жүзеге асырады.

  • 11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге ар...

    28 слайд

    11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
    1. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар.

    12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
    1. Әрбiр баланың дене бiтiмінің, психикасы мен жан дүниесiнің толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар.

  • 13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
 1. Әрбiр баланың заңмен белгiленген тәрт...

    29 слайд



    13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
    1. Әрбiр баланың заңмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға құқығы бар. Балаға алименттер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтiк төлемдер ретiндегi тиесiлi сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билiк етуiне келiп түседi және олар баланы күтiп-бағуға, оған бiлiм беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады.
    2. Әрбiр баланың заңдарда белгiленген тәртiппен өз бетiнше немесе өзiнiң заңды өкiлдерi арқылы мәмiлелер жасауға, банктерде салымы болуға және жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кiрiстерiне және интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне билiк етуге, өзге де мүлiктiк құқықтарды иемденiп алуға және оларды жүзеге асыруға құқығы бар.
    Ата-аналар немесе заңды өкiлдер баланың жәрдемақысын немесе материалдық көмек ретiнде мемлекет бөлген ақшалай қаражатты баланың атына банкке салуға құқылы.
    3. Әрбiр баланың өзi тапқан табысқа, өзi сыйға немесе мұра ретiнде алған мүлiкке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.
    Өз еңбегiмен табыс табатын бала, егер ол ата-анасымен бiрге тұратын болса, отбасын асырауға жұмсалатын шығындарды бөлiсуге қатысуға құқылы.
    Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады.

  • 15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар жә...

    30 слайд

    15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы
    1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
    16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
    1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.
    2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi.
    17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы
    18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу
    19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы



  • 34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу 
1. Мемлекет балалардың Қазақста...

    31 слайд

    34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу
    1. Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерiмен, рухани қазыналарымен және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiмен танысуына мүмкiндiк жасайды.
    2. Мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабiлетiн дамыту үшiн ұйымдар құруды, кино және бейнефильмдер, теледидар және радио хабарларын шығаруды, балаларға арналған газеттер, журналдар, кiтаптар басып шығаруды көтермелейдi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.
    3. Порнографияны, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты дәрiптейтiн, адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететiн және құқық бұзушылыққа ықпал ететiн бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиеттi, ойын-сауық және басқа iс-шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады.

  • 36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау 
1. Мемлекеттiк орга...

    32 слайд

    36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау
    1. Мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтiретiн әлеуметтiк ортаның, ақпараттың, насихат пен үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi.
    2. Салауатты өмiр салтын насихаттау мен балаға құқықтық бiлiм берудi мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бiрi деп таниды.
    3. Қылмыстың, зорлық - зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттiң салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтiру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi көмек көрсетiлуге тиiс.

  • 39-бап. Бала және қоғамдық ақпарат құралдары 
1. Балаларға арнап нәсiлдiк, ұл...

    33 слайд

    39-бап. Бала және қоғамдық ақпарат құралдары
    1. Балаларға арнап нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни өшпендiлiктi өршiтуге бағытталған, тектiк-топтық ерекшелiктi, соғысты насихаттайтын, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге және Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулерi, порнографиясы бар немесе баланың рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтiретiн ойыншықтарды, кинофильмдердi, дыбыс- және бейнежазбаларды көрсетудi, сатуды, сыйға тартуды, көбейтудi және прокатқа берудi жүзеге асыруға, әдебиеттердi, газеттердi, журналдарды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады.
    2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.

  • 48-бап. Бала жауапкершiлiгiнiң ерекшелiктерi 
1. Құқыққа қарсы әрекет жасаған...

    34 слайд

    48-бап. Бала жауапкершiлiгiнiң ерекшелiктерi
    1. Құқыққа қарсы әрекет жасаған бала Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
    2. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар жаза түрiн белгiлеу кезiнде баланың өмiр сүру мен тәрбиелену жағдайын, психикалық даму деңгейiн, жеке басының өзге де ерекшелiктерiн, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалын ескеруге тиiс

  •  20-бап. Баланың мiндеттерi
      Әрбiр бала Қазақстан Республикасының 
 Конс...

    35 слайд

     20-бап. Баланың мiндеттерi
    Әрбiр бала Қазақстан Республикасының
     Конституциясын  және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

  • Қортынды:Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан 
§     Мемлекет әрбір...

    36 слайд

    Қортынды:Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан
    §     Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;
    §     Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
    §     Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
    §     Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
    §     Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
    §     Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
    §     Әрбір баланың ой – пікір, ар -  ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
    §     Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
    §     Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
    § Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
     

  • ҚР Еңбек кодексi N 251 15.05.2007 жылғы 179-бап Он сегiз жасқа толмаған қы...

    37 слайд


    ҚР Еңбек кодексi N 251 15.05.2007 жылғы 

    179-бап Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар
    1. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiн ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтiруi мүмкiн жұмыстарда (ойын бизнесi, түнгi ойын-сауық мекемелерiндегi жұмыс, алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру, тасымалдау мен сату) қолдануға тыйым салынады.
    180-бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексерулер
    Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шарттары алдын ала мiндеттi медициналық тексеруден кейiн ғана жасалады. Одан әрi қызметкерлер он сегiз жасқа толғанға дейiн жыл сайын мiндеттi медициналық тексеруден өтуге тиiс

  • 181-бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы
О...

    38 слайд

    181-бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы
    Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлерге: 1) он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн - аптасына 24 сағаттан аспайтын; 
    2) он алты жастан он сегiз жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын; 
    3) бiлiм беру мекемелерiнде оқитын және оқу жылы iшiнде оқуды жұмыспен қатар алып жүретiн он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi оқушыларға - күнiне 2,5 сағат, он алты жастан он сегiз жасқа дейiнгi оқушыларға күнiне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi.

  • 30-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берiлетiн жас мөлшерi 
 1. Он алты жасқа то...

    39 слайд

    30-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берiлетiн жас мөлшерi
     1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол берiледi. 
    2. Ата-анасының бiреуiнiң, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келiсiмiмен:
    1) орта бiлiм беру ұйымында негiзгi орта, жалпы орта бiлiм алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен;
    2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтiрмейтiн және оқу процесiн бұзбайтын жұмысты орындау үшiн, он төрт жасқа толған оқушылармен;
    3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершiлiк тұрғысынан дамуына нұқсан келтiрмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшiн, осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкiн.

  • «Біліп жүрейік!»   
1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні 
20-қараша –...

    40 слайд

    «Біліп жүрейік!»  
    1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні
    20-қараша – дүниежүзілік балалар күні
    10-желтоқсан – адам құқығы күні
    10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады
    1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды
    1979ж – халықаралық балалар жылы өтті
    20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
    28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
    8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті
    30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды
     

  • Қамқоршыларға, сіздер үшін!1. Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың
     мора...

    41 слайд

    Қамқоршыларға, сіздер үшін!
    1. Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың
    моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.
    2. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында
    толық келісім болуға тиіс.
    3. Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық
    атаулының бәрін, оның үлгілі болуға
    тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
    4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін
    оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.

  • 5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю  рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойы...

    42 слайд

    5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.
    6. Ересектер балаларды күн сайын сипайылық-
    қа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділ-
    дікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.
    7. Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың ал-
    ғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ
    барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға
    ұмтылуы.

    Қамқоршыларға, сіздер үшін!

  • 8. Үй ішіндегі татулық күйеуіне де, әйелге де 
    байланысты. Оның бірінші ш...

    43 слайд

    8. Үй ішіндегі татулық күйеуіне де, әйелге де
    байланысты. Оның бірінші шарты - өзара сенім,
    құрмет, өзара түсіністік және, әрине сыпайы,
    әдепті мінез-құлық.
    9. Сыпайылық және әдептіліктің ережелерін
    сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдай –
    да екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негіз –
    делмеуге тиіс.
    10. Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі
    билей білу керек.
    8. Үй ішіндегі татулық күйеуіне де, әйелге де
    байланысты. Оның бірінші шарты - өзара сенім,
    құрмет, өзара түсіністік және, әрине сыпайы,
    әдепті мінез-құлық.
    9. Сыпайылық және әдептіліктің ережелерін
    сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдай –
    да екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негіз –
    делмеуге тиіс.
    10. Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі
    билей білу керек.
    Қамқоршыларға, сіздер үшін!

  • Назарларыңызға 
көп-көп рахмет!

    44 слайд

    Назарларыңызға
    көп-көп рахмет!

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Бала құқығы.docx

І. Сабақтың тақырыбы:    Бала құқығы

ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету.
ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Бала құқығы деп жазылған тақырыптың аты. Балалар құқығы тураы Конвенция, Қ. Р. Балалар құқығы туралы заңы.
IV. Сабақтың жүрісі:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Ана өз баласын тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, жарық дүниеге әкеледі. Жаңа дүние есігін ашқан баланың алғашқы әрекеті қандай болады? Иә, ол жылап дүниеге келеді екен. Неге бала өмірге келген сәтінде жылап туады. Жаңа өмір әлемін көрген бала жылау арқылы өзінің бойындағы қорқынышын, қорғансыздығын білдіреді. Ол тоғыз ай бойы ана құрсағында жылулықты, жайлылықты, қорғанысты бірге бірге дүрсілдеп соққан жүректі сезінді.
Ал өмірге келгенде ананың дүрсілдеген жүрегі алыстады, қорғаныс аясы шеттеді; осы қорқыныштарын сәби жылауы арқылы көрсетіп, өмірге келген сәтте - ақ өзіне назар аударғанды қалайды. Бала жылағанда біріншіден ана, кейін басқа айналадағы адамдар оған зейіндерін қойып, назарларын аударып, уатады. Жылағанда назар аударатын сәби бейсаналы түрде ұғып, осы позицияны есінде, сақтап қалады. Кейінгі өмірде өзіне назар аударту үшін ол тағыда осы әдіске жүгінеді.

Жасөспірім кезінде бала өзіне назар аудартуды жылау арқылы көрсете алмайды., себебі ол ұят нәрсе. Жасөспірім кезінде бала өзгере бастайды. Бұрын ашық бала, жарқын мінезді, белсенді болып, енді тұйықталса, ойы басқа да болып, уайымшыл күй кешсе, ұйқысы қашып, тәбеті болмаса т. б. балада қандайда бір мәселе туындаған болу керек.
Бала болса да қазіргі кезеңде әрбір баланың мүмкін болғанша отбасында өмір сүруі мен тәрбиеленуге құқығы бар. Ал ата - анасы қайтыс болған, ата - ана құқығынан айырылған жағдайда оларға мемлекет тарапынан қорғаншы және қамқоршы орган тағайындалады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бала құқығы тақырыбына арналады.

Сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін мынадай сұрақтарға жауап береміз:
1) Бала құқығы дегенге қалай түсінесің?
2) Баланың қандай құқықтары бар?
3) Бала құқығын қорғалуына жауапты адамдарды ата?
4) Бала құқығына байланысты қандай заңдарды білесің?
Оқушылар өз білгендеріңше сұрақтарға жауап береді.
Әрі қарай мұғалім оқушылардың айтқан жауаптарын толықтырады.
1989 жылы БҰҰ қабылданған «Бала құқығы туралы Конвенциясы» заңнамасымен, 2002 жылы 8 тамызда қабылданған « Қ. Р. Бала құқықтары туралы Заңымен» таныстырады.
Қ. Р. Бала құқығы туралы заңының «Балалардың құқықтары мен міндеттері» атты тарауындағы балалардың негізгі құқықтарымен таныстырып өтеді.

- Сонымен қатар елімізде бала құқығының сақталмауы, яғни бұзылуына байланысты келеңсіз оқиғаларда кездеседі. Солардың бірімен танысайық. Сіздерге ақпарат құралдарында жарияланған «Темірланның хатымен» таныстырғым келеді.
«Темірланның хаты»
«Сәлемәтсіз бе, құрметті редакция!
Сізге хат жазып отырған Ақтау қаласында тұратын, 6 - сыныпта оқитын Асанбаев Темірлан деген баламын. Жасым 12-ге келсе де, өмірдің басыма түскен ауыр жағдайлар қолыма қалам алғызып, сіздерге хат жазуға мәжбүр етті. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын мен де өз отбасыммен бақытты өмір сүріп, бақытты балалық шағымда бастан кешіріп жаттым. Бірақ өмірім бір мезетте алай - дүлей боран соққандай өзгеріп сала берді. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын Ақтау қаласында өзіміздің тұрып жатқан үйіміз де болды. Сол үйде әке, шешем және өзімнен басқа 2 інім, 2 қарындасыммен бірлесіп, өмір сүрген бақытты отбасы едік. Өкінішке орай, әкем үйімізді банкке қойып, несиеге 40 мың доллар ақша алып, қарызға кірдік. Көп ұзамай белгісіз себептерге байланысты әкеміз бізді тастап кетті. Анамыз бес баламен қалып, екі жерде жұмыс жасап, аянбай еңбек етті. Әрине оның тапқан азғантай ақшасы бізге әзер жеткенімен, несие төлеуге қайдан жетсін. Уақытында төлеуге тиіс несиеміз де төленбей, ақыры ақпан айында үйімізден айырылдық. Қыстың қақаған күні жылап - сықтаған балалардың көз жасына қарамай, сот орындаушылары үйімізден қуып шықты. Амалсыз қала сыртындағы дачадағы 1 - бөлмелі сарайды паналауға мәжбүр болдық. Күнделікті асқа жарымағандықтан, мен де мектептегі сабағыма баруды қойдым. Өзімнен екі жас кіші інімді ертіп, көшеге шығып, машиналардың аяғын жууға шықтым. Жұмысымыз үшін 100 теңге алып, күніне 500 теңге, кейде 1000 теңге тапсақ, мәз болып үйге жүгіреміз. Үйде екі көзі төрт болып күтіп отырған інім мен қарындастарымызға нан, жейтін тамағын аламыз.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды дегендей, мен де сабаққа баруды осылай қойдым. Менің қазіргі уақыттағы басты мақсатым: «Оқу, білім алу емес, балалары үшін еңбек етіп жүрген анама көмектесу. Туған бауырларыма күнделікті тамағын тауып беру»
Әкемнен ешқандай көмек те жоқ, хабар да жоқ.
Мен тек өзіме сенемін. Анама сенемін.
Аш болсам да, тоқ болсам да өз отбасыммен бірге болғым келеді.
Құрметті редакция! Осы хатымды жолдай отырып, жағдайымды айта отырып, сіздерден ақыл - кеңес сұраймын. Маған қандай ақыл - кеңес берер едіңіздер.
Сәлеммен Темірлан.»

- Ал балалар, Осы хатты жазып отырған Темірланға қандай сипаттама берер едің?
Темірланның осы басына түскен ауыр жағдайына кімдер кінәлі?
Өздеріңмен қатар Темірлен атты балаға қандай ақыл - кеңес берер едіңдер?
Балалар, әркім өз атына Темірланға хат жазып, жүректер шыққан сөздерімізді қағаз бетіне түсірейік.

«Темірланға хат» жазу. Оқушыларға 5 - 6 мин уақыт беріп, өз ойларын қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік беру.
Сабағымызды қорытындылау үшін оқушылар арасынан өздерінің жазған хатын оқуға тілек білдірген оқушыларға жазған хатын оқыту.
Мұғалімнің қорытынды сөзі. Бала құқығы үнемі елімізде сақталсын. Балаларымыз ешқашан қиындық көрмей, бақытты балалық шағында оқып, білім алып, еліміздің абзал азаматтары болсын деп тілеймін.

 

 

 

«Үшағаш негізгі орта мектебі» коммуналдықмемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

Тәрбие сағаты:

Бала құқығы

6-сынып

 

 

 

 

Сынып жетекшісі: Н.Губайдуллина

 

 

 

 

2015-2016 оқужылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты: "Бала құқығы" 6 класс"

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Бала құқығын қорғау.pptx

Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты: "Бала құқығы" 6 класс"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 1 слайд

  • 2 слайд

  • Баладан  шуағымызды
 аямайықСонда ғана  бала бақытты болады

    3 слайд

    Баладан шуағымызды
    аямайық
    Сонда ғана бала бақытты болады

  • Баланы ел болып 
қорғасақ қана ...Бала потриот, елжанды, отансүйгіш, ұлтшыл...

    4 слайд

    Баланы ел болып
    қорғасақ қана ...
    Бала потриот, елжанды, отансүйгіш, ұлтшыл
    боладып өседі

  • 5 слайд

  • 6 слайд

  • Баланың бақыты да, 
байлығы да -  отбасы

    7 слайд

    Баланың бақыты да,
    байлығы да - отбасы

  • 8 слайд

  • 9 слайд

  • 10 слайд

  • 11 слайд

  • Бала өз денсаулығын қорғауға  құқылы

    12 слайд

    Бала өз денсаулығын қорғауға құқылы

  • Бала өз еркімен білім
 алуға құқылы Баланың мектептегі барлық
 құқығы қорғалған

    13 слайд

    Бала өз еркімен білім
    алуға құқылы
    Баланың мектептегі барлық
    құқығы қорғалған

  • Қандай да бір қылмыс үшін немесе 
 құқық бұзушылықтар үшін
 бала сотталмайды,...

    14 слайд

    Қандай да бір қылмыс үшін немесе
    құқық бұзушылықтар үшін
    бала сотталмайды,
    жауапқа тартылмайды,
    айып пұл салынбайды.
    Бірақ оның орнына балаға дұрыс тәрбие бермегені үшін, қадағаламағаны үшін ата-ана сотталуы мүмкін немесе іс деңгейіне қарай жауапқа тартылып, айып салынуы мүмкін.

  • 15 слайд

  • 16 слайд

  • 17 слайд

  • Мүмкіндігі шектеулі 
балалардың құқығы
 қорғалады.

    18 слайд

    Мүмкіндігі шектеулі
    балалардың құқығы
    қорғалады.

  • 19 слайд

  • фотогалерея

    20 слайд

    фотогалерея

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ ҚР бала құқығы туралы конвенция.docx

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы

·         Мәтін

·         Ресми жарияланым

·         Ақпарат

·         Өзгерістер тарихы

·         Сілтемелер

·         Екі тілде

·         Көшіру

·         Қағазға шығару

Жинақталған:

·         МАЗМҰНЫ

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "заң актілеріне", "заң актілерінде", "заң актілерімен" деген сөздер тиісінше "заңдарына", "заңдарында", "заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
      
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;
      2) бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
      3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, өмірде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар;
      4) баланы әлеуметтік оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөніндегі іс-шаралар;
      5) баланың әлеуметтік бейімделуі – өмірде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;
      6) баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;
      7) баланы экономикалық жағынан қанау – бұл бала еңбегінің ең нашар нысандары, оның ішінде кәмелетке толмағандармен сауда жасау, оларды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға, жезөкшелікпен айналысуға, порнографиялық суреттер шығаруға немесе кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту, сондай-ақ жұмысқа қабылдау үшін Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгіленген ең төменгі жастан кіші балалардың еңбегі;
      8) жетім бала – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
      9) қамқоршылық – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
      10) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
      11) мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар – мемлекет белгілеген әлеуметтік қызметтер көрсетудің, нормалар мен нормативтердің ең төменгі көлемін қамтитын, балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер;
      12) мүгедек бала – тіршілік етуінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегіз жасқа дейінгі адам;
      13) патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам (патронат тәрбиелеуші) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегі тәрбиенің нысаны;
      14) өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар – қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар; арнаулы білім беру ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы балалар.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Осы Заңның қолданылуы

      1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын бала, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.

      2. Осы Заңның баланың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормаларының күші кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық әрекетке қабілеттілігін толық көлемінде алған балаларға қолданылады.
      
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасының баланың 
             құқықтары туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнентұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттағы оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      4-бап. Балалардың тең құқықтылығы

      1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.

      2. Некеден де және некесіз де туған балалар тең әрi жан-жақты қорғауды пайдаланады.
      
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды.
      
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ

      6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк 
             саясаттың мақсаттары

      1. Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының мақсаттары:

      1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол бермеу;

      2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру;

      3) бала құқықтары кепілдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру;

      4) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкіндiктерiн ашуға жәрдемдесу;

      5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк органдар қызметiнiң басым саласы болып табылады және:

      1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге;

      2) балаларға толымды тәрбие берудi, олардың құқықтарын қорғауды оларды қоғамда толымды өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттiк қолдауға;

      3) аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеуге және сақтауға;

      4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған зиян келтiргенi үшiн лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;

      5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттiк қолдауға негiзделген.

      7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi 
              атқарушы органдарының мемлекетте баланың
              құқықтарын қорғау мәселелерi жөніндегi
              өкiлеттiктерi

      1. Орталық атқарушы органдардың баланың құқықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерiне: 
      1) балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың негiздерiн талдап жасау;
      2) 
алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) өз құзыретi шегiнде баланың құқықтары мен бостандықтарын реттеу және қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;
      4) балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу;
      5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен балалар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
      6) баланың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттің халықаралық мiндеттемелерiн орындау және халықаралық ұйымдарда мемлекет мүддесiн білдiру;
      7) 
алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      8) 
алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 
      2.
 Алынып тасталды
      3. Жергiлiктi атқарушы органдардың бала құқықтары кепiлдiктерiн жүзеге асырудағы өкiлеттiктерiне:
      1) 
алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;
      3) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
      4) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
      4-1) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
      5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының 
заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.      
      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13, (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

      8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы

      1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.

      2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.

      3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:

      1) баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау;

      2) балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру;

      3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк қолдау;

      4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу;

      5) бiлiктi медициналық көмек көрсету;

      6) баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау;

      7) балалар үшiн сапасы тиiстi деңгейдегі тағам өнiмдерiнің өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етiледi.

      4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi.

      5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп-жетілуіне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.
      
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға 
             құқығы

      Әрбір бала туылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелуге тиіс. Туылған кезінен бастап оның аты, әкесінің аты және тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқығы, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқығы бар.
      
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, 
              қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға 
              құқығы

      1. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар.

      2. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады.

      11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, 
              ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы

      1. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар.

      2. Мемлекеттiк органдар балалардың жеке адами тұлғасын, олардың шығармашылық бейiмдiлiгiн, әлеуметтiк белсендiлiгiн, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамытуды, олардың интеллектуалдық меншiгiн қорғауды, балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған табиғи ортаны, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауды өзiне мақсат тұтатын, қайырымдылық iстерiне қатысатын, мәдени және спорттық өмiрге қатысуға тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдарға жәрдемдеседi.

      12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы

      1. Әрбiр баланың дене бiтiмінің, психикасы мен жан дүниесiнің толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар.

      2. Мемлекет бұл жағдайлардың жасалуын әлеуметтік және экономикалық шаралар жүйесi арқылы қамтамасыз етедi.

      13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары

      1. Әрбiр баланың заңмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға құқығы бар. Балаға алименттер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтiк төлемдер ретiндегi тиесiлi сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билiк етуiне келiп түседi және олар баланы күтiп-бағуға, оған бiлiм беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады.

      2. Әрбiр баланың заңдарда белгiленген тәртiппен өз бетiнше немесе өзiнiң заңды өкілдері арқылы мәмiлелер жасауға, банктерде салымы болуға және жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кiрiстерiне және интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне билiк етуге, өзге де мүлiктiк құқықтарды иемденiп алуға және оларды жүзеге асыруға құқығы бар. 
      Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың жәрдемақысын немесе материалдық көмек ретiнде мемлекет бөлген ақшалай қаражатты баланың атына банкке салуға құқылы.

      3. Әрбiр баланың өзi тапқан табысқа, өзi сыйға немесе мұра ретiнде алған мүлiкке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар. 
      Өз еңбегiмен табыс табатын бала, егер ол ата-анасымен бiрге тұратын болса, отбасын асырауға жұмсалатын шығындарды бөлiсуге қатысуға құқылы. 
      Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесілі мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық 
заңдарыменайқындалады.

      14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы

      1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.
      2. Білім беру ұйымдарындағы, медициналық және басқа да ұйымдардағы, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдардағы, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі жетiм бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын caқтайды, ал құқығы болмаған жағдайда олардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй алуға құқығы бар.
      Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй жетiм балаларда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларда олар білім беру ұйымдарында, медициналық және басқа да ұйымдарда, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдарда, қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде болған кезеңде олар кәмелетке толғанға дейін сақталады.
      3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның iшiнде жетiм балаларды оларға басқа тұрғын үй берiлмейiнше, тұрып жатқан тұрғын үйінен шығаруға болмайды.
      4. Осы баптың 
2-тармағында аталған балалардың тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.
      5. Он төрт жасқа толмаған жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың тұрғын үйін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасауға немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз пайдалануға тапсыру немесе кепілге қою бойынша мәмілелер, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан үлес бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелер жасасуға жол берілмейді.
      
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 126-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз
                 қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды
                 қамтамасыз ету

      1. Жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін есепке алуды жүргізеді және оның сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      2) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастырылғанға дейін олардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз етеді;
      3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық белгiлейдi.
      2. Баланың заңды өкілдері жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз етеді.
      Баланың заңды өкілдері қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімімен, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін Қазақстан Республикасының Үкіметі 
бекітетінүлгі шарт негізінде жалдауға (қосымша жалдауға) бере алады.
      Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған ақша жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың банктік шотына есептелуге жатады.
      Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі 
бекітеді.
      Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары:
      1) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін есепке алу;
      2) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық белгілеу;
      3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалдауға (жалға) тапсыру;
      4) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерді орындауын бақылауды жүзеге асыру тәртібін қамтиды.
      3. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары және баланың заңды өкілдері жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының 
заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
      
Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 126-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы

      1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.

      2. Тегiн жалпы орта бiлiм немесе техникалық және кәсіптік бiлiм алғанға дейiн баланы мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнен шығару, шығарудың жалпы тәртiбiн сақтаумен қатар тек қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкiн.

      3. Арнаулы педагогикалық тәрбиенi қажет ететiн кемтар балаларға мемлекеттiк бюджеттен белгiленген стандарттар деңгейiнде олардың бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша қаражат бередi.

      4. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiнің күтiп-бағу шығынын толық немесе iшiнара көтередi. Олардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк көмектің мөлшерлерi мен көздерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы

      1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.

      2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi.

      3. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртiбi және олардың еңбегін реттеудің басқа да ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленедi.

      4. Баланы оның денсаулығына қауіп төндіруі немесе білім алуына кедергі келтіруі не оның денсаулығына және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.05.15 № 253, 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы

      Әрбір баланың экономикалық қанаудан қорғалуға құқығы бар.
      
Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы

      1. Мемлекеттiк көмек оны алуға құқығы бар әрбiр балаға тағайындалады. Мемлекеттiк көмектің мөлшерi және оны көрсетудің шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның iшiнде жетiм балалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық мемлекеттiк қамсыздандырылуда болады.

      3. Мемлекеттiк органдар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбiр балаға, қорғаншылық немесе қамқоршылық нысанына қарамастан, бiрдей материалдық және өзге де жағдайларды қамтамасыз етедi.

      18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды 
              белгiлеу

      1. Балалардың мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар негiзiнде жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар әлеуметтiк қызмет көрсетулер бойынша белгiленген ең төменгi көлемде мыналарды:

      1) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес кепiлдiк берiлген, жалпыға бiрдей қолжетiмдi тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм мен конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм берудi;

      2) балаларға тегiн медициналық қызмет көрсетудi, оларды тамақтандырудың ең төменгi нормаларына сәйкес тамақтандыруды қамтамасыз етудi;

      3) он бес жасқа толған балалардың кәсiби бағдарлау, қызмет саласын таңдау, жұмысқа орналасу, еңбегiнің қорғалу, еңбегiне ақы төлену құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кепілдi қамтамасыз етудi;

      4) балаларға әлеуметтiк қызмет көрсету, оларды әлеуметтiк қорғау, соның iшiнде туылуы мен тәрбиеленуiне байланысты, балалары бар азаматтарға мемлекеттiк жәрдемақы төлеу жолымен кепiлдi материалдық қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өмiрлiк қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк бейiмдеу және әлеуметтiк оңалту жөнiндегi шараларды;

      5) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығын қамтамасыз етудi;

      6) балаларды сауықтыру мен олардың демалысын ұйымдастыруды, соның iшiнде төтенше жағдайларда, сондай-ақ экологиялық жағынан қолайсыз және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сондай деп танылған аумақтарда тұратын балаларды сауықтыруды ұйымдастыруды;

      7) бiлiктi заң көмегiн көрсетудi қамтиды.

      3. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар олардың өмiр сүру жағдайларындағы аймақтық айырмашылықтар ескерiле отырып айқындалады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың органдары қосымша әлеуметтiк стандарттар белгiлей алады.

      4. Тиiстi бiлiм беру ұйымдарындағы, арнаулы оқу-тәрбие ұйымдарындағы, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарындағы немесе өзге де мекемелер мен ұйымдардағы балалардың өздерiне ұсынылған қызмет көрсетулердiң мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарға сәйкестiгін мезгiл-мезгiл бағалап отыруға құқығы бар. 
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға 
              құқығы

      1. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы.

      2. Ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар өздерiнiң қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне сәйкес баланың күтiлуi мен жан-жақты дамуына қажеттi өмiрлiк жағдайларды қамтамасыз етедi.

      3. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын пайдаланатын өзге де ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлердi құрады және оларды қолдап отырады.

      4. Мемлекет балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.
      5. Балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытты өткізетін өзге де ұйымдарында, лагерьлері мен санаторийлерінде құдайға құлшылық етуді, дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге, сондай-ақ діни ілімдерді таратуға бағытталған іс-әрекеттерге жол берілмейді.
      
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.10.11  № 484-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      

      20-бап. Баланың мiндеттерi

      Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

4-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ

      21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену 
              құқығы

      Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.
      
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары

      Әрбір бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие.
      
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк 
              қолдау

      Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек беру арқылы қолдау көрсетедi.
      
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және 
              асырау жөніндегi мiндетi

      1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері өздерiнің қабiлетi мен қаржы мүмкіндiктерi шегiнде баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.

      2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндеттi.

      25-бап. Баланың ата-анасымен бiрге тұру құқығы

      1. Баланың өз ата-анасымен немесе басқа да заңды өкілдерiмен бiрге тұруға құқығы бар.

      2. Баланың, ата-анасының немесе заңды өкілдерiнiң ықтиярынсыз баланы ата-анасынан немесе заңды өкілдерiнен айыруға тыйым салынады. Оларды айыру туралы шешiмдi ерекше жағдайларда және баланы қорғау мақсатында қандай дәрежеде қажет болуына қарай сот қана қабылдайды.

      3. Ата-анасы бiр-бiрiнен бөлек тұрған жағдайда баланың тұратын жерi ата-анасының келiсiмiмен, ал ол болмаған жағдайда, ата-аналар арасындағы дау сот арқылы шешiледi. Бұл орайда сот бала ата-анасының жеке қасиеттерi мен жағдайларын, сондай-ақ баланың мүдделерi мен пiкiрiн ескередi.

      26-бап. Баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен 
              қарым-қатынас жасау құқығы

      1. Баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар.

      2. Бала құқығын шектеуге байланысты туындаған, осы бапта көзделген даулар сот тәртiбiмен шешiледi.

5-тарау. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ 
ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

      27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат

      1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға оның мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғаншылық, қамқоршылық немесе патронат белгіленеді.

      2. Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға белгiленедi, ал қамқоршылық он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға белгiленедi.

      3. Жергiлiктi атқарушы органдар қорғаншылық және қамқоршылық органдары болып табылады.

      4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның iшiнде тәрбиелеушi, емдеушi немесе басқа мекемедегi балаға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес патронат белгiленуi мүмкiн.

      5. Аға-інілері және апа-сіңлілері бар балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген жағдайда, олардың бірге тұруы үшін жағдай жасалады.
      
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-бап. Бала асырап алу

      Отбасында өсiріп-жетiлдiру мен тәрбиелеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырап алуға берiлуi мүмкін.      

      29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты 
              өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу

      1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оны отбасында тәрбиелеуге беруге мүмкіндiк болмаған жағдайда, тәрбиелейтiн, емдейтiн немесе сол сияқты өзге де балалар мекемелерiне орналастырылуға тиiс.

      2. Балаға тиесiн алимент, жәрдемақы және басқа әлеуметтiк төлемдер оның банк шотына аударылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен төленедi.

      3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелердегi балаға отбасылық тәрбиеге жақындатылған жағдай жасалады. Баланың күтіп-бағуды пайдалануға, тәрбие, бiлiм алуға, жан-жақты дамуға, ар-ожданы мен қадiр-қасиетінің құрметтелуiне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуiне, ана тiлінiң, мәдениетiнiң, ұлттық әдет-ғұрпы мен дәстүрiнің сақталуына құқығы бар.

      4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетiн, емделетiн және сол сияқты өзге де мекемелердiң аталған мекемелердегi балаларға қатысты педагогикаға жат немесе азғындық әрекеттер жасаған қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және соған ұқсас басқа да мекемелердегi баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды, оның жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айрылған жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес пайдалануға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беріледi. 
       
Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.11. № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегi 
              функцияны жүзеге асыратын ұйымдар

      1. Балалар үйлерiне туғаннан бастап үш жасқа дейінгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды Балалар үйiнде уақытша күтіп-бағу үшiн арнаулы бөлiмше ашылады.

      Мамандандырылған Балалар үйлерiне туғаннан бастап төрт жасқа дейiнгi, психикасының және дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балалар қабылданады.

      Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына он бiр жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, мiнез-құлқы ауытқымалы балалар орналастырылады.

      Интернаттық ұйымдарға үш жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.

      Жалпы үлгiдегi жалпы білiм беретiн мектеп-интернатқа жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ күн көрiсi төмен және көп балалы отбасылардың алты жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, осы үлгiдегi ұйымдарда күтіп-бағылуға қайшы келетiн медициналық көрсеткiштерi жоқ балалар қабылданады. Интернаттық ұйымдар кәмелетке толмағандарға тұратын орын бере отырып, тәрбиелеуге, бiлiм беруге және күтiп-бағуға мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз етедi.

      Ақыл-есi кем балаларға арналған интернат-үйлерге төрт жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, күтіп-бағуды, медициналық, тұрмыстық қызмет көрсетудi және әлеуметтiк-еңбекке бейiмделудi қажет ететiн балалар қабылданады.

      Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарына он сегiз жасқа дейiнгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарына қабылдаудың және оларды күтiп-бағу жағдайының тәртiбi Қазақстан Республикасының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы заңнамасымен айқындалады.

      Балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкімшілігінің шешімі негізінде Жасөспірімдер үйінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады.

      Жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады.

      Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарына қадағалаусыз және қараусыз қалған үш жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi балалар олардың ата-аналарын немесе басқа заңды өкілдерiн анықтау үшiн қабылданады.

      Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар қабылданады.

      2. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға балаларды қабылдау және оларды күтiп-бағу талаптары, осы Заңмен белгiленбеген бөлiгiнде, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
      
Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 № 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. МҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

      31-бап. Мүгедек баланың толымды өмiрге құқықтары

      1. Мүгедек баланың қоғам өмiрiне белсене араласуына ықпал ететiн өз қадiр-қасиетiн қамтамасыз ету жағдайындағы толымды өмiрге денi сау балалармен бiрдей құқығы бар.

      2. Мүгедек бала өзiнің дене бiтiмiне, ақыл-ес қабiлетiне және тiлегiне сай бiлiм алуға, қызмет түрi мен кәсiптi таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға құқылы.

      3. Ақыл-есiнiң немесе дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларды қоса алғанда, мүгедек балалар мамандандырылған балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтiк көмек алуға құқылы.

      32-бап. Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы 
              мемлекеттiк кепiлдiктер

      1. Мемлекеттiк органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүгедек баланың денсаулық жағдайын, қажеттерi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, оны оқыту, кәсiптiк даярлау, лайықты жұмыс тауып беру және жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.

      2. Мүгедек балалардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, оларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi жеке жүзеге асыратын және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен жеңiлдiктер белгiленуi мүмкiн.

      33-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттiк көмек

      1. Мемлекет мүгедек балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық шаралар кешенiн жүзеге асырады.

      2. Мүгедек балаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк көмек Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      3. Мүгедек балаларды тәрбиелеушi және оларды күтiп-бағуды жүзеге асырушы ата-аналардың және басқа да заңды өкілдердің мемлекеттiк көмек алуға құқығы бар.

7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ

      34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу

      1. Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерiмен, рухани қазыналарымен және әлемдік мәдениет жетiстiктерiмен танысуына мүмкіндiк жасайды.

      2. Мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабiлетiн дамыту үшiн ұйымдар құруды, кино және бейнефильмдер, теледидар және радио хабарларын шығаруды, балаларға арналған газеттер, журналдар, кiтаптар басып шығаруды көтермелейдi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.

      3. Порнографияны, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты дәрiптейтiн, адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететiн және құқық бұзушылыққа ықпал ететiн бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиеттi, ойын-сауық және басқа iс-шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады.

      35-бап. Бала және дiн

      1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, бiлiм беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.

      2. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Балаларды дiнге тарту жөнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.

      36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан 
              қорғау

      1. Мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтiретiн әлеуметтiк ортаның, ақпараттың, насихат пен үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi.

      2. Салауатты өмiр салтын насихаттау мен балаға құқықтық бiлiм берудi мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бiрi деп таниды.

      3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi көмек көрсетiлуге тиiс.

      4. Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады.

      5. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген баланың тұрғын жайынан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуына тыйым салынады.
       
Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 176-IV, 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi 
              бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау

      1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi.

      2. Балаға алкоголь өнімін, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.

      3. Алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын өндiруде немесе сатуда бала еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.

      4. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет мекемелерiнде, сондай-ақ балаларға арналған iс-шараларды жүргiзу кезiнде шылым шегуге, темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.

      5. Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында алкоголь өнiмiн сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
      
Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      38-бап. Баланы есiрткi, психотроптық заттардан, сол
               тектестерден, күштi әсер ететiн немесе улы
               заттардан қорғау

      1. Бала есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, күштi әсер ететiн немесе улы заттарды тұтынудан, оларды дайындаудан, сатудан немесе өзге де таратудан қорғалуға тиiс.
      2. Баланы есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға тартқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.
      Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      39-бап. Баланы оның денсаулығына, имандылық және рухани
               жағынан дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау

      Ескерту. 39-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Балаларға арнап нәсілдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни өшпендiлiктi өршiтуге бағытталған, тектiк-топтық ерекшелiктi, соғысты насихаттайтын, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге және Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулерi, порнографиясы бар немесе баланың рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтiретiн ойыншықтарды, кинофильмдердi, дыбыс- және бейнежазбаларды көрсетудi, сатуды, сыйға тартуды, көбейтудi және прокатқа берудi жүзеге асыруға, әдебиеттердi, газеттердi, журналдарды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады.
      
Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.

      40-бап. Баланы жезөкшелiктен қорғау

      Баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      
Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      40-1-бап. Баланы оның денсаулығына, имандылық және рухани
                 жағынан дамуына зиян келтіретін өнімдер
                 айналымына тарту іс-әрекеттерінен қорғау

      Баланы порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді, өзге де заттарды не материалдарды дайындауға, жарнамалауға, көпшілік алдында көрсетуге немесе таратуға тарту, сол сияқты оларды балаға сату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      
Ескерту. Заң 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу

      Баланы соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартуға, балалардың әскерилендiрiлген құрамаларын құруға тыйым салынады.

      41-1-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау

      Қазақстан Республикасы, орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне қарамастан, балаларды заңсыз алып кетудің, ұрлап әкетудің, олармен сауда жасаудың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ оларды тұрақты тұратын еліне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.
      
Ескерту. Заң 41-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН 
ҚОРҒАЛАТЫН МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ

      42-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау

      Ескерту. 42-бап алынып тасталды - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      43-бап. Баланың заңды өкілдерi

      1. Баланың заңды өкілдерi барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда, оның iшiнде соттарда кез келген тұлғамен қарым-қатынаста, арнайы өкiлеттiксiз баланың (немесе баланы асырап алуы) туралы куәлiгi, ата-аналарының паспорты, қорғаншының жеке басының куәлiгi негiзiнде балаларға өкілдiк етудi және олардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының заңдарында кәмелетке толмағандардың дербес азаматтық, неке-отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастарға түсу және өз құқықтары мен мүдделерiн қорғау құқығы көзделген жағдайларды қоспағанда, он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн олардың заңды өкілдерi қорғайды.

      3. Тәрбиелеу, емдеу ұйымдарындағы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарындағы балаларға өкілдiк ету мен олардың мүдделерiн қорғауды осы ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға өкілдік ету мен оның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау уақытша, баланы отбасына немесе балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияны жүзеге асырушы ұйымға орналастырғанға дейiн қорғаншылық, және қамқоршылық органына жүктеледi.

      44-бап. Мемлекеттiк органдар және баланың құқықтарын 
              қорғау

      Балалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

      45-бап. Осы Заңды орындау кезiнде дауларды шешу тәртiбi

      Ескерту. 45-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ата-аналар (олардың орнындағы адамдар), сондай-ақ балаға бiлiм беру, оны тәрбиелеу, дамыту, оның денсаулығын сақтау, оны әлеуметтiк қорғау мен оған әлеуметтiк қызмет көрсету, оның әлеуметтiк бейiмделуіне, әлеуметтiк оңалуына жәрдемдесу жөніндегі қызметті және (немесе) ол қатысатын өзге де қызметті жүзеге асыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңындабелгiленген тәртiпте, баланың денсаулығына, мүлкiне келтiрiлген зиянды, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
      
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      46-бап. Қазақстан Республикасындағы балалардың 
              жағдайы туралы мемлекеттiк баяндама

      Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттiк баяндаманы балаларды қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады және ол ресми баспа басылымдарында жарияланады.
      
Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      47-бап. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың 
              құқықтарын қорғау

      1. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың өз мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.
      2. Баланың тұрып жатқан жерiндегі қорғаншы және қамқоршы органдар, босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерi ата-анасының не өзге де заңды өкілдерiнiң бар-жоқ екендігі және тұратын жерi туралы мәлiметтер алуға жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалық немесе бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.
      
Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      47-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі

      1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.
      2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында, арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында және осы қатысушылардың болуы (бұдан әрі – алдын ала болу) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарда болады.
      3. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқаушы комиссиялардың және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.
      4. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін үйлестіреді, ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.
      5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі 
айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      
Ескерту. Заң 47-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47-2-бап. Үйлестіру кеңесі

      1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.
      Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл құратын комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан сайлайды.
      2. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл:
      Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;
      ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін;
      алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін;
      алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;
      алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.
      3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің Азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.
      
Ескерту. Заң 47-2-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына
                 қойылатын талаптар

      1. Мынадай:
      1) 
заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;
      2) қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;
      3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
      4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері;
      5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
      2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
      
Ескерту. Заң 47-3-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары

      1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:
      1) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай ұйымдардың саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;
      2) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;
      3) алдын ала болуды құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;
      4) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке өзі немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесулер өткiзуге;
      5) алдын ала болуға жататын ұйымдарды кедергісіз таңдауға және оларда болуға;
      6) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарламалар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.
      2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болып табылады.
      
Ескерту. Заң 47-4-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының
                 міндеттері

      1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
      2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болуға жататын ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.
      3. Алдын ала болу жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының турашылдығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол алдын ала болуға қатысудан бас тартуға міндетті.
      4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарламалар мен шағымдарды Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.
      Қабылданған хабарламалар мен шағымдар Қазақстан Республикасының 
заңнамасында көзделген тәртіппен Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі.
      Қабылданған және берілген хабарламалар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала болу нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.
      5. Осы Заңның ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Қазақстан Республикасының 
заңдарындабелгіленген жауаптылықта болады.
      
Ескерту. Заң 47-5-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының
                 өкілеттіктерін тоқтату

      Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктері:
      1) осы Заңның ережелері бұзылған;
      2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;
      3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
      4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
      5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
      6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.
      
Ескерту. Заң 47-6-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47-7-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі

      1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болуы мыналарға бөлінеді:
      1) төрт жылда кемінде бір рет, ұдайы негізде жүргізілетін кезеңдік алдын ала болу;
      2) алдыңғы кезеңдік алдын ала болу нәтижелері бойынша ұсынымдарды іске асыру мониторингі, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесулер өткізген адамдарды алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан қудалаудың алдын алу мақсатында кезеңдік алдын ала болулар аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала болу;
      3) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала болу.
      2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала болу мерзімдерін және алдын ала болуға жататын ұйымдардың тізбесін айқындайды.
      
Ескерту. Заң 47-7-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47-8-бап. Алдын ала болу тәртібі

      1. Алдын ала болуды Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетінқағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.
      2. Алдын ала болу үшін топтар құру кезінде ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қатысты себептер бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды.
      3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала болуға жататын ұйымдар әкімшілігінің басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді жазбаша хабардар етеді.
      4. Әрбір алдын ала болудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысанда жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала болуды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді.
      
Ескерту. Заң 47-8-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл
                 сайынғы жинақталған баяндамасы

      1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала болу нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.
      2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына:
      уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар;
      Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар да енгізіледі. 
      Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала болу жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.
      3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.
      
Ескерту. Заң 47-9-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47-10-бап. Құпиялылық

      1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуге құқылы емес.
      2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      
Ескерту. Заң 47-10-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47-11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық
                  алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара
                  іс-қимылы

      1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына өздерінің заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.
      Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге құқылы емес.
      Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
      2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілді алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
      3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу нәтижелері бойынша есептері негізінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық істі қозғау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
      
Ескерту. Заң 47-11-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ 
МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      48-бап. Бала жауапкершiлігінің ерекшелiктерi

      1. Құқыққа қарсы әрекет жасаған бала Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      2. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар жаза түрiн белгiлеу кезiнде баланың өмiр сүру мен тәрбиелену жағдайын, психикалық даму деңгейiн, жеке басының өзге де ерекшелiктерiн, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалын ескеруге тиiс.

      49-бап. Баланың мiнез-құлқына әсер етудің ерекшелiктерi

      Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтiруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсiлдерiнде баланың адамдық қадiр-қасиетiне менсiнбей, қатал, дөрекi қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиiс.

10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР      

      50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары 
              туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілік

      1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      2. Ата-аналардың (олардың орнындағы адамдардың) міндеттерін орындаудан жалтаруы, сондай-ақ міндеттерін тиісінше орындамауы, ата-ананың перзентханадағы (оның бөлiмшесiндегі) немесе балаларды емдеу мекемесiндегi баласынан бас тартуы, балаларды қадағалаусыз қалдыруы, оларға қатыгездiкпен қарауы, оларды қанауы ата-аналық құқықтарынан айыруға немесе оларды ата-аналардың орнындағы адамдардан шектеуге әкеп соғады. 
      Баланы алып қойған кезден бастап балаға арналған жәрдемақы төлеу, сондай-ақ өзге де төлемдер соттың шешiмi бойынша тоқтатылады.

      3. Ата-ана (олардың орнындағы адамдар) балаларға арналған жәрдемақыларды және өзге де төлемдердi мақсатсыз пайдаланған жағдайда, егер бұл баланың мүдделерiне елеулi нұқсан келтiрсе, әлеуметтiк қорғау органдары, қорғаншы және қамқоршы органдар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар немесе прокурор бала мүдделерiне орай оған негiзсiз жұмсалған қаражатты өтеу туралы талап қояды. Сот арқылы өндiрiлген қаражат баланың банк шотына аударылады.

      4. Ата-аналық құқықтарынан айырылған ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылуына қатысты балаларға алименттер төлеу жөнiндегi мiндеттерден босатылмайды. 
       
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.11. № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      51-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының 
              бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын 
              iске асыруды үйлестiруi

      Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Балалар құқықтарын қорғау саласындағы орталық 
уәкiлеттi орган:
      1) бала құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделi уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiредi және бағыттайды;
      1-1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      1-2) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      2) 
алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) балалар өмiрi көрсеткiштерiнiң ең төменгi әлеуметтiк стандарттарын, нормалары мен нормативтерiн жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз етедi;
      4) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органдардың халықаралық ынтымақтастық iсiндегi қызметiн үйлестiредi.
      
Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      52-бап. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы
              мемлекеттік бақылау

      1. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған және оны уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады. 
      2. Жеке және заңды тұлғалардың баланың құқықтарын іске асыруға бағытталған қызметі баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады. 
      3. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 
Заңынасәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 
      Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс  енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды 
              жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен 
              ұйымдардың қызметiн үйлестiру

      Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының 
      Президенті

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты: "Бала құқығы" 6 класс"

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 320 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2016 12641
    • RAR 12.1 мбайт
    • 302 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Назипа Губайдуллина Нуртаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Назипа Губайдуллина Нуртаевна
    Назипа Губайдуллина Нуртаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67639
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 747 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 999 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе