Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАшық тәрбие шарасы "Аттандық бала шақтан-БОЛАШАҚҚА!"

Ашық тәрбие шарасы "Аттандық бала шақтан-БОЛАШАҚҚА!"

Скачать материал

Бастауышпен қоштасу мерекесі
Мұғалім сөзі:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Аттандық бала шақтан - болашаққа» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.


Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Төртінші
«а» сыныбын ортамызға!

 

Біздің сынып басшысы

Зарина болар қараңыз

Өткір де ер мінезіне

Бағынады бәрі.

 

Жыр оқып тарихын ол танытқан

Кітап оқып білімін де дамытқан

Мұхаммед сыныбымыздың озаты

Білімін ол болаттай қып қорытқан.

Атыңнан айналайын Абылайхан деген
Сенің жақсы ісіңе баға берем
Жеңіс туын тігерсің болашақта
Үміті зор осы сыныптың саған деген

Өзі ұялшақ үндемес
Мінезіне ешкім тең келмес
Үндемес қыз Нұржайнаға
Сыныпта ешкім тең келмес
Ақ көңілді Алмасжан
Шыншылдықты ұнатқан

 

Барлық істе алда жүретін
Ән, айтып, биде билейтін
Сыныптың белсенді аруы

Жанарды өнерлі қыз дейді

 

Сабырлы,жайсаң мінезі

Адалдықты сүйеді

Бәрі де ,бәрі сыйлайды

Сыныптың баласы Арсенді

 

Аружан деген қызымыз
Қатысқан талай сайысқа
Тамылжытып ән айтып
Жеткен талай табысқа

 

Әзілді жаны сүйеді

Армансыз ол күледі

Самат біздің әрқашан

Ойнап күліп жүреді.

 

Мен дәрігер боламын

Үлкеннің де баланың

Деп жүр ғой біздің Әсема

Өзім емдеп жазамын.


Ертеңгі күнін ойлайтын

Бес алам деп қалмайтын

Аршыл біздің Құсайын

Жалқаулыққа бармайтын

 

Бойында үлкен намыс бар

Әрқашан алға ұмтылған

Сегіз қырлы,бір сырлы

Намысшыл жігіт Темірлан.

Үндемей бәрін тындырған
Сыныптың салмақты қызысың
Жымиып күлген күлкісі
Тілекшінің тұйық мінезі


Білімді, ақылдысы сыныптағы
Талай қиын есепті құрықтады
Асқардың алдында талай іс тұр
Болашақта жандырар үміт отты

Ару қызы қазақтың
Мектептің бір озаты
Келбеті де сымбатты
Назерке біздің ибалы
Он саусағынан өнер тамған
Есепті де жаңғақша шаққан
Суретшіміз кішкентай
Игілік біздің осындай

 

Білімімен үлгі болған сыныпқа

Отырмайды ойланбастан тынып та

Кәмшат біздің өнегелі өнерлі

Арасында достарының беделді.


Кез-келген жерді картадан

Мүдірмей тауып береді

Өлкенің жер-су аттарын

Айбек жақсы біледі

 

Мен үлкейіп толамын

Сіздей ұстаз боламын

Деп жүр ғой біздің Құралай

Үлгісі кіші баланың

 

Көпшіл,алғыр,әдепті

Шет тілін еркін меңгерді

Қошемет көрсет халайық

Ерасыл ортаға келеді

 

Сыйлап сәлем береді

Үлкендерді көргенде

Қанағатты сыныпта

Ізетті деп біледі.


Ер жігіті елімнің
Тұлғасы көкте самғаған
Қатысқан талай жарысқа
Спортшы Парасат сахнада

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт.
Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу», «Әнші,биші балапан», «Наурыз тойлары», «Ханзадалар мен ханшайымдар» сайысы, «Алтын күз» мерекесі, «Анам екеуіміз», «Толағай» сияқты отбасылық сайыстар, мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса оқушыла
рымыздың салтанатты кешімізді ашуға арналған «Көктем вальсіне» берсек!

«Көктем вальсі» орындайтын 4 «а» сынып оқушылары.

 

Ұрпақпен өмір жолы жалғасады

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу,әсем бимен,түрлі өнер

Бүгінгі күн сіздерге арналады-дей отырып келесі кезекті оқушыларымыздың мектепке,ұстазға, ата-аналарға арналған тамаша өлеңдеріне берейік.


Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер!

Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
 

Зарина

Көрмеген артық сойлеп,артық күліп

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып

Қоштасамыз бүгін біз ұстазбенен

«Ұстаз» әнін жаңғыртып айтып тұрып


Ән: « Ұстазым »

 

Мұғалім сөзі:

Мектеп білім кемесін

Басқарып бүгін келесіз

Ата-ана,ұстаз балаға

Ақ жарқын сәлем етесіз

Шақырып едік келдіңіз

Сөз кезегін береміз

Мектебіміздің басшысы Сатылғанова Гүлнар Марғишақызына және тәрбие ісінің меңгерушісі Хасанова Алма Ықыласқызына сөз кезегі беріледі.


Мұхаммед : Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық!

1 оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.

2 оқушы: Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата-анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

3 оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

4 оқушы: Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата-анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа тараған.

5 оқушы: Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.

 

Мұғалім:

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсен менше сүй

Келесі кезекті  «Мектебім» әніне береміз

Зарина: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,- деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Сіздерге арнаған ән-жырларымызды айтпас бұрын, ұстаз туралы не білеміз?

1 оқушы:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.
«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

2 оқушы: Дұрыс айтасың  Жанар,ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

3 оқушы: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

 

Мақташ апай
Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

Жарық күннен жылы жүзіңіз елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Ұлболсын апай  Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

 

Мұғалім: Келесі кезекті сұлу қыздарымыздың орындауында «Сұлулық» биін қарсы алыңыздар.

 

Мұхаммед.

Әрбір пәннің өзіндік әр сыры бар

Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар

Сол пәндердің құпиясын жеткізген

Әр ұстаздың жадымызда үні бар.

 

Математика әр кезде керек ертең

Алма апайымыздың көңілі өте көркем

Ашық,жарқын жанары қашан көрсең

Барлық жандар осындай болса екен!


Бұл тілдің сан қырларын бағындырған
Сабақтары біздерді сағындырған
Сәуле,Айман апайлар сөйлеп кетсе
Орысыңның өзінде жаңылдырған

 

Николай ағай саналады жеке дара
Мектепте онсыз өтпес ешбір шара
Деніңіз сау болсын деп тілейміз біз
Әніңізді жаттаған әрбір бала.

 

Жаулап алып бар шәкірттің жүрегін

Алмагүл апай есіміңізді әнге бөлеп жүреміз

Пейіліңізге ұқсатып тұрып біз сізді

Әлемдегі әсем гүлге теңейміз…

Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Өсергүл апай тәлімі
Сәулесін шашқан жарықтай.

Шәкірттерің сіздерді айтып мақтанады
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
         Мың алғыс мына отты жүректерден!

 

Мұғалім:

Екі шектің бірін артық

Бірін сәл-пәл кем бұра

Нағыз қазақ қазақ емес

Нағыз қазақ домбыра –дей отырып келесі кезекті  Абылайханның орындауында

 «  Қосалқа » күйіне береміз.


Зарина:   Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Мұхаммед: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Зарина: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде бізді ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.

Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

Бастауышым - бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.

Бастауышым - балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.


Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым - бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
 

Мұғалім:

Үкілі кәмшат бүрмелі көйлек

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп

Иықтан шашы төгіліп жерге

Күмісті шашбау жарасып биге

 

Келесі кезекті биші қыздарымыздың орындауында  «Қыз Жібек» биі


Мұхаммед: Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика,химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік. Олай болса өзіміздің сүйікті пәндеріміз туралы неге айтпасқа?

Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл-білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.

Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы

Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.
5-шіге барған соң,
Мұғалімдер бағалар.

Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.

 

Мұғалім:

Бастауыш бұнда өткен бала шағың

Соқпай кетпес бұл жерге қаласа кім?

Еліміздің әу бастан-ақ дайындауда

Саналы азаматын,болашағын.

Келесі кезекті оқушылардың дайындаған көңілді әзілдеріне берсек.

 

Мұхаммед: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

 

 Зарина: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Мұхаммед: Иә, дұрыс айтасың Зарина. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ата-ананың арманы орындалды деген осы емес пе? Ендеше келесі кезекті ата-аналарға арналған тамаша өлеңдерге берсек.

Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
 

Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

 

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын

Болармын күні ертең ақ мақтанышың

Білім алып тер төгем еңбек етем

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

 

Ән: «Әкешім-анашым»

 

Зарина

Аман қалған шабуылдан жүздеген

Батыр халық екенбіз ғой біз деген

Аямаған жұрттан нанын тұзбенен

Жомарт халық екенбіз ғой біз деген  дей отырып өзіміздің еліміз,жеріміз туралы неге айтпасқа?Ендеше келесі кезекті оқушылардың елімізге,жерімізге арнаған тамаша өлеңдеріне берсек.

 

Қазақстан тамған жер кіндік қаным

Бақыт қой сенде әрбір атқан таңым

Тіл мен дін,салт-дәстүрім бар байлығым

Қазақ боп тұрғаныма мақтанамын

 

Төңірек танып білді қазақ халқын

Іргелі еліміз бүгін жүзі жарқын

Құшақ жайып қарсы ал,болашағым

Елім үшін жан берем-осы антым

 

Ән: «Жаса,Қазақстан!»

 

Зарина

Ең алғашқы ұстазым

Мәңгілік менің жадымда

Өзіңе келед ұқсағым

Адалдығым арым да дей отырып естен кетпес жадымызда мәңгі сақталатын алғашқы ұстазымыз Мақташ апайға сөз кезегін береміз!


Мұхаммед:

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстазымыз Ұлболсын Темірбекқызына береміз!

Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

 

Зарина:

Ендігі сөз кезегін  Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Құбашева Гаухар Мажитқызы мен Бастауыш пән бірлестік жетекшісі Танашева Фарида Қайыржанқызына береміз!

 

(Оқушыларға наминациялар табыс ету)

 

Зарина: Келесі құттықтау сөзді балапандарының өнеріне тәнті болған мейірімі мол ата-аналарға берсек.

1.Әкелер  комитетінің мүшесі- Жүгінісов Алмаз аға мен

2.Аналар комитетінің мүшесі-Абдолова Гүлшара апаға береміз


Мұхаммед:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше,
Осымен бүгінгі кеш аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

Ән: «Мерекем»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие шарасы "Аттандық бала шақтан-БОЛАШАҚҚА!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 916 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2015 687
    • DOCX 80.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кажапова Улболсын Темирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10277
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 415 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 387 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 287 человек