Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАуа. Ауаның қасиеті. /Дүниетану/

Ауа. Ауаның қасиеті. /Дүниетану/

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  Ауа. Ауаның қасиеті.

 

Мақсаты:   1. Оқушыларға ауа және ауаның қасиеті жайлы ғылыми түсінік беру.  Ауаның тірі табиғат үшін пайдасын ашу.

2. Ой-өрісін, шығармашылық ізденістерін дамыту.

3. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

 

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгіме, суретпен жұмыс,

                           тәжірибе көрсету

 

Көрнекілігі: Сызба, суреттер, су, стакан, доп, шар, май шам, плакат.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Психологиялық даярлық

Қоршаған орта табиғат,           

Жануар, өсімдік, адамзат.

Сүю, қорғау – парасат,

Білейік мұны жамағат.

«Таза тақта» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталап өту. Әр топтан бірнеше оқушы шығып, тақтаға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар жазылған стикерлер жапсырады./3 топ 3 түсті стикер/ Қарсылас топтар сол сұрақтарға жауапп беріп тақтаны сұрақтан тазартады.    

ІІ. Жаңа сабақ: Ауа және ауаның қасиеті

 

ІІІ.Мақсат қою: Ауа және ауаның қасиеті жайлы түсінік беру

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру.

-Балалар, адам өміріне ең қажетті жағдайларды атаңдаршы?

-Тағам, жарық, су, ауа, жылу

-Дұрыс. Енді мына кестені толтырайық.

Адам өміріне қажетті қандай  жағдайларды білеміз

-Ал енді, осы қажетті жағдайлардың адам өмірінде қандай маңызы бар екеніне тоқталайық. Тағам не үшін қажет?

-Су не үшін қажет?

-Жарық пен жылу не үшін қажет?

-Ауа не үшін қажет?

-Ауа бізге тыныс алу үшін қажет.  Ауа болмаса дем ала алмаймыз, өмір сүре алмаймыз.

-Қане, бәріміз аузымызды жауып, танауларыңды қысып іштеріңнен санап көріңдер. Байқадыңдар ауа жоқ болса біз тұншығамыз. Ауамен тыныс аламыз. Ауа өсімдікке, жануарларға, бүкіл тіршілік иелеріне қажет.

Сергіту сәті.

Саусақпен мұрын қысайық,

Әншіге біраз ұқсайық

Әрбір сөздің дыбысы

Қандай екен ұғайық

-Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?

-Ауа ауызымыз арқылы шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.

-Балалар, енді ауаның мынандай қасиеттерімен танысамыз:

Ауаның қасиеті. Ассоциациялық аймақ құру

·        Ауа бос жерлердің, жарықтардың саңлаулардың бәрінде бар.  Ауаны көрмейтін себебіміз ол түссіз мөлдір, сол себепті де оны тек  сеземіз. Мысалы, есік-терезені ашқанда сезуге болады. Далаға шығып серуендегенде таза ауамен демаламыз, сеземіз.

·        Сонымен қатар, ауаның келесі қасиеттері: ауа сығылады және серпіледі.  Байқайық: 1.Допты алып, оны қолымызбен екі бүйірінен қыссақ, доптың бүйірі қабысып, ішке қарай кіреді. Бұл кезде доп ішіндегі ауа сығылғанын көрдік. 2.Егер допты еденге ұрсақ, ол қайта секіреді. Оны секіртетін нәрсе-ауаның серпімділігі.

·        Ауа жылу сақтайды. Оның бойынан жылу нашар өтеді. Қыста үйге екі қабат терезе орнатылады. Екі терезе ортасында ауа болады. Ауа үйдегі жылуды сыртқа шығармайды.

·        Ауаның бұдан басқа маңызды қасиеті бар. Он-жануды қолдау. Бір заттың алынуы үшін ауа керек.

ІҮ. Тәжірибе жасау

Балалар біз қазір түрлі тәжірибелер жасап көреміз. Ол үшін сіздер осы тәжірибе арқылы не көргендеріңді дәптерлеріңдегі парақшаға жазып отырыңыздар.

№1 тәжірибе .

Суретті алақаныңмен жап. Не көресің? Әрине сен ештеңе көре алмадың. Себебі: сенің алақаның мөлдір емес.

Алақаныңды көтер. Қазір сурет пен сенің аралығыңда тек ауа ғана бар. Оның арасынан сен суретті анық көресің.

Қорытынды жасайық. Ауа қандай екен? Ауа – мөлдір, түссіз.

№2 тәжірибе.Допты екі бүйірінен қысайын. Доп сығылады, кішірейеді. Жібере қалсақ қайтадан орнына келеді. Яғни ауа сығылады. 

№3 тәжірибе.  Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секіртіп тұрған не ? Ауа. Олай болса ауа серпімді. 

№4 тәжірибе.  Ауаның бұдан басқа да маңызды қасиеті бар. Жіңішке май шамның біреуін үшке тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою.

 А) Оның біреуін стақанмен жабу.

Ә) Май шамның екіншісін банкімен жабу.

Б) Үшіншісін ашық қалдыру. 

Байқау : Қай май шам сөнер екен ? Қорытындыны оқушыларға жасату.

Сұрақ :Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанғанын балаларға айтқызу.

Күнделікті өмірмен байланыстыру.Егер пештегі ағаштың , көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауаның мол кіретіндей ету керек. Мысалы ақырын жанып жатқан отты үрлесең , ауа мол кіріп, жану күшейеді. Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесең , ол сөнеді. (Көрсету.) Бөлмеде өрт бола қалса,  су құю керек.

Ү. Бекіту

Яғни бүгінгі тәжірибе арқылы көп нәрсе білдік осы білгенімізді кестеге толтырайық. Инсерт таблицасын толтыру

Балалар бізге тағы да бейне сұрақ келді. Ол суреттерге қарап отырып не айта аласыздар?

ҮІ. Қорытындылау

- Балалар біз бүгін ауа туралы не білдік?

- Ауаның қасиеттері қандай ? (Күннің шуағын толтыру)

Үйге тапсырма беру.

Қане жапырақтарыңызды санайық, бағалау.

- Осындай күзгі шуақты күндердің бірімен сабағымыз аяқтаймыз. Сау болыңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ауа. Ауаның қасиеті. /Дүниетану/"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 158 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.03.2017 1048
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдагожаева Нургуль Абылхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26250
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2690 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 490 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе